Бұл заңдардағы, басқа да нормативтік құқықтық кесiмдердегi немесе құқықпен реттелетiн қоғамдық қатынастардағы өзгерістерге мемлекеттік органдардың тиiстi әсер етуiнiң қосымша тетiгi болады.
Бұдан басқа:
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңға және Үкiмет Регламентiне құзыреттерiнiң аясына кiретiн қолданыстағы заңға тәуелдi кесiмдердiң үнемi мониторингiн өткізуге барлық мемлекеттік органдарды мiндеттейтiн түзетулер енгізу;
өткiзiлетiн мониторингтің нәтижелерi бойынша жоғарыда тұрған инстанцияларға мемлекеттік органдардың кезеңдi (жарты жылда бір рет) есептілігін енгізу;
әрбір нормативтiк құқықтық кесiмдi, оның iшiнде заңдарды заң актілеріне сәйкестендiрудi немесе қолданыстарын тоқтату бойынша шаралар қолдануды уақтылы өткізуге мiндетті болатын нақты уәкiлеттi мемлекеттік органға бекіту қажет.
Көрсетiлген мониторингтi жүргiзудiң егжей-тегжейлi тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындауы қажет.
Бұл шаралар пайдаланылатын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң заңдылығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы заңнама жүйесiнде қазiргі уақытта қалыптасқан жағдайды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Кәсiпкерлiк қызметiн артықшылықты және тиiмсiз мемлекеттік реттеудi жою мақсатында шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде регламенттелетiн қоғамдық қатынастар шеңберiнде нормативтiк құқықтық кесiмнің тұрақты әсер етуiн егжей-тегжейлi жоспарлауды жүргiзу қажет.
Осыған байланысты шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiм жобасын әзірлеу кезiнде заң шығарушы деңгейде:
нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау арқылы шешу ұсынылып отырған проблеманың жан-жақты талдауын жүргізу бойынша мiндетті талаптар енгізу;
нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау арқылы проблеманы мемлекеттік ретке келтiру қажеттiгінiң негіздемесiн егжей-тегжейлi көрсету;
қабылданатын нормативтiк құқықтық кесiмнiң нәтижелiгiн қамтамасыз ететiн нақты тетiктер мен iс-шаралар көздеу;
экономикалық, құқықтық және әлеуметтiк зардаптар жоспарларын, қажеттi шығыстар мен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілері және мемлекет үшiн көзделетiн табыстардың қаржылық есептерiн ұсыну;
нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау мақсаттарына жетудiң таңдалған әдiстерi және тетiктерi басымдықтарын негiздеу;
қабылдануының мақсаты болып табылған шағын және орта кәсіпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмнiң нәтижелiгінiң көрсеткiштерiн және өлшемдерiн көрсету. Көзделген көрсеткiштердi орындамау нормативтiк құқықтық кесiмдi қайта қарауға немесе күшi жойылды деп тану үшiн негiз бола алады;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдi мiндеттi ұжымдық талқылауды енгізу;
мемлекеттік органдар жанында қалыптасқан Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі тиiстi сараптамалық кеңестерде шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмнiң мiндеттi қаралуын енгізу;
нормативтiк құқықтық кесiмдi Үкiметке енгізген кезде мiндеттi түрде кәсiпкерлiк жөніндегі сараптама кеңесiнiң сараптамалық қорытындысы қоса берiледi.
Бұл ретте кiшi заңи кесiмдердiң кейiнгi нәтижелiлiгiн қадағалау жөніндегі iс-шараларға шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi және мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты орналастыру мүмкiндiгiмен олардың бірлестiктерiнiң өкiлдерi, сондай-ақ "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ тартылады.
Сондай-ақ нәтижелiктi қадағалау қандай iс-шаралардан тұратынын және кiшi заңи кесiмнiң нәтижелiлiгi туралы есепте қандай көрсеткiштер көрiнуi керектігін айқындау қажет.
Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі заңға тәуелдi кесiмдердi қолданысқа енгізудiң мiндеттi шарты олардың жариялануы болып табылатынын белгілеу қажет.
Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тексерiсiн өткізу мәселелерi жөнiнде:
бақылау-қадағалау органдары кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жөніндегі қызметiн тек заңнамалық кесiмдермен айқындалған тәртiппен және шартпен жүзеге асырулары қажет. Оларда тексерiс жүргiзу мәселелерiн регламенттейтiн кiшi заңи кесiмдердi шығаруға мемлекеттік органдардың құзыретi алып тасталуы қажет. Яғни, тексерiстер жүргiзу тәртібі кiшi заңи кесiмдермен - Үкiметтiң, министрлердiң, әкiмдердiң және т.б. нормативтiк құқықтық шешiмдерiмен айқындалмауы қажет;
тексерiстер жүргiзу мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормаларды бақылау-қадағалау органдарының мәртебесiн айқындайтын заңнамалық кесiмдерiнде көздеу қажет;
бақылау-қадағалау органдарының мәртебесiн айқындайтын заңнамалық кесiмдерде дамуының әлеуметтiк мәнiн ескере, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруге ерекше тәсiлдер көздеу керек;
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн әкiмшiлiк алып қоюлардың репрессивтi сипатын алып тастау.
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық статистика
(прокуратуралар) органдары тексерулер белгілеу кезінде заңдардың бұзылғандығы анықталған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілерге тексерулер белгілеу туралы кесiмдердi тiркеуден бас тартуға құқылы.
Заңнаманы жетiлдiру мақсатында бақылау-қадағалау функцияларын регламенттейтiн барлық нормалар нақты көрсетілетін "Кәсіпкерлiк туралы" және кәсiпкерлiк қызметті лицензиялау жөніндегі нақты нормаларды белгiлейтiн "Лицензиялау туралы", сондай-ақ шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi үшін әкiмшiлiк алып қоюлардың репрессивті сипатын алып тастау мақсатында "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары әзiрленедi.
§ 2. Экономиканы төрешiлдiктен арылтудың тиiмдi тетiктерiн
пысықтау және әкiмшiлiк кедергiлердi жою
Экономиканы және әкiмшiлiк кедергiлердi төрешiлдiктен арылту жөніндегі негізгі күш салулар шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi үшiн барынша көп қолайлы режимдi, барынша аз реттеуiш аясын құруға бағытталатын болады.
Экономиканы бюрократиясыздандыру саласында.
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" заң жобасында кәсіпкерлiк қызметтi реттеу, оны мемлекеттік қолдаудың негiзгi қағидаттары, кәсiпкерлiк проблемалары жөнiнде консультативтiк-кеңесшi мәселелерi, кәсiпкерлiк субъектiлерiн тiркеу және жою тетiктерi, оның iшiнде шағын және орта, кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік әкiмшілендiру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік органдардың, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде жауапты мемлекеттік органдардың құзыреттерi және билiктiң бизнес - қоғамдастықпен өзара iс-әрекет нақты көрсетілетiн болады.
Сондай-ақ тексерудi өткізу мәселелерiн регламенттейтiн әр заңнамалық кесiмiнде қандай-да бір бақылаушы-қадағалаушы орган орындайтын мiндеттер ерекшелiгiн ескере оларды тағайындау үшiн негiздемелердiң толық тiзбесi көзделетiн болады, өйткенi осындай нақты тiзбенiң жоқ болуы көптеген бақылаушы-қадағалаушы органдарға қолданыстағы заңды формальды түрде бұзбай өз тексерiстерiн көп рет белгiлеу мүмкiндiгiн бередi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі оларды азайту мақсатында әкiмшілiк кедергiлерге талдау және оларға мониторинг жүргізу құралдарын жақсартатын болады.
Әкiмшiлiк айыппұлдар мөлшерлерiнiң өрiстерi қысқартылатын болады. Айыппұлдар мөлшерлерi бизнес ауқымына байланысты белгiленетiн, бірiншi рет жасалған құқық бұзушылық үшiн айыппұл мөлшерi азайтылатын болады.
Әкiмшiлiк кедергiлердi жою саласында.
Мемлекеттің бюрократиялық жүйесiнiң негiзiн рұқсат беру жүйесi құрайды. Сондықтан кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн мемлекеттік реттеудiң рұқсат беру жүйесiн нақты регламенттеу үшiн:
мемлекеттік монополия саласында "мемлекеттік монополия" терминiн нақты айқындайтын мемлекеттік монополия саласын регламенттейтiн бірыңғай заң актiсi әзiрленетiн болады.
лицензиялау саласында тiкелей қолданылатын "Лицензиялау туралы" жаңа Заң әзiрленетiн болады, оның шеңберiнде лицензияланатын қызмет түрлерiнiң толық тiзілiмi ұсынылады;
лицензиялау түрлерiн заңға тәуелдi деңгейде кеңейтуге тыйым салынады;
лицензиялық тәртiптiң қажеттi қол жетiмдiгін, ашықтығын қамтамасыз ететiн лицензиялау саласындағы мемлекеттік функцияларды нақты регламенттеу жүргізiлдi;
олардың үнемдiлiгiн қамтамасыз ететiн біліктiлiк талаптар жеңiлдетiлдi.
Сертификаттау саласында қауiпсiздiктерiнiң көрсеткiштерi тұрғысына ғана өнiмнiң, жұмыстардың (процестердiң) және қызметтердiң жекелеген атаулары сертификатталатын болады және Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының ережесi бойынша халықаралық заңнама негізiнде сертификаттау процесi жүзеге асырылатын болады.
Стандарттау саласында - стандарттауды халықаралық құқық пен халықаралық сапа стандарттарының нормаларына сәйкестендiру жүзеге асырылды.
Аккредиттеу саласында. Аккредиттеу рәсiмi тек ерiктi сипатта болады және оны мемлекеттік емес, коммерциялық емес қоғамдық бірлестiктер жүзеге асырады, ал оның бөлiгі лицензиялау санатына берiледi.
Мемлекеттік сатып алу саласында әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау үшiн сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) жеткізуге шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн барынша тарту жұмысы жалғастырылатын болады.
Кәсiпкерлiк қызметіне еркiндiк құқығының кепiлдiгiн iске асыру мемлекеттен ғана емес, кәсiпкерлердiң өздерiне және олардың қоғамдық бірлестіктерiне де байланысты. Әрбір iскер қазақстандық осы ортаға кiрiгiп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиiс.
§ 3. Шағын және орта кәсiпкерлiкте көлеңкелi
айналымды қысқарту
Кәсiпкерлердiң көлеңкелi бизнеске кетулерiнiң негізгі себептерiнiң бірi заңды бизнестi жүргізудiң жоғары шығындары болып табылады. Осыған байланысты әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау, мүлiктi заңдандыруды өткізу, кредит ресурстарына жеткiлiктi қол жетiмдiгі бойынша жағдайлар құру, шағын орта бизнестi қолдау инфрақұрылымының толық дамуына жету жөнiндегі iс-шаралар және шағын және орта кәсiпкерлiктегі менеджменттің сана сезiмдiгін жоғарлату жөнiндегі iс-шаралар кешенiн өткізу қажет.
Осы Бағдарламада әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау, кредит ресурстарына жеткiлiктi қол жетiмдiк бойынша жағдайлар құру, шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ шағын және орта кәсiпкерлiктегi менеджменттiң сана сезiмдiгiн жоғарлату саласында шағын және орта кәсiпкерліктiң дамуын қолдаудың жедел шаралары көзделген.
Мүлiктi заңдастыру iс-шараларын өткізу мақсатында "Мүліктi заңдастыруға байланысты амнистия туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі әкiмшілендiрудi және шағын бизнеске салық салу режимiн жеңiлдету бөлiгінде салық заңнамасына өзгерістердi дайындады.
Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап жеңiлдетiлген декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану аясы:
жеке кәсiпкерлер үшiн - жалданатын қызметкерлердiң санын 15-тен 25 адамға дейiн және шектi кiрiсті 4,5-тен 9 млн. теңгеге дейiн ұлғайта отырып;
заңды тұлғалар үшiн - жалданатын қызметкерлердiң санын 25-тен 50 адамға дейiн және шектi кiрiстi 9-дан 20 млн. теңгеге дейiн ұлғайта отырып кеңейтiледi.
Сондай-ақ ҚҚС бойынша мiндеттi есепке алу үшiн iске асыру жөнiндегі барынша аз айналымның мөлшерi 12000 орта айлық көрсеткiштен (11,7 млн. теңге) 15000 АЕК-ке дейiн (14,5 млн. теңге) көтерiледi. Әлемдiк экономикада жұмыспен қамтылғандардың 60 пайыздан астамы шағын кәсiпкерліктің үлесiнде, ЖIӨ-дегi олар шығаратын өнiмдердiң үлесi 50 пайызға жеттi.
Халықаралық практикада жаңа жұмыс орындарын құру және тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету басымдығы тұрғысында шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi.
Қазақстанда 2003 жылғы ЖIӨ-ге шағын кәсiпкерлiк субъектiлерінiң салған ресми үлесi 16 пайызды құрады.
Қалыптасқан жағдайға сүйене отырып, мемлекет шағын кәсiпкерлiк субъектілер қызметтерi аясын барынша көбірек кеңейту және оларды белсендету үшін қолайлы жағдайлар құруы керек, осыған байланысты, заң жобасы жоғарыда көрсетiлген шараларды ұсынады, бұл олардың ЖІӨ-дегi үлесiн көбейтуге жол бередi.
Шағын және орта кәсiпкерлiкке инвестициялық салық преференцияларын алу тәртібін жеңiлдету үшiн "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу.
Жоғарыда көрсетілген шаралар Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерістер енгізудi талап етедi.
Негiзгi сипаттарына байланысты тауарды егжей-тегжейлi суреттеумен кедендiк органдарда бағалық ақпарат қалыптастыру үшiн "Бағалық ақпаратты қалыптастыру әдiсi" өзгертiледi.
Шағын бизнес кәсіпорындарының сауданың ұйымдастырылған нысандарына көшуiн ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу және
тауарлардың iшкi рыногын дамыту мақсатында құрылым және "қапшықтау" саудасының каналдары бойынша жүзеге асырылатын сыртқы сауда операциялар мөлшерiн бағалау жөніндегі зерттеулер ұсынылады.
Көрсетiлген шаралар барлық бақылаушы өзара iс-әрекетiнiң нақты схемасын қалыптастыруға, Қапшықтау саудасы рыногiн нақты зерттеу жүргiзуге, оның көлемiн және мемлекеттің төлеу теңгерiмiне әсерiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
Көлеңкелi сектор мөлшерiн және қолма-қол айналым мен көлiктегi, құрылыстағы және саудадағы формальсыз еңбекпен қамтылу көлемiн қысқарту мақсатында орта мерзiмдi перспективада:
кооперацияларды ынталандыру - қайта құрылымдау, бірiктiру және одақтарға, бюро және т.б. iрiлендiру,;
формальсыз экономикадан ресмиге еңбек ресурстарының ағымы үшiн жағдайлар туғызу;
қолма-қол төлеу нысанынан біртiндеп электронды, автоматталғанға көшу қажет.
Төлем карталарын пайдалану арқылы төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсететiн) ұйымдардың санатын белгiлей отырып тауарлар мен қызметтер үшiн қолма-қол жасалмайтын есептесулер нысанын кеңейту көзделедi.
Атап айтқанда мейрамхана, бар, мейманхана, жол жүру құжаттарын сату кассалар және т.б. қызметiн көрсететiн ұйымдар үшiн карточка терминалдарын мiндеттi пайдалану көзделедi.
Сауда саласындағы көлеңкелi экономиканың құрамында маңызды үлестi фальсифицирленген және контрафактiлiк өнiмдi өндiрудiң қалыпша дамыған жүйесi бар елдерден күдiкті сапалы тауарларды әкелудi және сатуды, сондай-ақ отандық өндiрушiлердiң ұқсас өнiмiн, төмен сапалы өнiмдi және халық денсаулығына қауiп әкелетiн санитария талаптарына қарсы жағдайларда iске асыруды енгiзетiн "қапшықтау", дала; базар саудасы; кішкентай сауда нүктелерi құрайды.
Азық-түлiк, сондай-ақ әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнен тыс формальсыз еңбекпен қамтылу қауiпсiздiгiн жоғарлату мақсатында сауданың ұйымдастырылмаған түрлерiнiң сауданың өте өркениетті нысандарына біртiндеп көшу жөніндегі жағдайлар мен ынталар құру қажет. Рыноктарда сауда нүктелерінің әлеуметтiк танымдылығын арттыру, сауданың әлемдiк нормаларын және ережесін, рыноктық сауданы сауда орталықтарына айналдыра оларға өркениеттi нысан бере қызмет көрсету стандарттарын енгізу қажет.
Өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн жоғарлату, объектілердi тұрғызуға құрылыс материалдарын шығыстау нормаларын сақтау жөнiндегі құрылыс ұйымдарына талаптарды күшейту үшiн өңiрлер үшiн белгіленген нормативтік үлестiк көрсеткiштерге сай келетін негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бар үлгiлi жобалар бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерiн салуға мемлекет тапсырысын орындау жүйесiне көшудi жүзеге асыру қажет.
Құрылыстағы формальсыз еңбекпен қамтуды (ең төменгі жалақымен маусымдық және біліктiлiгi төмен жұмысқа көршілес елдерден тiркеусiз адамдарды тартуды) қысқарту жөніндегі шара ретiнде жұмыс күшін импорттауға жалпы республика және оның өңiрлерi бойынша экономикада болып жатқан өзгерістерге жедел жауап беруге мүмкiндiк беретін ерекшелiкке, ауқымдыққа бағытталған квота берудiң жеңiл жүйесiн енгізу ұсынылып отыр.
Қолма-қол есептесуге жолаушы билеттерiн сатудан автоматтандырылғанға біртiндеп көшудi жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автомобильдi тасымалдауларды бірыңғай кешендi бақылауды жүзеге асыру және тиiмділiгін арттыру мақсатында көлiк бекеттерiнiң оңтайлы санын айқындай отырып автотасымалдауларды бақылаудың қолданыстағы жүйесiн жетiлдiру ұсынылып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкiмшiлiк кодекстерiне заңсыз табыс алу мақсатында лауазымды тұлғаларға пара беретiн тұлғаларды жауапқа тарту бөлiгiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледi.
§ 4. Мемлекетке үйлеспейтiн функцияларды рыноктық салаға,
бірiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік кәсiпорындар мен мегахолдингтердiң, ең алдымен iрi мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздерiне үйлеспейтiн мiндеттерiн шағын және орта бизнеске беру жөнiндегі жұмысты тындыру мәселесi қойылды, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын, мемлекеттік кәсiпорындардың қызметтерi түрлерiн түгендеудi өткізуден тұратын Жолдауды iске асыру жөніндегі бөлiгі болып табылады.
Бұл жұмысты өткізу кезiнде шаруашылық субъектілерінiң қарым-рыноктық қатынастарына мемлекет қатысуын азайту негiзгi қағидат болады және мынадай ұстанымдарға негізделетiн болады:
мемлекеттік кәсiпорындардың iс жүзiндегі санын анықтау;
мемлекеттік кәсiпорынның құрылтай құжаттарының iс-жүзiндегі тағайындауларына сәйкес келуiн тексеру;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындарды құру заңдылығын айқындау;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық-экономикалық қызметiнiң экономикалық орындылығын және тиiмдiлiгін айқындау;
мемлекеттік кәсiпорындарды бәсекелестiк аясына беру мүмкiндiгi жөнiнде негізделген ұсыныстар дайындау;
мемлекеттік кәсiпорындардың қызметтерi түрлерiне талдау жасау үшiн әдiстемелiк ұсынымдарды әрi қарай әзірлеу.
Жоғарыда баяндалған қағидаттарға сүйене Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кәсiпорындарды алдын ала талдауды жүргізiлдi, ол ағымдағы жылда-ақ 4892 кәсiпорындардың iшiнен рыноктық ортаға 1186 немесе 2414-ын беру мүмкiн екендiгiн көрсетедi.
Мемлекетке үйлеспейтiн функцияларды рыноктық салаға, бірiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру мақсатында мынадай жұмыстар өткiзiледi:
мемлекеттік кәсiпорындардың және мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың қызметтерi түрлерiн талдауды жүзеге асыру үшiн әдiстемелік ұсынымдарды әзірлеу;
тек мемлекеттік органдар, мекемелер және кәсiпорындар атқаратын мемлекеттік функцияларды рыноктық ортаға үйлеспейтiн мемлекеттік функцияларды берудi қоса нақты белгілеу;
мемлекеттік кәсіпорындардың және табиғи монополистердiң, ұлттық компаниялардың құрылтайшы құжаттарын, табиғи монополиялардың субъектiлерiн және оларға еншiлес, тәуелдi және бірлесiп бақыланатын ұйымдарды үйлеспейтiн функцияларын табу тұрығысынан оларды шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекелес ортасына беру үшiн қызметтерi түрлерiне түгендеу жүргізу;
кейбір акционерлік қоғамдар мен жауапкершілiгi шектеулi серiктестіктердегі мемлекеттің қатысу орындылығына талдау жүргiзу;
кейбір акционерлік қоғамдар мен жауапкершілiгi шектеулі серiктестiктерге қатысу орындылығына талдау жүргiзу;
компанияның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жеткiлiктi деңгейде ашықтығын құру;
бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына берудi жүзеге асыру;
бәсекелестiк рыногына беруге жататын мемлекеттік кәсiпорындардың және мемлекеттік мекеме болып қайта құрылатын мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн айқындау;
мемлекеттік мекеме болып қайта құрылатын мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн айқындау;
мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiне уәкілеттi мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды жүзеге асыру.
§ 5. Кластерлік-желiлік ұстаным негiзiнде өмiр сүруге
қабiлеттi инфрақұрылымдық жүйелердi құруды қамтамасыз ету
Кластерлiк-желiлiк ұстаным. "Кластер" ұғымы экономикалық әдебиетте құнды құрудың бірыңғай тiзбектiгі шеңберiнде бір-бірiмен өзара iс-әрекет жасайтын рыноктық институттар мен тұтынушыларды байланыстыратын өндiрiстiк және/немесе қызмет көрсетушi фирмаларды, технологиялар және ноу-хау құрушыларды аумақтық шоғырландыру базасында қалыптасқан индустриалды кешен ретiнде анықталады.
Кластерлiк-желілік ұстанымның негiзiнде "ұжымдық тиiмдiлiктiң" қағидаты жатыр. Кластерлiк-желiлiк ұстаным: кластер құру (тiк және көлденең интеграция);
ортақ iс мүдделерi негiзiнде фирмааралық кооперация;
икемдi мамандандыру арқылы шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұйықталуынан озуға бағытталған.
Тек кластерлiк-желілік ұстаным одан әрi мемлекеттік қолдаудың негiзi болуы және шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн бірыңғай желiге жалғау арқылы (оның iшiнде өздерi арасында және кластер негiздерiн қалыптастыра) - шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының институттары - қоғамдық үкiметтiк емес ұйымдар - мемлекеттік органдар жанындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі сарапшы кеңесшiлер - iрi жүйе құратын бизнес - билiк органдары "тiзбектiк реакцияны" бастамашылық етуге тиiс.
Кластерлiк-желiлiк ұстаным шағын және орта кәсiпкерлiк кәсiпорындарына өз күштерiн бірiктiру, тұйықталудан озу және фирмааралық кооперацияны дамыту арқылы өз әлеуетiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Тек кластерлiк-желiлiк ұстаным шағын және орта кәсiпкерліктi дамытуда оларды экспорттық рыноктарға шығаруға және сол жерде ұтымды бәсекелесуге жәрдемдеседi.
Бұл мәселенi шешу үшiн ұлттық диаспоралар арасында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi жөнiнде ақпаратпен алмасудың тиiмдi тетiгiн құру арқылы Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының әлеуетiн тартуға болады, соңында қайтарымды кооперация үшiн база құрылады.
Сондай-ақ озықты технологияларды, инвесторларды тарту, сыртқы рыноктарға шығу жолдарын құру үшiн диаспорлардың тарихи отандармен байланыстарын пайдалану.
Дамушы елдердiң тәжiрибесi фирмааралық кооперация кәсiпорындар бір-бірiне жақын орналасқан және сату рыноктар, инфрақұрылымға қол жетiмдiк, шетелдiк бәсекелер сияқты ортақ iскерлiк мүдделерi бар болған жағдайда орнын табатындығын көрсетедi. Осындай кластерлер шеңберiнде кәсiпорындардың бірлескен бастамалары мүдделi тараптардың өте көп болуы, ресурстарды жинақтаушы технологияларды пайдаланудан ғана өте күштi, өйткенi тiркелген шығындар тараптар, үйлестiру және келiсу күштерi арасында, шетелдiк бәсеке тұлғасы алдында айрықша таратылады.
Бұл мәселенi шешу үшiн қолда бар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау инфрақұрылымын тиiмдi пайдалануды жоғарлату бойынша және инфрақұрылым дамуында функционалдық және аумақтық айырмашылықтарды озу бойынша шаралар қолдану жұмысты жалғастыру және кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың экономикалық моделiн әзірлеу қажет.
Үлкен қаржы маркетi. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қор) мемлекеттік қолдаудың жүйеқұраушы элементi ретiнде оның аумақтық бөлiмшелерi жанында, аудандық деңгейдi қоса алғанда және микрокредиттiк ұйымдардың қатысуымен шағын кәсiпкерлiкке көмек көрсету үшiн оның жанында кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын құру (бұдан әрi - орталықтар) арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша Үлкен қаржы маркетi болады.
Орталықтар базасында мынадай қызметтер көрсетiледi:
бухгалтерлiк есеп;
салық салу;
құқықтық мәселелер және адвокатура;
шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын дамытуда ұйымдастырушылық және әдiстемелiк көмек;
оқу өткізу, ақпараттық-талдамалық және кеңестiк қолдау;
экономикалық мәселелер;
қауiпсiздiк техникасы, еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi және т.б. мәселелер;
жергiлiктi кәсiпкерлiк қызметке қызмет көрсетулердi жақындату мақсатында елде кәсiпкерлiк дамуының деңгейi және үрдiсi жөнiнде әлеуметтiк зерттеулер бойынша қызметтер көрсетiлетiн болады.
Бұдан кейiн бұл қызметтер рыноктық ортаға берiлетiн болады.