Инвестициялық бағдарлама мынадай басым жобаларды iске асыруға бағытталады:
Ұлттық ақпараттық супермагистральдiң (ҰАСМ) құрылысын жалғастыру;
жергiлiктi телекоммуникациялар желісін жаңғырту және дамыту;
деректер беру желісін дамыту;
коммерциялық жобаларды дамыту.
2007 жылы ҰАСМ-ның құрылысы аяқталады, жергiлiктi желiлердi цифрландыру деңгейiн құрастырылған сыйымдылықтың 60%-ына дейiн қамтамасыз ету көзделiп отыр. Сандық жабдықтар базасында жергілiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғырту мен дамыту, желiлер мен оны пайдалану бойынша жұмыстар жалғасуда. "Қазақтелеком" AAҚ алдағы уақыттағы қызметiнде озық технологияларды пайдалану негізiнде телекоммуникациялық қызметтер аясын кеңейтуге басым мән беретiн болады.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ негізгі мақсаты техникалық өсу деңгейiнiң негізiнде темір жол көлiгiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру болып табылады.
Темір жол көлiгiн дамытудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
одан әрi тұрақты дамуды қамтамасыз ететiн, саланың сапалы жаңа техникалық деңгейге көшуі;
баламалы көлiк дәлiздерi бойынша ұдайы нығайып отыратын бәсекелестік тасымалдау жағдайында Қазақстанның транзиттiк әлеуетiн арттыру;
темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiнiң экономикалық қауiпсiздiгiне қол жеткізу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
өндiрiс қуаттарын оңтайландыру, темір жол көлігінiң тиiмдiлiгiн арттыру;
темір жол көлiгiн қайта құрылымдау бағдарламасын iске асыру;
жоспарландыру және бюджеттендiру жүйесiн жетiлдiру;
жеке секторды тарту есебiнен бәсекелестiк ортаны құру;
инвестициялық бағдарламаны iске асыру.
2005 жылы болжамды жүк айналымы 170355 млн. т-км (2004 жылға қатысты 7,1%-ға арттыру), 2006 жылы - 182318 млн.т-км (2005 жылға қатысты 7%-ға арттыру), 2007 жылы - 195 627 млн. т-км (2006 жылға қатысты 7,3%-ға арттыру) құрайды.
2004 жылдың қорытындылары бойынша оң қаржылық нәтиже 12 000 млн. теңге, 2006 жылы тиiсiнше 14244 млн. теңге, 2007 жылы - 15141 млн. теңге болады деп күтілуде. 2005-2007 жылдары акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтерді төлеуге таза табыстың 10% үлесі күтілуде.
2005-2007 жылдары инвестициялар көлемi 107823 млн.теңге мөлшерiнде болжанады, оның iшiнде 2005 жылы 31851 млн.теңге, 2006 жылы 37150 млн.теңге және 2007 жылы - 38822 млн.теңгені құрайды. Осы жылдары инвестициялық саясаттың негiзгi бағыттары - жолдың жоғарғы құрылысын жаңғырту, байланысты ақпараттандыру және дамыту, жобалық-iзденiс, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар, ресурс үнемдеушi технологияларды енгізу, жол және жүк шаруашылығын жаңғырту әрi дамыту болып табылады.
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Болжанған кезеңдегi Компанияның басты мақсаты - тұрақты өсудi, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуе кемелерi мен жолаушыларға қауiпсiз және жүйелi қызмет көрсетудi қамтамасыз ету.
Жоспарланатын кезеңге арналған негiзгі мiндеттер:
халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуежайдың инфрақұрылымын құру және техникалық жарақтандырылуын арттыру;
әуе кемелерi мен жолаушыларға қызмет көрсетудегi сапаның жоғары стандарттарына қол жеткізу транзиттiк әлеуеттi дамыту.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
астаналық әуежайдың жаңа қуаттарын неғұрлым көп пайдалануды қамтамасыз ету. Әуежайдың жаңа объектiлерiн 2005 жылы толық iске қосу оның өткізу қабiлетiн екi есеге ұлғайтады, бұл авиатасымалдар көлемiнiң тиiстi ұлғаюын талап етедi;
Үкiметаралық келісімдер мен оған толықтырулар бекіту жолымен авиатасымалдау үшiн қолайлы жағдайлар жасау бойынша қажеттi шаралар қабылдау, сондай-ақ авиакомпаниялармен келісімдер, қажеттi жағдайда "еркiн әуе" түрлi деңгейлерiн пайдаланудың коммерциялық функцияларын шетелдiк авиатасымалдаушыларға беру;
пайдаланатын әуежайларға, сол сияқты әлеуеттi клиенттерге қатысты агрессивтi маркетингтiк стратегияны жүргiзу арқылы өңiрде бәсекелестiк ұстанымды күшейту;
Еуропа мен Оңтүстiк Азия арасындағы бағытта шетелдiк авиакомпаниялар орындайтын жүк тасымалдау бойынша транзиттiк рейстердi тарту жөнiнде жұмыстар жүргiзу.
"Қазақпарат" ҰК" ААҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Қоғамның басты мақсаты қоғам мен мемлекет мүддесіндегі ақпараттық қызмет көрсетулердiң ауқымды спектрiнiң ұсынысын қамтамасыз ететiн, озат aқпapaттық технологиялар негізiнде жұмыс істейтін және дамитын ұлттық ақпараттық агенттiк құру болып табылады.
Болжанған кезеңнiң басым мiндеттерi болып мыналар табылады:
рыноктағы ұстанымды нығайту;
бағдарланған iшкi және сыртқы саясаттың бизнесiн қалыптастыру;
қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
2005-2007 жылдардағы Қоғамның алдына қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізуi үшiн мынадай iс-шараларды жүргізу жоспарланады:
қазiргі заманғы ақпараттық және техникалық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
жоғары табысты сегменттердiң бизнесiн жандандыру;
клиенттерге қызмет көрсету мен қызмет көрсетудiң сапасын көтеру;
ұсынылатын қызметтердi iске асыру өсiмi;
өнiмдер мен қызметтер көрсетулердiң түр-түрiн кеңейту, оның iшiнде шетел тiлдерiнде;
қоғамның тұрақты өсуiн қамтамасыз ету, жекелеген бизнес процестерi бойынша тиiмдi еншiлес кәсiпорындар құру;
қазiргi заманғы менеджмент деңгейiн қамтамасыз ету, консультанттарды тарту, әрiптестiк ұйымдармен өзара iс-әрекет;
Астана қаласының сол жағалауында ұлттық ақпараттық орталық салу, тiлшiлiк желiлер мен меншiктi радиостанциялар және фотозертханалар құру сияқты iрi инвестициялық жобаларды iске асыру.
Көрсетiлген iс-шараларды iске асыру 2005-2007 жылдар iшiнде мемлекеттік бюджеттік қаржыландырудан рыноктық қызметке бiртiндеп көшуге мүмкiндiк бередi.
Осылайша жаңа қызметтерден түсетiн табыстар озық қарқынмен өсетiн болады. 2006 жылы 2000-нан астам жазылушылар үшiн клиенттердiң назарына өнiмдердiң 10 түрi ұсынылатын болады. Өнiмнiң түр-түрiн ұлғайту өндiрiстiң әртараптандырылуын көрсетедi, яғни бұл қосымша пайданы алуды бiлдiредi. Бұл ретте 2005-2007 жылдар болжамы Қоғамның шығынсыз деңгейге бiртiндеп шығуды және белгiлi бiр тұрақты нәтижелерге жетудi көздейдi. Мәселен, негізгі қызметтен алынатын табыс көлемi 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өседi (99,7-ден 356,5 млн. теңгеге дейiн).
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Компания қызметiнiң мақсаты өнiмдi әртараптандыру iшкi рынокты өз өндiретін өнiммен толтыру, экспортқа бағдарланған өнiмнiң үлесiн ұлғайту болып табылады.
Көрсетiлген мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделiп отыр:
кәсiпорындардың оңтайлы мөлшерге қол жеткізу үшiн жағдайлар жасау;
кәсiпорындардың өндiрiстік әлеуетiн тиiмдi пайдалану;
менеджменттiң, маркетингтiң, қаржылық есепке алудың iлгерiндi әдiстерiн енгізу;
мемлекеттік, шетелдiк, отандық инвестицияларды тарту;
ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапаның менеджмент жүйесiн енгізу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
Қойылған мiндеттердi шешу үшін мынадай iс-шараларды iске асыру қажет:
өндiрiстiк алаңдар бойынша, сол сияқты жабдықтар бойынша да өндiрiстiк қуаттарды оңтайландыру;
техникалық, технологиялық және кадрлық жағынан барынша жарақтандырылған кәсiпорындарда қажеттi жұмылдыру қуаттарын сақтау және әскери өнiмнiң өндiрiсiн оқшауландыру;
өнімнің өзiндiк құнын төмендету;
бiрыңғай маркетингтік саясатты әзірлеу.
2005 жылы өндiрiлетiн өнімнің көлемiн 10,4 млрд.теңгеге дейiн ұлғайту жоспарланып отыр, бұл 2004 жылғы деңгейден 39%-ғa артық.
2006 жылы өнiм өндіру 12 млрд.теңгеге дейiн ұлғаяды.
2005 жылы Компания 11,4 млрд.теңгеге дейін, 2006 жылы 13,2 млрд.теңге табыс алуды жоспарлап отыр.
Компания кәсiпорындарының инвестициялық жобалары.
1. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ААҚ-тың инвестициялық даму жоспары. Мақсаты: мұнай-газ және темір жол салалары үшін жабдықтардың перспективалық түрлерiн игеру (жобаның құны: 1258 млн.теңге);
2. "Тыныс" АҚ-та композиттік баллондарды (1030,4 млн.теңге) және полиэтилен тұрбаларын (189 млн.теңге) өндiру;
3. "ЗИКСТО" АҚ-ты 2005-2007 жылдарға арналған жаңғырту және техникалық қайта жарақтау бағдарламасы (210 млн.теңге);
4. "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс жөнiндегі ұлттық орталығы" ААҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Мақсаты: бiр-көптарифтi электрондық есептегiштердiң жаңа буындарын өндiру, сату және сервистік қызмет көрсету. Құны - 37,8 млн.теңге;
5. "Зенит" Орал зауыты" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Бағдарламада жаңа сыныпты теңiз кемелерiнiң өндiрiсiн игеру көзделген. Құны - 569 млн.теңге;
6. "Мұнаймаш" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. "Мұнаймаш" АҚ-тың мұнай өндiретін кәсiпорындарға штангалы тереңдiк сораптарды жасау үшін технологиялық базасын жаңарту. Құны - 387,4 млн.теңге;
7. "Семей машина жасау зауыты" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Тракторларға трансмиссияларды, қосалқы бөлшектердi жасауды, "КАМАЗ" автомобильдерiне демультипликаторларды жасауды көздейді. Құны 2135 млн.теңге.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған негiзгi
көрсеткiштерi
Орташа айлық жалақының көрсеткiштерi
(мың.теңге)
┌──────────────────────┬────────┬────────┬────────┬─────────┬───────┐
│ Компаниялардың │ 2003 ж.│ 2004 ж.│ 2005 ж.│ 2006 ж. │2007 ж.│
│ атауы │ факт │ бағалау│ болжам │ болжам │ болжам│
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"KEGOC" ААҚ │ 45,7 │ 46,8 │ 48,8 │ 50,5 │52,3 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"ҚазМұнайГаз" ЖАҚ │ 89,7 │ 95 │ 96,6 │ 99,3 │102,6 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазатомөнеркәсiп" ЖАҚ┤ 36,2 │ 43,1 │ 44,9 │ 48,6 │52,8 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Астана халықаралық │ │ │ │ │ │
│әуежайы" ЖАҚ │ 29,9 │ 36,8 │ 42,4 │ 44,7 │46,9 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазақтелеком" ААҚ* │ 35,6 │ 36,8 │ 38,7 │ 40,7 │ │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазпочта" ЖАҚ │ 14,1 │ 15,5 │ 23,5 │ 30,4 │ 40 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазақстан темір │ │ │ │ │ │
│жолы" ЖАҚ* │ 29,8 │ 37,8 │ 39,6 │ 41,6 │ │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"ҰАТ" ЖАҚ │ 50,6 │ 42,2 │ 46,1 │ 49,8 │ 54,5 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"МЖЗҚ" ЖАҚ │ 89,7 │ 87,7 │ 87,1 │ 87,2 │ 87,3 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Азық-түлiк │ │ │ │ │ │
│корпорациясы" ЖАҚ │ 78,4 │ 83 │ 88,6 │ 90,3 │ 92,1 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазақпарат" ААҚ │ 32,1 │ 47,7 │ 62,4 │ 74,9 │ 89,9 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазақстан инжиниринг"│ │ │ │ │ │
│ҰК" ААҚ │ 13,7 │ 27,4 │ 45,9 │ 49,6 │ 54,6 │
└──────────────────────┴────────┴────────┴────────┴─────────┴───────┘
* - компаниялар 2005-2007 жылдарға арналған даму жоспарларын енгізбеген
Қызметкерлердiң саны
(адам)
Компаниялардың атауы | 2003 ж. факт | 2004 ж. бағалау | 2005 ж. болжам | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам |
"KEGOC" ААҚ | 3789 | 3847 | 4242 | 4242 | 4242 |
"ҚазМұнайГаз" ЖАҚ | 34346 | 37387 | 40053 | 40498 | 41039 |
"Қазатомөнеркәсiп" ЖАҚ | 15518 | 16192 | 17692 | 18205 | 18373 |
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ | 804 | 815 | 815 | 815 | 815 |
"Қазақтелеком" ААҚ* | 33006 | 33006 | 33006 | 33006 | |
"Қазпочта" ЖАҚ | 12286 | 12400 | 13100 | 13200 | 13300 |
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ* | 91523 | 78831 | 76107 | 77267 | |
"ҰАТ" ЖАҚ | 258 | 337 | 381 | 428 | 447 |
"МЖЗҚ" ЖАҚ | 185 | 210 | 212 | 212 | 212 |
"Азық-түлiк корпорациясы" ЖАҚ | 239 | 315 | 315 | 315 | 315 |
"Қазақпарат" ААҚ | 130 | 118 | 155 | 155 | 155 |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ | 8507 | 8580 | 8770 | 8926 | 9819 |
Барлығы | 188305 | 191924 | 194148 | 197169 | 88617 |
* - компаниялар 2005-2007 жылдарға арналған даму жоспарларын енгiзбеген
Жалақы қоры
(млн.теңге)
Компаниялардың атауы | 2003 ж. факт | 2004 ж. бағалау | 2005 ж. болжам | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам |
"KEGOC" ААҚ | 2079,2 | 2160,8 | 2484,7 | 2570,4 | 2660,3 |
"ҚазМұнайГаз" ЖАҚ | 36994 | 42602 | 46417 | 48269 | 50520 |
"Қазатомөнеркәсiп" ЖАҚ | 6739 | 8368 | 9524 | 10614 | 11637 |
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ | 288,7 | 359,7 | 414,8 | 437,6 | 459,5 |
"Қазақтелеком" ААҚ* | 14296 | 14574 | 15308 | 16088 | |
"Қазпочта" ЖАҚ | 2197 | 2754 | 3599,9 | 4695 | 6224 |
"Қазақстан темір жолы" ЖАҚ* | 32729 | 35756 | 36149 | 38535 | |
"ҰАТ" ЖАҚ | 157 | 171 | 211 | 256 | 292 |
"МЖЗҚ" ЖАҚ | 199 | 221 | 222 | 222 | 222 |
"Азық-түлiк корпорациясы" ЖАҚ | 225 | 314 | 334 | 341 | 348 |
"Қазақпарат" ААҚ | 50 | 67,6 | 116,1 | 139,3 | 167,2 |
"Қазақстан инжиниринг" | | | | | |
ҰК" ААҚ | 1386 | 2816 | 4828 | 5313 | 5844 |
Барлығы | 7339,9 | 10164,1 | 119608,5 | 127480,3 | 78374 |
* - компаниялар 2005-2007 жылдарға арналған даму жоспарларын енгiзбеген
Негізгі қызметтен түсетiн кірiс
(млн.теңге)
Компаниялардың атауы | 2003 ж. факт | 2004 ж. бағалау | 2005 ж. болжам | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам |
"KEGOC" ААҚ | 15742,2 | 15104,4 | 17202,4 | 18460 | 19896,6 |
"ҚазМұнайГаз" ЖАҚ | 391842 | 379155 | 397730 | 419672 | 436303 |
"Қазатомөнеркәсiп" ЖАҚ | 29363 | 37005 | 41965 | 45636 | 50602 |
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ | 1825 | 2500 | 2843 | 3075 | 3237 |
"Қазақтелеком" ААҚ* | 66161 | 65756 | 65418 | 65896 | |