жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiнде (бар болуы, сақталуы,
өзгеруi, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Өздерінің өнiмдерiне мемлекеттік сатып алудың тоқтатылуынан,
мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң арнаулы кәсіпорындарының жағдайы
қиындап кеттi. Өткізу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап
кетуiнен бұл кәсіпорындар бәсекелестiкке жарамай қалды.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан
Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк
қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, "Қазақстан
Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына,
басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық
бұйымдармен және аяқ киiммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерiмен, дыбыс
күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық
техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрiнде берiледi.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша
мемлекеттік жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби
аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде
төленедi:
I топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы
мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен
мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, ал бұл 2001 жылдың 1
қаңтарында тиiсiнше 4650 теңгенi, 3100 теңгенi және 2325 теңгенi құрады.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу,
ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзiмдi әскери қызметшілер
қатарындағы мүгедектерге, азаматтық немесе әскери нысандағы ядролық
объектiлердегi апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегi
апатты жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше
жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткізу
кезіндегі радиацияның әсер етуi себебiнен және/немесе осылардың
салдарынан болған мүгедектерге себеп-салдары анықталған жағдайда:
I топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы
мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге -
5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001
жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 6200 теңге, 4650 теңге, 3875 теңге болды.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу,
ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер
қатарындағы (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқа) мүгедектерге, қызмет
мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы
мүгедектерге:
I топтағы мүгедектерге - 15 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы
мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге 7
айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың
1 қаңтарында тиiсiнше 11625 теңге, 7750 теңге, 5425 теңге болды.
1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан,
кәсiби аурудан болған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi
мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға
жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын
және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
төленіп келедi.
I және II топтардағы мүгедектерге берiлетiн арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы мөлшерi 1,4 айлық есептік көрсеткiштi немесе 1085 теңгенi, III
топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 465 теңгенi
және 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 0,9 айлық есептiк көрсеткішті
немесе 697 теңгенi құрайды.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне
теңестiрiлген адамдарға 5,7 айлық есептiк көрсеткiш немесе 4389 теңге
мөлшерiнде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленедi.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң
қаражаты есебiнен өз құзыретi шегiнде:
тұтыну бағасы индексiнiң өсуiне қарай мемлекеттік әлеуметтiк
жәрдемақыларға қосымша ақы;
бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызіліктi мүгедектердi күту үшiн
мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
санаторлық-курорттық емдеу жеңiлдiктерiн белгiлейдi.
Жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар жергіліктi бюджет қаражаты
есебiнен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың
тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды.
Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 15604 орынды 70
интернат үйi жұмыс iстейдi, олардың ішінде 7042 орынды 25 интернат үйi
психикалық-неврологиялық ауруларға, 2721 орынды 17 интернат үйi мүгедек
балаларға арналған. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк
қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 309 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi
жұмыс iстейдi, олар 31632 жалғызіліктi қарт азаматқа, оның iшiнде 8471
мүгедекке қызмет көрсетедi.
28 мыңнан астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 60 мыңнан астам
құлағы нашар еститiн мүгедек - сурдотехникаға, 19 мыңнан астам көзi нашар
көретiн мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж.
2000 жылы 12017 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 5797 мүгедек
протез-ортопедиялық аяқ киiмдермен, 3180 мүгедек есту аппараттарымен,
5100 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi.
Мүгедектердi протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің
практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендiгiн ғана емес, бірқатар
ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетiп отыр. Қазақстанда протездеу
мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргiзетiн бір де бір
ғылыми-зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық
деректер негiзiнде ғана жүргiзiледi және негiзiнен екi факторға:
мүгедектiң барабар сезiнуiне және протез жасаушының сауатты әрекетiне
тәуелдi.
Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай
келетiн протез-ортопедия құралдарымен мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету,
республикалық мемлекеттік протез-ортопедия кәсiпорындарын басқарудың
құрылымын оңтайландыру, протез салу мен протез жасауда зерттеу және
жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу, қол және аяқ буындары
протездерiне қажеттi түйiндер мен бөлшектер өндiрiсi бойынша импорт
алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзiрлемелердi енгізу мақсатында жұмыс
iстеп тұрған протез-ортопедиялық кәсiпорындарын қайта құру көзделуде.
2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Ұлы Отан
соғысының 459 мүгедегi автокөлiкпен қамтамасыз етiліп, 910 мүгедек
кресло-қораптар алды.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе
өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi.
Оңалтудың техникалық құралдары жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе
орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге арналған бейiмдеу
құралдарынан тұрады (тамақ ішу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп
бекітуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына
арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн
икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн
тұрмыстық бейiмдеу құралдарынан (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты,
электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып
шығаруға, су крандарын, душты ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды,
аяқкиiмдi киіп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге
арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде
жүретiн, серуендейтiн кресло-қораптар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын
қораптар, балдақтар, таяқтар); мүгедектердің естуiн түзеу және
коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған
машинкалар, оқуға арналған дүрбiлер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы
магнитофондар, домофондар; тербеткіш қоңыраулы сағаттар, арнайы
диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон
аппараттары) тұрады.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы"
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының мүгедектердің
тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне
көтерiлуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 8-бабы да жүзеге асырылмай отыр.
Бұл бірiншi кезекте, ғимараттардың есiгi мен көшелердің жерасты
өткелдерiне қойылатын пандустарға қатысты.
Тұтастай алғанда "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк
қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы
Заңының баптарының көпшiлiгi орындалмай отыр, бірқатар баптар құрғақ сөз
күйiнде қалуда, заң баптарының шарттарын орындамағаны үшiн берiлетiн
жазалар анықталмаған.
Мүгедектердiң демалысы мен спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша
оларды нақты кепілдіктермен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды
шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлаудың
тәртібі мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртіпте жүргiзген жөн.
Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнің жеке проблемаларын
шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу
және бекіту мүгедектердi әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды
бағыттарының бірiнен саналады, онда жоғалтқан қарекеттерiн қалпына
келтiру және орнын толтыру үшiн базалық даярлық, өзiн өзi күту, өзiне өзi
қызмет көрсету бойынша консультациялар беру көздеген дұрыс.
Бағдарламаның iс-шаралар жоспарының жобасында "Мүгедектердің
әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау
көзделген.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты - мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға жан-жақты кiрігуiне мүмкіндiктер беру, кiрiптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн азайту.
Бағдарламаның міндеттерi мыналар болып табылады:
мүгедектiктiң азаюын қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
мүгедектерге оңалту және басқа да техникалық құралдар мен медициналық, әлеуметтік және кәсiби оңалту бойынша қызметтердің кепiлдiкті тiзбесiн беруден тұратын мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мүгедектердi кешендi оңалтуды дамыту, оңалту мекемелерінің жүйелерiн дамыту мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша практикалық iс-шараларды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт жүйесiнде мүгедектерге арналған iс-шаралар мен қызметтердiң тiзбелерiн және ауқымын кеңейту;
білім беру, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт ұйымдарының мүгедектердi оңалту мәселелерi жөніндегі жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетілдіру;
мүгедектерге өзiнің шығармашылық қабiлетiн пайдалануға, хореография, музыка, әдебиет, театр, сурет, мүсiндеумен, өнердің басқа да түрлерiмен айналысуға мүмкiндiктер беру мақсатында кәсiби даярлықты қамтитын iс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен жұмыспен қамту саласында мүгедектердi қосымша кепілдiктермен қамтамасыз ету;
мүгедектердің кедергiсiз жүріп-тұруына және әлеуметтiк инфрақұрылым объектілеріне кiруiне жәрдемдесу жөнiнде iс-шаралар өткізудi қамтамасыз ету;
мүгедектердiң сұранысын ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен, сондай-ақ сурдоаударма бойынша қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету;
мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту мәселелерi бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
оңалту жүйесiн құқықтық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi жетілдiру.
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары және
оны iске асырудың тетiгi
Бағдарламаның негiзгi бағыттары:
1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық база жасау, оларға қоғамға жан-жақты кiрiгуi үшiн мүмкiндiктер беру, кiріптарсыз тұрмыс салты үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету.
2. Ағзаның жетiлуіндегі бұзылушылықтарды ерте анықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру:
әйелдер босанатын және амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы "қатерлi" топтағы балаларды ерте анықтау және оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу;
мүгедектiктің алдын алу мақсатында оның басталуы және көбеюi себептерiн тексеру бойынша зерттеулер ұйымдастыру.
3. Мүгедектердi кешендi оңалтудың жүйесiн құру:
мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсiби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестiру;
мүгедектердi санаторлық-курорттық емдеудi ұйымдастыру;
мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмiрiн жеңiлдететiн оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
оңалту мекемелерiнің желісін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге, мүгедек балаларға арналған арнаулы түзеу арқылы білім беру ұйымдарының жүйесiн сақтау және кеңейту;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар құру арқылы Астана қаласында, балалар саны кемiнде 60 мың болатын республикалық маңызы бар қалаларда диагностикалық-консультациялық қызметтер жүйесiн кеңейту;
мемлекеттік теледидар арнасында ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармаларын ұйымдастыру;
мүгедектерді кәсіптік даярлау, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мүгедектердi қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтау;
мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым объектілеріне кiруiн қамтамасыз ету.
4. Мүгедектердi белсендi өмiр салтына тарту:
мүгедектердің спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне, сурет және басқа да шығармашылық конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету.
5. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салаларында мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердiң біліктiлiгiн арттыру.
6. Мүгедектер проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20; 26.12.03 ж. № 1325 қаулыларымен 6-бөлім өзгертілді
6. Бағдарламаны iске асыруды қаржылық қамтамасыз ету
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Бағдарламаны 2002 жылдан 2005 жылға дейiн қаржыландыру үшiн 5,26 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге, жергiлiктi бюджеттен 2,46 млрд. теңге қажет болады.
Республикалық бюджетте протездеуге, мүгедектердi сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етуге және мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі басқа да iс-шараларға қаржы көзделдi. Жыл сайынғы республикалық бюджет шығыстары орта есеппен 700 млн. теңгенi, оның iшiнде 2002 жылы - 355,0 млн. теңгенi, 2003 жылы - 512,2 млн. теңгенi, 2004 жылы - 984,4 млн. теңгенi және 2005 жылы 944,7 млн. теңгенi құрайтын болады.
Жергiлiктi бюджеттен жұмсалатын шығындар 2002 жылы 250,5 млн. теңгенi, 2003 жылы - 898,0 млн. теңгенi, 2004 жылы - 937,4 млн. теңгенi, 2005 жылы - 379,0 млн. теңгенi құрайды.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен көзделген iс-шаралар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келісілген.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттарының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу және қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметiнде қабiлетiн қалпына келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемiнде іске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн жылдамдатуға мүмкiндiк бередi.
8. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда
ҚР Yкіметінiң 26.12.03 ж. № 1325 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Р/с N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орында- луына (іске асыры-) луына жауапты | Орын- далу (іске асыры- лу) мерзімі | Болжанып отырған шығыстар (мың теңге) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Әлеуметтік оңалту |
1 "Қазақстан Респуб- Қазақстан ЕХҚМ 2003 ж. Шығындар. - ликасында мүгедек. Республи. IV ды талап тердi әлеуметтiк касы тоқсан етпейді қорғау туралы" Заңының Қазақстан Респуб. жобасы ликасы Заңының жобасын әзірлеу 2 Жергiлiктi Әкімдіктің Облыстар. 2003 ж. Шығындар. - атқарушы қаулысы дың, ІІІ ды талап органдардың Астана тоқсан етпейді жанынан Мүгедектер және iстерi жөніндегі Алматы кеңестер құру қалалар. ының әкімдері 3 Протездік-ортопе. ЕХҚМ-нің ЕХҚМ 2002 ж. Шығындар. - диялық кәсiпорын. бұйрығы І ды талап дардың басқару тоқсан етпейді құрылымын медициналық стационарлармен қосу және протездік- ортопедиялық орталықтарды құру жолымен оңтайлан. дыруды жүзеге асыру 4 Қазіргі заманғы ЕХҚМ-нің ЕХҚМ 2002 ж. Шығындар. - технологиялар бұйрығы ІІ ды талап бойынша жасалатын тоқсан етпейді протездермен қамтамасыз етудi көздей отырып, Қазақстан Республикасының халқына протездік- ортопедиялық көмек берудiң қолданылып жүрген тәртібін жетiлдiру 5 Облыстарда жұмыс ЕХҚМ-ға ЕХҚМ (про. 2003 2003 ж. Жергі. iстейтiн протездік жыл сайын тездік-ор. -2005 -1100,0 лікті шеберханаларды 20 қаң. топедиялық жж. 2004 ж. бюджет нығайту жөнiнде тарға орталық. -112,0 қосымша шаралар ақпарат тар), қабылдау беру облыстар. тардың, Астана және Алматы қа. лаларының әкімдері 6 Протездеу мен ЕХҚМ-ға ЕХҚМ (про. 2002- 2002 ж.- Респуб. ортездеудi, жыл сайын тездік-ор. 2005 143232,0 ликалық ортопедиялық аяқ 20 қаң. топедиялық жж. 2003 ж.- бюджет киiммен, тарға орта. 297491,0 ортопедиялық ақпарат лықтары) 2004 ж.- аппараттармен, беру 436260,0 корсеттермен және 2005 ж.- басқа да 458073,9 протездік- ортопедиялық бұйымдарымен (ПОБ) қамтамасыз етудi жүзеге асыру, ПОБ жөндеу, қазіргі заманғы технологиялар бойынша протездеумен және ортездеумен байланысты қызметтер көрсету 7 Мүгедектердi: ЕХҚМ-ға Облыстар. 2002 ж., 2002 ж.- Жергі. техникалық жыл сайын дың, 2003 ж., 60105,0 лікті құралдармен, 20 қаң. Астана 2004 ж., 2003 ж.- бюджет әртүрлi тарға және 2005 ж., 58794,0 модификациядағы ақпарат Алматы IV 2004 ж.- кресло-арбалармен беру қалалар. тоқсан 68544,5 қамтамасыз ету ының 2005 ж.- әкімдері 31264,4 8 Құлағы кемiс ЕХҚМ-ға ЕХҚМ (Рес. 2002 ж., 2002 ж.- Респуб. еститiн жыл сайын публикалық 2003 ж., 91941,0 ликалық мүгедектердi 20 қаң. есту қабі. 2004 ж., 2003 ж.- бюджет сурдотехникамен тарға летін 2005 ж., 92588,0 қамтамасыз ету ақпарат түзеу ІV 2004 ж.- беру орталығы) тоқсан 235672,0 2005 ж.- 247455,0 9 Көзi көрмейтін Жыл сайын ЕХҚМ 2002 ж., 2002 ж.- Респуб. мүгедектердi 20 қаң. 2003 ж., 65046,0 ликалық тифлотехникамен тарға 2004 ж., 2003 ж.- бюджет және коммуника. мәліметтер 2005 ж., 65046,0 циялық қолдау даярлау IV 2004 ж.- құралдарымен тоқсан 36000,0 қамтамасыз ету 2005 ж.- 37800,0 10 Мамандандырылған ЕХҚМ-ға Облыс. 2004 ж. 2004 ж.- Респу. білім беру 20 тардың, 73600,0 бликалық ұйымдарында шілдеге Астана, бюджет оқитын мүгедек және Алматы балаларды 20 қалала. сурдотехникамен қаңтарға рының қамтамасыз ету ақпарат әкімдері беру 11 Мамандандырылған ЕХҚМ-ға Облыс. 2004 ж. 2004 ж.- Респу. білім беру 20 тардың, 38565,0 бликалық ұйымдарында шілдеге Астана, бюджет оқитын мүгедек және Алматы балаларды 20 қалала. тифлотехникамен қаңтарға рының қамтамасыз ету ақпарат әкімдері беру 12 Республика ЕХҚМ-ға ЕХҚМ (про. 2002- Эксим- кәсiпорындарында жыл тездік-ор. 2005 жж. банктің қазіргі заманғы сайын топедиялық кредит талаптарға жауап 2003 орталық. ресурс беретін қол және жылдан тар) ИСМ тары аяқ протездерiне бастап жинақтаушы 20 түйiндер мен қаңтарға бөлшектердi ақпарат шығаратын импорт беру алмастыратын технологияларды енгізудi ұйымдастыру 13 Кiрме жолдардың, ЕХҚМ-ге Облыстар. 2002- 2002 ж.- Жергі. пандустардың жыл сайын дың, 2005 900,0 лікті құрылысын, құрыл. 20 шіл. Астана жж. 2003 ж.- бюджет ғыларды мүгедек. деге және және 69284,0 тер арбалары үшін 20 Алматы 2004 ж.- қамтамасыз етіп қаңтарға қалалар. 1701,0 тұрғын үйлерге, ақпарат ының 2005 ж.- қоғамдық және беру әкімдері, 1018,0 өндірістік меншік ғимараттарға, нысанына әлеуметтiк қарамастан инфрақұрылым кәсіпорын. объектілеріне дардың, мүгедектердің ұйымдардың кіруіне жағдай басшылары жасау 14 Мүгедектерге ЕХҚМ-ға Облыстар 2002- 2002 ж. Жергі. қызмет көрсетуге жыл сайын дың, 2005 -1673,2 лікті бағдарланған ме. 20 шілдеге Астана, жж. 2003 ж. бюджет кемелер орналас. және 20 Алматы -71555,0 қан жерлерде, қаңтарға қалала. 2004 ж. сондай-ақ ақпарат рының -11567,0 мүгедектер болуы беру әкімдері 2005 ж. мүмкiн адам -751,0 неғұрлым көп жүретiн жерлерде синхронды дыбыс дабылы бар арнайы бағдаршам. дар, жол белгiлерi мен көрсеткiштер дайындау және орнату 15 Әрбір облыс ЕХҚМ-ға Облыстар. 2002- 2003 ж.- Жергі. орталығында жыл сайын дың, 2005 6137,2 лікті дыбысты 20 шілде. Астана жж. 2004 ж.- бюджет құрылғыларымен ге және және 1073,0 жарақталған, жаяу 20 қаң. Алматы 2005 ж.- жүрегіншілер тарға қалаларының 752,0 жолдарын салу ақпарат әкімдері беру 16 Қолданылып жүрген Құрылыс ИСМ 2002 Шығындар. - құрылыс нормала. істері (Құрылыс ж. ды талап рына және ережеле. жөніндегі істері ІІІ етпейді рiне (ҚНжЕ) өзге. комитет. жөніндегі тоқ. рiстер енгізу, тің комитет) сан жаңа ҚНжЕ, бұйрығы техникалық шарттарды (ТШ) және көлiк пен тиiстi көлiк инфрақұрылымының, ғимараттардың, құрылыстардың, тұрмыстық құралдар мен техникалардың, кәсiпорындардағы жұмыс орындарының мүгедектерге лайықты болуын көздейтiн басқа да нормативтiк- техникалық құжаттарды әзiрлеу мен бекіту 17 Жобалар әзiрлеуге, ЕХҚМ-ға Облыс. 2002 Кәсіпкерлік - сондай-ақ жыл сайын тардың, -2005 қызмет ғимараттар, 20 шілде. Астана жж. субъек. құрылыстар, ге және және тілері жолдар, көлiк, 20 Алматы қаражаты байланыс қаңтарға қалала. есебінен объектілерін ақпарат рының салуға беру әкімдері мемлекеттік тапсырыстарды орналастырған, көлiк және өзге қызмет көрсету түрлерiн ұсынған кезде мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылымға кедергiсiз кiруiн қамтамасыз ету қажеттiгiн конкурстық құжаттама талаптарының бірi етiп белгілеу 18 Көлiк пен Қазақстан ККМ 2002 Шығындар. - байланыстағы Республика. ж. ды талап кәсiпкерлiк қызмет сының ІІІ етпейді субъектiлерiн Үкіметі тоқ. лицензиялау қаулысының сан бойынша жобасы нормативтiк құжаттарға өзгерістер енгізу, көлiктегі және байланыстағы лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға өтiнiш берушiлерге қойылатын біліктілік талаптарын лицензиаттар көрсететiн қызметтерге мүгедектердiң кедергiсiз қол жеткізуін көздейтін мүліктердің, құрал-саймандардың болуы мiндеттілігiн белгiлейтін ережелермен толықтыру 19 Мемлекеттік Ақпараттық Ақпарат. 2003 2003 ж.- Респуб. теледидар бағдарла. мині ж. 1725,0 ликалық арнасында малардың бюджет ақпараттық сурдоаудар. бағдарламалардың масымен сурдоаудармасын эфирге ұйымдастыру шығуы 20 "Ардагер" Жыл сайын ЕХҚМ 2002- 2002 ж. - Респуб. республикалық 20 2005 49790,0 ликалық пансионаты қаңтарға ж.ж. 2003 ж. - бюджет базасында мемтапсырыс. 51590,0 мүгедектер мен тың орында. 2004 ж. - ардагерлерді луы туралы 70862,0 санаторлық- есеп беру 2005 ж. - курорттық емдеудi 74405,1 және оңалтуды қамтамасыз ету Шортанды-Бурабай курорт аймағында мүгедектер мен ардагерлерді санаторлық курорттық емдеуді және оңалтуды қамтамасыз ету 21 Мемлекеттік Конкурс ЕХҚМ 2002 2004 ж.- Респуб. тапсырыс өткізу ж. IV 75846,0 ликалық шеңберiнде тоқ. бюджет мүгедектігі бар сан адамдардың 2004 орталықтанды. ж. рылған деректер банкін (МОДБ) әзірлеу және енгізу 22 Мүгедектерді ЕХҚМ-ға СІМ, ЕХҚМ, 2002 Шығындар. - оңалту, жыл сайын ДСМ, БҒМ -2005 ды талап мүгедектердi 20 жж. етпейді оңалтуға байланыс. қаңтарға ты жобалар мен ақпарат шараларға қолдау беру көрсету мәселелерi бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымымен, Халықаралық еңбек ұйымымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, ЮНЕСКО-мен, ЮНИСЕФ-пен, үкiметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту 23 Мүгедектердi, ЕХҚМ-ға ЕХҚМ, БҒМ 2002 2002 ж.- Жергі. оның iшiнде жыл сайын Облыстар. -2005 400,0 лікті мүгедек балаларды 20 шілдеге дың, жж. 2003 ж.- бюджет белсендi өмiр және 20 Астана, 2344,3 сүруге тарту қаңтарға Алматы 2004 ж.- мақсатында ақпарат қалала. 1405,2 облыстық, беру рының 2005 ж.- республикалық әкімдері 986,1 көркемөнерпаздар, суреттер, ұсақ- түйек заттар және шығармашылықтың басқа да түрлерiнің конкурстарын өткізу 24 Мүгедектердiң ЕХҚМ-ға Облыс. 2002- Шығындар. шығармашылық жыл сайын тардың, 2005 ды талап жұмыстарының, 20 шілде. Астана, жж. етпейді мүгедектер ге және Алматы ұйымдары 20 қалала. шығаратын қаңтарға рының өнімдердің ақпарат әкімдері көрме-саудасын беру өткізу 25 Республикалық және ЕХҚМ-ға Облыстардың, 2003, 2003 ж. Респуб. өңірлік жыл сайын Астана, 2005 -3568,4 ликалық телемарафондар 20 Алматы қала. жж. -респуб. және өткізудi қаңтарға ларының ликалық жергі. қамтамасыз ету, ақпарат әкімдері бюджет лікті оларды өткізуден беру бюджет. түскен қаражатты тер мүгедектерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсау 26 Интернат ЕХҚМ-ға Облыстардың, 2003- 2003 ж. Жергі. үйлеріндегі жыл сайын Астана, 2005 - 50,0 лікті мүгедектер мен 20 Алматы қала. жж. 2004 ж. бюджет қарттардың шілдеге ларының -1342,0 демалысын және 20 әкімдері 2005 ж. ұйымдастыру үшiн қаңтарға - 50,0 көркемөнерпаз ақпарат ұжымдарын тарту беру 27 Интернат үйлерінде ЕХҚМ-ға Облыстардың, 2002- Шығындар. - тұратын мүгедек жыл сайын Астана, 2005 ды талап балалар арасында 20 шілде. Алматы қала. жж. етпейді спорт жарыстарын ге және ларының өткізу 20 әкімдері қаңтарға ақпарат беру 28 Мүгедектер ЕХҚМ-ға Облыстардың, 2002- 2002 ж.- Жергі. арасында жарыстар жыл сайын Астана, 2005 500,0 лікті өткізу үшiн 20 Алматы қала. жж. 2003 ж.- бюджет спорттық арбалар, қаңтарға ларының 1750,0 қысқы спорт ақпарат әкімдері 2004 ж.- түрлерiне арналған беру 7850,0 спорт 2005 ж.- киiмдерi мен 1000,0 арнаулы жабдықтар сатып алу 29 Барлық санаттағы ЕХҚМ-ға Облыстардың, 2002- 2002 ж.- Жергі. мүгедектер арасын. жыл сайын Астана, 2005 4250,0 лікті да спорт бойынша 20 Алматы қала. жж. 2003 ж.- бюджет аудандық, қалалық, қаңтарға ларының 2920,0 облыстық жарыстар ақпарат әкімдері 2004 ж.- өткізу беру 11852,4 2005 ж.- 634,0 30 Мүгедектер ЕХҚМ-ға ҚР Туризм 2002 ж. 2002 ж. Респуб. арасында жыл сайын және спорт ІІІ -5000,0 ликалық Республикалық 20 жөніндегі тоқсаны бюджет спартакиада қаңтарға агенттігі, өткізу ақпарат ЕХҚМ, беру облыстардың, Астана, Алматы қала. ларының әкімдері 31 Қазақстан ЕХҚМ-ға ҚР Туризм 2005 ж. 2005 ж. Респуб. Республикасының 2005 және спорт ІІІ -5000,0 ликалық Параолимпиадалық жылғы 20 жөніндегі тоқсаны бюджет ойындарын желтоқ. агенттігі, өткізу санға ЕХҚМ, ақпарат облыстардың беру әкімдері 32 Мүгедек ЕХҚМ-ға ҚР Туризм 2002- 2002 ж. Жергі. спортшылардың жыл және спорт 2005 -6420,0 лікті Параолимпиадалық сайын 20 жөніндегі жж. 2003 ж. бюджет ойындарға, қаңтарға агенттігі, -7094,0 спорттық ақпарат облыстардың, 2004 ж. фестивальдарға, беру Астана, -20434,6 мерекелерге және Алматы қала. 2005 ж. басқа да ларының -3561,0 халықаралық және әкімдері республикалық спорт жарыстарына, Арнаулы Олимпиадалық ойындарға қатысуын қамтамасыз ету 33 Мүгедектердi дене ЕХҚМ-ға ҚР Туризм 2003 ж. Шығындар. - шынықтыру және 2004 жылғы және спорт ды талап спорт құралдары. 20 жөніндегі етпейді мен оңалтуға қаңтарға агенттігі, арналған ақпарат ЕХҚМ әдiснамалық беру облыстардың, ұсынымдар Астана, әзiрлеу Алматы қалаларының әкімдері |
Кәсіби оңалту |
34 Мүгедектерді жеке ЕХҚМ-ға Облыстардың, 2002- 2002 ж. Жергі. оңалту жыл сайын Астана, 2005 -24222,0 лікті бағдарламасына 20 қаң. Алматы жж. 2003 ж. бюджет сәйкес кәсіби тарға қалаларының IV -7269,1 бағдарлауды ақпарат әкімдері, тоқ. 2004 ж. қамтамасыз ету беру БҒМ, ЕХҚМ сан -13760,4 2005 ж. -4727,6 35 Мүмкіндігі ЕХҚМ-ға облыс. 2002- Жергі. шектеулі балалар жыл сайын тардың, 2005 лікті үшін білім 20 шіл. Астана, жж. бюджет берудің арнаулы деге және Алматы ұйымдары желісін 20 қалала. дамыту жөнінде қаңтарға рының шаралар қабылдау: ақпарат әкімдері, 60 мың балаға беру БҒМ, ЕХҚМ 2002 ж. психологиялық- -52454,0 медициналық- 2003 ж. педагогикалық -88674,0 консультациялар; 2004 ж. -98084,0 2005 ж. -88674,0 - республикалық 2002 ж. және облыстық -27450,0 маңызы бар 2003 ж. қалаларда оңалту -70556,0 орталықтары; 2004 ж. -72545,0 2005 ж. -70556,0 - аудандық 2003 ж. орталықтарында -99042,0 психологиялық- 2004 ж. педагогикалық -105958,0 түзеу кабинеттерi; 2005 ж. -99042,0 үйде әлеуметтік 2003 ж. көмек көрсету - 242129,0 бөлімшелері 2004 ж. - 201086,0 36 Жеке кәсiпкерлiктi, ЕХҚМ-ға Облыстардың, 2002- 2002 ж. Жергі. шағын және орта 2003 Астана, 2005 -1257,0 лікті бизнестi дамыту, жылдан Алматы қала. жж. 2003 ж. бюджет, кадрларды кәсiби бастап ларының -1317,0 жұмыс даярлау, қайта жыл әкімдері 2004 ж. беруші. даярлау, жыл сайын сайын -7754,0 лердің мүгедектердi 20 2005 ж. қаражаты қорғау жөніндегі қаңтарға -1440,0 әлеуметтiк ақпарат шараларды анықтау беру арқылы қосымша жұмыс орындарын құру жолымен мүгедектердi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу |
Медициналық оңалту |
37 Босанатын әйелдерге ЕХҚМ-ға ДСМ, БҒМ 2002 ж., Шығындар. - жәрдем беретін және 2003 2003 ж., ды талап амбулаторлық- жылдан 2004 ж., етпейді емханалық бастап 2005 ж., ұйымдарда "қатерлi" жыл сайын IV топтағы балаларды 20 тоқсаны ертерек анықтауды қаңтарға ұйымдастыру және және 20 анықталған шілдеге "қатерлi" топтағы ақпарат және мүмкіндігі беру шектеулі балаларды психологиялық- медициналық- педагогикалық консультацияларға жiберу 38 Ұлы Отан соғысының ЕХҚМ-ға ДСМ 2004- 2004 ж. Респуб. мүгедектерiне 2005 ж. 2005 -17500,0 ликалық арналған 20 шілдеге жж. 2005 ж. бюджет республикалық ақпарат -17000,0 клиникалық беру госпиталь базасында сумен, балшықпен емдеу орындарын қайта жаңғырта отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру 39 Мүгедек балаларды оңалтудың медициналық құрылымдары мен ұйымдарының желісін дамыту: - Маңғыстау, ЕХҚМ-ға Облыстардың 2003 ж. 2003 ж. Жергі. Қызылорда, Алматы, 2004 ж. әкімдері 2004 ж. -6000,0 лікті Атырау облыстарының 20 2004 ж. бюджет балалар ауруханасында қаңтарға -31000,0 30 - 40 орынға арнал. ақпарат ған неврологиялық беру бөлiмшелердi қалпына келтiру; - ОЖЖ органикалық ЕХҚМ-ға Облыстардың 2004 ж. 2004 ж.- Жергі. зақымданған 2005 ж. әкімдері 144586,0 лікті балаларға арналған 20 бюджет Ақтөбе, Алматы, қаңтарға Атырау, Шығыс ақпарат Қазақстан, Батыс беру Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан облыстарында 10 оңалту орталығын ұйымдастыру; - "Балбұлақ" ЕХҚМ-ға ДСМ 2005 2005 ж. Респуб. республикалық 2005 ж. ж. -105000,0 ликалық балаларды оңалту 20 шілдеге бюджет орталығының ақпарат 125 орынға арналған беру ұйықтайтын корпус салу 40 Мыналарды өткізу: ЕХҚМ-ға ДСМ 2003- 2003 ж. Респуб. - жүйке жүйесi жыл сайын 2004 -192,0 ликалық өрескел дерттенген 20 шілдеге жж. 2004 ж. бюджет психосоматикалық және 20 -108,7 жағдайдағы қаңтарға балалардың жүйке- ақпарат психикалық беру дамуын бағалау жөнiнде көшпелi оқу-әдiстемелiк циклдар - алғашқы медициналық- санитарлық көмек ұйымдарының медбикелерін балалардың психикалық- дене дамуының ерте жастағы скринингіне оқыту 41 Мүгедектердi Мәслихат. Облыстар. 2002- 2002 ж. Жергі. санаторлық-курорттық тардың дың, 2005 -70014,0 лікті емдеу бойынша шешімдері Астана, жж. 2003 ж. бюджет жеңiлдiктердi мен әкім. Алматы -161062,5 қамтамасыз ету дердің қалаларының 2004 ж. қаулылары әкімдері, -126677,1 ЕХҚМ, ДСМ 2005 ж. -73321,0 |
Кадрмен қамтамасыз ету |
42 Халықты әлеуметтiк ЕХҚМ-ға ЕХҚМ, ДСМ 2003 1 "Еңбек, Респуб. қорғау; денсаулық жыл сайын -2005 жұмыспен ликалық сақтау жүйесінде 20 жж. қамту, бюджет мүгедектердi оңалту қаңтарға халықты мәселелерiмен ақпарат әлеу. айналысатын беру меттік қызметкерлердiң қорғау біліктiлiгiн саласын. арттыруды жүзеге дағы асыру уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" деген бағдар. ламаның 007 "Мем. лекеттік қызметші. лердің білік. тілігін арттыру" деген кіші бағдар. ламасы бойынша бөлінетін қаражат есебінен 43 Протездік-орто. ЕХҚМ-ға ЕХҚМ (Орта. 2003 ж., Кәсіпо. педиялық кәсi. жыл лық экспери. 2004 ж., рындар порындар қызмет. сайын 20 менталдық 2005 ж. қаража. керлерiн қайта қаңтарға протездеу ты есе. даярлауды ақпарат зертханасы) бінен ұйымдастыру беру 44 Үйлерге барып ЕХҚМ-ға ЕХҚМ, облыс. 2002 ж., 2002 ж. Жергі. әлеуметтiк көмек 2003 тардың, 2003 ж., -900,0 лікті көрсету жылдан Астана, 2004 ж., 2003 ж. бюджет бөлiмшелерінің бастап Алматы қала. 2005 ж. -900,0 әлеуметтік жыл ларының 2004 ж. қызметкерлерiн сайын 20 әкімдері, -10110,0 қайта даярлауды қаңтарға 2005 ж. ұйымдастыру ақпарат -1242,0 беру 45 Мүгедектерді ЕХҚМ-ға ЕХҚМ, ДСМ 2003 ж. Шығындар. - медициналық- 2004 ж. IV ды талап әлеуметтiк 20 қаң. тоқсан етпейді сараптаудың және тарға оңалтудың ақпарат өзекті беру проблемалары бойынша практикалық конференциялар өткізуді ұйымдастыру |