Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 шілдедегі № 728 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Әскери-техникалық мектебi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң «Орталық Армия үйi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |