“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы
№ 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 606 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Жеке өндiрiстiк қажеттілiк үшiн әкелiнетін төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде:
1) құжаттар, оның iшiнде әкелiнетін төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектерінің арналғандығын растайтын шет тілдерде жасалған құжаттар (техникалық паспорттар, сызбалар, фотосуреттер, коммерциялық құжаттар);
2) әкелінетiн төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектеуiнiң мақсатты пайдаланылу туралы осы Ережеге 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын мiндеттеме ұсынылады.";
8-1-тармақта:
"әкелген негізгi құралдар" деген сөздер "әкелген мүлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "үш жақты шарттың көшiрмесi" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының резиденті емес лизинг берушi мен Қазақстан Республикасының резидентi қосалқы лизинг берушi арасында жасалған халықаралық лизинг шартының көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резиденттерi қосалқы лизинг берушi мен қосалқы лизинг алушы арасында жасалған лизинг шартының көшiрмесi не Қазақстан Республикасының резиденті емес лизинг беруші, Қазақстан Республикасының резиденттерi қосалқы лизинг берушi мен қосалқы лизинг алушы арасында жасалған үш жақты шарттың көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "қаржы лизингiнiң шартына сiлтемесi бар" деген сөздерден кейiн "лизинг мәнiн беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "лизинг берушi" деген сөздерден кейiн "(халықаралық лизинг кезiнде қосалқы лизинг беруші)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 4-қосымшада:
тақырыптағы және ескертудегi "негiзгi құралдарды" деген сөздер "мүлiкті" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтiндегi "негiзгi құралдар" деген сөздер "мүлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 606 қаулысына
қосымша
5-қосымша
Кедендiк бақылау департаментiнiң
(кеденнің) бастығына ___________
________________________________
Жеке өндiрiстiк қажеттілiк үшiн әкелiнетiн төлем
карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың,
бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы
бөлшектерiнiң мақсатты пайдаланылуы туралы
мiндеттеме
Мен, ____________________________________________________
_______________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не
аты-жөнi және төлқұжаттық деректерi)
N _____________________________________________________________
_______________________________________________________________
___________ кеден декларациясына (декларацияларына) сәйкес жеке
өндiрiстiк қажеттiлiк үшiн төлем карточкаларымен қызмет етуге
арналған мынадай жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етудi және
оның қосалқы бөлшектерiн әкелдiм:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(тауарлардың атауы)
Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде жеке
өндiрiстiк қажеттілiк үшiн пайдалануға мiндеттенемiн.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған кезде,
кедендiк ресiмдеу кезiнде төленбеген _____________________ теңге
мөлшерiндегi салықтар мен олардан өсiмпұлдарды Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуге мiндеттенемiн.
Қолы _______/_______/ Күнi 200__ жылғы "__" ___________
(аты-жөнi)
Ескерту: жеке өндiрiстiк қажеттілiк үшін әкелiнетiн төлем
карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықты, бағдарламалық
қамтамасыз етудi және оның қосалқы бөлшектерiн салықтар мен
өсiмпұлдарды төлемей өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, тиiстi
сома Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес
жауаптылық шаралары қолданыла отырып өндiрiп алынатын болады.