Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды
макроэкономикалық көрсеткiштерінің қысқа мерзiмдi болжамдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 шілдедегі № 959 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 4 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық қызметтiң түрлерi бойынша өндiрiстiң және қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) өздерiнiң құзыретi шегiнде есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң қысқа мерзiмдi болжамын (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ өндiрiстiң және бағалардың даму үрдiсi көрсетiлген түсiндiрме жазба ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың 30-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштер бойынша статистикалық деректер ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнің қысқа мерзiмдi болжамдарын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің қысқа мерзімді болжамын ұсынсын және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ресми хабарды жария етуді қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 шілдедегі
№ 959 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен қосымшаға өзгеріс енгізілді (бұр.ред. қара)
────┬────────────┬────────┬─────────┬─────────┬─────────┬─────────┬──────────
N │Көрсеткіштер│Ағымдағы│Ағымдағы │Алдағы │Ағымдағы │Алдағы │Жауапты
│ │жылдың │тоқсанға │екі │жылға │жылға │орындау-
│ │есепті │арналған │тоқсанға │арналған │арналған │шылар
│ │тоқсаны │көрсет- │арналған │көрсет- │көрсет- │
│ │үшін │кіштердің│көрсет- │кіштердің│кіштердің│
│ │деректер│болжамы │кіштердің│болжамы │болжамы │
│ │ │ │болжамы │ │ │
────┼────────────┼────────┼─────────┼─────────┼─────────┼─────────┼──────────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │8
────┴────────────┴────────┴─────────┴─────────┴─────────┴─────────┴──────────
1. Жалпы ішкі ЭБЖМ, СА
өнім, өткен
жылдың
тиісті
кезеңіне
%-бен
алғанда
2. Тұтыну Қазақстан
бағаларының Ұлттық
индексі, Банкі
%-бен (келісім
кезеңнің бойынша),
аяғына СА
кезең үшін
орташа
алғанда
3. Өнеркәсіп СА
өнімін
өндірушілер-
дің бағалар
индексі
кезеңнің
аяғына
алғанда,
%-бен
4. Мұнайдың ЭБЖМ, СА
дүние жүзілік
бағасы
(Брент қоспасы),
бір баррель
үшін АҚШ
долларымен
5. Теңгенің Қазақстан
АҚШ долларына Ұлттық
алғандағы Банкі
бағамы (келісім
кезеңнің бойынша)
аяғына
кезең үшін
орташа
алғанда
6. Өнеркәсіп ЭБЖМ, ЭМРМ,
өнімінің СА
көлемі, өткен
жылдың тиісті
кезеңіне
%-бен
алғанда
7. Өнеркәсіп ЭМРМ, СА
өнімінің аса
маңызды
түрлерінің
заттай
алғандағы
өндірілуі:
шикі мұнай,
мың тонна
электр
энергиясы,
млн. кВт. сағ.
8. Ауыл АШМ, СА
шаруашылығы
жалпы өнімінің
көлемі,
өткен жылдың
тиісті
кезеңіне
%-бен алғанда
9. Жүк айналымы, ККМ
өткен жылдың
тиісті кезеңіне
%-бен алғанда
соның ішінде
темір жол
көлігі
10. Байланыс ККМ, СА
қызметтерінің
1
көлемі , өткен
жылдың тиісті
кезеңіне
%-бен алғанда
11. Негізгі ЭБЖМ, СА
капиталға
тартылған
инвестициялар,
өткен жылдың
тиісті
кезеңіне
%-бен алғанда
12. Мембюджетке ҚарМ
түсетін
түсімдер,
млрд. теңге
Кірістер,
млрд. теңге
Салық түсімдері, ҚарМ
млрд. теңге
Салықтық емес ҚарМ
түсімдер,
млрд. теңге
Капиталмен ҚарМ
жүргізілетін
операциялардан
түскен
кірістер,
млрд. теңге
13. Шығыстар және ҚарМ
мембюджетті
несиелендіру,
млрд. теңге
14. Мембюджет ҚарМ
тапшылығы
(профицит),
млрд. теңге
15. Экспорт, ЭБЖМ,
млн. АҚШ Қазақстан
доллары Ұлттық Банкі
16. Импорт, (келісім
млн. АҚШ бойынша)
доллары
17. Төлем ЭБЖМ,
теңгерімі Қазақстан
ағымдағы Ұлттық
шотының Банкі
2 (келісім
сальдосы , бойынша)
млн. АҚШ
доллары
18. Жалақының ЕХҚМ,
орташа айлық ЭБЖМ, СА
мөлшері,
теңге
19. Зейнетақының ЕХҚМ
орташа айлық
мөлшері,
теңге
20. Жалақының ЕХҚМ,
нақты ЭБЖМ, СА
өзгеруі, %
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1 - есептік деректер 30 күн өткенде нақтыланады
2 - есептік деректер 90 күн өткенде нақтыланады