Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 998
Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 20 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау тәртібін реттейтiн нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiндегі біліктiлiк және қосымша (арнайы) талаптар;
2) байланыс саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру шарттары;
3) Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшiн конкурстар өткізу ережесi;
4) байланыс саласындағы лицензиялауға жататын қызметтер тiзбесi бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 29 қыркүйектегi
№ 998 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктілік және
қосымша (арнайы) талаптар
1. Өтініш берушi сай болуы тиiс байланыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың:
1) штатында инженерлiк-техникалық қызметкерлер - байланыс және ақпараттық технологиялар саласында бейiнi бойынша тиiсті жоғары немесе орта арнайы білімi бар жауапты орындаушылардың, сондай-ақ біліктiлiгiне сәйкес үш жылдан кем емес жұмыс стажының;
2) бақылау-өлшеу және сынау жұмыстарын жүргiзу үшiн метрологиялық базаның (тиісті шарт болған жағдайда жеке меншiк құқығында өтiнiш берушiге не өзге жеке немесе заңды тұлғаға тиесілi);
3) өтiнiш берушiнiң лицензияны алған сәттен бастап қызметтердi ұсынудың басталуы көрсетiлген бизнес-жоспарының болуын қамтиды.
2. Қосымша (арнайы) талаптар лицензия сұратылып отырған қызмет түрi бойынша түсiндiрме жазба түрiнде ресiмделедi.
Түсiндiрме жазба өтiніш берушiнiң жалпы сипаттамасынан (атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, негізгі қызмет түрлерi, мәлiмделетін байланыс қызметтерi саласындағы тәжiрибесi және бұрынғы қызметтің ауқымы), техникалық ұсыныстардан тұруы және пайдаланушыларға байланыс қызметтерiн ұсыну бойынша лицензиаттың қызметiн ұйымдастыру туралы толық және айқын көрiнiс беруi тиiс.
Техникалық ұсыныстардың құрамы мен мазмұны:
1) құрылатын желінің атауы;
2) құру және/немесе даму кезеңдерi бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлiнiсiне байланыстыра отырып, қызметтер ұсынылатын аумақ;
3) ұсынылатын қызметтерге сұранысты бағалау, осы қызметтердің бәсекелестiк қабілетін болжау;
4) лицензияланатын қызмет түрiн, қызметтер ұсынуды сапалы және қауiпсiз жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес келуi;
5) техникалық құралдарды иелену, пайдалану, оларға билiк ету құқығы (меншiк не жалға алу құқығымен);
6) қызметтердi тұтынушылармен өзара қарым-қатынастар бойынша дербестiк дәрежесi (өз бетінше жүзеге асырылады немесе делдалдар "қызметтердi жеткізушілер" қажет болады);
7) негiзгi техникалық шешiмдер:
желi сыйымдылығы, оның iшiнде құру және/немесе даму кезеңдерi бойынша, күтілетiн трафик;
таңдалған жабдық түрлерi (коммутациялық, қосатын жолдардағы тарату жүйелерi, абоненттiк учаскедегi жолдар түрлерi, қосарласу аппаратурасы, терминал жабдықтары), өндiрушi фирмалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркелген сәйкестiк сертификаттарының бар болуы;
радиоқұралдарды пайдалану кезiнде - жиiлiктiк меншiктеудi алуды қажет ететін жабдықтар тiзбесiн келтiру;
жергiлiктi телефон қосылыстары құнын уақыттық есептеу аппаратурасын, нөмiрдi анықтау аппаратурасын пайдалану (жергiлiктi телефон байланысы үшін);
әкiмшiлiк пункттерге және қажеттi түсiндiрулерi бар желiнi құру кезеңдерiне байланыстыра отырып, байланысты ұйымдастыру схемасы;
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісімен, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа байланыс желісімен өзара iс-қимылы;
станцияаралық қосуларды ұйымдастыру тәсiлдерi (өтiнiш берушiнiң нақты техникалық құралдарды көрсетумен, байланыс желісінiң меншiктi құралдары арқылы, басқа желілердiң жалға алынған арналары арқылы);
өтiнiш берушi желісінiң шетел байланыс желiлерiне (халықаралық байланыс үшiн) және басқа байланыс операторларының желілерiне шығуын ұйымдастыру тәсілi (ниет туралы хаттамалардың немесе ынтымақтастық мүмкiндігін растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерi қоса берiлсiн);
шетелдiк әрiптестердiң желiлерiмен байланыс ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар, өзара iс-қимыл жасайтын әрiптестердiң желiлерi арқылы үшіншi елдерге транзит мүмкiндiгi;
жергiлiктi, қалааралық және халықаралық кіру және шығу байланысын ұйымдастыру кезiнде нөмiрлеу көрсетілген нөмiрлеу жоспары;
қалааралық және (немесе) аймақiшiлiк кодтарды бөлiп беру қажеттiлiгi;
өтiнiш берушi желісінде бір абонентке жоспарланатын жүктеме;
ұжымдық пайдалану пункттерi мен таксофондарды пайдалану;
тұтынушыларға кепілдiк беретiн ұсынылатын қызметтердiң желi жұмысының сапалы көрсеткiштерi, (қосуды күту уақыты, ең үлкен жүктеме сағаттарында қабылдамау пайызы, зақымдануды жоюдың орташа уақыты және т.б.);
басқару және пайдалану жүйесiн ұйымдастыру қағидаттары;
трафиктi есептеу жүйесi (бұдан әрi - биллинг);
8) деректердi беру қызметтерiн ұсынуға өтiнiш тапсыру кезiнде мыналарды қосымша көрсету қажет:
желінің түрi (жүйелер, мысалы, хабарламаны коммутациялау арқылы, деректердi пакеттiк коммутациялаумен жеткізу, компьютерлiк желiлердiң түрлерi), стандарттар мен хаттамалардың пайдаланылатын жүйесi;
ұсынылатын негiзгi және қосымша қызметтер тiзбесi, әрбір қызметті сипаттау, олардың отандық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестiгi, пайдаланушыларға кепiлдiк беретiн ұсынылатын қызметтердің сапалық көрсеткiштерi;
тұтынушылардың техникалық және бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, терминалдық жабдықтарының түрлері және оларды пайдалану шарттары;
терминалдық жабдықтарды ұсынуды және оларға техникалық қызмет көрсетудi қоса алғанда, қызметтерді кешендi ұсыну мүмкіндігі, оны желiге (жүйеге) қосуға қажеттi байланыс арналарын ұйымдастыру, пайдаланушыларды оқыту;
9) радиотелефонды байланыс жүйелерін және/немесе желiлерiн ұйымдастыру бойынша техникалық ұсыныстарда мыналар қажет:
таңдалған стандартты, жиілiктер диапазонын, жабдықтар түрін көрсету, тарату жабдығының дәл орнатылған орындарын, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісімен қосарласуды ұйымдастыру тәсiлдерiн көрсету;
жиілiк арналарының қажетті санының есептемесін келтiру. Құрылатын желiнi ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу ниетi болған жағдайда осы білiктілiк талаптарының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес негiзгi техникалық шешiмдер жазылады;
10) барлық радиожабдықтарға оны қолдану саласына (телекоммуникация желiлерi, радиобайланыс) қарамастан, мыналар беріледі:
радиоэлектронды құралдардың тактілік-техникалық мәлiметтерi;
радиотаратқыштардың сипаттамалары, сәуле тарататын дабылдардың сипаттамалары;
радиоқабылдағыштардың сипаттамалары;
антенналардың сипаттамалары;
11) жерсеріктік байланыс жүйелерін құру немесе әкiмшілiк пункттер арасында арналарды ұйымдастыру үшiн жерсерiктік байланыстың жердегi станцияларын пайдалану кезiнде мынадай деректер берілуi мүмкiн:
пайдаланылатын жасанды жер серіктерінің (бұдан әрі - ЖЖС) мақсаты, орналасуы және тиесілігі (елі), олардың түрлерi және тұру нүктелері, қызмет көрсету аймағы;
құрылатын жүйенің ЖЖС жүктеу мөлшерi және даму кезеңдерi бойынша жүктеменің өсуi;
жоғары және төмен сызықтарында жиілiктердің аясы, модульдеу түрлері, тығыздау және станцияаралық қол жетімділiк;
байланыс жүйесiне кiретiн жер станцияларының түрлерi, өндiрушi фирмалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тiзілiмінде тiркелген сәйкестiк сертификаттарының бар болуы;
жүйенiң энергетикалық параметрлері;
жер үстіндегі байланыс желілерiмен қосарласуы;
нақты уақыт ауқымында желiнiң техникалық жай-күйін бақылауды қамтамасыз ететiн есептеуіш жабдықтан және абоненттік станциялардың жүйелері мен порттары (бұдан әрі - желiнi басқару орталығы) параметрлерiнің жедел өзгерiсiнен тұратын аппараттық-бағдарламалық кешен және пайдалануға қосудың бағдарлы мезгілi көрсетiлетiн Қазақстан Республикасының аумағындағы биллинг жүйесі бойынша;
12) бөлiнген байланыс желiлерi арқылы телекоммуникация қызметтерiн ұсынуға лицензия алу туралы өтiнiш беру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында желiнi басқару орталығын және биллинг жүйесiн орнату туралы жазбаша мiндеттемелер қосымша беріледі. Мұндай желілер арқылы қызметтердi коммерциялық ұсынуға байланыс саласындағы уәкілетті орган көрсетiлген жабдық орнатылғаннан кейiн ғана рұқсат етедi;
13) почта байланысы бойынша мыналарды көрсету қажет:
пайдаланылатын көлiк құралдарын көрсетiп, почта жөнелтiмдерiн қабылдап алудан тапсырып беруге дейінгі жiберу тәртібі;
халықаралық почта жөнелтімдерін кедендiк тексеруге беру тәртібі.
Қызметтердi ұсыну жөніндегі барлық қызмет түрлеріне өтiнiш берушi:
байланыс қызметтерi ұсынылатын пайдаланушылардың санаттарын (барлық жеке және заңды тұлғалар немесе пайдаланушылардың шектелген санаттары), сондай-ақ кепiлдi мерзiмдер мен тиiстi сапада қызметтердi ұсыну бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн пайдаланушылар алдындағы өз жауапкершілігін көрсетуге;
қоғамдық орындарда қызметтерді ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтерге мүгедектердің кедергiсiз қол жеткізуiн көздеуге тиiс.
Түсiндiрме жазба қажетті схемаларды, кестелердi, графиктердi қоса беру арқылы машинкада басылған мәтінді екі данада ресiмделедi. Түсiндiрме жазбаның мәтiнi мемлекеттік немесе орыс тiлдерiнде жасалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 998 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар
беру шарттары
Осы байланыс саласындағы кәсіпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру шарттары Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзiрленген.
1. Лицензиялар беру шарттары
1. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау почта байланысы және телекоммуникациялар қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн мемлекеттік реттеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Әрбір қызмет түріне жеке лицензия беріледi.
Лицензия, лицензияның ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшада жазылған талаптар мен шарттарды сақтай отырып, көрсетілген мақсатқа сәйкес белгiлi бір аумақтық шекараларда оның иесiнiң байланыс саласындағы қызметте жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Берілетiн лицензиялар санын қызмет көрсету (қызмет) түрлерiне қарай байланыс саласындағы уәкілеттi орган (бұдан әрi - лицензиар) белгiлейдi. Саны бойынша шектеулер радиожиілік спектрi (бұдан әрі - РЖС), қалааралық/халықаралық телефон байланысы кодтарының жеткіліксiздігіне байланысты болуы мүмкін.
3. Лицензияларға байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе, ол жоқ болғанда, оны алмастыратын тұлға қол қояды.
4. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн ставкалар, лицензиялық алымды есептеу және бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленедi.
5. РЖС пайдалану арқылы байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде лицензиат қызметтi жүзеге асыруға берілетiн лицензиядан басқа, лицензияның ажырамас қосымшасы болып табылатын РЖС пайдалануға рұқсат алуға мiндеттi.
Нақты жиiлiктердi белгiлеу (меншiктеу) байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
РЖС пайдалануға байланысты төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алынады.
6. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар жалпы шарттарда біліктiлiк деңгейi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын талаптарға сай келетiн жеке және заңды тұлғаларға немесе, егер қызметтiң бұл түрiне лицензиялар тек конкурстық негiзде берілетін болса, конкурстық негізде беріледi.
Радиожиілiктер белдеуiн және нөмiрлеу ресурсын пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар конкурстық негiзде мынадай жағдайларда берiледi, егер:
1) радиожиілiк спектрiнiң байланыс қызметтерiн көрсету үшiн қол жетiмдi тиiстi сапа деңгейіндегі радиожиілiк спектрi көлемiнiң жеткiлiксiз болуына байланысты белгілi бір аумақта әрекет ететiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша Қазақстан Республикасының радиожиілiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы шектеу қоюды ұсынатын ауқымда радиожиілiктердi пайдалану арқылы байланыс қызметi көрсетілсе;
2) белгiлi бір географиялық аумақтағы жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісі желілiк қол жетiмділiктiң шектеулi ресурстарына ие болса, осыған байланысты байланыс саласындағы уәкілеттi орган осы аумақта әрекет ететiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеулер белгiлейдi.
Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу және Қазақстан Республикасында радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттар алу үшiн конкурстар өткізу шарттары Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшiн конкурстар өткізу ережесiне сәйкес анықталады.
Конкурсқа тек бір ғана өтiнiш түскен жағдайда лицензия жария етілген конкурс шарттарымен берiлуi мүмкiн.
7. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсынуға лицензия алу үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінiң қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу бойынша білiктiлiк талаптарына және (немесе) өлшемдерiне оның сәйкестiгiн растайтын құжаттарын тапсыруы тиiс.
8. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру үшін өтiнiш пен оған қоса берілетiн құжаттарды лицензиар алқада (арнайы құрылған лицензиялық комиссияда) өтiнiш тiркелген күннен бастап бір ай ішінде қарайды, осыдан кейiн өтiнiш берушiге лицензия немесе лицензия беруден жазбаша дәлелдi бас тарту беріледi.
Лицензиялық комиссияның жұмыс регламентi мен оның құрамын лицензиар бекiтедi. Комиссия мүшелерiнiң саны 3 адамнан кем болмауы тиiс.
Жалпы тәртiппен қаралатын РЖС пайдалануға байланысты қызмет түрiне өтінiш беру жағдайларын қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшін құжаттарды қарау және лицензия беру өтiнiш тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде жүргiзiледi.
9. Қажет болған жағдайда өтiнiш материалдарына техникалық сараптама немесе оны басқа мүдделi тараптармен келiсу жүргiзiлуi мүмкiн.
Егер олардың құзыреттілiгі немесе объективтілiгi жөнiнде күмәнi болса, өтiнiш беруші өтініш материалдарына техникалық сараптама жүргiзу үшiн лицензиар тағайындаған ұйымнан (немесе нақты мамандардан) бас тартуға және басқаларды тартуға ұсыныс жасауға құқылы.
10. Субъектiнің (өтініш берушінің) біліктілік деңгейiне сәйкестігі белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды, жеке тұлғалар жүргiзетiн тәуелсіз сараптама бағалауы негiзiнде анықталуы мүмкiн.
11. Лицензиялық комиссия лицензия беру не лицензия беруден бас тарту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн өтiнiш берушiге мұндай шешiм қабылданғаны туралы бір апта мерзiмде жазбаша түрде хабарланады.
12. Лицензия лицензиар өз құзыретi шегiнде белгілейтiн лицензия қолданысының бірнеше мiндетті шарттарын, атап айтқанда:
1) лицензиаттың техникалық құралдарына жиіліктік меншiктеудi бекіту (радиожиілiк спектрін пайдалануға және радиоэлектронды құралдарды пайдалануға рұқсаттар алу) тәртібін;
2) лицензиат желісінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылу деңгейiн, басқа лицензиаттардың немесе басқа мемлекеттердiң байланыс желiлерiне қосылу тәртібін;
3) қалааралық және халықаралық телефон трафигiн өткізу, телефондық кодтарды, нөмiрлеудi пайдалану тәртібін;
4) ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды;
5) пайдаланылатын стандарттардың атауын;
6) жабдықтың құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-iздестіру іс-шараларын жүргізудi қамтамасыз ететiн сертификатталған аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдардың болуы туралы талапты;
7) лицензиаттың мәртебесiн жыл сайын растау тәртібін қамтиды.
Лицензияда қызмет түрiне қарай лицензияның қолданылуына мiндеттi басқа да шарттар болуы мүмкін.
13. Лицензиар лицензияның қолданылу шарттарына ұлттық қауіпсiздiк мүддесiнен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргiзуден, сондай-ақ телекоммуникация желілерiне жаңа стандарттарды, нормаларды және пайдалану ережелерiн енгiзуден туындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда өзгерістер енгiзедi. Лицензиар бұл өзгерістердiң қолданысқа енгiзiлу мерзiмi және қажет болған жағдайда, жаңа шарттарды iске асыру тәртібі туралы лицензиатқа хабарлайды.
Лицензияның қолданылу шарттарына енгiзiлген өзгерістерге байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе, ол жоқ болған жағдайда, оны алмастыратын тұлға қол қояды.
14. Заңды және/немесе почталық мекен-жайы өзгерген кезде, филиалдар ашылғанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе ол жойылғанда, лицензиат ол туралы бір апта мерзiмде лицензиарды хабардар етедi.
Лицензиат жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қосып, ол туралы бір ай мерзiмде лицензиарға жазбаша хабарлайды.
15. Лицензиат заңды тұлғаның атауы (оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруi), мекен-жайы (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиісті құжаттарды және лицензиардың аумақтық органының лицензиаттың лицензиялық қызметiн тексергені туралы техникалық қорытындысын қосып лицензияны қайта ресiмдеу туралы бір ай iшiнде өтiнiш беруге мiндетті.
16. Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi.
17. Лицензиат лицензия берiлген күннен бастап бір айдың iшiнде оны өзінің қызмет орны бойынша лицензиардың аумақтық органдарында тiркеуi тиiс. Егер лицензияның қолданылуы республиканың барлық аумағына немесе бірнеше облыстарға тарайтын болса, лицензиаттың лицензияны өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын облыстардағы лицензиардың аумақтық органдарында тiркеуi тиiс.
2. Лицензияның қолданылу шарттарының сақталуын бақылау
18. Лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензияның қолданылу шарттарын лицензиаттың сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Лицензиаттың қызметін тексеру үшін лицензиаттың келісімi бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган тиісті білім салаларындағы сарапшыларды, мамандарды тарта алады.
19. Лицензиат мұндай тексерулердi жүргiзуге кедергi жасамауы тиiс және қажет болған жағдайда өзiнiң өлшеуiш аппаратурасына қол жетiмділiктi оны тексеруге пайдалану мақсатында қамтамасыз етедi.
Тексерулер тұтынушылардың шағымдары бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де жағдайларда өткiзiлуi мүмкiн.
20. Белгiленген лицензиялық талаптар мен лицензияның қолданылу шарттарын сақтамағаны үшін лицензиат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 998 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар алу үшiн
конкурстар өткізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алуға арналған конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгiлейдi.
2. Конкурсты өткізу туралы шешiмдi, радиожиілiк спектрi (бұдан әрi - РЖС) пайдаланылған жағдайда - Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, байланыс саласындағы уәкiлетті орган қабылдайды.
3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшiн құрамын байланыс саласындағы уәкілеттi орган бекiтетін конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауы тиiс.
4. Байланыс саласындағы қызметтің қандай да бір түрiне лицензияларды және тиiстi рұқсаттарды конкурстық негiзде беру туралы шешiмдер заңнамада көзделген тәртiппен, сондай-aқ бір аймақта дәл сол қызмет түрiн жүргізуге бірнеше үмiткерлер бар болса, осы аймақта радиожиiлiктер ресурстары мен желiге қол жеткізу шектеле отырып қабылданады.
2. Конкурстық комиссияның қызметi
5. Конкурстық комиссияның құрамына лицензиардың, Қазақстан Республикасының радиожиілiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының өкiлдерiнен басқа (РЖС пайдаланылған жағдайда), қызмет түрiне және лицензияның қолданысы тарайтын аумаққа байланысты тәуелсiз сарапшылар, басқа мамандар, сондай-ақ орталық және жергілiктi атқарушы органдардың өкілдерi енгiзілуi мүмкін.
6. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырады, өткiзедi және лицензияны және/немесе рұқсатты ресiмдеу үшін негiз болып табылатын хаттаманы лицензиарға бередi.
7. Комиссияның қызметi соңғы шешiмдi қабылдаудың жариялылығы, алқалылығы негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Конкурстың өтінімдiк қуаттарын қарау және шешiм қабылдау кезiнде толық құпиялылық қамтамасыз етiлуi тиiс.
9. Комиссия конкурстық комиссияға ұсынылған кез келген ұсынысты қабылдамауға құқылы, егер:
1) өтiніш берушi өтірiк мәлiметтер ұсынса;
2) өтінім материалдары конкурстық комиссия белгiлеген талаптарға сәйкес болмаса;
3) заңнамалық кесiмдерде осы санаттағы субъектілерге белгiлi бір қызмет түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынса;
4) өтiнiш берушiге қатысты соттың оған осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса.
10. Комиссия өтінiш берушілердi отырыстарға шақыруға, сондай-ақ өтiнiш берушілерден, егер бұл соңғы шешiмдi қабылдау үшін қажет болса, қосымша мәлiметтер сұрауға құқылы.
3. Конкурсты ұйымдастыру
11. Лицензиар конкурсты өткізу туралы ақпаратты республикалық мерзiмдi басылымда жариялайды.
12. Комиссия мынадай ақпаратты:
1) конкурсты өткізу шарттары мен мерзiмдерiн және осыған байланысты қажетті рәсiмдердi;
2) конкурсқа қатысуға арналған өтінiмнiң мазмұнына қойылатын талаптарды;
3) ықтимал операторлар мен қазiргi бар желiлердiң, оның ішінде қосылулар үшiн өзара есеп айырысу мәселелерiн қоса алғанда, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі операторлары арасындағы қатынастарды;
4) желінің көлемi, қызметтер, тарифтердiң деңгейлері және басқа да шарттар жөніндегі мiндеттемелер алдын ала келiсілетiн лицензияның жобасын қамтитын конкурстық құжаттаманы дайындайды.
13. Комиссия келiп түсетін өтінімдiк материалдарды тiркейдi.
14. Өтiнiш берушілерге өтiнiмнің тiркелген күнi және нөмiрi жазбаша хабарланады.
15. Комиссия түскен құжаттарды қарайды және конкурсты өткізу шарттарында белгiленген мерзiмде ең жақсы ұсынысты таңдайды.
Бiреуден көп ең жақсы ұсынымдар таңдап алынған жағдайда, конкурс аукцион нысанында өткiзіледi.
16. Конкурстық комиссияның шешiмi отырыста оның мүшелерінiң кемiнде 2/3-сi болғанда комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
17. Қорытынды шешiм отырыс өткеннен кейiн үш күндік мерзiмде комиссия отырысының хаттамасымен дәлелденуi және ресімделуі тиiс. Хаттама конкурс жеңiмпазына лицензия және/немесе рұқсат беру үшiн лицензиарға тапсырылады, оған сондай-ақ хаттаманың көшiрмесi де беріледі.
Комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелерi қол қояды.
18. Конкурстық комиссияға қарауға келiп түскен материалдар қайтаруға жатпайды және лицензиардың меншiгiнде қалады.
4. Конкурсқа қатысушыларға және өтiнiмдiк материалдарға қойылатын
талаптар
19. Конкурсқа қатысуға меншiк нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға, оның iшiнде азаматтық құқық қабiлеттілiгi бар және меншiктi қаражаты немесе конкурсқа ұсынылатын техникалық жобаны немесе ұсынысты жүзеге асыру үшiн кредиттер бөлу бойынша банктердiң кепiлдiктерi бар шетелдiктерге де рұқсат етіледi.
20. Конкурстық комиссия ұсынған талаптарға сәйкес өтінімдік материалдар тапсырған және тiркеу нөмiрiн алған жеке немесе заңды тұлға конкурстық ұсынысқа өтiнiш беруші деп танылады.
21. Өтiнiмдiк материалдарда мынадай ақпарат көрсетiледi:
1) өтiнiш берушiнің сипаттамасы - жалпы сипаттамасы, атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) қаржылық мүмкіндіктері - қаржылық менеджмент және құжатты түрде расталған қаржыландыру көздерiнің тiзбесi;
3) өтiнiш берушiнiң техникалық мүмкiндiктерi - лицензияланатын қызмет түріне қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкес негiзгi техникалық шешiмдер егжей-тегжейлі баяндалады. Өтiнiш беруші қызмет көрсетудiң және ұсынылатын қызметтердiң қандай сапасына кепiлдiк беретiнiн көрсетуi, пайдаланылатын техникалық құралдардың жай-күйі туралы, қызметтер номенклатурасының бүкiл тарифтерi туралы ақпарат, статистикалық есеп деректерiн беруге өзiнiң дайындығын растауы, сондай-ақ жабдықтардың техникалық параметрлеріне тексерулер жүргiзу кезiнде мемлекеттік органдарға кедергi келтiрмеуi тиiс;