Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай мiндеттердi шешу:
жастардың өзін-өзi кешендi әлеуметтік реттеу тетігінің жұмыс моделiн қалыптастыру;
жастарды экономикалық дамыту мен еңбек ету және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау;
жастар арасында азаматтықты және қазақстандық патриотизмдi дамыту;
жастар арасында салауатты өмiр салтын және олардың денсаулығын нығайту мен сақтаудың тиiсті дағдыларын қалыптастыру;
жастар саясатын өңiрлiк деңгейде iске асыруды қамтамасыз ету;
халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту;
жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
жас таланттарды дамыту мен қолдау;
жастар саясатын iске асыру кезiнде мемлекеттік деңгейде шешiмдер қабылдауда жастардың коммерциялық емес ұйымдарының азаматтық қатысу үлесін ұлғайту;
нормативтік құқықтық базаны жетілдiру көзделедi.
Сонымен бірге, жастардың қазiргi заманғы дамуы, сондай-ақ жастар саясатын iске асыру осы проблемаларды шешуде жастардың бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн күшейту және жандандыру арқылы ақпараттық қамтамасыз етудің сандық және сапалық көрсеткiштерiн ұлғайтуды талап етедi.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі
бағыттары мен тетiктерi
Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы жас азаматтарының мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтiк және экономикалық өмiрiне белсене қатысуға ұмтылыстарын әзірлеу және ынталандыру, қазiргi заман жағдайларына оларды табысты әлеуметтендiруге және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететiн өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамыту үшiн тиісті жағдайлар жасау арқылы жастар саясатын iске асыруға бағытталған.
Мемлекеттің жүргiзiп отырған саясатына сәйкес, әлеуметтiк-экономикалық саладағы жастар саясаты жас адамдардың жеке басын дамыту (мен кiммiн?), өзін-өзi анықтау (кiм болу керек?) және өзiн-өзi орнықтыруы (қандай болу керек?) үшiн, олардың экономикалық дербестiкке қол жеткізуi үшiн, денсаулығын сақтауы мен нығайтуы үшiн, бос уақыттарын ұтымды пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы тиiс.
§ 1. Жастардың кешендi әлеуметтiк өзiн-өзi реттеу
тетiгiнiң жұмыс моделiн қалыптастыру
Қазiргі заман жағдайларында мемлекет пен қоғамның негізгі мақсаты, негiзгi функциялары жеке адам әлеуметтік тәжiрибе алатын, әлеуметтік өзiн-өзi сәйкестендiруде және өзiн-өзi iске асыруда көмек алатын әр түрлi әлеуметтік мәдени орта құру болып табылатын әлеуметтiк бағдарланған iзгілiктi тәрбиеге шоғырлануға тиiс. Бұл жағдайда тәрбие әлеуметтiк орта факторының үнемi ықпал ету жағдайында шығармашылықпен айналысатын жеке адам ретiнде субъектінің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі реттеу идеясына негiзделедi.
Алайда, осы қасиеттер өмiрлiк және қарапайым экономикалық және құқықтық жағдаяттар қысымымен жиi-жиi бәсеңдеп отырады. Мұнда "өтпелi" деп аталатын нәрсенi атап өту қажет: бөтен ортаға бейiмделу қиындығы (мысалы ауылдан қалаға немесе керiсiнше көшкен жағдайда); өмiр салтының дағдарысты ауысуы (оқу бiтiргеннен кейiн дербес өмiрге көшу, отбасын құру және/немесе балалы болу қажеттi). Нәтижесiнде, жас адамға тән жас ерекшелiктерi (максимализм, конформизмге ұмтылу және қарапайым толысып жетiлмеу) түрлi мiнез-құлық ауытқулары үшін қолайлы орта туғызуға ықпал етеді.
Мынадай: әлеуметтік педагогтармен, психологтармен, заңгерлермен және т.б. кадрлармен қамтамасыз етілген әлеуметтiк шағын ортадағы медициналық-консультативтік-әлеуметтiк қызметiн ұйымдастыруға ерекше назар аударған жөн. Оған сүйене отырып, жастардың шынайы сұратуларына жақын басқарушылық "сатыны" әзірлеуге мүмкіндiк болады, оның бағыты, iс-қимылы макроәлеуметтiк (этномәдени, экономикалық-аумақтық және т.б.) жағдайлардың ерекшелiктерiмен, анықталған проблемалардың сипатымен және халықтың нақты микроорта қажеттілiктерінен айқындалады.
Жастармен "желілік қағидат" бойынша жалғыз-жарымдап та, әлгіндей іргетассыз да әлеуметтiк жұмыс жүргiзудің тиiмдiлігі аз және үнемсіз болатынын практика көрсетiп отыр. Жүйе құраушы буынның болуы кәсiби қамтамасыз етілген, белгiлi бір ортада мақсатты жұмыс iстейтiн және емдеуден бұрын әрқашан алдын алу оңайға түсетiн "әлеуметтiк ауруларды", проблемаларды неғұрлым ерте анықтау мүмкiндiктерiне негізделген әлеуметтiк қызмет жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк жұмыстың кешендi ведомствоаралық жүйесiнің барлық құрылымдық элементтерi адам проблемаларының (психологиялық, медициналық, құқықтық, экономикалық, экологиялық және т.б.) өзара байланысы сияқты органикалық өзара байланыста болуы қажет. Әрбір қызмет, олардың кадрлары (әлеуметтiк педагогтар және түрлi мамандықтардың әлеуметтік қызметкерлерi) балалармен және жастармен, отбасымен және отбасылық-көршілік ортамен (қауыммен) жұмыс iстеуге бағдарлануы тиiс.
Өз дамуының қазiргi кезеңiнде жастар саясаты оны iске асырудың барлық тетiктерiн ғылыми негiздеудi қажет етедi. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ерекше әлеуметтiк топ ретiнде жастармен тығыз байланысы болуы қажет. Осындай байланысты қамтамасыз ету жолдарының бірi жастар саясаты саласында зерттеулердi жүйелi түрде жүргiзіп отыру болып табылады.
Әлеуметтiк-маңызы бар жастар бастамалары мен жобаларына мемлекеттен органдардың қолдау көрсетуiнің жасалып отырған схемасы жоғарыда айтылғандармен тығыз байланысады. Бұл схема өткiзіліп жүрген шаралар мен жобалардың арнайылығы мен нақтылығы есебiнен жинақталған әлеуметтiк шиеленiстердi жоятын тиiмдi және қарапайым тетiк ретінде өзiн танытып отыр. Осыған сәйкес, бұған бағытталған қаржыландырудың сандық факторын тиiсiнше ұлғайта отырып, аталған жұмыстың проблемалық-атаулы өрiсiн кеңейту қажет.
Жоғарыда айтылған проблемаларды шешумен айналысып отырса да, мемлекеттік органдардың жастар проблемасын шешуде айқын және ғылыми негізделген өзара iс-қимыл жүйесi жоқ. Осыған байланысты әр түрлi ведомстволар өкілдерi үшiн ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды, практикалық және теориялық сабақтарды жастар саясатын iске асыру мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсыныстар мен құралдарды кейiннен жарыққа шығара отырып өткізу қажет.
Тағы бір маңызды мәселе - жасөспiрiмдер мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуiн қамтамасыз ету, осы проблемаға жастардың бос уақытын өткізу құралына айналатын жастар ұйымдарын тарту.
§ 2. Жастарды экономикалық дамыту мен еңбек және
жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау
Мемлекеттің жастар саясатындағы басым бағыты әлеуметтенудiң және жеке адам дамуының ерте кезеңдерiнде жастарға біліктілiктер мен еңбек ету дағдыларын егу үшiн жағдайлар жасау болуға тиiс (нақты өндiрiстік еңбекке қосылу, кез келген әлеуметтiк қажеттi қызметтегi кәсiби еңбекке даярлау). Еңбексүйгіштiкке тәрбиелеу негiзiнде қоғамға пайда келтiру сияқты абстрактілiк үндеу ғана емес, өзi туралы, өзiнiң жақындары туралы қамқорлық та алынуға тиiс.
Экономикалық проблемаларды шешудегi басқа бір басымдық жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Аталған мәселенi шешуге күш-жiгер жұмсау ауыл жастарының проблемаларын шешуге мүмкiндiк бередi, жастар өз проблемаларын iшiнара шешу мүмкiндiгiне ие болады. Сонымен қатар, жастар кәсiпкерлігін дамыту жазғы уақытта еңбекпен қамту мәселесiн шешуге және жас мамандарды студенттік құрылыс және еңбек жасақтары қызметiне тарту арқылы оларды iс жүзiнде даярлауға мүмкiндiк туғызады.
Жастар ұйымдарының негiзiнде жастар арасынан шыққан кәсiпкерлерге консультациялық қызмет көрсету жөніндегі қызмет құру, сондай-ақ ауылда еңбекпен қамтуды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру. Бұл жастар арасында компьютерлiк сауаттылықты қамтамасыз етуге жанама ықпал етедi.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегi Заңына және кәсiпкерлiк қызметтi айқындайтын басқа да заңнамаға сәйкес жастар ұйымдарының экономикалық саладағы қызметiн әлеуметтiк маңызы бар жобаларға конкурстар арқылы дамыту.
Жастардың құрылыс жасақтарының жұмыс iстейтiн штабтарын құру жөніндегi жұмысты жалғастыру қажет.
Сондай-ақ еңбек ету мен жұмыспен қамту саласындағы заңнамалық актілердiң толық баламалы орындалуын қамтамасыз ету, мысалы жас қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау саласында реттеп отыратын кепілдіктердi iске асыру қажет.
Жас мамандарға тек құрал ретiнде қарау олардың әлеуметтік міндеттерінiң iс жүзiнде тарылуына әкелiп соқтырады, оларды қазiргi қоғамның әлеуметтiк дамуының аса маңызды резервi - жастардың осы бөлігінің қоғамдық-саяси, басқарушылық және әлеуметтiк-мәдени белсенділігін арттыруға бағдарламайды.
Осы Бағдарлама әлеуметтiк микроортаны (өндiрiстiк және өндiрiстен тыс) оңтайландыруға бағытталған әлеуметтiк-ақпараттық белсендiлiк нысанындағы жас мамандардың әлеуметтiк мiндеттерiн қарастырады.
Жастарды экономикалық әлеуметтендiру мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау процесiнде жас мамандарға кешендi көзқараспен қарауды негiзге алу қажет, олардың алдында бір жағынан, арнаулы өндiрiстік білімдер мен дағдыларды игеру, қазiргi кезде кездесетiн техникалық және ұйымдастырушылық құрылымдарға үйрену міндетi, екіншi жағынан - қарама-қарсы мiндет - осы құрылымдарды жаңғырту, қазiргi ғылыми-техникалық процестердiң ең бір перспективалы үрдiстеріне кереғар келетін, олардың ескiргендерін терiске шығару мiндетi тұр.
§ 3. Жастар ортасында азаматтықты және
қазақстандық патриотизмдi дамыту
Қазiргi заман қоғам құрылымының күрделенуiне байланысты жастардың әлеуметтік рөлдердi, ең алдымен осыдан туындайтын барлық құқықтарымен және мiндеттерiмен бірге азаматтың әлеуметтiк рөлiн неғұрлым белсендi игеру қажеттілігі туады. Сондықтан қазiргi қоғам әрбір жастың осы рөлдi игеруiне уақыт бөлiп қана қоймай, оны игеруi үшiн қажетті деңгейде жағдайлар жасап, уақыттың белгілі бір кезеңiн бөлуге мiндеттi.
Жас адамның жеке басының қалыптасуы оның азаматтық өзін-өзі сәйкестендiруiнсіз мүмкiн емес. Патриотизмдi, азаматтық сана-сезiмдi дамыту - үнемi жiтi назар аударуды қажет ететін елеулi тәрбиелiк фактор. Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезiмiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен білім беру жүйесi арқылы мақсатты, жүйелi насихат және ағарту жұмысын жүргiзу қажет. Осындай тәрбиенi жеке адамның қалыптасуы оның азаматтық сапалары мен құқықтық мәдениетiнің қалыптасуы өтіп жататын барлық әлеуметтік институттары мен әлеуметтендiру агенттерi жүргiзуi тиiс.
Өз елiне, өз мемлекетiне сүйiспеншілiк кiшi Отаны - туып-өскен жерiне деген сүйiспеншiлiктен туады. Осыған байланысты жастардың өмiр сүріп жатқан жерiне деген "шаруақор" көзқарасын дамыту - оларды аумақтарды тазарту және көркейту iс-шараларына тұрақты тарту, жастар ұйымдары мен бастамашыл жастар топтарының инфрақұрылымды дамыту және өмiр сүріп жатқан жерлерiн, елдi мекендерін көркейту мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдануына ықпал ету жүйесi мен нысандарын дамыту қажет.
Патриоттық тәрбиенің екiншi бір маңызды қыры - әскери-патриоттық тәрбие. Бұл бағытта әскери-патриоттық тәрбие бойынша қызметтi кеңейту жөнiнде жұмыс жүргiзу қажет.
Жас адамның бойында оқу барысында алған айрықша дағдыларды бекiтуге және спорттың осы түрлерін насихаттауға бағытталған әскери-спорттық ойындарды, жаттығуларды жүргізу практикасын жаңарту қажет.
Жас ұрпақ үшін мемлекеттік тілдi, ұлттық мәдени мұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерін, оның тарихын зерделеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасау қажет.
Нашақорлықтың, маскүнемдiк пен шылым шегудiң алдын-алу жөнiндегі мүдделi мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес жастар ұйымдарының осы жұмысқа жүйелі көзқарасын және барынша жәрдемдесетін кешенді қатысуын зерделеу және қамтамасыз ету қажет.
§ 4. Жастар арасында салауатты өмiр салтын және денсаулықты
нығайту мен сақтаудың тиiстi дағдыларын қалыптастыру
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру (бұдан әрi - СӨС) - жастар саясатының стратегиялық бағыты, елдің ұлттық қауiпсіздiгінiң, оның болашағының факторы. Осыған байланысты мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргiзу алда тұр:
СӨС-тi қалыптастыру үшiн насихаттау және жағдайлар жасау саласында орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергiлiктi билiк органдарының қызметін үйлестiру;
жастар спорты және сауықтыру демалыстарын дамытуда жүйелілiк пен кешенділіктi қамтамасыз ету;
жастар арасында конференциялар мен семинарлар өткізу арқылы өңiрлiк деңгейде сауықтыру және алдын-алу шараларын көрсету, әлеуметтік роликтер шығару және т.б.
§ 5. Жастар саясатын өңiрлiк деңгейде
iске асыруды қамтамасыз ету
Жастар саясатын өңiрлендiрудiң мәнi өзiне тән жергiлiктi және өңiрлiк мүдделер әртүрлi және өзара iс-қимылда болатын азаматтық демократиялық қоғам жағдайларында республикалық органдардың жаппай әкiмшілiк бақылауынан жастар бастамашылдығын дамытуға өту болып табылады. Осыдан барып, жастардың қажеттiлiктерiн, жастардың мақсаттары мен құндылықтарын нақты және шынайы жеткізушiге бұру өңiрлiк жастар саясатының мақсаты болады.
Осыған байланысты жастар саясатының тиiмділiгiн ұлғайту мақсатында өңiрлiк жастар бағдарламаларын "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдеде қабылданған Заңына сәйкес түзеткен жөн. Бюджеттік қаражаттарды тиiмдi жұмсау мақсатында уәкiлетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерiмен бірлесе отырып, тұрақты тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру тұрақты мониторингiн жүргiзіп отыру және оны бюджет қаржыларын игеру мақсатында облыстар арасына беру қажет. Аталған жұмысты үйлестiру үшiн инновациялық әдiстемелердi тарату және жастар саясаты саласында жұмыс iстейтін атқарушы орган қызметкерлерiнің біліктiлiгiн арттыру қажет. Республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жастар жағдайының толыққанды талдауын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi органдар үкiметтiк емес сектормен - жастардың коммерциялық емес ұйымдарымен өзара тығыз iс-қимыл жүргiзедi. Осыған байланысты Қазақстан жастары конгресiнің құрамына кiретiн де, оның құрамына кiрмейтiн де жастар ұйымдарының қызметін үйлестiру жүргiзiлуде.
§ 6. Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту
Халықаралық тәжiрибе жастар ынтымақтастығы жастарды басқа мәдениеттерге төзушілiк пен қызығушылық рухында тәрбиелеп, олардың патриоттық санасын және өз Отанына деген адалдықтың асқақ сезiмiн дамыта отырып, халықтар арасындағы өзара түсiнiстікке және бейбiт сұхбаттасуға өз үлесін қосатынын, жастар ынтымақтастығына қатысушы мемлекеттердің оң беделiн қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетедi.
Сондықтан жастар саясатының басым бағыттарының бірi қазақстандық жастарды халықаралық жастар ынтымақтастығының бағдарламаларын одан әрi дамыту, жастармен жұмыс iстеу саласындағы алмасулар арқылы халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту болып табылады.
Осы мәселелердiң барлығы қазiргi уақытта Қазақстан үшін өзектi.
Көптеген мемлекеттер Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекет ретінде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделi.
Жастар саясаты саласында ГФР-мен, соның iшiнде этникалық немiстердiң қатысуымен әріптестiк қатынастарды жалғастыру қажет. Жастармен жұмыс саласында ГФР-мен ынтымақтастықтың 2005 жылғы басым бағыттары мынадай болып айқындалды:
жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер мамандары арасында жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;
Қазақстан Республикасындағы немiс диаспорасының жастар бірлестiктерiмен бағдарлама;
жастар арасында кiріптарлық пен қылмыстың әртүрлi нысандарының алдын алу саласында тәжiрибе алмасу;
жастарды әлеуметтендiру мен дамыту саласында тәжiрибе алмасу;
жас журналистер мен саясаттанушылардың жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;
шығармашыл жастармен, шығармашылық ұжымдармен танысу;
стритвокерлер жұмысының тәжiрибесi (әлеуметтiк педагогика, әлеуметтік жұмыс);
өңiрлік деңгейдегі ынтымақтастық.
Жастар саясаты саласында әрiптестiк қатынастарды дамытуға Италия, Түркия, Египет, Польша, Қытай белгiлi бір қызығушылық танытып отыр. Сауд Арабиясы Корольдігі, Катар Мемлекетi мемлекеттерiмен жастар саясаты саласында үкiметаралық келісімдерге қол қойылды.
Жастармен жұмыс саласында қазақстандық мамандар Жапониядағы жастарды шақыру бағдарламасына (ЛСА) қатысты.
Өз қызметінің түрi бойынша оның iшiнде жастар проблемаларымен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiмен - ЮНЕСКО-мен, ЮНИСЕФ-пен және еуропалық, азиялық, тынық мұхиттық өңiрлердiң басқа да халықаралық жастар бірлестіктерімен өзара iс-қимыл жасау бағытында жастар байланыстарын жалғастыру көзделуде.
Қазақстан-Германия ынтымақтастығы бағдарламалары шеңберiнде Қазақстанда 3 семинарлық бағдарлама жоспарланған. Iс-шараларды өткізу орындарындағы iс-шаралар: екi елдiң мамандарын, мемлекеттік құрылымдарды, жастарға арналған әлеуметтiк қызметтердi, жастар ұйымдарын, студенттер аудиториясын, жұмысшы жастар мен ауылдық жерлердiң жас өкiлдерiн кеңiнен қамтуды көздейдi.
ТМД елдерiмен жастар ынтымақтастығын орнату және одан әрi дамыту үлкен мүмкiндiктердi көздейдi. Достастық шеңберiнде өз отырыстарында жастар саясаты саласында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылайтын Жастар iсi жөнiндегі мемлекеттік органдар басшыларының кеңесi құрылды.
Қазiргі уақытта, жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң Жастар iсi жөніндегі кеңесi туралы ереженің жобалары талқылану процесінде жатыр. 2007 жылы аталған кеңес отырысын Қазақстанда өткізу жоспарланған.
Қазақстан мен Грузия Үкiметтерi, Украина Министрлер Кабинетi арасындағы жастар саясаты саласындағы келісімге қол қойылды, Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен және Тәжiкстанмен осындай келісімдер қол қоюға әзiрленуде.
Тұтастай алғанда, халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту және дамыту халықтардың мәдени мұраларының сақталуы мен еселенiп ұлғаюына, берік мәдениет аралық байланыстар орнатуға және Қазақстан жастарының және әлем қауымдастығының басқа да мемлекеттерімен достық қатынастарын дамытуға ықпал ететiн болады.
§ 7. Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету
Жастар саясатын барынша тиiмділікпен iске асыру жыныстық, жастық, білімдiк, әлеуметтiк-кәсiби белгiлерiмен, материалдық қамтамасыз ету, өмiрлiк құндылықтар және рухани қажеттiлiктер деңгейiмен ерекшеленетiн жастар топтарының мүдделерi туралы анық ақпараттардың болуын көздейдi.
Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету және жүргiзiлiп отырған жастар саясаты бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыс беру арқылы, сондай-ақ талдау және әдiстемелiк материалдарды әзірлеу негiзiнде қамтамасыз етiледi.
§ 8. Жас таланттарды дамыту және қолдау
Әрбір жас қазақстандықтың жеке басының ерекшелiктерiн айқындау мен дамыту, шығармашылық белсендiлiгiн және ғылымның, техника мен өнердiң әртүрлi салаларында өзiн-өзi iске асыруға қабiлетiн арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Жастардың зияткерлiк және дене дамуы шеңберiнде талантты жастарды қолдау қажет. Бәсекеге қабiлеттi ұлтты қамтамасыз етуде талантты жастардың маңызы шүбәсіз. Демек, әлеуметтiк маңызды жобалар конкурсын өткізу шеңберінде жас таланттарды ұйымдасқан түрде қолдау, жастардың мәдени тәрбиесi жөніндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға кандидаттарды анықтау жөніндегі жұмысты күшейту қажет.
Өнердiң, халықтардың мәдени мұрасын сақтау мен еселеп ұлғайтудың, берік мәдениетаралық байланыстарды жасаудың және ТМД мемлекеттерi жастары достығын дамытудың жоғары форумы ретінде Дельфиялық ойындар идеясын практикалық дамыту мақсатында өткiзiлетiн Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер жастарының Дельфиялық ойындарына республикамыздың қатысуы жас таланттарды қолдауға мүлдем жаңа сипат бередi.
Осыған байланысты Дельфиялық идеяны Қазақстанда дамыту және енгізу ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауға ие болып отыр, атап айтқанда: 2005 жылы - Ұлттық Дельфиялық Комитетті құру, Қазақстан жастарының Тұңғыш Дельфиялық ойындарын өткізу, қазақстандық делегацияның Киев қаласына Үшiнші Дельфиялық Ойындарға баруы, 2006 жылы Қазақстан Республикасында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жастарының Төртiншi Дельфиялық Ойындарын өткізу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа жастар ұйымдарына бағдар жасау және жас таланттарды қолдау саласына оларды тарту ерекше назар аударуды талап етедi. Негiзгі мақсаты жас таланттарды анықтау және қолдау болып табылатын үкiметтік емес ұйымдардың институционалдық қалыптасуына мүдделi мемлекеттік органдардың назарын аударғаны жөн. Осыған байланысты әлеуметтік маңызды жобалар конкурсының шеңберiнде талантты жастарды көтеруге бағытталған жастар ұйымдарының қызметiн дамыту, жастардың ғылыми-зерттеу конкурстарына, қазақстандық та, сондай-ақ, халықаралық деңгейде де әр түрлi білім жобаларына қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады.
9. Жастар саясатын iске асырған кезде жастардың
коммерциялық емес ұйымдарының мемлекеттік деңгейде шешiмдер
қабылдаудағы азаматтық қатысу үлесiн ұлғайту
Өздерiнiң қызметiне қатысты шешiмдер қабылдауға жастардың коммерциялық емес ұйымдарының қатысу үлесiн ұлғайту қажет.
Мемлекеттік деңгейде шешiм қабылдауға қатысуға бағытталған жастар бастамаларын жан-жақты көтермелеу - қоғамдық тыңдаулар конкурстарын, оларды талқылау жөніндегі пiкiрталастар өткізу қажет.
Азаматтық қатысу үлесiн ұлғайту, институционалдық қалыптасу және жастар ұйымдарын дамытуды үйлестiру үшін уәкiлетті орган Қазақстан жастарының ІV Конгресi мен аулалық клубтар слетін өткізудi жоспарлап отыр.
§ 10. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
Жастар саясатын iске асырған кезде барабар нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудiң болуы маңызды фактор болып табылады.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңыныңқабылдануына байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық кесiмдердiң жастар саясатын іске асыруға қатысты бөлiгiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Атап айтқанда, Бағдарлама шеңберiнде жастар саясатын iске асырудың әлеуметтiк-қорғану тетiктерiн күшейту, білiм, мәдениет және өнер құралдарымен жастардың өмiрiн, дене, ақыл-ой және психикалық денсаулығын қорғау жөніндегі шаралардың тиiмділігін арттыру қажет етіледi.
Осыған байланысты, заңнамалық нормативтік базаны қалыптастыру көзделеді. Кәсіптік орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік білiм тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн қысқы және жазғы каникул кезеңiнде қалааралық теміржол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жол жүруге арналған ереже әзірлеу.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгі көздерiн бағдарламаның тиiстi әкiмшісi көздеген және өзге де заңнамамен тыйым салынбаған көздер қаражаты шегiнде республикалық бюджет айқындаған.
Тұтастай алғанда, Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджет қаражатынан 464 999 мың теңге сомасында, оның iшiнде 2005 жылы - 147600 мың теңге, 2006 жылы - 154980 мың теңге, 2007 жылы - 162419 мың теңге қаржылық шығындар көзделедi.
Сонымен бірге, Бағдарламаны iске асыру шамасына қарай шығыстар келесi қаржы жылына арналған бюджеттi қалыптастырған кезде нақтылануы мүмкiн.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асыру нәтижесінде:
1) Қазақстан өңiрлерiнде 26 әлеуметтiк қызмет құрылады. Оның ішінде 2005 жылы - 9, 2006 жылы - 9, 2007 жылы - 8;
2) елдің 2 миллионнан астам жас азаматтарына алдын-алу және консультациялық iс-шаралар түрінде әлеуметтiк көмек көрсетiледi;
3) қоғамдық саяси процестерге белсендi қатысуға кемiнде жастардың 45%-ы тартылады;
4) халықаралық Дельфиялық ойындарға Қазақстан Республикасының жыл сайын қатысуы қамтамасыз етіледi;
5) 2005 жылы жастардың және студенттік еңбек жасақтарының 15 облыстық штабы құрылады;
6) 2006 жылы Қазақстан жастарының IY Конгресi өткiзіледi;
7) 2005 жылы жастардың жалпы республикалық форумы туралы ереже әзiрленедi және бекiтіледі;
8) жыл сайын кемінде 30 мың жас адамды қамти отырып, патриоттық бағыттағы 9, соның iшiнде 2005 жылы - 3, 2006 жылы - 3, 2007 жылы - 3 республикалық шаралар өткiзіледi.
8. Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары