Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 660 Қаулысы
(2013.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1058 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 660 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды (бұдан әрі - ӘЖК) және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы шартының болмауына байланысты тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер (бұдан әрі - агенттер) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘЖК және (немесе) СТН және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы шартының (бұдан әрі - шарт) болмауына байланысты тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен есептелген өсімпұл сомаларын қамтитын міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті айқындау мақсатында 2005 жылғы 1 қаңтардағы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі есептерге түгендеу жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша агенттер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘЖК және (немесе) CTH және (немесе) шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің тізімдерін (бұдан әрі - бұрынғы қызметкерлердің тізімі) жасайды.
3. Түгендеудi жүргiзу мерзiмi өткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде агенттер бұрынғы қызметкерлер тiзiмiнiң қағаз жеткiзгiштегi бiр данасын және электрондық жеткiзгiштегі данасын бұрынғы қызметкердiң CTH-нiң болуын (болмауын) тексеру үшiн тұрған (тұрғылықты) жерi бойынша салық органдарына жiбередi. СТН-нiң болуын (болмауын) тексеру жүзеге асырылғаннан кейiн салық органдары бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн қағаз және электрондық жеткiзгiште Салық комитетiне жiбередi.
4. Салық комитетi СТН-нiң болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асырғаннан кейiн бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн электрондық жеткiзгіште СТН-нiң және (немесе) шарттың болуын (болмауын) растау үшiн Орталыққа жiбередi.
5. Орталық Салық комитетiнен бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алған күннен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде:
1) СТН-нiң және жинақтаушы зейнетақы қорларына соңғы күнге мiндеттi зейнетақы жарналары аударымдарының болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асырады және бұрынғы қызметкерлер тiзiмінің тиiстi бағандарында белгiлер қояды;
2) шарттың болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асыру үшiн бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн электрондық жеткiзгiште барлық жинақтаушы зейнетақы қорларына жiбередi.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 10 күнтiзбелiк күн iшiнде шарттың болуын (болмауын) тексеру тұрғысында жұмыс жүргiзедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары шарттың болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асырғаннан кейiн толтырылған бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн электрондық жеткiзгіште Орталыққа жiбередi.
7. Егер бұрынғы қызметкер шарт жасаспай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып табылған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорлары мiндеттi зейнетақы жарналарының соңғы аударымдары туралы деректердiң негiзiнде бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алған күннен бастап бiр ай мерзiмде олармен шарт жасасу үшiн осындай адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргiзедi.
Осындай адамдармен шарт жасалған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорлары үш жұмыс күнi iшiнде агенттi және Салық комитетiн тиiстi деректемелердi көрсете отырып, Орталық арқылы шарт жасалғаны туралы хабардар етедi.
8. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан толтырылған бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алғаннан кейiн осы Ереженiң 5, 6-тармақтарында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн бес күнтiзбелiк күн iшiнде толтырылған бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн қағаз және электрондық жеткiзгiште Салық комитетiне жiбередi.
9. Агенттер Салық комитетiнен ӘЖК мен шарты бар бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен есептелген өсiмақының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады және осындай аударымдар бойынша өздерi тұратын (тұрғылықты) жерiндегі салық органдарымен салыстырып тексеру жүргізедi.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Агенттер тұратын (тұрғылықты) жеріндегі салық органдарымен салыстырып тексерудi жүзеге асырғаннан кейiн Салық комитетi мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегi жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылмаған бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жiбередi.
ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Сонымен бiр уақытта Салық комитетi электрондық жеткiзгiште бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн адамдардың азаматтық хал актілерін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп танылуын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуiн және осы мемлекеттік органдардың құзыретi шегіндегі басқа да деректердi тексеру тұрғысында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне жiбередi.
12. Осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдар Бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi бағандарды толтырады және оны электронды түрде Салық комитетiне қайтарады.
13. Осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдардың белгiлерi бар бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн алғаннан кейiн агенттер тұратын (тұрғылықты) жеріндегі салық органдары соңғыларына бұрынғы қызметкерлер жөнiнде Салық комитетiнен алынған бар мәлiметтердi тиiстiлiгiне қарай жiбередi.
14. Бұрынғы қызметкерлер (сенім бiлдiрiлген адамдар) өтiнiшпен келген кезде агенттер мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен бұрынғы қызметкер өтiнiш жасаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы қызметкердiң алдындағы еңбекақы төлеу жөніндегі берешек болып табылады және ол бұрынғы қызметкердiң жинақ шотына немесе карт-шотына ақшаны аудару жолымен төленуге тиiс.
15. Осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органнан алынған деректер бойынша бұрынғы қызметкердiң өлiмi тiркелген, бұрынғы қызметкер қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұрагерлiкке ашық деп танылады.
16. 2005 жылғы 1 қарашаға дейiн агенттер жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi бойынша өздерi тұратын (тұрғылықты) жеріндегі салық органдарымен салыстырып тексеру жүргiзедi.
Салық комитетi салық органдары деректерiнiң негiзiнде жүргiзiлген салыстырып тексеру нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 17-тармақпен толықтырылды
17. Бұрынғы қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агент бұрынғы қызметкерлер бөлінісінде негізгі төлем және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрынғы қызметкерлердің берешек жиынтық сомасын уақытында аудармағаны үшін өсімпұл бойынша берешекті көрсете отырып, бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы бойынша берешек сомалары жөнінде мәліметтер (бұдан әрі - бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер) жасайды және агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 18-тармақпен толықтырылды
18. Агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы агент бұрынғы қызметкерлердің тізімін берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша агенттің жеке шотындағы негізгі қарыз бойынша берешек және агент бұрынғы қызметкерлердің тізімінде көрсеткен жиынтық сома мөлшерінде 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомасын жеке шотына «Азайтылды», «Өсімпұл азайтылды» деген жазбалар жазу арқылы азайтады (жояды) және 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері» бюджеттік сыныптауыш коды (бұдан әрі - БСК) бойынша агенттің жаңадан ашылған жеке шотына: негізгі қарыз бойынша - «Есептелді» деген бағанға, өсімпұл бойынша - «Өсімпұл есептелді» деген бағанға берешек сомасын аударады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 19-тармақпен толықтырылды
19. Агенттер бұрынғы қызметкерлердің тізімін тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомасын аударады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 20-тармақпен толықтырылды
20. 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек және өсімпұл сомаларын республикалық бюджетке аудару кезінде агенттер банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште төлем тапсырмасын үш данада және бұрынғы қызметкерлердің тізімін екі данада ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен бұрынғы қызметкерлер тізімінің бірінші данасы банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда, төлем тапсырмаларының екінші және үшінші данасы және бұрынғы қызметкерлер тізімінің бір данасы қабылдағаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның белгісімен агентке қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 21-тармақпен толықтырылды
21. Бұрынғы қызметкерлердің тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты (болған кезде), әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жарна сомасы мен міндетті зейнетақы жарналары және өсімпұл аударылатын кезеңді (айы, жылы) қамтуға тиіс.
Туған күні, ЖСН анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша тиісті жолда:
Туған күні - «19000101»;
ЖСН - «000000000» қойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 22-тармақпен толықтырылды
22. Бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударған кезде төлем тапсырмасының «төлемнің тағайындалуы» деген бағанында «Тұратын жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары», «төлемді тағайындау коды» деген бағанда «089» көрсетіледі.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл төлеу кезінде төлем тапсырмасының «төлемнің тағайындалуы» деген бағанында «Тұратын жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін өсімақы», «төлемді тағайындау коды» деген бағанда «098» көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 23-тармақпен толықтырылды
23. Банктер және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттер төлем тапсырмасын көрсеткен кезде бұрынғы қызметкерлердің тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматты электронды төлем тапсырмаларымен Орталықтың банк шотына бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұлдың сомаларын аударуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 24-тармақпен толықтырылды
24. Орталық агенттер бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы бойынша берешек сомаларды ағымдағы шотқа келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматты электронды төлем тапсырмаларымен Орталық арқылы 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсімдері» БСК-ға республикалық бюджетке аударады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 25-тармақпен толықтырылды
25. Агент бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы бойынша берешек сомаларын аударғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органдарына негізгі төлемдері бойынша аударылған берешекті және өсімақы туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады, сондай-ақ салық органымен 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері» БСК бойынша есептерді салыстырып тексеруді жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды
26. Агент осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімде бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы бойынша берешек сомаларын аудармаған жағдайда салық органы он жұмыс күні ішінде, ондай агенттің банк шоты болған кезде - агенттің банк шоты (корреспонденттіктерді қоспағанда) және агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын бір мезгілде тоқтата тұруды жүзеге асырады.
Агенттің банк шоты болмаған жағдайда тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы агент кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 27-тармақпен толықтырылды
27. Агенттердің бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомаларын аударуын бақылауды қамтамасыз ету үшін Орталық күн сайын өткен күн үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне агенттердің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органдарында тіркелуін ескере отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана, аудандар бойынша бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы тізілімін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 28-тармақпен толықтырылды
28. Бұрынғы қызметкерлердің осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес республикалық бюджетке аударылған, агенттер олардың кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы сомаларына құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қалпына келтіруге жатады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 29-тармақпен толықтырылды
29. Агенттер бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы сомаларын өтегеннен кейін 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері» БСК бойынша жеке шоты толық көлемде жабылады.
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы
қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және
аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару
қағидаларына 1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің
тізімі
р/с № | Агент СТН | Агенттiң атауы | Бұрынғы қызметкерлер жөніндегі мәлiметтер |
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Туған жылы | Туған жері | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген орган туралы мәлімет, берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
таблицаның жалғасы:
Бұрынғы қызметкерлер жөніндегі мәлiметтер | Салық органының белгісі (СТН болуы, болмауы туралы) | Орталықтың белгілері | ЖЗҚ белгілері | Орталықтың және (немесе) ЖЗҚ қосымша белгілері | Уәкілетті органның белгілері | Ескерту |
Бұрынғы қызметкердің мекенжайы, тұрғылықты жері | СТН | Берешек сомасы (негізгі төлем) | Берешек сомасы (өсімақы) | ӘЖК | Шарт | Жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәліметтер, міндетті зейнетақы төлемдерінің соңғы аударылған сомасының күні |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Ескерту:
1-13-бағандарды агент толтырады. Бұл ретте, 8-11-бағандарды олар туралы мәлiметтер болмаса толтыру міндетті емес.
15-бағанды Орталық толтырады.
17-бағанда ӘЖК (15-баған) және шарт (16-бaғaн) болған кезде, аудару үшін қажетті ЖЗҚ деректемелері көрсетіледі ӘЖК (15-баған) болған, бірақ шарт (16-баған) болмаған кезде соңғы күнге аударылған ЖЗҚ деректемелерi көрсетіледі
16-бағанды Орталықтың тиісті белгiлерiнен кейiн ЖЗҚ толтырады.
18-бағанда уәкiлетті органдардың мәлiметтері көрсетіледі:
ҚР Әділет министрлігінiң адамның азаматтық жағдайы туралы
Tipкeу қызметi және құқықтық жазбаның №, күні, мазмұны (мысалға:
көмек көрсету комитеті қайтыс болуын тіркеу, қаза болды
деп тану және т.б)
ҚР Ішкi iстер министрлігінiң ҚР тыс жерге кеткенін растайтын
Көшi-қон полиция комитеті құжаттың № және күнi (азаматтардың
сақталуы немесе сақталмауы)
Қазақстан Республикасы ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен
Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың адамды хабарсыз кеткен деп тану
қызметін қамтамасыз ету департаменті туралы сот шығарған шешімнiң күнi
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты)
19-бағанда уәкілетті органдар 18-бағандағы мәліметтер болмаған кезде, өзінің құзыреті шегінде өзге мәліметтерді көрсетедi (мысалы:
жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәлiметтер, берiлген күні; соңғы тұрған жерінің мекен-жайы; бас бостандығынан айыру үшiн сотталған бұрынғы қызметкер туралы деректер; адамды әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы деректер).
Басшы (орынбасары)___________
Бас бухгалтер________________
МО
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы
қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және
аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару
қағидаларына
2-қосымша
Агенттің 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аударылмаған
міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті аударуы туралы
мәліметтер
Р/с № | Агент БСН | Агенттің атауы | Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер | Берешектің жиынтық сомасы |
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Туған күні | Туған жері | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні | Бұрынғы қызметкердің мекенжайы, тұрғылықты жері | СТН | Берешек сомасы (негізгі төлем) | Берешек сомасы (өсімақы) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 3-қосымшамен толықтырылды
Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы
қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және
аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару
қағидаларына
3-қосымша
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұратын жері белгісіз бұрынғы
қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің және (немесе) өсімақының сомалары жөніндегі
мәліметтер
Р/с № | Агент БСН | Агенттің атауы | Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер | Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер | Салық органының белгілері (СТН болуы, болмауы туралы ) | Орталықтың белгілері | ЖЗҚ белгілері | Орталық пен ЖЗҚ қосымша белгілері | Уәкілетті органның белгілері | Ескертпе |
| | | Тегі | Аты | Әкесінің аты | Туған күні | Туған жері | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні | Бұрынғы қызметкердің мекенжайы, тұрғылықты жері | СТН | Берешек сомасы (негізгі төлем) | Берешек сомасы (өсімақы) | Берешектің жиынтық сомасы | ӘЖК | Шарт | Жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәліметтер, соңғы аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларын аудару күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Ескертпе:
1-14-бағандарды агент толтырады. Бұл ретте, 8-11-бағандарды, олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда толтыруға міндетті емес.
16-бағанды Орталық толтырады.
18-бағанда, ӘЖК (16-баған) және шарт (17-баған) болған кезде ЖЗҚ-ның аудару үшін қажетті деректемелері көрсетіледі; ӘЖК (16-баған) болған кезде, бірақ шарт (17-баған) болмаған кезде соңғы күнге аударымдар жүргізілген ЖЗҚ деректемелері көрсетіледі.
17-бағанды Орталықтың тиісті белгілерінен кейін ЖЗҚ толтырады.
19-бағанда уәкілетті органдардың мәліметтері көрсетіледі.
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, адамның азаматтық халы туралы жазбаның нөмірі, күні және мазмұны (мысалы: қайтыс болғанын, сот қайтыс болды деп танығанын тіркеу);
ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті, ҚР тыс жерлерге (азаматтығын сақтап немесе сақтамай) шығуын растайтын құжаттың нөмірі және күні;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) соттың адамды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп танығаны туралы шешім шығарған күні.
20-бағанда уәкілетті органдар 19-бағандағы деректер болмаған кезде, өз құзыреті шегінде өзге құжаттарды (мысалы: жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берген күні; соңғы тұрған мекенжайы; бұрынғы қызметкер туралы деректер - бас бостандығынан айыру; адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы деректер).