Өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында фитосанитарлық жағдайға қарай өсімдiктер ауруларына қарсы күреске және карантиндiк орданың оқшауландырылуын және жойылуын бақылауды нығайтуға назар аударылатын болады.
2003 жылдан бастап су мелиорациясында мемлекет меншігіндегi шаруашылық аралық арналар мен су-мелиорациялық үй-жайлардың апаттық учаскелерін қалпына келтiру жөніндегі бюджеттік бағдарлама, сондай-ақ ауыл шаруашылығының су пайдаланушыларына белгiленген тарифтердің 40%-ына дейiнгі мөлшерiнде суаруға арналған су беру жөніндегі қызметтердің құнын қаржыландыру жөніндегі бюджеттік бағдарлама iске асырылады, ол 2005-2007 жылдары жалғасатын болады.
Астық өндiрiсін мемлекеттік реттеу шараларын күшейту үшін егiншiлердi көктемгi аванс беру және астықты тiкелей сатып алу жолымен қаржыландыру схемасын iске асыру жалғасады. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерінің кредит-ақша ресурстарына неғұрлым кеңiнен қол жеткізуi мақсатында астық қолхаттарын рынок айналымына одан әрi тарту және ауылдық кредиттiк серiктестiктердi (АКС) дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Ауыл шаруашылығының машина жасау жүйесiнде ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер өндiрiсiн ынталандыру шаралары қабылданатын болады. Бюджеттік лизингтік бағдарламаларды қаржыландыруды әрi мемлекеттік және жеке МТС сервис-орталықтардың желілерiн құруды ұлғайту күтілуде.
11. Табиғи капиталды дамыту
11.1. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсат қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдағы кезеңге арналған негізгi мiндеттер:
шаруашылық немесе өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегi әрекеттер жүйесін әзiрлеу;
табиғатты қорғау-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу;
қоршаған орта сапасын басқару жүйесін оңтайландыру болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама базасын және табиғат ресурстарын пайдалануды жетілдіру үшін қолданылуы қоршаған ортаның жағдайына әcep eтуi мүмкiн Қазақстан Республикасының барлық басқа заңнама актiлеріне табиғатты қорғау нормалары енгiзіледi. Табиғатты қорғау заңнамасын жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi әзiрленедi.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жүйесiн оңтайландыру мақсатында "Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы" әзiрленетiн болады.
БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының мiндеттемелерін орындау және жердiң тозуы мәселелерін шешу мақсатында Қазақстан Республикасындағы шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2012 жылдарға арналған бағдарлама әзiрленетін болады.
Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту үшін барлық табиғат пайдаланушыларға қойылатын экологиялық талаптардың орындалуы жөнінде қатаң шаралар қабылданады.
2005 жылдан бастап қызметтiң экологиялық қауіптi түрлерін жүзеге асырушы кәсіпорындарды міндетті экологиялық аудиттеу жүйесi және сақтандыру жүйесi енгiзіледi, қызметін Каспий қорық аймағында жүзеге асырушы кәсіпорындарға қойылатын қосымша экологиялық талаптар әзiрленедi және Экологиялық мониторингтiң Каспий өңірлiк орталығы құрылатын болады.
Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы екi жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда БҰҰ конвенцияларына және ғаламдық халықаралық форумдардың шешiмдеріне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөнінде шаралар қабылданады.
Экономиканың барлық салаларына жаңа қалдықсыз технологияларды енгізудi қолдау есебінен қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру жөнiнде шаралар қабылданады.
Қалдықтарды орналастыру және кәдеге жарату, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға тигiзетін зиянды әсерiн азайту үшін мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
өндiрiс және тұтыну қалдықтары проблемаларын шешуге бiрыңғай мемлекеттік көзқарас қалыптастыру;
қалдықтардың қоймаларын мониторингілеу жүйесін дамыту жөніндегі шараларды әзiрлеу көзделеді.
Мұнай өндiру кезiнде ілеспе газды кәдеге жарату проблемасына ерекше назар аударылады.
Шикiзаттық бағыты бар компанияларда ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сапаны басқару жүйесi енгiзіледi.
12. Аумақтық даму және инфрақұрылым
12.1. Демография және халықты ұтымды орналастыру
Демография және көшi-қон саласындағы негізгi мақсаттар демографиялық және көшi-қон процестеріндегі келеңсiз үрдiстердi азайтуға, ел халқының санын, ең алдымен отбасы мен ананы қолдаудың нақты тетiктерiн жасау жолымен арттыру үшін негіз жасау, сондай-ақ ауыл халқын орналастыруды оңтайландыру негiзiнде ауылдың тыныс тіршілігі жағдайларын жасауға бағытталған саясатты жүргiзу болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатты iске асыру үшін мынадай мiндеттердi шешу алда тұр:
қайта қалпына келтiруді қоса алғанда, халық денсаулығының жай-күйiн жақсарту;
болашақта ұрпақтардың толық орнын басуды және халықтың ұдайы өсiмi режимiн кеңейтудi қамтамасыз ететін деңгейге дейін тууды тұрақтандыру және оны ұлғайту;
отбасының өмiр сүру жағдайларын жақсарту, үйлену-отбасылық қатынастарды нығайту;
қоғам мен индивид деңгейiнде халық денсаулығы үшiн жауапкершiлiктi арттыру;
көші-қон процестерін басқару, елдің мемлекеттік қауіпсiздігін нығайту және көшіп келушілердiң құқықтарын iске асыру үшін жағдайлар жасау;
ауылдық елдi мекендердi паспорттау негiзінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгi көрсеткіштерi бойынша қазiргi жағдайды талдау;
әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейінің өлшемдерi бойынша ауылдық елді мекендердi жiктемелеу;
экономикалық қызметтi дамыту, құрылысты инвестициялау, ауылдың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектілерін жөндеу және қайта жаңғырту.
Демография және көшi-қон саласындағы проблемаларды шешуге кешендi келу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған демографиялық және көшi-қон саясаты бағдарламасы iске асырылады.
Елде халықты қосу саясатын iске асыру мақсатында демография мәселесіне қатысты нормативтiк-құқықтық база жетілдіріледi.
Халықтың көші-қон саласындағы проблемаларын шешу үшiн мыналар көзделедi:
перспективасыз өңiрлерден перспективалы өңiрлерге iшкi көшi-қон үшін ынталандырулар жасау;
перспективаға ауылдық аумақтардың тұрғындарын орналастыру моделi бойынша ұсыныстар даярлау;
босқындардың өзi шыққан мемлекетке еркін оралуы үшін жағдайлар жасау;
заңсыз көшi-қонның жолын кесу;
Қазақстан Республикасының аумағында көші-қонды бақылау жүйесiн жетiлдiру;
оралмандардың жыл сайынғы көшіп келу квотасын ұлғайту;
жат елге қоныс аудару процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, оның iшiнде республиканың зияткерлiк әлеуеті жылыстауын болдырмауға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасында жат елге қоныс аудару көңіл күйі мониторингін енгізу;
азаматтарды қайта орналастыру және олардың құқықтарын қорғау процестерiн реттейтін екi жақты және көп жақты келісімдердi жеделдетіп жасауға және iс жүзiнде iске асырылуына жәрдемдесу.
12.2. Ауылдың әлеуметтік саласы мен инфрақұрылымын дамыту
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ауылдың әлеуметтік саласы мен инфрақұрылымын дамытуды айқындайтын негізгі құжат болып табылады.
Осы бағдарламаны әзiрлеу өмір сүруге болатын экономикалық перспективалы жерлерде ресурстарды шоғырландыруға мүмкiндiк беретін және ауыл халқының жеткілiктi кiрiстер деңгейiн қамтамасыз ететін ауыл аумақтарын тиiмдi дамыту және ауылдық орналастыру схемасын оңтайлы қалыптастыру жөнінде шараларды қабылдау қажеттiгiнен туындады.
Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттік саясатының негізгі мақсаты ауылдық орналастыруды оңтайландыру негiзiнде ауылдың (селоның) қалыпты тыныс-тiршілігі өмiр сүру жағдайларымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай міндеттердi шешу көзделедi:
ауылдық елдi мекендердi (бұдан әрi - АЕМ) паспорттау негiзiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың негізгі көрсеткiштерi бойынша қазiргі жағдайды талдау;
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдерi бойынша AEM-дi жiктеу;
экономикалық қызметтi дамыту, құрылысты инвестициялау, әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектілерін жөндеу және қайта жаңғырту жөнiнде бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу;
АЕМ әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингiн, ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсiздiгiн, жер ресурстарын бағалауды, ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтамасыз етудің нормативтерi мен стандарттарын әзiрлеу;
ауыл тұрғындарын қайта көшiрудi ынталандыру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
ауылдық тиiмдi орналастыру моделiн әзiрлеу және оны iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу.
Бағдарлама шеңберiнде проблемаларды шешудiң ауқымы мен жаңалығы әзiрленетiн шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің мүмкiндiктерiмен үйлестіру қажеттігі оны екi кезеңде iске асыруға негізделген.
Бiрiншi кезеңде (2004-2006 жж.) алғашқы үш мiндеттi шешу ұйғарылып отыр.
Бұл үшiн қазiргi кезде ауылдық елдi мекендердi паспорттау негізiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерi бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жүргiзілдi, әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнiң өлшемдерi бойынша AEM-дi жiктеу жүргiзiлдi, экономикалық қызметті дамыту, құрылысты инвестициялау, әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн жөндеу мен қайта жаңғырту жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар әзiрлендi.
Ауылдық оңтайлы орналастырудың кiрiстер мен қызмет көрсетулер құны бойынша теңгерiмдi моделiн қалыптастыру үшiн, ауыл тұрғындарының әлеуметтiк және инженерлiк қамтамасыз етiлуiнiң ұлттық стандарттары бекітілдi, көшi-қон тасқындарын мемлекеттік реттеу және ауыл көшiп-қонушыларын қолдау жөніндегі шаралар бағдарламасы әзiрлендi, қолданыстағы заңнама базасын ревизиялау жүргiзiлдi және қажеттi нормативтік құқықтық құжаттар әзiрлендi.
Екiншi кезеңде (2007-2010 жж) әрбiр АЕМ-нiң әлеуеттік сыйымдылығына бағалау жүргiзу, ауылды орналастыру жөніндегі шараларды iске асыру, ауыл тұрғындарының неғұрлым жоғары өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз ету, ауыл аумақтарын тұрақты дамыту негiздерiн құру жоспарлануда.
12.3. Өңiрлiк даму
Таяудағы жылдары өңiрлiк саясаттың мақсаты өңiрлердiң сайлауды қолдау саясатымен ұштастыра отырып, инфрақұрылымды, шаруашылық қызметтi нығайтуға және халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсартуға ықпал ететiн басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейіндегі өңiрлер арасында орын алып отырған айырмашылықтарды азайту болып табылады.
Осы кезеңде мынадай мiндеттердi шешу мiндетi тұр:
өңiрлердi әлеуметтік-экономикалық дамытудың түсiмділігi мен теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкілеттiктердiң дәл бөлу және бюджеттік қатынастар арасындағы тиiмдi модельдi жасау;
шағын қалалар мен перспективалы ауылдық аудандарға мемлекеттік қолдау көрсету;
шекара маңындағы, әсiресе ел қауiпсiздігін қамтамасыз ету үшiн оңтүстiк аудандардың экономикалық әлеуетін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеу және жүргізу;
ауыл халқын қоныстандырудың оңтайлы моделін әзiрлеу.
Өңiрлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде қалыптасып отырған айырмашылықтарды азайту мақсатында өңiрлердi дамытудағы сәйкессiздiкті олардың шаруашылықтары құрылымдарын жетiлдiру, өнеркәсiптiң қайта өңдеу секторы кәсiпорындарын дамыту, аумақтардың инфрақұрылымдық қамтамасыз етiлуiн арттыру, бiрiншi кезекті су, энергия және электрмен қамтамасыз ету, жолдар салу және оларды жөндеу, шағын кәсiпкерлiк саласын дамыту есебiнен төмендетуге ықпал ететін iс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
Өңiрлiк даму мiндеттерiн шешу үшiн мыналар көзделедi:
Республикалық деңгейде:
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi бөлу тұжырымдамасы мен бюджеттік қатынастарды жетілдіру негізiнде жүзеге асырылатын мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкілеттіктердi дәл бөлу;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейінгi кезеңге арналған бағдарламасын әзірлеу;
Шағын қалаларды дамыту бағдарламасын iске асыру;
Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
әзiрленіп жатқан Қазақстан Республикасының демографиялық және көшi-қон саясатының 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберiнде ұтымды демографиялық және көші-қон саясатын жүзеге асыру және халықтың тұрмыс деңгейiн жақсарту.
Өңiрлiк деңгейде:
экономика құрылымын, бiрiншi кезекте, шикізатты тереңдетіп қайта өңдеудi, өнiмнiң қосылған құнын ұлғайтуды ұйымдастыру жөнiнде инвесторлар үшін ынталандыру жағдайларын жасау есебiнен жетiлдiру;
Аграрлық азық-түлiк бағдарламасы шеңберiнде ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарын және ауылдың әлеуметтiк саласын дамытуды жеделдету;
инфрақұрылымның (жол, көлік және коммуникация) озық дамуын қамтамасыз ету;
индустриялық-инновациялық дамудың өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру;
ескiрген тұрғын үйдi күрделi жөндеу және авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру;
өңiр ерекшелiктерi ескерілетiн тұрғын үй құрылысының неғұрлым оңтайлы моделiн қалыптастыру жолымен жаңа тұрғын үй саясатының мiндеттерін шешу, халықтың нашар қорғалған топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету және ипотекалық кредит беру;
тұрғын үй құрылысын дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу;
өз шикізат ресурстарын қайта өңдеу саласында жаңа өндірістерді құру үшiн өңірлерге тiкелей инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстарды кеңейту;
тоқтап тұрған кәсіпорындардың жұмыстарын қайта қалпына келтiру есебiнен де, сол сияқты жаңа өндiрiстердi құру, шағын бизнесті дамыту есебiнен де жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
кедейлiкті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру;
шағын қалаларды дамыту жөнiнде, олардың экономикалық дамуына және халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсартуға қол жеткізуге бағытталған өңірлік бағдарламаларды iске асыру. Бұл ретте шекарадағы, бiрiншi кезекте, оңтүстіктегi аудандардың экономикалық әлеуетiн нығайтуға ерекше көңіл аударылатын болады;
әлеуметтік сала объектілерімен қамтамасыз етілуi, әлеуметтiк инфрақұрылым объектілерiн қаржыландыру басымдылығының өлшемдерi және мақсатты трансферттердi облыстарға бөлу қағидаттары бойынша өңiрлердi ранжирлеу ұстанымдарын айқындау.
12.4. Көлiкті және байланысты дамыту
12.4.1. Көлiкті дамыту
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының көлiктік-коммуникациялық кешенiнiң негiзгi мақсаттары сыртқы рыноктарға шығуды және коммуникацияның оңтайлы желісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін транзиттік дәлiздердi дамыту, қолданыстағы темір жолдардың және автомобиль жолдарының, су жолдарының, порттардың, әуежайлардың, аэронавигациялық кешендердiң техникалық жағдайын жақсарту, жылжымалы құрамның отандық өндiрiстік және жөндеу базасын дамыту болып табылады.
Көлiктік-коммуникациялық кешеннiң таяудағы үш жылдық кезеңдегi негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
транзиттік бағыттарды қалыптастыру және дамыту жолымен әлемдiк жүйеге бiрiктiрiлген ұтымды көлiктік-коммуникациялық желi құру;
қолданыстағы темір және автомобиль жолдарын, су жолдарын, порттарды, әуежайларды, аэронавигациялық кешендердi жаңғырту және қайта жаңарту;
көлiктің барлық түрлерi жылжымалы құрамының меншiкті өндiрістік және жөндеу базасын дамыту;
көлiктік-коммуникациялық кешен мен басқару құрылымы жұмыс iстеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
республика аумағы арқылы жүктердің транзиттiк тасымалдануының өсуi;
мемлекеттік техникалық теңiз флотын жаңарту және жаңғырту;
осы заманғы авиациялық техникаға авиа тасымалдаушылардың қол жеткізуiн ұлғайту;
Қазақстан Республикасында аэроғарыш қызметін дамыту.
Транзиттік әлеуетті дамыту
Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген iс-шараларды iске асыру жоспарланып отыр.
Республиканың транзиттік-көлiктік әлеуетiн iске асыру жөніндегі негiзгi мiндеттер:
елдiң көлiктік дәлiздерi мен транзиттік бағыттарын халықаралық деңгейде дамыту;
жолаушылардың, жүктердiң, ақпарат пен қызметтер көрсетудiң қозғалысы жолындағы табиғи емес кедергiлердi жоюға бағытталған Қазақстан Республикасының екi жақты және көп жақты ынтымақтастығын дамыту әрi тереңдету;
ұлттық көлiктiк-коммуникациялық желiлердi жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және дамыту;
қызмет көрсетудiң логистикалық жүйелерін құруға және мультимодальдық тасымалдарды дамытуға негізделетін қазiргi заманғы көлiктiк технологияларды енгізу болып табылады.
Көліктік дерекқордың ақпараттық талдамалық жүйесін және тасымалдар қауіпсiздiгi мен көлiк қызметі серпiнін мониторингтеудiң бiрыңғай базасын жасау көзделуде, бұл сыртқы сауда және транзиттiк тасымалдауды қамтамасыз ету үшiн қазiргi заманғы көлiктiк технологияларды тартуға, халықаралық және iшкi тасымалдауды басқарудың логистикалық қағидаттарын енгізуге мүмкiндік бередi.
12.4.2. Телекоммуникациялар мен байланысты дамыту
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғастырылады.
Телекоммуникациялар саласында саланы ырықтандыру нәтижесiнде экономикалық жағдайлар және телекоммуникациялар қызметтер көрсетуiне халықтың қол жетiмдiлiгiн, мемлекеттік ақпараттық қауіпсiздiкке әрi ақпараттандыру саласында отандық компаниялардың бәсекеге қабiлеттілігiне кепiлдiк беретiн мемлекеттік реттеу жүйесi жасалатын болады.
Қазақстан Республикасының "KazSat" ұлттық геостационарлық байланыс және хабарлау спутнигiнде жаңа iшкi аймақтық бағыттар ұйымдастырылатын болады.
Почта байланысының саласында қолданыстағы желiнi жаңартуға, жаңғыртуға, қайта жабдықтауға, оның қаржы және материалдық жағдайын тұрақтандыруға, сапалы және сандық көрсеткiштердi арттыруға бағытталған iс-шаралар жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстігін құру және дамыту электрондық Үкімет қалыптастыру шеңберiнде жүзеге асырылады. Электрондық Үкiмет инфрақұрылымын жасау таяудағы 2-3 жылда озық технологияларды енгізу арқылы дамыған елдермен "цифрлық алшақтықты" қысқартуға, халықтың базалық ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуге және әлеуметтiк маңызды ақпаратқа әмбебап қол жетімдiлігін қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен
бекітілген
2-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері
Астана-2004
Атауы | 2004 жыл бағалау | Болжам |
2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
Жалақының ең төменгі мөлшерi, теңге 6600 6976 7360 7713 Зейнетақының ең төменгi мөлшерi, теңге 5800 6200 6541 6855 Күн көрiстiң ең төменгi мөлшерi, теңге 5405 5713 6027 6317 Ең төменгi есептiк көрсеткiш, теңге 919 971 1025 1074 Жұмыс күшiнiң импортына квота (Қазақстан Республикасының шекаралас облыстарында ауыл шаруашылық жұмыстарында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын көшiп келген еңбекшiлердi есепке алғанда), %-бен* 0,21 0,21 0,21 0,21 |
* көшiп келген еңбекшілердi ескере отырып, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота болжамы Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының 0,21% ретінде есептеледі.
Ескерту:
мемлекеттік әлеуметтік өтемақылар мөлшерi "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңында белгіленген және ең төменгі есептiк көрсеткіштің еселiгiнен есептеледі;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегi Кеден кодексiне сәйкес тауарлар мен қызметтер көрсету импортына кедендiк тарифтерiнiң өзгеруі қажеттілігiне қарай Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қаулыларымен бекiтіледi;
өнiмдi (жұмыстар мен қызметтер көрсетудi) өндiруге арналған стандарттар "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегi № 433 Заңының 10-бабының 7-тармағына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкiлетті орган белгілеген тәртiппен бекiтіледi.
2005-2007 жылдарға арналған шикiзат тауарларына
есептiк тұрақты әлемдiк бағалар
Тауардың атауы | 2003 жылғы экспорт құ. рылымындағы үлес салмағы | Өлшем бiрлiгi | 2004 жылғы орташа әлемдiк баға | 2005-2007 жылдарға ар. налған есеп. тік тұрақты әлемдiк бағада |
Шикi мұнай (BRENT қоспасы) Тазартылған мыс Өңделмеген мырыш Тазартылған қорғасын | 54,4 4,8 1,1 0,4 | АҚШ долл./ баррель АҚШ долл./ тонна АҚШ долл./ тонна АҚШ долл./ тонна | 31-33 2100-2300 850-1000 420-500 | 19 2100 850 420 |