Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың
тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 2 қыркүйек № 1292
Осы редакция 2005ж.21шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулық қосымшаларымен бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 258-құжат);
2) "Тұрғын үй-жайды жалдаудың үлгі шарты мен тұрғын үй-жайды жалға берудің үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 259-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1292 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан
үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібi туралы
Нұсқаулық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулық "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын дәйекті iске асыру мақсатында әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулықтың әрекетi мемлекеттік меншiк құқығына жататын және жергiлiктi атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры), не мемлекеттік кәсiпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсiпорынның тұрғын үй қоры) үй-жайларға қолданылады.
2. Осы нұсқаулықтың әрекетi маусымдық және уақытша тұратын құрылыс-жайларына, бау-бақша және аңшылық үйлерiне, туристік базаларға, мотельдерге, кемпингтерге, қонақ үйлерге, демалыс үйлеріне, санаторийлерге, пансионаттарға, интернаттарға қолданылмайды.
3. Мемлекеттік меншiк нысанына жататын тұрғын үйлер мен үй-жайларда мемлекет меншiк иелерiнiң бірi ретiнде, жергiлiктi атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсiпорын атынан кондоминиумге қатысушы және кондоминиум объектiсiн бірлесiп басқару үшiн бекiтілген меншiк иелерi бірлестiгiнiң мүшесi болып табылады.
Мемлекет, меншiк иелерiнiң бірi ретінде, Жалдаушыға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды кондоминиум объектілерін басқаруға қатысу жөніндегі өзiнiң құқықтарын бере алады. Бұл ретте Жалдаушы мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлеріндегі үй-жайды пайдаланғаны үшiн төлемдерден басқа, жалпы мүлiкті ұстау және пайдалану жөніндегі жалпы шығыстарға олардың үлес көлемi шамасында қатысады, олардың мөлшерін кондоминиум объектісiн басқарушы орган белгiлейдi.
Жалдаушыға кондоминиум объектісін басқаруға қатысу құқығын беру қала (аудан) әкімінiң не мемлекеттік кәсiпорын басшысының шешiмiмен ресiмделедi.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай
берудің нормасы
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорының үй-жайлары азаматтардың тұрақты тұруы үшiн арналады және ақаусыз күйде болуы, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа міндетті талаптарға сай болуы тиiс.
5. Мемлекеттік немесе әскери қызметте емес, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс істемейтін аз қамтылған әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердегi пәтерлердің және жатақханалардағы үй-жайлардың тұрғын алаңының нормасын жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi және отбасының әр мүшесiне (немесе жеке азаматқа) алты шарты метрден кем емес тұрғын алаңынан келуi тиіс.
3. Мемлекеттік үй-жай беру
6. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай баспанаға мұқтаж азаматтарға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарында белгiленген тәртiпте жалға берiледi.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды меншiкке сатып алу (жекешелендiру), не оны ауыстыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiзде және тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Yй-жайға мұқтаж азаматтарды есепке алу тұрған жерi бойынша жергілiктi атқарушы органда не жұмыс орны бойынша мемлекеттік кәсіпорында жүзеге асырылады.
Yй-жайға мұқтаждар есебiне қою үшiн азаматтар жергiлiктi органдарға не мемлекеттік кәсiпорын әкiмшiлiгiне:
атқарушы органдар мен мемлекеттік кәсіпорындар әкiмшілiктерi белгiлейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
1-қосымшаға сәйкес азаматтың отбасының құрамы және тұрған жерi туралы анықтаманы, қажет болса өтiнушi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жергiлікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесi деп тану туралы анықтамасын табыс етедi;
2-қосымшаға сәйкес (өтінушiнiң және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншiк құқында оларға тиесiлі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтаманы;
әлеуметтiк қорғау органының өтінушi (отбасы) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтамасын, не мемлекеттік қызмет иесінің, бюджеттік ұйым қызметкерiнің, әскери қызметшінiң жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын тапсырады.
Қажет болса өтiнушi сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқылы ауыр сырқат түрiмен ауыратын адам бары туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесiнiң анықтамасын тапсырады.
8. Атқарушы органдар мен мемлекеттік кәсіпорындар жанынан тұрғын үй комиссиялары құрылады. Олардың құзыретіне: үй-жайды беру кезегін белгiлеу айрықша жағдайларда, басқа адамдарды тұрғын жай иесiнiң отбасы мүшесi деп тану жатады.
9. Мемлекеттік үй-жайды беру тұрғын үй комиссияларының шешiмдерi негiзiнде жергiлiкті атқарушы органның ие мемлекеттік кәсiпорындар әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
Шешiм 3-қосымшаға сәйкес екi данада жасалады, олардың бірi жергіліктi атқарушы органда сақталады, ал екіншiсi өтiнушiге берiледi және мемлекеттік үй-жайға қоныстану құқығын беретін бірден-бір құжат болып табылады. Мемлекеттік үй-жай беру туралы мемлекеттік кәсiпорын әкiмшiлігінің шешімі 3 данада жасалады, олардың біреуi мемлекеттік кәсiпорынның әкiмшілігiнде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есеп құжаты ретінде сақталады, үшіншісi өтінушіге беріледі және мемлекеттік үй-жайға қоныстану құқығын беретін бірден-бір құжат болып табылады.
4. Мемлекеттік үй-жайды жалдау
10. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды жалдаудың тәртібі мен жағдайлары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес анықталады және жалдау шартымен, 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды жалдау шартымен бекітіледi.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорын
техникалық пайдалану ережелері
11. Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерi iшіндегі инженерлiк жүйелердiң ұйымдастырылуы мен құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын бақылау және аумақтарды көркейту жалпы және iшiнара кезектi (кезектен тыс) байқаулар жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
12. Ғимараттың немесе объектiнiң жағдайы туралы қорытындыланған мәлiметтер техникалық жағдайды есепке алу жөніндегі құжаттарда (техникалық төлқұжатта) жыл сайын көрсетiлуi тиiс.
13. Тұрғын үй қорының сақталуы техникалық пайдаланудың қолданылып жүрген ережелерi мен нормаларының талаптарын орындаумен және:
ағымдағы және күрделi жөндеулердi;
алдын ала шараларды, сондай-ақ ұсақ ақауларды және авариялық жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзумен қамтамасыз етiледi.
14. Күрделi жөндеу кезіндегi барлық қолданылған конструкциялар мен тетіктердiң ақаулары жойылады, қалпына келтiрiледi немесе берік және үнемдi бөлшектермен ауыстырылады. Қайта жаңартылған үйлердің сейсмикалық төзiмдiлігі арттырылады, пайдалану және сындарлық көрсеткiштерi жақсартылады.
15. Ағымдық жөндеу кезiнде күрделi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлетiн кезге дейін құрылыс конструкцияларының, инженерлiк жүйелер мен жабдықтардың пайдалану көрсеткiштерiн қолдау мақсатында олардың жұмыс қабiлетi қалпына келтіріледi.
16. Ұсақ ақаулар (инженерлiк жүйенiң тығынды құрылғыларынан су ағуы, канализация жолдарының бiтелiп қалуы) мүмкiндiгінше алдын ала байқаулар кезінде немесе тұрғындардың өтiніштерi бойынша кешiктірмей жойылуы тиіс. Авариялық жағдайларды жою дереу жүзеге асырылады.
17. Тұрғын ғимараттарға жөндеу жүргiзудiң мерзiмiн зерттеулер нәтижелерiнiң және тиiстi актiлердің негiзiнде тұрғын үй-пайдалану ұйымы анықтайды.
6. Тұрғын үй қорын пайдалану
жөніндегі қызметтер
18. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуы мен оның лайықты пайдаланылуын, сондай-ақ азаматтардың үй-жайды және iргелес аумақты пайдалану ережелерiн сақтауын бақылауды қамтамасыз ету үшiн әр қалада (ауданда) белгiленген тәртiппен тұрғын үй-пайдалану қызметтерi құрылады немесе таратылады. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы аталған қызметтер қызметкерлерiнің санын жергiлiкті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсiпорындардың тұрғын үй қорында - тұрғын үй қорының сындарлық элементтерiне, инженерлiк жабдықтары мен жүйелеріне қызмет көрсетудің белгiленген нормативтерiн ескере отырып, кәсiпорындардың әкiмшiлiктерi белгілейдi.
Тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегi буындардың қызметі шарттық негiзде жүзеге асырылады.
19. Қызметтер жергiліктi атқарушы органдардың, не мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерiмен айналысатын мемлекеттік кәсiпорындар әкiмшiлiктерінiң (одан әрi тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi) атынан қордың сақталуына және оның ақаусыз күйде ұсталуына жауап бередi.
20. Тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi:
тұрғын үйлер мен тұрғын жайларға орналастыру, не оларды босату кезінде заңдармен белгiленген нормалар мен мерзiмдердiң сақталуын;
ведомстволық тұрғын үй қорының алғаш есепке алынуын, оның тiркелуi мен техникалық түгенделуін;
тұрғындардың мемлекеттік үй-жайларды пайдалану, тұрғын үйді және үймен iргелес аумақты ұстау, өздерi тұрған жайларды не ортақ мүлiктiң жекелеген бөлiктерiн қайта жабдықтау және қайта жайғау ережелерін сақтауын;
үй-жайларды айырбастаудың және сақтап қою ережелерінiң сақталуын;
жергіліктi атқарушы орган құрған комиссияның құрамында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына берiлетiн жеке меншiктi немесе ведомстволық үй-жайлардың балансқа қабылдануын қамтамасыз етедi.
21. Тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi қорды сақтау мақсатында:
Тұрғын үйлердi техникалық тексерудi, ағымдағы және күрделi жөндеуді уақытында жүргiзуге мiндеттi. Күрделi және ағымдағы жөндеу үшін тұрғын үйлердi iрiктеп алу олардың техникалық жағдайына қарай жүзеге асырылады, осы мақсатта:
құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелердi жоспарлы (кезектi) және кезектен тыс байқауды жыл сайын жүргiзуге;
конструкциялардың, құбыр желілерi мен жабдықтардың одан әрi жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы шешiмдер қабылдауға;
авариялық, тозығы жеткен үйлердің, сондай-ақ тұрғын ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін зерттеу үшін мамандандырылған ұйымдарды тартуға;
жаңа салынған не күрделі жөндеуден өткізілген тұрғын үйлерді пайдалануға бергеннен (өткізгеннен) кейінгі кепілдік мерзім ішінде анықталған ақауларды жоюды қамтамасыз етуге;
жабдықтар мен құрылғылардың іркіліссіз жұмыс істеуін, инженерлік қамтамасыз етудің диспетчерлік және авариялық қызметтерімен шарттардың уақытында жасалуын қамтамасыз етуге;
ғимараттарды, жабдықтар мен коммуналдық торапты ұстау және жөндеу атқарушыларды конкурстық негізде іріктеп алуды жүргізуге;
Жалдаушылардың коммуналдық қызметтерді тұтынудың есебін жүргізуге, жеке (әр пәтерге) есептеу-реттеу құралдарын орнатуға;
тұрғын үйлерді қыс кезінде пайдалануға жыл сайын дайындауды жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
үй-жай беру, жалдау және
пайдалану тәртібі туралы
нұсқаулыққа № 1 қосымша
№ 3 нысан
Отбасы құрамы және тұрған жері туралы
Анықтама
Анықтама, азамат(ша) __________________________ анық
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________ облысының ___________________
ауданындағы ___________________ қаласында (селосы, поселкесы)
____________ көшесіндегі N ____үйдің N _____пәтерінде, ___ жылдан
бастап тұратындығы туралы берілді.
Отбасы құрамы_________адам.
Бөлмелер _________________________________________________
(бөлек, тіркес)
Үй-жайдың пайдалы алаңы ________________ шаршы метр, соның ішінде
тұратыны______ шаршы метр.
_____________________________________________ меншігіне жатады
(мемлекеттік, жеке меншік)
Мемлекеттік тұрғын үй қорының түрі __________________________
______________________________________
(қызметтікке теңестірілген үй-жай, қызметтік тұрғын үй-жатақхана)
Мемлекеттік емес меншік нысанындағы тұрғын үй қорының түрі
______________________________________________________________
(кондоминиум, тұрғын үй-құрылыстық кооператив, тұрғын үй кооперативі)
_____________________________________________________
Үй-жай пәтер тиесілі ________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты немесе ұйымның
кәсіпорын,)
______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның және тұрғындық үйлердің басқа иелерінің
атауы)
_________________________
Меншік иесі (жалға алушы, жалгер) ____________________________
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берген,
шарт тараптары)
Меншік иесімен (жалға алушымен, жалгермен) осы алаңда бірге
тұратындар:
_____________________________________________________________________
Аты-жөні Туған Отбасы мүшелері (жұбайлар, Қай уақыттан Шешімге,
жылы балалары, жұбайлардың ата- бері тіркел. келісімге
аналары, еңбекке жарамсыз ген т.б.
асырауындағылар, отбасының жазылған
басқа мүшелері)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Анықтама
_______________________________________________________
________________көрсету үшін берілді. "____" ________жыл
Тұрғын үй-пайдалану
ұйымының жетекшісі _______________
(қолы)
м.о.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
үй-жай беру, жалдау және
пайдалану тәртібі туралы
нұсқаулыққа № 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі
комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі комитеті
N___Анықтама
Азамат(ша)_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
атына меншік құқындағы үй-жай тіркелген, тіркелмеген _______________
(қажетсізі
сызылады.)
____________________________________________________________________
(меншік құқына жататын үй-жайдың мекен-жайы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Анықтама талап етуші орынға берілді
Директор _________________________
(қолы)
м.о.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
үй-жай беру, жалдау және
пайдалану тәртібі туралы
нұсқаулыққа № 3 қосымша
Шешім нысаны
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның, ұйымның аты)
Тұрғын үй-жайды бөлу туралы шешім
N____сериясы________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
отбасында ______ адамы бар, _______ бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы,
_______ шаршы метр, соның ішінде ________ тұрғын алаңы бар үй-жайға
қоныстану құқығы берілді.
Қоныстанушылар саны _____ адам.
Үй-жайдың мекен-жайы ___________________________________________
__________________________________________________________________
Рет Тегі, аты, әкесінің аты
саны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қолдары:
Басшы ________________
м.о.
Ұйым басшысы ______________ м.о.
Қазақстан Республикасының