мемлекеттік тұрғын үй қорынан
үй-жайды беру, жалдау және
пайдалану тәртібі туралы
нұсқаулыққа № 4 қосымша
Шарт
нысаны
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды жалдау
Шарты
_______________
(елді мекен) "___" ____________ жыл
Жалға беруші________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган немесе
____________________________________________________________
ол уәкілеттік берген орган, ұйым)
______________________________________________________атынан
азамат______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
бұдан былай Жалдаушы, төмендегілер туралы осы шартты жасадық:
1. Шарттың нысанасы
1. Жалға беруші Жалдаушыға және отбасының мүшелеріне, сипаттамасы үй-жайды өткізу актісінде көрсетілген, пайдалы алаңы _________шаршы метр, мекен-жайы:_____________________________________________________________ N___үй,___ корпус N, пәтерді жалға пайдалануға береді.
2. Мемлекеттік үй-жайды (пәтерді) жалдау, оны ұстау, коммуналдық және басқа қызмет көрсетулер үшін белгіленген тарифтер, сондай-ақ Жалдаушының ай сайынғы төлем мөлшері Жалға беруші ұсынатын төлем құжаттарында келтірілуі керек.
2. Тараптардың құқықтары
3. Жалға берушінің:
1) берілген үй-жайда пәтерде тұратын Жалдаушыдан және оның отбасы мүшелерінен үй-жайды пайдалану, тұрғын үйлер мен үй жанындағы аумақты ұстау ережелерін сақтауды талап етуге;
2) Келісім бойынша және Жалдаушының немесе отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшесінің қатысуымен, берілген үй-жайдың және қосалқы бөлмелердің конструкциялары мен техникалық құрылғыларының жай-күйін тексеріп шығуға құқығы бар.
4. Жалдаушы:
1) өзі тұратын үй-жайға (пәтерге) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес отбасы мүшелері мен басқа да адамдарды тұрғызуға;
2) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосалқы жалдау шарттарын жасасуға;
3) өзі және отбасы мүшелері болмаған кезде тұрғын үй заңдарында көзделген негіздер бойынша үй-жайды (пәтерді) пайдалану құқығын өзінде сақтауға;
4) қажет болған жағдайда Жалға берушіден, пайдалануға берілген үй-жайдың (пәтердің), оның ішінде конструкциялар мен техникалық құрылғылардың жай-күйін тексеру актісін жасай отырып, жоспардан тыс тексеріп шығуды талап етуге;
5) Жалға беруші міндеттерін орындамаған жағдайда, не тарифтердің асырып жіберілгені байқалған жағдайда қызмет көрсету, үйді жөндеу және тұрғын-үй коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді қайта есептеуді талап етуге құқығы бар.
3. Тараптардың міндеттері
5. Жалға беруші:
1) үй-жайды (пәтерді) Жалдаушыға техникалық, санитарлық және басқа міндетті талаптарға жауап беретін жағдайда тапсыруға;
2) жалға берілген үй-жайды (пәтерді) және техникалық құрылғыларды, тұрғын үйлер мен үй жанындағы аумақты пайдалану мен ұстаудың белгіленген талаптары мен ережелеріне сәйкес ұстауды жүзеге асыруға;
3) осы елді мекеннің жағдайында қолданылатын барлық тұрғын үй-коммуналдық қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге;
4) жалдаушының талабы бойынша үй-жайды күту және коммуналды қызмет тарифтерімен және есептемелерімен оны таныстыруға міндетті.
6. Жалдаушы:
1) егер осы шарттың айрықша ережелерінде өзгеше айтылмаса, үй-жайды мақсат бойынша пайдалануға;
2) тұрғын жайларды пайдаланудың, тұрғын үй және үй жанындағы аумақты ұстаудың белгіленген ережелерін сақтауға;
3) жалға берілген үй-жайда байқалған ақауларды Жалға берушіге дер кезінде хабарлауға;
4) төлем айынан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей белгіленген мөлшерде үй-жайды жалдағаны, үй-жайды ұстау мен коммуналдық және басқа қызметтерді тұтынғаны үшін төлем жасауға міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
7. Жалға беруші осы шартта көзделген міндеттерін орындамауы салдарынан жалдаушыға келтірілген материалдық шығынды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтейді.
Жалға беруші шығындарды өтеуден бас тартқан жағдайда дау сот тәртібімен шешіледі.
8. Жалдаушы осы Шартта көзделген міндеттерін орындамау салдарынан Жалға берушіге келтірілген материалдық шығынды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтейді.
5. Жалпы талаптар
9. Осы Шарт "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Шартта көзделген, жағдайлар болған кезде және тәртіппен екі жақтың кез келгенінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.
10. Осы Шартты атқару барысында тараптар арасында пайда болған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
11. Осы Шарт күші бірдей екі данада жасалады және Жалға беруші мен Жалдаушыда сақталады.
12. Берілетін үй-жайдың Жалдаушыға өткізу актісі жалдау Шартының ажыратылмас бөлігі болып табылады.
6. Ерекше жағдайы
13. Жалдаушы Жалға берушінің келісімімен шарттың мынадай ерекше жағдайларын ескертеді:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
7. Шарттың қолданылуы мерзімі
14. Осы Шарт________ жылдың "___"__________________________ дейін жасалды;
15. Егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір айда Жалға беруші Шартты бұзу жөнінде жазбаша хабарламаса, онда шарт келесі мерзімге ұзартылды деп есептеледі.
Жалға беруші Жалдаушы
______________ _________________
(қолы) (қолы)
м.о. м.о.