Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер
комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері қолбасшысының бас басқармасы оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитеті (бүдан әрі - Комитет) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Комитет штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі штат саны лимитінің шеңберінде 205 бірлік санында белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (1-тармақ құпия) бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 1057 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Ішкі әскерлер комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитеті (бұдан әрі - Комитет) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де қүқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары болады және өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
4. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5. Комитеттің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің занды мекен-жайы: 473000 Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 63 б.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
9. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) маңызды мемлекеттік объектілерді және тасымалдау кезінде арнайы жүктерді күзетуді ұйымдастыру;
2) түзеу мекемелерін күзетуді ұйымдастыру, сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдауылдау;
3) ішкі әскерлердің қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзудың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға ішкі істер органдарымен бірлесе отырып қатысуын қамтамасыз ету;
4) соғыс кезінде Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесіңде жекелеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
5) заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресуді ұйымдастыруға қатысу;
6) аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террорлық актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ішкі әскерлерге жүктелген басқа да міндеттерді шешу болып табылады.
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ішкі әскерлер құрамаларының, әскери бөлімдері мен әскери-оқу орнының қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін ұйымдастыруды анықтайтын құқықтық кесімдерді қабылдау және жетілдіру;
2) ішкі әскерлердің құрамаларына, әскери бөлімдеріне, әскери оқу орнына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзудың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысуға байланысты міндеттерді анықтау;
3) жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы жүйелерін, жедел, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын үйлестіруді келісу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл жасау;
4) бекітілген штат санының лимиті шегінде ішкі әскерлер құрамаларының, әскери бөлімдерінің, әскери оқу орнының құрылымы, штат саны жөніңде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне ұсыныстар дайындау;
5) ішкі әскерлерді олардың тұрақты орналасқан мекендерінен алып кетіп, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуде және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюда ішкі істер органдарына көмек көрсету үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдармен күресу, жанжал ауданын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушулықтардың, диверсиялардың, террорлық актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетуді күшейту жөніндегі шараларды жүргізу үшін тарту туралы шешімдерді орындауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану жоспарын, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту бағдарламаларын әзірлеуге, аумақтық қорғаныс міндеттерін жоспарлауға және орындауға қатысу;
7) ішкі әскерлерге жүктелген аумақтық қорғаныс міндеттерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу;
8) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық кесімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
9) ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін олар қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындайтын орындарға тасымалдауды тиісті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы және әскери тасымалдау органдарымен бірлесіп жоспарлау және ұйымдастыру;
10) ішкі әскерлердің мұқтаждары үшін қару-жарақты, әскери техниканы, басқа материалдық құралдарды өндіруге, жөндеуге және жеткізуге, жүмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырыстың орналастырылуын қамтамасыз ету;
11) ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығы сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әрі оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
12) офицерлік кадрларды іріктеу, оқыту және орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
13) күрделі құрылысқа, казармалық-тұрғын үй қоры мен коммуналдық құрылыстарды ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған материалдық және қаржылық қаражатқа қажеттіліктерді жоспарлау, ішкі әскерлердегі күрделі құрылысқа басшылық жасау;
14) ішкі әскерлерді материалдық-техникалық жарақтандырудың негізгі бағыттары мен даму бағдарламаларын әзірлеу;
15) қаржылық ресурстарды мақсатты пайдалану, осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде ішкі әскерлерге материалдық-техникалық құралдарды жеткізуге арналған шарттар жасасу;
16) ішкі әскерлердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
17) ішкі әскерлердің құрамалары, бөлімдері мен әскери оқу орыңдары орналасқан жерлерде санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатының қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асыру;
18) ішкі әскерлердің қызметін жүзеге асыру кезінде зандылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
19) ішкі әскерлер құрамалары мен бөлімдерінің, ішкі әскерлер әскери оқу орнының қызметтік-жауынгерлік, қаржылық және шаруашылық қызметін тексеруді қамтамасыз ету;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
11. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне берілген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
13. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
14. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитетті заңнамамен белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамамен белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бес орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
16. Комитеттің төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Қолбасшысы, ал оның орынбасарлары тиісінше Қолбасшының орынбасарлары болып табылады.
17. Комитеттің төрағасы ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастырады әрі басшылық етеді және ішкі әскерлерге жүктелген міндеттердің орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
18. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің, ішкі әскерлер құрамаларының, әскери бөлімдері мен әскери оқу орны құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіліктері мен міндеттерін анықтайды;
2) ішкі әскерлердің тұрақты және жауынгерлік жұмылдыру даярлығын ұстайды;
3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда комитетті білдіреді;
4) озық тәжірибелерді енгізеді, материалдық базасын дамытады және ішкі әскерлердің жеке құрамы үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасайды;
5) ішкі әскерлерді әскерге шақыру бойынша мерзімді қызметтегі және ерікті түрде келісім-шарт бойынша әскери қызметшілермен жинақтау, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес запасқа босатуды ұйымдастыру жоспарларын әзірлейді;
6) заңнамаға сәйкес ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызмет өткеру мәселелерін шешеді, подполковникке дейінгілерді қоса алғанда лауазымға тағайындайды, лауазымдардан босатады, кезекті әскери атақтар береді, запасқа немесе отставкаға шығарады;
7) заңнамамен белгіленген тәртіппен әскери қызметшілерге тәртіптік жаза қолданады;
8) бұйрықтарға, директиваларға, өкімдерге қол қояды және құрамалардың, әскери бөлімдердің штаттарын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
10) бағдарламалардың әкімшісінен түскен бюджеттік қаржыны ішкі әскерлердің құрамалары, әскери бөлімдері мен әскери-оқу орнына үлестіреді;
11) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және ішкі әскерлердің құрамалары мен әскери бөлімдерінің, әскери-оқу орындарының жарғыларын бекітеді;
12) ішкі әскерлердегі әскери-ғылыми қызметтің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
13) әскерлерді қаруландыруға (жарақтандыруға) жауынгерлік және басқа техника мен өзге мүлікті қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен тозығы жеткен немесе жоғалған материалдық құндылықтар мен әскери (бюджеттік) есептің ақшалай қаражатын тізімнен шығарады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 1057 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. Құпия.
2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының шекті штат санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына:
Орталық органдардың аппараты бөліміндегі республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының санында:
Ішкі әскерлердің бас басқармасының аппараты деген сөздер Ішкі әскерлер комитетінің аппараты деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 11, 100-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан
Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацы: Ішкі әскерлер комитеті деген сөздермен толықтырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 202 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында:
Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы, Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасының, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы деген сөздер Ішкі әскерлер комитеті, Ішкі әскерлер комитетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитеті деген сөздермен ауыстырылсын.