Алтынды іздеу-бағалау жұмыстары Ковыльный телiмiнде жүргiзiледi. Телім Жітіқара алтын-кен ауданында орналасқан. Алтын кенi көрiнуi жиi орналасқан, ұзындығы 1 км дейiнгi алтын-кварц-сульфид шоғырлары түрiнде байқалады. Алтын құрамы 10 г/т дейiн жетедi, орташа құрамы 3 г/т дейiн. Болжамды ресурстары 5 тонна деп бағалануда. 2004 жылы Алтын-Борлыкөл телімінде алтынды, Құндызды, Лиманное кен орындарында, Жекедуан кен алаңында мысты және Селекционный кен аймағы шегiнде полиметаллды іздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзу көзделуде.
Алтын-Борлыкөл телiмi Арқалық қаласынан солтүстiк шығысқа қарай 110 шақырымда орналасқан. Телiмдегі алтынның кен алқаптары мен орташа құрамы 2 г/т алтын бары анықталған кен шоғырлары қуаты 100 метрге дейiнгi желмен мүжiлген кеуек қатпарларға орайластырылған. Қатпарлардағы алтынның ең көп құрамы 5-6 г/т-ға дейiн жетедi. Жүргізілетiн жұмыстардың мақсаты - инвесторлар тарту үшін кейiн тендерлік ұсыныстар жасап, экономикалық рентабельдi алтын кен орнын анықтау болып табылады. Алтын қорының күтіліп отырған өсiмi 60-80 тонна шегiнде.
Селекциялық кен аймағы Қарағанды қаласынан солтүстiк шығысқа қарай 3 шақырымда орналасқан. Сипатталып отырған аймақтың бетiнен 300 м тереңдiкте орташа қуаты 4 м, құрамында қорғасын - 2,4%, мырыш - 8,63%, мыс - 0,66%, алтын - 0,2 г/т, күмiс - 1040 г/т бар 2 кен шоғыры ашылды. Кен шоғыры жайылуы мен құлдилауына қарай бедерленбеген. С2 санатындағы кен қоры 895 мың тонна, P1+P2 санатындағы болжамды ресурстары 300-1000 м тереңдiктегi интервалда 4250 мың тонна деп бағалануда.
2005 жылы Спасск кен аймағында мысқа, Балқымбай телiмi мен Новоснегирев кен аймағында полиметаллдарға жұмыс жүргiзу жоспарлануда.
Спасск кен аймағы Қарағанды қаласынан солтүстік шығысқа қарай 1003 шақырымда орналасқан. Аймақ шегiнде құрамында 1%-дан астам көптеген мыс көрінiстері (Шайтанды, Қызыл өгiз, Көктас-шарықты және т.б.) анықталды. Жұмыстарды Балқаш тау-кен-металлургия комбинатының минералдық-шикізаттық базасын толықтыру мақсатында жүргiзу көзделуде. Мыс қорларының күтiлетiн өсiмi 500-700 мың теңге.
Балқымбай телiмi Балқымбай грабенiнiң батыс ернеуiнде орналасқан әрі бертiнгi протерозой гнейстерi мен тас көмiрлi әк тастары бар кварц-слюдалы сланецтің тектоникалық жапсарлы аймағындағы жапсарлы карстiк желмен мүжiлген қатпарларында оқшауланады. Алтын құрамы 1-46 г/т шегiнде шөгетiн, қуаты 8 метрге дейін бiрқатар алтын шоғырлары табылды. Желмен мүжілген қатпарлардағы алтынның болжамды ресурстары 8,5 тонна деп бағалануда.
Новоснегирев кен аймағы Грехов кеншi әзiрленiмдерiнен 600-800 м орналасқан және "Зырянов ГРЭ" ЖШС-нiң бiрiншi кезектегi геологиялық іздеу жұмыстары бағдарламасына енгiзiлген. Р3 санатындағы болжамды ресурстар құрамында қорғасын - 2,4%, мыс - 0,7% бар 12 млн. тонна кен бар деп бағалануда.
2006 жылы Володар кен аймағында тантал мен қалайыны, Сәмембет кен көрінiсiнде мысқа, Оңтүстiк Шығыс Бұйрақой кен көрiнiсiнде алтынды іздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзу көзделуде.
Володар кен аймағы шегiнде тантал мен қалайыға Үлбi металлургия зауыты үшiн сенiмдi шикiзат базасын жасау мақсатында жүргiзіледі. Р1 санатындағы тантал мен қалайының болжамды ресурстары бағаланып, тау-кен және бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшiн неғұрлым перспективалы телiмдер ажыратылады. С2 санатындағы бес тотықты тантал қорының күтіліп отырған өсiмi 500 тонна.
Сәмембет кен орны. Кен орнында ендiк жайылуы 800-1500 м, қуаты 20-150 скарндық кен шоғыры белгілi. Оңтүстiк шығыс құлдиламасы бойынша анықталған тереңдік 150-250 м. Скарндар, негізiнен гранаттан, гранат-пироксендiгi сирегірек. Скарндарда қуаты 1-30 метрге дейiнгi мыс-висмут шоғыры ажыратылады. Кен бөлiнiсi халькопирит, борнит, халькозин, висмутин, галенит, сфалерит араласқан жыныстардан көрiнедi; тотықтану аймағы - малахит, азурит, хризоколла, церуссит, смитсонит. Телiм арықтары мен тереңдігі 35-080 м 10 ұңғымамен бағаланған. Телiм болжамды ресурстарының масштабы 1:10000, тереңдiгi 100 метрге дейiнгi, орташа құрамы 1,25%, мөлшерi 168,5 мың тонна мыс iздеу жұмыстарының материалдары бойынша бағаланған. Кенде висмут - 0,14-0,17%, қорғасын 1,16-1,62%, мырыш - 1,73%. Сәмембет кен алаңындағы мыстың болжамды ресурстарының құрамы 1,25% кезiнде 500 мың тоннадан астам мысты құрайды.
2007-2010 жылдары іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектiлердiң сипаттамалары келтiрiледi.
Вавилон кен алаңы Семей қаласынан шығысқа қарай 70-80 км орналасқан. Кен орны мыс-пирротин үлгiсiне жатады. Кендегi мыстың құрамы 0,85%. P1 санатындағы мыстың болжамды ресурстары 200 мың тонна. Вавилон кен алаңында іздеу-бағалау жұмыстарын жолға қою Шығыс қазақстан мыс кен өнеркәсiбiнiң минералдық-шикiзаттық базасын толықтыру проблемасынан туындады.
Жангелдин кен алаңында кен бөлiнiсiнiң үш аймағы бар: алтын-мыс-молибден минералдары бар Солтүстiк және Орталық, Оңтүстiкте висмут пен алтын бар полиметаллдық. Гидротермальдық өзгерістер штокверк кварцтерiмен, беретизациямен, калишпатизациямен, серитизациямен көрiнедi. Ұңғымалар бойынша мыстың орташа құрамы жекелеген интервалдарда 6,0-8,0 м қуатына 0,3-0,4% құрайды, неғұрлым едәуiр интервалдарда 20,0-40,0 м қуатына құрамында мөлшерi 0,2-0,3% мыс бар. Қайталама қатпарларында алтынның шоғырлануы 0,005-1,0 г/т. Шашыраңқы қайталама қатпарларының көлемi мұнда кемiнде 500 мың тонна мыс бар деп болжауға мүмкіндік бередi. Соқырқой кен орны (мыс-порфир және алтын-порфир) Балқаш қаласынан оңтүстiк батыста 100 км "Ньюмонт-Қазақстан ЛТД" келісім-шарттық аумағында (2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 883 келісім-шарт) орналасқан. Мыс-порфир және алтын кен бөлінісі қайталама кварциттер алабына орналастырылған. 150-300x50-200 м желiсі бойынша ұңғымалармен барланған. Ұңғымаларды барлау деректерi бойынша мыстың жиектiк құрамы 0,2%, 20,0-30,0 метрден 16,0 метрге дейiнгi тереңдікте көлденең жатқан, қуаты алғашқы метрлерден 10-20 метрге дейiнгi еңiстеу түскен 3 кен шоғыры ажыратылады. Кен бөлiнiсi қайталама сульфид аймағына орайластырылған. Кенді аймақ мөлшерi 1200x300-400 м шамасында. Р1 санатындағы мыстың болжамды ресурстары оның Р санатындағы 0,36% орташа құрамы кезiнде 200 мың тонна. Мыс кенi шөгiндiлерiнiң батыс қанатындағы 6 ұңғымада алтынның мол құрамы анықталды. Алтынның 2,0 г/т жиектік құрамымен есептелген P1+P2 санатындағы алтынның болжамды ресурстарының орташа құрамы 6,8 г/т болған кезде 12 500 кг құрайды.
5.3.2. Көмiрсутектi шикiзатты іздеу жұмыстары
2004 жылы Шығыс Iле ойпатында, Арал бойында, Қарағанды және Екібастұз көмiр бассейндерi шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу, Теңіз ойпатындағы жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
2005 жылы Шығыс Іле, Теңiз ойпаттарында, Арал бойында, Қарағанды және Екiбастұз көмір бассейндерi шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру.
2006 жылы Шығыс Іле, Теңіз ойпаттарында, Арал бойында, Қарағанды және Екiбастұз көмір бассейндерi шегiнде геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру.
2007-2010 жылдары Шығыс Іле, Теңiз ойпаттарында, Арал бойында, Қарағанды және Екiбастұз көмiр бассейндері шегiнде геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру, Сырдария ойпатында жұмыстар жүргізу.
5.3.3. Iздеу-барлау жұмыстары
Жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 19 мамырдағы Астана қаласын дамыту мәселелерi бойынша № 01-9/5 хаттамалық шешімін орындау және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгі Басшысының 1999 жылғы 10 тамыздағы Астана қаласын сумен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша № 04-5/14 хаттамалық шешiмiн орындау үшiн жүргiзiледi. Қазiргі таңда ауыз сумен жабдықтаудың қосымша әрi резервтiк көзi ретiнде Ақмола жер асты сулары кен орны барланды әрi өнеркәсiптiк игеруге дайындалды.
Бағдарламада:
2004 жылы Волгодон телiмiнде iздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау және Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарындағы 33 елдi мекендi сумен қамтамасыз етуге арналған iздеу-барлау жұмыстарын аяқтау;
2005 жылы 34 елді мекендi сумен қамтамасыз етуге арналған iздеу-барлау жұмыстарын жүргізу;
2006 жылы 35 елдi мекенді сумен қамтамасыз етуге арналған iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;
2007-2010 жылдары 240 елдi мекендi сумен қамтамасыз етуге арналған iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу көзделеді.
5.4. Минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын
пайдаланудың мониторингі
Минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың мониторингi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекiтілген "Қазақстандағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережеге" сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстандағы жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзаттық кешенiн дамытуды болжау және 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған минералдық-шикізаттық кешенi жай-күйiн модельдеу жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Осы бағыт шеңберiнде қорғасын, мырыш, мыс, алтын, темір (2000 жылы), барит, фосфор, марганец, бокситтер, көмiр (2001 жылы), мұнай, конденсат (2002 жылы), бойынша жұмыстар аяқталды, тантал, ниобий, хром, никель, уран, агрономиялық кендер бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Вольфрам, молибден, қалайы, бериллий, литий, кобальт бойынша жұмыстар жалғастырылуда; бор, алмастар, циркон, асбест және басқа да пайдалы қазбалар бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Бағдарлама пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауды жүргiзудi; барлау әдiстемесiн, пайдалы қазбалар қорын есептеу әрi жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргiзу тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер жасауды; өндiрiс салалары бойынша жер қойнауын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі мамандандырылған журнал, анықтамалар мен талдамалық шолуларды дайындау әрi басып шығаруды көздеуде.
Қазақстан Республикасы минералдық-шикізаттық базасының мониторингi Қазақстан Республикасы минералдық-шикiзаттық базасының ұдайы өндiрісiн болжау мiндеттерiн шешу үшiн 20 жылдық кезеңге ретроспективасымен бірге пайдалы қазбалардың 35 түрi бойынша анықтамалық-талдау жүйесiнiң негізiнде жүзеге асырылады. Қазақстанның аумағында қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутекті шикiзат жөніндегі лицензиялық әрi тендерлік объектілер бойынша мониторингiлiк карталарды тоқсан сайын жаңарту, оларды редакциялау мен басып шығару жүргiзiледi.
Бағдарламада минералдық-шикiзаттық базасының мониторингiн тұрақты негiзде жүзеге асыру көзделеді. Мониторинг нәтижелерi Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық кешенiнiң әлеуетiн нақтылауға, оның әлемдiк рынокқа кiрiгуi ықтималдығын арттыруға мүмкiндiк бередi.
5.5. Жер асты сулары мен қауiптi геологиялық
процестер мониторингі, мемлекеттік байқау
желісінiң жойылған және тоқтатылған
пункттерiн қалпына келтіру
Жер қойнауы мен жер асты сулары жай-күйiнiң 150 көрсеткiшi бойынша жұмыс iстейтiн пункттерде режимдiк байқаулар жүргiзу, тоқтатылған және жойылған пункттiлердi қалпына келтiру әрi пайдалануға беру, мақсатты мониторинг полигондарын қабылдау, өңдеу мен берудiң автоматтандырылған режимiне көшумен бiрге мемлекеттік желiнi оңтайландыру көзделуде. Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн Бағдарламада мыналар көзделуде:
2004 жылы 4785 жұмыс iстейтiн және қалпына келтiрiлген пунктік режимдiк байқаулар жүргiзудi, 220 тоқтатылған жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестер пункттерiн қалпына келтiрудi жалғастыру, мемлекеттік желiнi оңтайландыру, Iле трансшекаралық өзен бассейнiнде полигонды, "Луговая" сейсмикалық мониторинг пункттiң құруды бастау және жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестер мониторингiн жүргiзудiң автоматтандырылған режимiне көшу.
2005 жылы 5005 жұмыс iстейтiн және қалпына келтiрiлген пунктте режимдiк байқаулар жүргiзудi, 220 тоқтатылған жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестер пункттерiн қалпына келтiрудi жалғастыру, мемлекеттік желiнi оңтайландыру, жаңа бекеттер мен қауiптi геологиялық процестер (сырғымалар, селдер, құламалар) полигондарын, Жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестер мемлекеттік мониторингiнiң ақпараттық-компьютерлiк жүйесi деректер банкінің бiрыңғай жүйесін құру, Жер асты сулары мемлекеттік мониторингiнiң ақпараттық-компьютерлiк жүйесiн жетiлдiру.
2006 жылы 5225 жұмыс iстейтiн және қалпына келтiрiлген пунктте режимдiк байқаулар жүргізудi, 220 тоқтатылған жер асты сулары мен қауіптi геологиялық процестер пункттерiн қалпына келтiрудi жалғастыру, мемлекеттік желiнi оңтайландыру, жаңа бекеттер мен қауiптi геологиялық процестер (сырғымалар, селдер, құламалар) полигондарын, Жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестер мемлекеттік мониторингiнiң ақпараттық-компьютерлiк жүйесi деректер банкінің бiрыңғай жүйесiн құру, Жер асты сулары мемлекеттік мониторингiнiң ақпараттық-компьютерлiк жүйесiн жетілдiру.
2007-2010 жылдары жер қойнауы мен жер асты сулары жай-күйiнiң 150 көрсеткiшi бойынша жұмыс iстейтiн пунктте (7314) режимдiк байқаулар жүргiзу, қалпына келтiрiлетiн пункттердi, (2089) кезең-кезеңiмен қосып, модельдердiң мақсатты мониторингi полигондарын (Арал бойы, Каспий бойы, Ертіс бойы, Балқаш-Алакөл, Ташкент бойы, Батыс Қазақстан артезиан бассейндерi) және инфрақұрылымы дамыған және халқының тығыздығы жоғары әрi қауiптi құбылыстары қарқынды: ақпарат қабылдау, өңдеу мен берудiң автоматтандырылған режимiне көшiп, жер асты сулары мемлекеттік мониторингi ақпараттық-компьютерлiк жүйесiн жетiлдiрiп, Алматы-Жамбыл және Арал бойы полигондарында қауiптi экзогендiк процестердi байқау желісін құру көзделедi.
5.6. Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы қазiргi заманғы
ақпараттық жүйе құру. Геологиялық зерттеулердi ақпараттық қамтамасыз ету
Геология саласының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы толық, шынайы және жедел ақпарат қажет. Қазіргi уақытта жинақталған геологиялық-геофизикалық және талдамалық ақпараттың 90%-ға жуығы әлi күнге дейiн қағаз күйiнде сақталуда әрi тозуда, көбiнесе қалпына келтiрiлмейдi. Әлемнің озық елдерi, iс жүзінде ақпараттың түрлерiн, соның iшінде геологиялық та есепке алу, сақтау мен толықтыруды толық автоматтандыруға көштi. Минералдық-шикiзаттық база Қазақстан экономикасының стратегиялық негiзi екенiн ескере отырып, геологиялық ақпаратты қағаздан магниттiк-сандық негiзге көшiру әрi жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттың мемлекеттік компьютерлiк банкінің бiрыңғай жүйесiн құру қажеттiгi әлдеқашан пiсiп-жетілдi. Осы жүйенің көмегiмен мынадай міндеттep шешiлетiн болады:
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық компьютерлiк банкiн құру әрi серпіндi жүргiзу;
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық компьютерлiк банкiн рұқсатсыз енуден қорғауды қамтамасыз ету;
нәтижесiн мәтiн, кесте және графика нысандарында берiп, ақпаратты автоматтандырылған кешендi өңдеу мен талдау;
әртүрлi сатылық деңгейде (жергілiктi, аймақтық және республикалық) салалық міндеттер шешу үшiн автоматтандырылған технологиялар әзiрлеу әрi енгізу;
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланудың автоматтандырылған мониторингiн жүзеге асыру, геологиялық ақпарат ағындарын басқару;
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы деректер банкін дамыту шеңберiнде қазiргі заманғы компьютер кешендерi мен бағдарламалық құралдарын сатып алу.
Геологиялық ақпаратты қалыптастыруды "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы орындайды, ол Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарауында әрi Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзаттық кешенiнiң жай-күйiн талдау, геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалануды тiркеу, жер қойнауын пайдалану мониторингi, жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң нәтижелерiн мемлекеттік статистикалық есепке алу, жер қойнауы туралы ақпаратты жинау, сақтау әрi пайдалануға беру, жер қойнауы туралы деректердің мемлекеттік компьютерлiк банкiн құру мен жүргізу жөніндегі басты үйлестiру орталығы болып табылады.
Көрсетілген мiндеттердi "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы тұрақты негізде орындайды және олар осы Бағдарламада 2010 жылға дейiн қоса алғанда жоспарланады.
5.6.1. Мұнай және өздiгiнен ағып жатқан гидрогеологиялық
ұңғымаларды жою және тоқтатып қою
Жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығына және Импорт алмастыру бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
2004 жылы Бағдарламада Атырау облысы аумағында Каспий теңiзiнiң суы басып кеткен аймақтағы мұнай ұңғымалары мен Оңтүстiк өңiрдегi өздігінен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды тексерудi, 8 мұнай ұңғымасын, оның iшiнде үшеуi Каспий теңiзiнiң суы басып кеткен аймағындағы, 83 жоғары дебитті өздігінен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды, оның ішiнде құрамында радионуклидтер бap 43 ұңғыманы жоюды, сондай-ақ құжаттарды пысықтау мен бұрғылау қондырғысын дайындау көзделуде.
2005 жылы құрлықтағы 10 және Каспий теңiзiнiң суы басып кеткен аймақтағы 3 мұнай, өздiгінен ағып жатқан 71 гидрогеологиялық ұңғыманы жою, жер қойнауының жай-күйі мен телiмдерiн қорғау мониторингi.
2006 жылы 14 мұнай, оның iшінде су басып кеткен аймақтағы 3 және құрлықта 11, өздiгiнен ағып жатқан 74 гидрогеологиялық ұңғыманы жою, жер қойнауының жай-күйі мен телiмдерiн қорғау мониторингі.
2007-2010 жылдары құрлықтағы 42 және Каспий теңiзiнiң суы басып кеткен аймақтағы 1561 мұнай, өздiгінен ағып жатқан 1921 гидрогеологиялық ұңғыманы жоюды аяқтау, жер қойнауының жай-күйi мен телімдерін қорғау мониторингі.
5.7. Геология саласының басым бағыттарын ғылыми-техникалық қолдау
Саланы ғылыми қамтамасыз ету әлемдiк технологияларды пайдаланылып, ғалымдардың жетiстiктерiне негiзделетiн болады.
Негізгi назар мыналарға аударылады:
Пайдалы қазбалар кен орындарын болжау, iздеу және бағалау әдiстерiн ғылыми негiздеуге, жаңа буындағы болжау-iздеу технологияларын жасауға, оларды әлемдiк деңгейдегi тауар өнiмi деңгейіне жеткiзуге;
Жаңа теориялық ұғымдар мен әдiснамалық көзқарастар тұрғысынан металлогениялық талдауды жетiлдіруге;
Көмiрсутекті шикiзат, қатты пайдалы қазбалар мен жер асты сулары кен орындарын қалыптастыру процестерiнiң модельдерiн әзiрлеуге;
қазiргі заманғы компьютерлiк технологияларды қолданып, мұнай, газ және басқа да кендер бар аудандар, тораптар, алаңдарды болжау карталарын жасау және басып шығару;
геологиялық өндiрiстi әлемдiк стандарттарға сай жаңа жабдықтармен, аппаратурамен және технологиямен қамтамасыз ету.
ҚР Yкіметінiң 19.04.04 ж. № 433 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Бұл ретте қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
Бағдарламаны iске асыруға бағытталған жоспарланған жұмыстар мен оларды жылдар бойынша қаржыландырудың көлемдерi қоса берілiп отырған кестеде көрсетiлген.
2003-2010 жылдарға арналып жоспарланған
геологиялық барлау жұмыстарының кестесі
─────┬────────────────────┬─────────┬──────────────────────────────
р/с │ Жұмыс түрлері │ Өлшем │ Жұмыс көлемі
№ │ │ бірлігі ├───────┬───────┬───────┬──────
│ │ │2003 ж │2004 ж │2005 ж │2006 ж
─────┼────────────────────┼─────────┼───────┼───────┼───────┼──────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─────┴────────────────────┴─────────┴───────┴───────┴───────┴──────
1. Мемлекеттік геологиялық зерттеулер
(13 бағдарлама)
1) Өңірлік және геологиялық түсіру жұмыстары
(100 кіші бағдарлама), оның ішінде
1.1 Өңiрлiк және геоло. млн. - - - -
гиялық түсіру теңге
жұмыстарын жүргізу
кезiндегі дайындық
iс-шаралары
(ұсақ масштабты
карта дайындау;
озыңқы геофизикалық,
геохимиялық
жұмыстар;
Қазақстанның
әртүрлi өңiрлерi
үшiн әдiстемелiк
және нормативтік
құжаттар әзiрлеу)
о.i. геологиялық
материалдарды
ғылыми қорыту
нәтижесiнде
анықталған
1:200000 масшта.
бында геологиялық
жете зерттеу және
перспективалық
алаңдарда өңірлiк
гидрогеологиялық
әрi инженерлiк-
геологиялық түсiру
1.2 Терең геохимиялық мың 58,64 78,04 103,0 133,4
іздеулермен бiрге ш.м.
1:200000 масшта.
бында геологиялық
жете зерттеу
(ГДП-200)
1.3 1:200000 масшта. мың 20,36 27,08 28,6 29,9
бында геологиялық ш.м.
жете зерттеу және
гидрогеологиялық
әрi инженерлік-
геологиялық
зерттеулер
2) Іздеу-бағалау жұмыстары (101 кіші бағдарлама)
2.1 Қатты пайдалы мың 150,0 287,0 288,0 231,0
қазбаларға ш.м.
іздеу-бағалау
жұмыстары
2.2 Көмiрсутектi млн. - - - -
шикiзатқа теңге
геологиялық барлау
жұмыстарын жүргізу