2004 жылы жалпы кiрiс сомасы 1345,5 млн. теңге мөлшерiнде күтіліп отыр, бұл 2003 жылғы көрсеткiштен 8,1%-ға төмен.
2004 жыл бойынша шығыстар 739,0 млн. теңге сомасында көзделiп отыр, бұл 2003 жылғы көрсеткiштен 134,3 млн. теңгеге, 22,2%-ға жоғары.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы таза пайданың 191,1 млн. теңгеге азаюы, 32,2%-ға төмендеуi күтілуде. Тиiсiнше мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер 98,1 млн. теңгеге азаяды және 206,5 млн. теңге құрайтын болады.
"KEGOC" ААҚ
2002 жылы электр энергиясын Қоғам тораптары бойынша беру көлемдерi 2001 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға кемiдi және 23,8 млрд. кВт.сағатты құрады. Электр энергиясының Қоғам тораптары бойынша берiлу көлемдерiнiң кемуi республиканың оңтүстiк өңiрi тұтынушыларының ЖМАЭС-ның жұмыс кезеңiнде өңiрлiк электр торабы компанияның тораптары бойынша электрмен жабдықталуына көшуiне, электрмен жабдықталу схемаларының өзгеруiне, сондай-ақ Қоғамның кейбір қызмет тұтынушыларының ҰЭТ шунттайтын өз ЭЖЖ салуына байланысты.
2003 жылы "KEGOC" ААҚ тораптары бойынша электр энергиясын беру көлемi 26,9 млрд. кВт.сағатты құрады, бұл 2002 жылғы көрсеткiштен 13%-ға жоғары. Беру көлемiнiң өсуi, негізiнен, Ресейге электр энергиясын "Екiбастұз МАЭС-2" станциясынан экспорттық жеткізудiң ұлғаюымен, сондай-ақ Ресей Федерациясына Тәжікстан мен Қырғызстандық электр энергиясын Қазақстан аумағы арқылы транзиттеуiмен байланысты.
2003 жылы Қоғамның негiзгi қызметтен түсетін кiрістері 15742,2 млн. теңгенi құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 24,9%-ға көп.
2004 жылы Қоғамның негiзгi қызметтен түсетiн кiрiстерi 15104,4 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр (2003 жылғы деңгейден 4,1%-ға төмен).
Негізгі қызметтен түсетiн кiрiстің азаюы Ақсу ферроқорытпа зауытының кәсіпорынның электрмен жабдықталуын толық қамтамасыз ететiн меншiктi электр беру торабын салуымен және тиiсiнше аталмыш кәсiпорынның электрмен жабдықтаудың сенімдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегі қызметтерден бас тартуымен шарттасып отыр. Бұдан басқа, Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты 2004 жылғы 1 ақпаннан бастап Қоғам электр энергиясын беру және техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтерге тарифтердi төмендеттi.
2003 жылы Қоғамның негiзгі қызмет бойынша шығыстары 2002 жылғы шығындардан 9,7%-ғa жоғары 13346 млн. теңгенi құрады, бұл персоналды оқытуға және ҰЭT жаңғырту жобасы бойынша консультациялық қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын, қарыз қаражатынан қаржыландырылатын ағымдағы шығыстардың ұлғаюымен, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаға сәйкес негiзгi құралдардың енгізiлуiмен шарттасқан амортизациялық аударымдардың ұлғаюымен байланысты.
2004 жылы Қоғамның негізгі қызмет бойынша шығыстары 15084,4 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланып отыр. Негізгi қызмет бойынша шығыстардың 1738,4 млн. теңгеге өсуi конкурстар өткізудiң тежелуiне, негізгi құралдардың қолданысқа енгiзiлуiмен негiзделген амортизациялық аударымдардың және мүлiк салығының өсуiне, ағымдағы шығыстарға жатқызылатын кредиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты Қоғамның электр торабы объектiлерiн пайдалану және жөндеу жөнiндегі жұмыстардың бiр бөлiгінiң 2003 жылдан 2004 жылға ауыстырылуына байланысты, бұл сондай-ақ ҰЭT-ты жаңғырту жобасы бойынша негiзгі құралдардың енгізiлуiмен байланысты.
2003 жылы Қоғамның таза пайдасы 1741,5 млн. теңгені құрады.
Қазақстандағы бүкiл энергия желісінiң жұмыс iстеу сенімдiлiгi мен тиiмдiлігін арттыру мақсатында Қоғам ХҚҚДБ мен ЕҚҚДБ-нiң қарыз қаражатын тарта отырып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық электр торабын жаңғырту" жобасын iске асыру үстінде. Жобаның жалпы құны - 258,4 млн. АҚШ доллары болды. Капитал салымдарының жалпы көлемiнен жоба бойынша 3021,6 млн. теңге кредит қаражаты және 1421,4 млн. теңге меншiкті қаражат игерiлдi.
Жаңғырту жобасы iске асырыла бастағаннан берi 2004 жылғы 1 қаңтарда 65,5 млн. АҚШ доллары сомасына, оның iшiнде 2003 жылы 46,9 млн. қарыз қаражаты жұмсалды. Бiрлесiп қаржыландыру желісі бойынша Қоғам қаражатының 59,4 млн. АҚШ доллары жұмсалды.
Жоба бойынша капитал салымдарын игеру (ҚҚС-пен) 10517,1 млн. теңгенi, оның iшiнде ХҚҚДБ мен ЕҚКДБ-нiң қарыз қаражаты бойынша 6168,2 млн. теңгенi, бiрлесiп қаржыландыру желісі бойынша Қоғам қаражатынан 4348,9 млн. теңгені құрады.
2003 жылы Қоғам "Қазақстанның Солтүстiгi-Оңтүстiгi транзитiнiң 500 кВ-тың екiншi электр беру желісін салу" жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты бастады. 2003 жылы осы мақсаттарға 26 млн. АҚШ долларын бағыттау жоспарлануда. 1096,8 млн. теңге, оның iшiнде ЕҚҚДБ мен ҚДБ-нiң қарыз қаражатынан 510,3 млн. теңге сомасындағы қаражатты "ОҚГРЭС" және "Шу" кiшi станцияларындағы жобалық iзденiс жұмыстарын орындауға, ӘЖ екiншi және үшiншi учаскелерiнiң трассасын таңдау және келiсу жөнiндегі жұмыстарды жүргізуге консультанттың қызметтер көрсету ақысын төлеуге және жоғары вольттық жабдық сатып алуға жiберу жоспарланып отыр.
Аппаратты Астана қаласына көшiру Қоғамның инвестициялық бағдарламасының бір бағыты болып табылады, бұған 2708,4 млн. теңге мөлшерiнде қаражат көзделген.
2004 жылы Қоғам инвестициялық қызметке 15,3 млрд. теңге, оның ішiнде қарыз қаражатынан 7,1 млрд. теңге, меншiктi қаражаттан 8,2 млрд. теңге мөлшерiнде қаражат жiберудi жоспарлап отыр.
"Қазпочта" ААҚ
Қазақстан почтасы қаржы жағдайының орнықтылығы мен тұрақты өсу сатысына сеніммен көшу үстiнде: почта байланысының сапасы бiртiндеп жақсартуда, почта-қаржылық қызметтер көрсету аймағы кеңеюде, қазiргi заманғы коммерциялық қызметтер көрсету дамуда.
2003 жылы Қоғам 16,2 млн. бiрлiк жазбаша хат-хабар қабылдады, бұл 2002 жылғы деңгейден 7,3%-ғa асып түстi. Алайда, мерзiмдi басылымдар санының бiраз - 2,8%-ға азаюы орын алып отыр. Мұны жаңа байланыс құралдарының пайда болуымен және соған ұқсас қызметтердi басқа жеткізушiлер тарапынан өсiп келе жатқан бәсекелестiкпен түсiндiруге болады.
Мерзiмдi басылымдарға жазылу және оны өткізу - 65,7% ақылы айырбастың жалпы көлемiндегі ең көп үлес салмаққа ие, зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу үлесі 21,0%-ды, жазбаша хат-хабарлар үлесi 11,6%-ды құрайды.
2003 жылы аудандық мәндегi қалалар мен селолық өңiрлерде зейнетақының, жәрдемақының және атаулы әлеуметтiк көмектiң дербес төлемдерi жөніндегі iс-шараларды iске асыру жалғастырылды.
2003 жылы жалпы сомасы 93,6 млрд. теңге болатын барлығы 19,5 млн. зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтiк көмек төлемдерi жүргiзiлдi, бұл 2002 жылғы нақты орындаудан 40,1%-ға жоғары. Қалыптасқан үрдiс Қоғамның осы бағыттағы жұмысын жандандыру жөнiндегі мiндеттердiң iске асырылуына оң сипаттама бередi.
2003 жылы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi бойынша Қоғамның жиынтық кiрiсi 2002 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 15,1%-ға өсiп, 5003,4 млн. теңгенi құрады. 2003 жылы жиынтық шығыстар 2002 жылғы деңгейден 17,7%-ға асып түсіп, 4851,7 млн. теңгені құрады. 2003 жылы Қоғамның таза пайдасы 2002 жылғы деңгейден 17,7%-ға немесе 22,8 млн. теңгеге асып түсiп, 151,7 млн. теңгенi құрады.
2004 жылы Қоғам мерзiмдi басылымдар бойынша почталық алмасудың құлдырауын еңсерудi, сондай-ақ 2002-2003 жылдары байқалған жазбаша хат-хабарлар, зейнетақы, жәрдемақы төлемдерi және почталық ақша аударымдары бойынша ақылы алмасулардың өсу үрдiсін сақтауды жоспарлап отыр.
2004 жылы шығатын ақылы алмасулар көлемiн 10,4%-ға ұлғайту күтiлуде. 2004 жылдан бастап аудан орталықтары мен селоларда зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі функцияларды біртіндеп Қоғамға беру жоспарлануда.
Тиiмдi жұмыс iстейтiн отандық почта-жинақтаушы жүйені қалыптастыруға бағытталған қызметтi жандандыру нәтижесiнде компанияның қаржылық жай-күйi бiршама жақсарды.
2004 жылы 2003 жылдың деңгейiмен салыстырғанда жиынтық табыстың 22,7%-ғa өсуi күтiлуде, бұл 1133,4 млн. теңге құрайды, жиынтық шығыс деңгейi 23,7%-ға немесе 1149,5 млн. теңгеге өседi.
"Қазақтелеком" ААҚ
2002-2004 жылдары "Қазақтелеком" ААҚ-тың жоғары өндiрiстiк және қаржы көрсеткiштерi байқалды.
2002 жылы "Қазақтелеком" ААҚ-ты серпiндi дамыту жөніндегі оң үрдiстер нығайтылды. Жоспарланған көптеген өндiрiстiк және қаржы көрсеткiштерi асыра орындалды.
Жергiлiктi желiлердi жаңғырту жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Облыс орталықтары мен облысқа бағынышты қалаларда цифрлы ATC орнатылды. Қалалық телефон станцияларында, аймақтық желiлерде цифрлы АТС iске қосылды.
"Қазақтелеком" ААҚ 2002 жылы уақыттық есептеудi жаппай енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастырды. Тараз, Өскемен, Орал, Павлодар, Ақтау, Петропавл, Атырау, Қостанай және Көкшетау қалаларында балама АТС-дың уақыттық есептеу жабдықтары тәжiрибелiк пайдалануға қабылданды.
2002 жылы 12147,2 млн. теңге сомасында таза пайда алынды, бұл 2001 жылғы деңгейден 40,6%-ға жоғары. 2002 жылғы қорытынды бойынша дивидендтер төлеу жай акциялар бойынша 3,24 млрд. теңге мөлшерiнде, оның ішінде мемлекеттік акциялар пакетiне - 1,8 млрд. теңгенi құрады.
2003 жылы қалааралық, халықаралық телефон трафигi 1499,3 млн. минутты, оның iшінде мынадай бағыттар бойынша: Қазақстан Республикасы 1377,1 млн. минут, ТМД мемлекеттерi бойынша - 108,8 млн. минут, алыс шетелдер бойынша - 13,4 млн. минутты құрады.
2003 жылы таза пайда мөлшерi 14845 млн. теңгенi құрады.
Инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру сыртқы қарыздар есебiнен (10865 млн. теңге) және меншiктi қаражатты пайдалану жолымен (8840 млн. теңге) қамтамасыз етiлдi. Инвестициялар жергiлiктi телекоммуникация желiлерін жаңғырту мен дамытуға, Шығыс ТОБЖ салуды аяқтауға, Интернетке сыртқы арнаның жалпы сыйымдылығын 68 Мбит/с дейiн өсiре отырып, деректер беру желiлерін дамытуға бағытталды.
2004 жылы қалааралық, халықаралық телефон трафигi 5%-ға өсiп, 1625 млн. минутты құрайды, негізгi телефон аппараттарының саны тиiсiнше 6%-ғa өсiп, 2362 бiрлiктi құрайды.
2004 жылы 12,3 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда болжанып отыр, бұл 2003 жылғы деңгейден 17%-ға төмен. Бұл төмендеу телекоммуникациялар саласын ырықтандыру саясатын жүргiзу және компанияның қалааралық, халықаралық байланысқа эксклюзивтi құқығын алып тастау нәтижесiнде алынды. Дивидендтердi төлеуге таза пайданың 20%-ын жұмсау жорамалданып отыр.
Компанияның инвестициялық саясаты телекоммуникациялар саласындағы ең жаңа технологияларды дамытуға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағымдар транзитiн көбейтуге, жергiлiктi телекоммуникациялар желілерін дамытуға бағытталған.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2002 жылы жүк айналымы 133088,4 млн. т-км-дi, жолаушылар айналымы 10448,7 млн. ж-км-дi құрады.
2002 жылғы қорытындылар бойынша таза пайда 20924 млн. теңгенi құрады. Мұндай нәтиже жүк тасымалдарын 14%-ға ұлғайту, тасымалданатын жүктердiң құрылымын өзгерту ("қымбат жүктердiң" үлесi ұлғайды), жүк тасымалдарына тарифтердi 7%-ға ұлғайту, валюта бағамының өсуi, "Қазақстан темір жолы" РМК қайта ұйымдастыру, жөндеу бағдарламасының толық игерiлмеуi әсерiнен болды.
2003 жылы жүк айналымы 147672 млн. т-км-дi құрады. (2002 жылмен салыстырғанда жүктердi тиеу көлемiнiң өсуi есебiнен 11%-ға ұлғайды).
2003 жылдың қорытындылары бойынша 17732 млн. теңге мөлшерiнде оң қаржылық нәтиже алынды, бұл 2002 жылғы деңгейден 15,3%-ғa төмен. 2003 жылы бюджетке 1773,2 млн. теңге мөлшерiнде мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
2003 жылы инвестицияларды игеру 50185 млн. теңгенi, оның iшiнде сыртқы қарыздар есебiнен 9549 млн. теңгенi, меншiктi қаражат есебiнен 40636 млн. теңгенi құрады.
2004 жылы жоспарланып отырған жүк айналымы 159108 млн. т-км-дi құрайды, бұл 2003 жылғы деңгейден 7,1%-ға жоғары. Бұл өсу жүктердi тиеудiң өсуi есебiнен алынды.
2004 жылдың қорытындылары бойынша 580 млн. теңге мөлшерiнде оң қаржылық нәтиже күтіліп отыр, 2003 жылмен салыстырғандағы құлдырау өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құнының негiзгі қызметтен түсетiн кiрiстерден 5% өсiмiне 25,8%-ға өсуiне байланысты. 2004 жылы мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер төлеуге таза пайда үлесi 58 млн. теңгенi құрайды.
Магистральдық темір жол желісі инфрақұрылымы объектілерiн оңалту инвестициялық қызметте негізгi орын алады. 2004 жылы инфрақұрылымды оңалтуға және дамытуға 21100,1 млн. теңге, байланысты ақпараттандыруға және дамытуға 1901,4 млн. теңге, Хромтау - Алтынсарин темір жол желісін салуға 1739,0 млн. теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға және импортты алмастыратын жаңа өндiрiстердi құруға инвестициялар көлемi 499,5 млн. теңгенi құрайды.
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
Рейстер мен жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша әуежай арқылы қозғалыс көлемi Компанияның өндiрiстiк қызметiн сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Өткен кезеңмен салыстырғанда қызмет көрсетілген рейстер санының даму үрдiсi 2002 жылы 15%-ға және 2003 жылы 14%-ғa ұлғаюмен сипатталады. Қызмет көрсетiлген жолаушылар саны да тиiсiнше 17%-ғa және 23%-ға өстi. 2002 жылы аталған көрсеткiштер бойынша орташа тәулiктiк деректерi әуе кемелерiнiң 28 ұшу-қонуын және 883 қызмет көрсетiлген жолаушыны, 2003 жылы тиiсiнше 32 және 1088-дi құрады.
Бар бағыттардағы рейстердiң жиiлiгiн ұлғайту және жаңаларын ашу осы үрдiстiң айқындаушы факторы болып табылады. 2002-2003 жылдары Компания қызмет көрсеткен рейстер мен жолаушылардың жалпы көлемiнiң негiзгі үлесiн Қазақстанның барлық iрi қалаларының астанамен байланысын қамтамасыз ету үшiн iшкi әуе желiлерiн кеңейтумен негiзделген iшкi әуе тасымалдары құрайтынын (75%) атап өткен жөн.
2003 жылы Компанияның кiрiсi 3754 млн. теңге құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 162%-ға (2319 млн. теңге) және жоспар деңгейiнен 136%-ға (2165 млн. теңге) асып түстi. Қоғамның операциялық емес қызметтен түсетiн кiрiстерiнiң 1899 млн. теңгеге ұлғаюы кiрiстердiң едәуір өсуiнiң айқындаушы факторы болды.
Операциялық қызметтен түсетiн кiрiстердiң 2002 жылғы деңгейден 30%-ға (425 млн. теңге) ұлғаюы әуе тасымалдарының 15%-ға ұлғаюы және 2003 жылғы екiнші тоқсаннан бастап әуежайдың реттейтін қызметтерiне тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейiнiң артуы салдарынан болды. Өткен кезеңмен салыстырғанда 2003 жылы тарифтер деңгейiнiң едәуiр ұлғаюын табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкiлеттi орган бұрын тұрақты iшкi әуе тасымалдары үшiн әуежайлардың қызметтерiне тарифтерді теңгемен қайта есептеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1999 жылғы 1 сәуiрге белгiлеген АҚШ долларының тiркелген бағамы (87,5 теңге) бойынша жүзеге асырғандығымен түсiндiруге болады.
2003 жылы әуежайдың шығыстары 3034 млн. теңгенi құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 77%-ғa немесе 1316 млн. теңгеге асып түстi және жоспарланатын көлемнен 60%-ға (1143 млн.теңгеге) ұлғайды.
Әуежайдың операциялық емес қызметтен болатын шығыстарының 892 млн. теңгеге ұлғаюы Қоғам шығыстарының ұлғаюының негiзгі себебi болды, мұнда негізгі құралдарды қайта бағалаумен байланысты шығыстар (тиiсті тозуды түзетумен - 570 млн. теңге), сондай-ақ бағамдық айырма бойынша шығыстар негізгі үлесті құрайды.
2003 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен (1515 млн. теңге) әуежайдың ұшу-қону алаңына қайта жаңарту жүргiзiлдi.
2003 жылдың қорытындылары 720 млн. теңге сомасындағы оң қаржы нәтижесiмен сипатталады.
2004 жылы 12764 рейске және 441705 жолаушыға қызмет көрсету күтіліп отыр, бұл өткен жылғы деңгейден тиiсiнше 11%-ға және 23%-ға асып түсiп, жоспарланған көлемдерге сәйкес келедi.
Жалпы көлемдегi бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы рыноктарының үлесi өткен кезеңдегi деңгейде сақталып отыр және iшкi желiлер үшiн 78 %-ды халықаралық тасымалдар үшін 22 %-ды құрайды.
2004 жылы Компания кiрiстерi 4915 млн. теңге сомасында көзделiп отыр, бұл 2003 жылғы деңгей мен жоспардан 31 %-ға (1160 млн. теңге) асып түсті. Кiрiстердiң өсуiнiң негiзгі факторлары: әуе тасымалдары көлемiнiң өсуiмен және 2003 жылғы екiншi тоқсаннан бастап тарифтер деңгейiнiң өзгеруiмен, сондай-ақ Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi (JBIC) қарызының кредиттiк қаражатын қайта бағалау кезіндегі бағамдық айырмамен байланысты Қоғамның операциялық емес қызметтен түсетiн кiрiстерiнiң 485 млн. теңгеге ұлғаюымен байланысты әуежай қызметтерiн көрсетуден түсетiн кiрістердiң ұлғаюы болып табылады.
2004 жылы әуежай шығыстары 4340 млн. теңгенi құрайды, бұл 2003 жылғы деңгейден 43%-ға немесе 1306 млн. теңгеге асып түседi және жоспарланатын көлемнен 15%-ға (579 млн. теңге) ұлғайды.
Бағамдық айырма бойынша шығыстармен байланысты операциялық емес қызмет бойынша шығыстардың 1090 млн. теңгеге ұлғаюы көрсетiлген кезеңде Қоғам шығыстарының ұлғаюының негiзгi себебi болды.
2004 жылғы қорытындылар 574 млн. теңге сомасындағы оң қаржы нәтижесiмен күтiлуде.
Компанияның инвестициялық қызметi екi негiзгі бағыт бойынша жүзеге асырылды:
1. "Астана қаласының халықаралық әуежайын салу" жобасын iске асыру
Жобаның жалпы құны 35,9 млрд. теңге, қаржыландыру көздерi Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің (JBIC) үкiметтiк қарызы және республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру. Iске асырылу кезеңi 1998-2005 жылдар.
Жобаның TЭH-не сәйкес жаңа терминалдың сағатына 600 жолаушыға дейiнгi жобалы қуатқа шығуы 2005 жылға жоспарлануда.
2. Негiзгi қорларды ауыстыру
Негiзгі қорларды жаңғырту шеңберiнде әуежайдың меншiктi қаражаты есебiнен негiзгі құралдарға жөндеу жүргізiлдi және олар ауыстырылды (арнаулы техника, жабдық, әуе кемелерi тұратын орындарды жөндеу).
"Қазақпарат" ҰК" ААҚ
2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы кiрiстердiң 4 есе немесе 79,9 млн. теңгеге ұлғаюы байқалды. Бұл ретте шығыстар 78,9 млн. теңгеге немесе 3 есе өстi. Кiрiстердiң өсуiнiң шығыстардың 6 %-ға асып түсуi Компанияның қаржы жағдайының бiртiндеп оңалуының және дағдарыс алдындағы жағдайдан шығуын білдіредi.
Ақпараттық өнiм өндiрiсi өсуiнiң жандануы, жазылушылар санын ұлғайту жөнiнде алдын ала қабылданған шаралар, ұсынылатын өнiм сапасының артуы, тілшiлiк желiнi одан әрi iрiлендiру Компанияның белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткізуiне мүмкiндiк бердi.
Компанияның өндірiстiк қуатының өсуiн егжей-тегжейлi қараған жағдайда 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы шығарылатын жаңалық өнімiнiң абсолюттi мәндегi саны жыл сайын 15204 жаңалыққа немесе 83,4%-ға өсті.
2003 жылы жұмыс қорытындылары бойынша жалпы кiрiс 100,9 млн. теңгенi, шығыстық бөлiк 102,7 млн. теңгенi құрады, бұл 1,8 млн. теңге мөлшеріндегі залалды нәтижеге әкеп соқты.
2004 жылы негізгi қызметтен түсетiн кiрiс 142,9 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 43%-ғa немесе 43,2 млн. теңгеге артық. Бұл ретте шығыстар 137,2 млн. теңге сомасында жоспарланған, бұл 2003 жылғы соған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 34%-ға артық.
2004 жыл бойы қолданыстағы ұстанымдарды күшейту, әрi неғұрлым перспективалы ақпараттық рыноктарға шығу жоспарлануда. Осы тұрғыда сапалы компаниялар санын жүргiзу есебiнен клиенттік базаны одан әрi кеңейту, сондай-ақ жаңа пилоттық жобаларды енгізу, қосымша маркетингтiк әзiрлемелердi жүргiзу ұйғарылып отыр.
Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясатын жария ету үшiн 2004 жылдың басында Компания сайтында "Индустриялық-инновациялық саясат" атты баннер орналастырылды, мұнда Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының тарихына, ағымдағы жай-күйiне және перспективаларына қатысты барлық тақырыптар мен мәселелердiң жарияланымы көрiнiс тапты.
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ
Машина жасау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын "Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысының негiзінде құрылды.
2002 жылы Компания өндiрген өнiм көлемi 4,4 млрд. теңгенi, 2003 жылы 3,9 млрд. теңгенi құрады, азаю 11,4%-ды құрады.
Негiзгi қызметтен түсетін кiрiс 2002 жылы 4,9 млрд. теңгенi, 2003 жылы 4,5 млрд. теңгенi құрады. Кiрiстердiң азаюы 8,6%-ды құрады.
2002 жылы таза залал 75 млн. теңге сомасында қалыптасты, 2003 жылы 609,7 млн. теңгенi құрады.
2003 жылы мұндай залалдық цифрларының пайда болуын туындатқан себептер: өткен жылдар шығыстарының 2003 жылы көрiнiс табуы, кәсiпорындарда жүйеленген әрi дұрыс бухгалтерлiк және салықтық есептiң болмауы, дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiндегі қанағаттанғысыз жұмыс, өнiмнiң өзiндiк құнын қалыптастырудың дұрыстығын бақылаудың болмауы болып табылады, бұл тауарларды өзiндiк құнынан төмен өткізуге алып келдi.
2005-2007 жылдарға арналған перспективалар
"ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Компания өз алдына мынадай ұзақ мерзiмдi стратегиялық мақсаттарды қояды:
шикiзат базасын дамыту және шикiзат өндiрудiң жоғары өсу қарқынын ұстап тұру;
шикiзат ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлігін арттыру;
мұнай операцияларын қолдау үшiн мұнай өңдеу саласын, мұнай-газ тасымалы жүйесi мен инфрақұрылымын дамыту;
жобаларды Компанияның Солтүстiк Каспий жобасын iске асыру шеңберiнде қатысуымен кеңейтудi қамтамасыз ету;
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасына сәйкес функциялар мен iс-шараларды жүзеге асыру;
мұнай-газ саласы үшін ұлттық кадрларды дамыту;
өндiрiстегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары
Мұнай мен газ өндiру жөнiндегі қуаттың, техникалық деңгейдiң өсуi, инфрақұрылымды дамыту және әртараптандыру негiзiнде Компания мен оның еншiлес ұйымдарының көмiрсутектердi барлауды, өндiрудi, қайта өңдеудi, тасымалдауды және өткізудi қоса алғанда, инвестициялық қызметiнiң тиiмдiлігін қамтамасыз ететiн белсендi инвестициялық саясат қойылған мақсаттарға қол жеткізудегi негізгі құрал болып табылады.
2005 жылы мұнай өндiру 8,7 млн. тоннаға, ал 2006 және 2007 жылдары 8,85 млн. тоннаға жетедi деп жоспарлануда.
Атырау МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемi 2005 жылы 2500 млн. тоннаны және 2006 мен 2007 жылдары 3100 млн. тоннаны құрайды.
2006 жылы мұнай тасымалдау көлемi 2007 жылы 52,3 млн. тоннаға ұлғаюымен 46,6 млн. тонна деңгейiнде жоспарлануда.
2005 жылы газ тасымалдау көлемi 133,3 млн. м.3, 2006 жылы 141,2 млн. м.3, 2007 жылы 154,7 млн. м.3 құрайды.
Компанияның жиынтық таза табысы 2006 жылы - 40,2 млрд. теңге және 2007 жылы - 45,7 млрд. теңге болып жоспарлануда.
Мұнайды өткізу барлық үш дәстүрлi бағыт бойынша жүзеге асырылады: iшкi рынок (Атырау МӨЗ), жақын және алыс шетелдерге экспорт, оның үстiне Атырау МӨЗ-ге және алыс шетелдерге жеткізу басымдылық сипатқа ие болады. Алыс шетелдерге экспорт шығару 2003 жылы 2,1 млрд. тоннадан 2007 жылы 2,2 млн. тоннаға дейiн ұлғаяды.
Бірқатар негiзгі инвестициялық жобаларды, оның iшiнде:
Өзен кен орнын оңалту (19,3 млрд. теңге) және Амангелдi топты газ кен орындарын игеру (21,5 млрд. теңге) жобаларын;
мынадай: Оңтүстiк Жамбай - Оңтүстiк Забурунье (310 млрд. теңге), Түпқараған (15,4 млрд. теңге), Аташ (3,5 млрд. теңге), C1 жағалау блогы, С2 жағалау блогы, Арал (14,2 млрд. теңге) кен орындарын геологиялық барлау және игеру жобаларын;
Атырау МӨЗ-дi қайта жаңарту жобасын (42,9 млрд. теңге);
Атырау қаласы әуежайының ұшу-қону алаңын салу жобасын (3,4 млрд. теңге);
Батыс Қазақстанда мультсервистік байланыс желісін салудың және Атырау-Теңiз-Ақтау, Шымкент-Құмкөл учаскелерiнде ТОБЖ салуды қаржыландыруға үлестік қатысудың бiрiктiрiлген жобасын (2,1 млрд. теңге); мұнай мен газды қайта өңдеу өнiмдерiн өткізу желісін құру және кеңейту жобасын (3,5 млрд. теңге) жүзеге асыру жоспарлануда.
"Қазатомөнеркәсiп" ҰAК" ЖАҚ
Мақсаттары мен міндеттерi
Уран өнеркәсiбi кәсiпорындарын басқару функцияларын қамтамасыз ету Қоғамның негізгі мақсаты болып табылады.
Мақсаттарға орай, болжамды кезеңде шешiлуi қажет мынадай мiндеттер қалыптасты.
Уран өндірiсiн дамыту бойынша
жылына BBЭP үлгiсiндегі реакторлар үшін 200 тонна отын таблеткаларын және РБМК үлгiсiндегі ресейлiк реакторлар үшін 200 тонна отын таблеткаларын өндiре отырып, УГФ мен қалпына келтiрiлген уранды отын таблеткаларына дейiн қайта өңдеу қызметтер көрсету рыногында өз ұстанымын сақтау;
құрамында уран бар материалдарды - қайталама балқымаларды жылына 150 тонна көлемінде қайта өңдеу қызметтері бар әлемдік уран рыногындағы өз ұстанымдарын сақтау және кеңейту;