“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы
№ 110 қаулысына толықтыру енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы
№ 639 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 58-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi:
мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын:
"103-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Мемлекеттік астық ресурстарын басқару агентіне ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерiндегi бiржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |