Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті
дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
15 "Шағын кәсіпкерлiктi ИСМ 1542500 Шағын кәсiпкерлiк
дамыту қоры" АҚ субъектiлерiн
кепілдендiру жүйесiн
құруға - 600000 мың
теңге;
Шағын қалаларда шағын
кәсiпкерлiкке кредит
беруге - 750000 мың
теңге; (Шағын
қалаларды дамытудың
2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасы
шеңберінде) Шағын
кәсіпкерлікті қолдаудың
инфрақұрылымын дамытуға
- 192500 мың теңге.
16 "Ауыл шаруашылығын АШМ 1000000 Ауыл тұрғындарына шағын
қаржылық қолдау кредит беруге.
қоры" АҚ
Бағдарлама бойынша
жиыны: 2542500
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға
дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы
17 "Астана халықаралық ККМ 1762085 Жабық автотұрақтың
әуежайы" ЖАҚ құрылысына - 511690 мың
теңге;
IIB санатының (жарық
сигнал дабылы
жабдықтары)
метеоминимумы бойынша
дәл қонуға кiру үшiн
әуежайды жете
жабдықтауға - 963530
мың теңге;
Мабетекс фирмасына
орындаған жұмыстары
үшiн - 286865 мың теңге.
Бағдарлама бойынша
жиыны: 1762085
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
18 "Мемлекеттік аннуи- ҚарМ 500000 Мемлекеттік аннуитеттiк
теттiк компаниясы" компаниясын құруға
АҚ
Бағдарлама бойынша
жиыны: 500000
Почта-жинақ жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы
19 "Қазпочта" АҚ АБА 1444709 Қалалардағы
инфрақұрылымды дамытуға
- 329709 мың теңге;
Магистралдық
тасымалдаулар жүйесiн
жетілдiруге - 47500 мың
теңге;
почта-жинақ қызметтерiн
көрсетудi дамытуға -
331600 мың теңге;
ауылдық жерлердегi
инфрақұрылымды дамытуға
- 735900 мың теңге;
(ауылдық аумақтарды
дамытудың 2004-2006
жылдарға арналған
мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде)
Бағдарлама бойынша
жиыны: 1444709
Бағдарламадан тыс
20 Мемлекетаралық ҚарМ 13170000 Мемлекетаралық
инвестициялық банк инвестициялық банк
құру құруға
21 "Қазақстан" респуб- АқМ 1387248 Теледидар жабдықтарын
ликалық телерадио- сатып алуға
корпорациясы" АҚ
22 "Қазтелерадио" АҚ АқМ 542139 Хабарлар тарату аймағын
кеңейту үшiн
таратқыштарды сатып
алуға
23 Халықаралық қаржы ҚарМ 491551 Халықаралық қаржы
ұйымдарының ұйымдарына мүшелiк
акцияларын сатып жарналарды уақытылы
алу төлеу жөніндегі
мiндеттемелердi
орындауға
24 "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ ЭMPM 4500000 Амангелдi газ кен орнын
игеруге
Бағдарламалардан
тыс, ЖИЫНЫ: 20090938
Барлығы: 88296814
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен
назарға алынды
6-бөлім. Ұлттық компанияларды дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары
мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
Астана - 2004 ж.
Кіріспе
2003 жылы ұлттық компанияларға 15 компания жатқызылды. Республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанындағы екеуiн ("Қазаэронавигация" РМК және "Ақтау теңіз сауда порты" PMК) қоспағанда, олардың ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады.
2003 жылғы мамырдан бастап күшiне енген "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 5-тармағына сәйкес ұлттық компанияларға тек акционерлік қоғамдар ғана жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысымен ұлттық компанияларға 12 акционерлік қоғам жатқызылып, осы арқылы мынадай кәсiпорындар: "Қазаэронавигация" РМК, "Ақтау теңiз сауда порты" РМК және "Эйр Қазақстан" ЖАҚ (банкрот) ұлттық компаниялар санатынан шығарылды.
2004 жылы Ұлттық компаниялардың тiзбесi мынадай болды:
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
"Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ
"Қазпочта" ААҚ
"Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
"Қазақтелеком" ААҚ
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
"Қазақ ақпарат агенттiгi" Ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" ААҚ
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" ААҚ.
Қазақстан Республикасының бұл ұлттық компанияларына мынадай мемлекеттік органдар жетекшiлiк етедi:
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
1. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2. "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ
3. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
Көлік және коммуникациялар министрлігі
1. "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ
2. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
Ақпарат министрлігі
"Қазақ ақпарат агенттiгi" Ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" ААҚ
Индустрия және сауда министрлiгі
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы ААҚ
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгi
1. "Қазпочта" ААҚ
2. "Қазақтелеком" ААҚ
3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ.
Ұлттық компаниялар мемлекеттiң ұлттық, экономикалық және энергетикалық қауiпсiздігінде үлкен рөл атқаратын экономиканың стратегиялық маңызды және әлеуметтiк мәндi салаларында мемлекеттiң қатысуы мақсатында, сондай-ақ объективтi рыноктық қатынастарды қалыптастыратын және республиканың экономикасын тұрақтандыратын бәсекелi орта құру үшiн құрылған болатын.
Ұлттық компаниялардың әрқайсысы iс жүзiнде өз саласында жүйе құраушы болып табылады және оның тiршiлiгіне осы компаниядағы жұмыспен қамтылғандардың жұмысқа орналастырылуы ғана емес, сонымен бiрге мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiн ескере отырып, салалардың жұмыс iстеуi де байланысты болады.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ пен "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ аса iрi компаниялар болып табылады, оларда ұлттық компанияларда жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының 60%-ы еңбек етедi және жалпы өндiрiс көлеміндегі олардың үлес салмағы шамамен 75%-ды құрайды.
Қарастырылып отырған кезеңде компаниялардың барлығына дерлiгi өндiрiстiң жоспарланған көлемiне қол жеткiздi.
2003 жылы "Эйр Қазақстан" ЖАҚ (-7,3 млрд. теңге), "Қазақстан инжиниринг" ААҚ (-451,3 млн. теңге), "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ (-95,6 млн. теңге) және "Қазақпарат" ААҚ (-1,8 млн. теңге) залалға шықты, қалған компаниялар таза кiрiс бойынша жоспарлы көрсеткiштерден асып түсті.
2004 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша барлық ұлттық компаниялар бойынша шығынсыз жұмыс нәтижесi күтiлуде.
2002-2004 жылдарға талдау
"ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына сәйкес мемлекеттiң 100% үлесімен құрылған болатын.
Компанияның жарғылық капиталы "Мұнай мен Газ Тасымалы" ҰК" ЖАҚ және "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерi негiзiнде қалыптастырылған.
2003 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ-тың еншiлес компаниялары жоспарланған көлемнiң 100,5%-ын құрайтын және 2002 жылдың деңгейінен 6,6% асатын 7887 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндiрдi. Жоспарға қосымша 35 мың тонна мұнай алынды.
2004 жылы мұнай мен газ конденсатын өндiру 8335 мың тонна көлемiнде бағаланып отыр, бұл 2003 жылғы деңгейден 448 мың тоннаға артық.
2003 жылы Компанияның еншілес мұнай өндіруші ұйымдарының мұнай жеткізуi 7856,1 мың тоннаны құрады, өткен жылдың тиiстi кезеңiне қарағанда өсу 5,2%-ды құрайды. Экспортқа мұнай жеткізу 5422 мың тоннаны, iшкi рынокқа - 1963,5 мың тоннаны құрады. 2004 жылы iшкi рынокқа жеткізу 1716 мың тоннаны, экспортқа - 6529 мың тоннаны құрайтын болады.
2002 жылы еншiлес ұйымдардың мұнайды өткізудiң орташа бағасы 19412 теңге/т. құрады, бұл 2001 жылғы деңгейден 15%-ға жоғары.
2003 жылы өткізудiң орташа бағасы 22190 теңге/т. құрайды, 2004 жылы өткізудiң болжамды орташа жылдық бағасы 17658 теңге/т. деңгейiнде күтiлуде.
2002 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-та мұнайды қайта өңдеу көлемi 2271 млн. тонна мұнайды құрады, бұл жоспардың 98,7%-ын құрайды.
2002 жылы жоспарға қатысты қайта өңдеу көлемi төмендеуiнiң негiзгi себебi кейбір бірлескен кәсiпорындардың ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бекiткен, Атырау МӨЗ-ға мұнай жеткiзiлiмiнiң кестесiн орындамауы болып табылады.
2003 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-та қайта өңдеу көлемi 2287 мың. тонна деңгейінде, оның iшiнде компанияның мұнай ресурстарынан - 1800 млн. тонна мөлшерiнде көзделіп отыр. Компания зауыттың бар қуатын жаңғырту мен жаңартуға бағытталған Атырау МӨЗ-ды қайта жаңарту жобасы бойынша жұмыстарды жалғастырады.
2004 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-та қайта өңдеу көлемi 2400 мың тонна деңгейiнде, оның iшiнде 1700 мың тонна Компания ресурсынан күтіліп отыр. 2003 жылға қарағанда қайта өңдеу көлемi 5%-ға ұлғаяды.
2003 жылы жалпы тасымалдау көлемi 34192 мың тоннаны құрады, бұл жоспарланған көлемдерден 3%-ға артық және 2002 жылмен салыстырғанда 13%-ға (30317 мың тонна) артық. Тасымалдау көлемдерінің ұлғаюы мұнай өндiретін бiрлестiктердiң мұнай өндіру көлемдерiнiң ұлғаюымен негізделедi.
2004 жылы "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-тың жүйесi бойынша 35708 мың тонна көлемiнде мұнай тасымалдау жоспарланып отыр, бұл 2003 жылғы деңгейден 1516 мың тоннаға асып түспек.
"Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ магистральдық газ құбыры бойынша газ тасымалдаудың жалпы көлемі 2003 жылы жоспарлы 110186 млн. м3-дің орнына 120226 млн. м3 құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 8,7%-ға жоғары.
Бұл ретте 2003 жылы ішкі тасымал 4801 млн. м3, халықаралық транзит - 109437,7 млн. м3-ті, газды экспортқа тасымалдау - 5986,8 млн. м3-ді құрады.
2002 жылы негізгі капиталға түскен инвестицияның барлығы 75,5 млрд. теңгені, оның iшiнде өндiрiске - 59,2 млрд. теңгенi немесе күрделi қаржы салымдарының жалпы көлемiнiң 78,4%-ын құрады. 2002 жылы күрделi қаржы салымының сомасы 2001 жылғы соған ұқсас көрсеткiштен 20,4 млрд. теңгеге жоғары болды.
2003 жылы негізгi капиталға инвестициялардың барлығы 107 млрд. теңге, соның iшiнде меншiкті қаражат есебiнен 50,5 млрд. теңге, қарыз қаражаты есебiнен 56,5 млрд. теңге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен 2,8 млрд. теңге сомасында бағаланып отыр.
2003 жылы өнімдi өткізуден түскен кіріс 391,8 млрд. теңге құрады.
Өндiрiске жұмсалған шығындар - 186 млрд. теңге сомасында.
2003 жылы 67,1 млрд. теңге, оның iшiнде мұнай өндiретiн кәсіпорындар бойынша 33,3 млрд. теңге, мұнай-газ-көлiк кәсіпорындары бойынша 24,7 млрд. теңге, Атырау МӨЗ бойынша 924 млн. теңге сомасында таза кiрiс алынды.
2004 жылы 42,9 млрд. теңге, оның iшiнде мұнай өндiретiн кәсіпорындар бойынша 15,2 млрд. теңге, мұнай-газ-көлiк кәсiпорындары бойынша 22,4 млрд. теңге, Атырау МӨЗ бойынша 1,3 млрд. теңге деңгейінде таза кіріс жоспарланып отыр.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ
"Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" мемлекет акцияларының 100%-дық үлесі бар жабық акционерлік қоғам түрiнде 1997 жылы құрылды. Компания уран және оның қосындыларын, атом энергетикалық станцияларға арнайы жабдықтар мен технологияларға және қосарлы мақсаттағы материалдарға арналған ядролық отынды экспорттау мен импорттау жөнiндегі бас оператор болып табылады.
2002 жылы уран өндiру 2079 тоннаны құрады, бұл 2001 жылдың көрсеткiштерiнен 34%-ға жоғары. 2003 жылы өндiру көлемі 2002 жылдың деңгейін 8,8%-ғa асып түстi және 2946 тоннаны құрады. 2004 жылы 3140 тонна табиғи уран өндiру жоспарлануда.