«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 741 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң қарамағына берілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi Орталықты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Орталықтың әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 19 шілдедегi
№ 741 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 маусымдағы № 703 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 334-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген «2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттар әзiрлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасында:
«8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген бөлiмде «Орындау (iске асыру) үшiн жауапты» деген бағанда: «Ұйымдастыру iс-шаралар» деген кiшi бөлiмдегi реттiк нөмiрi 2-жолдағы «БҒМ» деген аббревиатура «ИСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Негізгi ғылыми-техникалық iс-шаралар» деген кiшi бөлiмде реттiк нөмiрлерi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдарда «ҚР БҒМ Орталық» деген сөздер «ҚР ИСМ, Орталық» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)