Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және
гидрогеологиялық объектілерінiң тiзбесiн, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шектеулi шаруашылық мақсатта пайдалану ережесін, сондай-ақ айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты бiлдiретiн, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 657 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1212 қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінiң тiзбесi;
2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулi шаруашылық мақсатта пайдалану ережесi;
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты бiлдiретiн жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 657 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік
табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және
гидрогеологиялық объектілерінiң тiзбесi
1. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік
табиғи-қорық қорының геологиялық объектiлерi
Ақмола облысы
1. Аютас тауы
2. Бурабай тауы
3. Жеке Батыр тауы
4. Көкшетау тауы
5. Лысая тауы
6. Үлкен Бүркiттi тауы
7. Малиновая өзеніндегі жал
8. Зерендi көліндегі жасыл мүйiс
9. Жұмбақтас тас аралы
10. Зерендi көлiнiң жанындағы қызыл күрен мүйiс
11. Зерендi көлiндегі алыптар жағажайы
12. Бастион жартасы
13. Оқжетпес жартасы
14. Сұңқар ұясы жартасы
15. Пахомовка жартасы
16. Үш апалы-сiңлi жартасы
17. Қарамай шоқысы
18. Өрт байқау шоқысы
19. Қашқын шоқысы
Ақтөбе облысы
20. Әулие алқабы
21. Тiкбұтақ бұлағындағы палеоген және кейiнгi бор жасындағы өсiмдiктер мен жануарлар қалдықтарының мол орналасқан орны
22. Ақтасты өзенiндегі төменгi перм жасындағы цефалопод қалдықтарының мол орналасқан орны
23. Ақтасты рифiнiң төменгi перм жасындағы су балдырларының рифтік әктастары
24. Бөртебей бұлағындағы әктасты-терриген қабаты
25. Жаманшы тау алқабындағы кратер
26. Қызылтөбе жотасындағы олигоцен жасындағы өсiмдiктердiң таңбалары
27. Жалғызтау палеожанартауы
28. Көкжиде құмы
29. Оңтүстiк Ақтолағай үстiртi
30. Оңтүстік Жамантау руда кенiшi
31. Әлiмбет өзеніндегі серпентиниттi меланж (девон-карбон)
32. Домбар қырқасындағы ерте карбонды аммоноидтардың жиналуы
33. Боқтықарын тұз күмбезi. Төменгi - жоғарғы маастрихт шекарасы
34. Шуылдақ палеожанартау ауданы
Алматы облысы
35. Озерная өзенiнiң жоғарғы жағындағы Городецкий және Моренный белсендi тас глетчерлерi
Шығыс Қазақстан облысы
36. Таған кен орнының оңтүстiк-батыс бөлiгіндегі саз балшықты жанартаулар
37. Үлкен Тектұрмас тау алқабындағы перм құмдарының бөлiгi
38. Ашутас тауы
39. Белуха тауы
40. Қиын Керiс тауы
41. Тәж тауы
42. Делбегетей учаскесiнiң үлкен алуан түрлi қымбат және жартылай қымбат тастары бар гранит алқабы
43. Ақжайлау алқабы
44. Алаулы адырлар алқабы
45. Шакелмес мүйiсi
46. Сайқан жотасындағы көшкiн
47. Зайсан ойпатының кайнозой шөгiндiлерiнiң қимасы
48. Асубұлақ кентiнiң маңындағы пегматитті кен орындарының металл сирек кездесетін минералдары
49. Көккөл руднигi
50. Тархан геологиялық қимасы
Жамбыл облысы
51. Байжансай девон-таскөмiр рифi
52. Батырбай өзеніндегі лог бойынша кембрий мен ордовик
Батыс Қазақстан облысы
53. Айдарлы тауы
54. Ақтау тауы
55. Алмазтау тауы
56. Большая Ичка тауы
57. Сантас тауы
58. Сасай тауы
59. Шатырлы тауы
60. Бұлдырты өзенiнiң жоғарғы сағасындағы Қараағаш құмы
61. Утва, Бұлдырты және Қалдығайты өзендерiнiң бастауындағы борлы таулар
62. Шолақаңқаты және Есананқаты өзендерiнiң жоғарғы сағаларындағы бор қалдықтары
63. Семиглавый Мар ауылындағы борлы төбешiктер
64. Қалдығайты өзенiнiң жоғарғы сағасындағы Аққұм құмы
65. Шилi өзенi мен Жақсыбай өзенiнiң аралығындағы Көкөзекқұмы және Қарағандықұмы құмдары
Қарағанды облысы
66. Ақ аю тауы
67. Бұғылы тауы
68. Жирен Сақал тауы
69. Көктөбе тауы
70. Тар кезең тауы
71. Шаңкөз тауы
72. Жасанды Қалмақ жалы құрылысы
73. Алтынтөбе тау алқабындағы диоптаз кен орны
74. Шоқпақ тау алқабындағы малахит кен орны
75. Сарықұлболды тау алқабындағы хризопраз кен орны
Қызылорда облысы
76. Қызылжар тау алқабындағы жоғарғы бор өсiмдiктер қалдықтарының орналасқан орны
77. Алтын Шоқысу тау алқабындағы палеоген-неогендi есiмдiктер қалдықтарының орналасқан орны
78. Құмсуат тау алқабындағы жапырақтар таңбаларының және теңiз жануарлары қалдықтарының орналасқан орны
Қостанай облысы
79. Жаман Қайыңды тау алқабындағы палеоген-неоген өсiмдiктерi қалдықтарының орналасқан орны
80. Улы Жыланшық Дулығалы, Үлкен өзендерiнiң жазығындағы (Түрме және Сазанбай қырқасы) омыртқалы жануарлардың қалдықтарына бай неоген қабаттарының стратотипикалық қималары
Маңғыстау облысы
81. Ақмыш тауы
82. Бекi Басқұдық тауы
83. Босаға Көкөсем тауы
84. Шығыс және Батыс Қаратау таулары
85. Жармыш Жапырақты тауы
86. Қараған Босаға тауы
87. Қарақия тауы
88. Қарамая тауы
89. Қаратаушық тауы
90. Қарашек тауы
91. Қарынжарық тауы
92. Құнанбай тауы
93. Тұщыбек тауы
94. Тынымбай тауы
95. Өзен тауы
96. Шайыр Сарыкез тауы
Павлодар облысы
97. Сырғалы тау алқабындағы родипгиттер көрiнiстерiнiң тобы
98. Алпыс тау алқабындағы бирюза кен орны
99. Қалмаққырған тау алқабындағы тау хрусталінің кен орны
100. Ақшиман тау алқабындағы агаттар көрiнiсi
101. Тайғын тау алқабындағы бирюза көрiнiсi
Солтүстiк Қазақстан облысы
102. Айыртау гранит алқабы
103. Имантау гранит алқабы
104. Александров ойпатындағы iрi теңiз моллюскаларының ядролары бар ашық балшықтар
105. Имантау көліндегі Казачий аралы
106. Петропавл Батыс ашық жерi. Миоцен жасындағы балықтар мен сүт қоректiлер фаунасының қалдықтары
107. Петропавл Солтүстiк ашық жерi. Төменгi ширек жастағы омыртқасыздар фаунасының қалдықтары
108. Көне гранит алқабы
109. Қазан жартасты шөгiндiлерi
110. Қостау шоқысы
111. Шолғыншы шоқысы
112. Сүйiр шоқы
113. Расколотая шоқысы
Оңтүстiк Қазақстан облысы
114. Жаңықорған өзенi бойындағы жоғарғы девон-төменгi карбон
115. Қатынқамал өзенi бойындағы жоғарғы девон
116. Түлкiбас стансасы маңындағы рифтік құрылыстары бар жоғарғы девон
117. Келiншектау тауы
118. Мыңжылқы тауы
119. Қаратау юра бассейнi
120. Байсай өзенi бассейніндегі карбон
121. Жертапсай өзенi бойындағы карбон
122. Ұя өзенi бойындағы карбон
123. Арпаөзен өзенi бойындағы трилобиттер қалдықтары мол кембрий мен ордовик
124. Әулие кен орны
125. Ақсу өзенiнiң сол жағалауындағы, Жабағлы тауындағы төменгi және орта ордовик
126. Орта карбон - Қаржантау тауының төменгi маңы
2. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қорының геоморфологиялық объектiлерi
Ақтөбе облысы
127. Айдарлы аша өзенiнiң жазығы
128. Жақсы Қарғалы өзенiнiң сол жағалауындағы карсттық ландшафт
129. Сүт қоректілердiң сүйек қалдықтары сақталған Шалқарнұра жартастары
Алматы облысы
130. Жарсай өзенiнiң жоғарғы сағасы
131. Түрген өзенiнiң оң сағасындағы ерлер мен әйелдер көз жасы сарқырамасы
132. Есiк жазығының жоғарғы сағасындағы алып тас глетчерi
133. Рельефi экзотикалық нысандағы Асы өзенiнiң каньоны
134. Шарын каньоны
135. Жер астынан шыққан Жусалыкөл көлi
136. Жер астынан шыкқан Есiк көлi (Жасылкөл)
137. Түрген өзенiнiң оң жағалауындағы эрозионды су шайған және бүлiнген ғажап нысанды бояуы алуан түрлi жартастар
Шығыс Қазақстан облысы
138. Арасан өзеніндегі Арасан сарқырамасы
139. Көккөл өзеніндегі Көккөл сарқырамасы
140. Язовая өзеніндегі Язовой сарқырамасы
141. Гранит қалдықтарының «Желілік бағандар» геосәулет кешенi
142. Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар каскады
143. Рахманов көліндегі Рахманов сарқырамасы
Батыс Қазақстан облысы
144. Қараағаш құмындағы Сарқырама өзеніндегі Сарқырама су құламасы
145. Жалпы Сырт үстiртіндегі борлы қалдықтар
146. Алебастр жары
147. Ақбалшық жары
148. Жамбыл жары
149. Долинный жары
150. Қызыл мектеп жары
151. Полоусов жары
152. Сауркин жары
153. Упорный жары
Қарағанды облысы
154. Уш үңгiр кешенi
155. Үлкен палата тас үңгiрi
Қостанай облысы
156. Терсек үстiртiнiң жартасы және терсек шоғырының қималары бар Қызбелтау тауы
Маңғыстау облысы
157. Карстық Булы Ойық үңгiрi
158. Карстық Қараған Босаға үңгiрi
159. Карстық Өтебай үңгiрi
Павлодар облысы
160. Драверт үңгiрi
161. Құмыра үңгiрi
162. Әулие үңгірi
163. Қоңырәулие үңгiрi
164. Айманбұлақ шатқалы
165. Тас ғажаптары шатқалы
166. Рахай шатқалы
167. Ушсала шатқалы
Солтүстiк Қазақстан облысы
168. Лобаново көліндегі үңгiрi бар сарқырама
169. Шалқар көлiнiң жағалау жалдары мен жарқабақтарының кешенi
170. Имантау көлiнiң жағалау жалдарының кешенi
Оңтүстiк Қазақстан облысы
171. Кіші Қайыңды шатқалындағы сарқырама
172. Аққұз өзенiңiң каньоны
173. Ақсу өзенiнiң каньоны
174. Баялдыр өзенiнiң жазығындағы Ақтас үңгiрi
175. Кеңөзен шатқалындағы Балағайын үңгiрi
176. Бестоғай үңгiрi
177. Кеңес Төбе үңгiрi
178. Қазанбұлақ бұлағы бар үңгiр
179. Шарқойлы үңгiрi
180. Ұлушыр шахта-үңгiрi
181. Хантағы өзенiнiң жайылмасы
182. Дарбаза қақпа жартасы
3. Республикалық және халықаралық маңызы бар
мемлекеттік табиғи қорық қорының гидрогеологиялық
объектiлерi
Алматы облысы
183. Алма-Арасан шатқалындағы тектоникалық қиынды бойынша радон минералды суларының табиғи шығымы
184. Кiшi Алматы өзенiнiң сол жақ сағасындағы Күйгентас өзенiнiң атырабындағы минералды күкiрт қышқылы көзi
185. Көкжайлау тау алқабындағы Тiкбұтақ өзенiнiң Терiсбұтақ бұлағының көзiн эрозиялық сипатта басып алуы
Шығыс Қазақстан облысы
186. Жеменей минералды су көздерi
187. Рахманов радон бұлақтары
188. Арасан-Талды жылы және минералды су көздерi
Батыс Қазақстан облысы
189. Апжансор көлiнiң саз балшығы
190. Қабылтөбе ауылындағы минералды су көзi
Қарағанды облысы
191. Кapacop көлдерiнiң тобы
192. Сфагнов батпағының учаскесi
Маңғыстау облысы
193. Ақмыш бұлақтарының тобы
194. Кендiрлi бұлағы
195. Тамшалы бұлағы
196. Туесу бұлағы
197. Өнере бұлағы
198. Сауысқан ұңғымасы
Павлодар облысы
199. Әұлиебұлақ бұлағы
200. Телеубұлақ бұлағы
Оңтүстік Қазақстан облысы
201. Көксай көлдері
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 657 қаулысымен
бекітілген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының
геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулi шаруашылық мақсатта пайдалану
ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 1997 жылғы 15 шiлдедегi және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін (бұдан әрi - объектiлер) шектеулi шаруашылық мақсатта пайдалану тәртібін реттейдi.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы объектiлердi шектеулi шаруашылық мақсатта пайдалану Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның өз құзыретi шегіндегі рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылады.
3. Объектiлердi шектеулi шаруашылық мақсатта пайдалану оларды объектiлер мен табиғи кешендерге зиянды әсер етпейтiн әдiстермен сақтауды және қалпына келтiрудi ескере отырып жүзеге асырылады.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы объектiлердi пайдалануға шектеулi шаруашылық мақсатта мынадай жағдайларда ғана:
маршруттық байқауларды, топырақ, су үлгiлерiн алуды қамтитын өңiрлiк геологиялық зерттеулер жүргізуге;
жанама орман пайдалануға (шектеулi мал жаю, шөп шабу әуесқойлық мақсатта саңырауқұлақтар, жемiстер мен жидектер жинау);
дәстүрлi пайдаланылатын шектеулi алаңдарда ағаш тұқымдары мен бұталардың көшет материалдарын, дәрi-дәрмектiк шөптер және басқа да өсiмдiктер өсiруге;
өтпелi мақсатта ағаш кесудi қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесудi, күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi жүргiзуге;
балық көбейту материалын және тауарлы балығын өсiруге;
жылжымалы ара павильондарын пайдалана отырып, көшпелi ара шаруашылығына;
орман шаруашылығы қызметiне, өртке қарсы iс-шаралар мен орман алқаптарын қорғауға;
экологиялық жүйелердiң ұзақ мерзiмдi сақталуы мен биологиялық сан алуандылығының орнықтылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберiнде жер пайдалануға;
минералдық сулар мен шипалы ресурстарды пайдалануға;
әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауға жол берiледi.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы объектiлердi пайдалану кезiнде:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттарымен және олардың жұмыс iстеуiмен байланысты емес елдi мекендердi, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы және мелиорация, энергетика, көлiк және байланыс объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін, өзге де объектiлер мен құрылыстарды орналастыруға және салуға;
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, сондай-ақ радиоактивтi материалдарды жинауға және көмуге;
су бөгендерiн ағын суларды ағызу үшiн пайдалануға:
ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, қоршаған ортаға зиянды физикалық әсерлердi қолдануға;
пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге, пайдалы қазбалар өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға;
басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге, шайыр, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға;
қорғалатын ландшафтардың табиғи келбетiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелер орнықтылығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн жұмыстарға;
үйлер мен құрылыстар, жалпы жұрт пайдаланатын жолдар, құбырлар, электр тарту желiлерiн және өзге де коммуникациялар салуға;
осы ереженiң 4-тармағында көрсетiлген жұмыстарды қоспағанда мемлекеттік геологиялық зерттеуге және әртүрлi iздестiру жұмыстарына;
ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң су жөніндегі қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн және өзге де шаруашылық мұқтаждықтар үшiн жерүсті және жерасты суларын пайдалануға;
арнайы рұқсатсыз табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктер қалдықтарын, тақтатастар, минералдар алып, коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
кез-келген қызмет, егер ол объектілерінiң сақталуына қауiп төндiретiн болса, жол берiлмейдi.
6. Объектiлердi шектеулi шаруашылық мақсатта пайдалану кезiнде объектiлерге және оларға iргелес табиғи кешендерге зиянды әсер ететiн тәртiп бұзушылық анықталған жағдайда барлық жұмыс заңнамамен белгіленген тәртiппен тоқтатыла тұрады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 657 қаулысымен
Бекітiлген
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени
және өзге де құндылықты бiлдiретiн жер қойнауы
учаскелерiнiң тiзбесi
Ақмола облысы
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
1. Аютас тауы
2. Бурабай тауы
3. Жеке Батыр тауы
4. Көкшетау тауы
5. Лысая тауы
6. Үлкен Бүркiтті тауы
7. Жұмбақтас тас аралы
8. Бастион жартасы
9. Оқжетпес жартасы
10. Сұңқар ұясы жартасы
11. Пахомовка жартасы
12. Үш апалы-сiңлi жартасы
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi
13. Лобаново көлiнде үңгiрлi сарқырама
14. Малиновая өзеніндегі жал
15. Зерендi көліндегі көк мүйiс
16. Зерендi келiнiң жанындағы қызыл күрең мүйiс
17. Зерендi көліндегі алыптар жағажайы
18. Қарамай шоқысы
19. Өрт байқау шоқысы
20. Қашқын шоқысы
Алматы облысы
Iле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркi
21. Озерная өзенiнiң жоғарғы жағындағы Городецкий және Моренный белсендi тас глетчерлерi
22. Жарсай өзенiнiң жоғарғы сағасы
23. Түрген өзенiнiң оң сағасындағы ерлер мен әйелдер көз жасы сарқырамасы
24. Есiк жазығының жоғарғы сағасындағы алып тас глетчерi
25. Алма-Арасан шатқалында тектоникалық қиынды бойынша радон минералды суларының табиғи шығымы
26. Кiшi Алматы өзенiнiң сол жақ сағасындағы Күйгентас өзенiнiң атырабындағы минералды күкiрт қышқылы көзi
27. Жер астынан шыққан Жусалыкөл көлi
28. Жер астынан шыққан Есiк көлi (Жасылкөл)
29. Түрген өзенінiң оң жағалауындағы эрозионды су шайған және бүлiнген ғажап нысанды бояуы алуан түрлi жартастар
30. Көкжайлау тау алқабындағы Тiкбұтақ өзенiнiң Терiсбұтақ бұлағының көзiн эрозиялық сипатта басып алуы
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркi
31. Шарын каньоны
Шығыс Қазақстан облысы
Қатон Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркi
32. Арасан өзеніндегі Арасан сарқырамасы
33. Көккөл өзеніндегі Көккөл сарқырамасы
34. Язовая езеніндегі Яз сарқырамасы
35. Белуха тауы
36. Тәж тауы
37. Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар каскады
38. Рахманов радон бұлақтары
39. Рахмановское көліндегі Рахманов сарқырамасы
40. Көккөл руднигi
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
41. Гранит қалдықтарының «Желілік бағандар» геосәулет кешенi
Батыс Қазақстан облысы
Кирсанов мемлекеттік табиғи қаумалы
42. Алебастр жары
43. Ақбалшық жары
44. Жамбыл жары
45. Долинный жары
46. Қызыл мектеп жары
47. Полоусов жары
48. Сауркин жары
49. Упорный жары
Қарағанды облысы
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркi
50. Жирен Сақал тауы
51. Үш Үңгiр кешенi
52. Қалмақ дуалы табиғи құрылысы
53. Yлкен палата тас үңгiрi
54. Бассейн көлi
55. Шайтанкөл көлi
56. Сфагнов батпақтың учаскесi
Маңғыстау облысы
Yстiрт мемлекеттік табиғи қорығы
57. Босаға Көкөсем тауы
58. Қараған Босаға тауы
59. Қарамая тауы
60. Қарынжарық тауы
61. Көкөсем тауы
62. Кеңдiрлi бұлағы
63. Өнере бұлағы
Павлодар облысы
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркi
64. Драверта үңгiрi
65. Кұмыра үңгiрi
66. Әулие үңгiрi
67. Қоңыр әулие үңгiрi
68. Әулиебұлақ бұлағы
69. Телеубұлақ бұлағы
70. Айманбұлақ шатқалы
71. Тас ғажайыбы шатқалы
72. Рахай шатқалы