Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 533 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесінде:
7-тармақта:
екiншi абзацтағы», бiрақ тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн ең төмен жалақы мөлшерiнен төмен емес» деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзацтағы», бiрақ тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн ең төмен жалақы мөлшерiнен төмен емес» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтағы «4-7)»деген сандар «4-6)»деген сандармен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Әлеуметтiк аударымдарды аударуды төлеушілер әр ай үшiн бөлек жүзеге асырады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушiге мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарламаны осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жолдайды.
Хабарламаның нысанын мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындауға салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгілейдi.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Салық органы төлеушiлерден міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен Қорға аудару үшін көрсетiлген тiзiмдердi қоса бере отырып, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер бередi.
Төлеушiнiң банктік шотында теңгемен ақша болмаған жағдайда, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндiріп алу салық органдары теңгемен берген инкассалық өкімдер негізiнде төлеушінiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
«18-1. Төлеушiнiң банктiк шоты болмаған жағдайда салық органы өндiрiп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.
Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндiрiп алу салық органының төлеушiден бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетілген қолма-қол ақшаны (оның iшiнде шетелдiк валютада) алуы танылады.
Қолма-қол ақшаны алу мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындау үшiн салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша алу туралы актiмен ресiмделедi.
Бұл ретте төлеушi салық органына осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес салық органы алған қолма-қол ақша сомасының шегiнде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн ұсынады.
18-2. Төлеушiден алынған қолма-қол ақша, оларды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен Қорға аудару үшiн банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс.»;
25-тармақта:
төртiншi абзацтағы «банктiк түбiртектердiң көшiрмелерiн» деген сөздер «әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзацтағы «аптасына» деген сөз «айына» деген сөзбен ауыстырылсын;
он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне салық төлеушілердің тiркеу нөмiрлерi тұрғысынан өткен күн iшiнде келiп түскен тiзілiмдердi және қайтарылған қате есептелген әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн, сондай-ақ электрондық растауды ұсынады.»;
28-тармақтағы «әлеуметтiк аударымдар төлеушi ретiнде тiркелген жерi бойынша» деген сөздер «орналасқан (тұратын) жерi бойынша тiркеуiн ескере отырып,»деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы «қайтаруыңызды сұраймын,»деген сөздерден кейiн «референс,»деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 2-қосымшадағы кесте «Төлем тапсырмасының жалпы сомасы» деген бағаннан кейiн мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
«Референс».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |