Осы Келісімдi түсiндiру және қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды достық консультациялар жолымен шешетiн болады.
Тараптардың келісімiмен осы Келісімге осы Келісімнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
46-бап
Осы Келісім Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келісім ұзақ мерзiмдi негізде қолданылады және Тараптардың кез келгенi екiншi Тараптың 2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Yкіметінiң арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелiк келісімнiң күшiн жою ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiн жояды.
2005 жылғы 4 шiлдеде Астана қаласында, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдеріндегі екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бірдей.
Қазақстан Республикасының Yкіметі үшiн | Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін |
Хаттамаммен 2007.20.12. 1-қосымша аустырылды; 2014 ж. 14 желтоқсандағы Хаттамамен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2005 жылғы 4 шілдедегі
Қазақстан Республикасының
Yкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Yкіметі
арасындағы «Қорғас»
шекара маңы ынтымақтастығы
халықаралық орталығының
қызметін реттеу туралы
келісімге қосымша
ҚР ШЫХО шекара аумағы (217 га) және ҚХР сауда аймағының орналастыру
схемасы мен шекарасы