кезеңнiң соңына
| 2003 ж. есеп | 2004 ж. бағалау | болжам | 2004 ж. %-бен 2005 ж. | 2004 ж. %-бен 2007 ж. |
2005 ж. | 2006 ж | 2007 ж. |
Қаржы секторы Банк жүйе- 732,5 980 1209 1439 1690 123,4 172,4 сiндегі ре- зиденттер- дiң депо- зиттерi, млрд.теңге Экономикаға 978,1 1363 1714 2081 2484 125,8 182,2 банктердiң кредиттерi, млрд-теңге Жеке тұлға- 10,9 9,0-10,5 8,2-10,2 лардың мер- 7,5-9,2 7,2-8,7 зiмдiк тең- гелiк депо- зиттерi бойынша сый- ақының ор- таша алған- дағы став- касы, % Заңды тұлға- 14,9 13,2-15,2 ларға берiл- 12,7-14,7 ген теңге 12,2-14,2 түрiндегі 11,2-13,2 кредиттер бойынша сый- ақының орташа алғандағы ставкасы, % |
| | | | | | | |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен
бекітілген
4-бөлім. 2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленіп
жатқан мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі
Астана-2004
Орыс тіліндегі мәтінді қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен
бекітілген
5-бөлім. 2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін
мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі
басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың тізбесі)
Астана, 2004 ж.
2005-2007 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік
инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі
Орыс тіліндегі мәтінді қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен
назарға алынды
6-бөлім. Ұлттық компанияларды дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары
мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
Астана - 2004 ж.
Кіріспе
2003 жылы ұлттық компанияларға 15 компания жатқызылды. Республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанындағы екеуiн ("Қазаэронавигация" РМК және "Ақтау теңіз сауда порты" PMК) қоспағанда, олардың ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады.
2003 жылғы мамырдан бастап күшiне енген "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 5-тармағына сәйкес ұлттық компанияларға тек акционерлік қоғамдар ғана жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысымен ұлттық компанияларға 12 акционерлік қоғам жатқызылып, осы арқылы мынадай кәсiпорындар: "Қазаэронавигация" РМК, "Ақтау теңiз сауда порты" РМК және "Эйр Қазақстан" ЖАҚ (банкрот) ұлттық компаниялар санатынан шығарылды.
2004 жылы Ұлттық компаниялардың тiзбесi мынадай болды:
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
"Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ
"Қазпочта" ААҚ
"Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
"Қазақтелеком" ААҚ
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
"Қазақ ақпарат агенттiгi" Ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" ААҚ
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" ААҚ.
Қазақстан Республикасының бұл ұлттық компанияларына мынадай мемлекеттік органдар жетекшiлiк етедi:
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
1. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2. "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ
3. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
Көлік және коммуникациялар министрлігі
1. "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ
2. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
Ақпарат министрлігі
"Қазақ ақпарат агенттiгi" Ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" ААҚ
Индустрия және сауда министрлiгі
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы ААҚ
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгi
1. "Қазпочта" ААҚ
2. "Қазақтелеком" ААҚ
3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ.
Ұлттық компаниялар мемлекеттiң ұлттық, экономикалық және энергетикалық қауiпсiздігінде үлкен рөл атқаратын экономиканың стратегиялық маңызды және әлеуметтiк мәндi салаларында мемлекеттiң қатысуы мақсатында, сондай-ақ объективтi рыноктық қатынастарды қалыптастыратын және республиканың экономикасын тұрақтандыратын бәсекелi орта құру үшiн құрылған болатын.
Ұлттық компаниялардың әрқайсысы iс жүзiнде өз саласында жүйе құраушы болып табылады және оның тiршiлiгіне осы компаниядағы жұмыспен қамтылғандардың жұмысқа орналастырылуы ғана емес, сонымен бiрге мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiн ескере отырып, салалардың жұмыс iстеуi де байланысты болады.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ пен "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ аса iрi компаниялар болып табылады, оларда ұлттық компанияларда жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының 60%-ы еңбек етедi және жалпы өндiрiс көлеміндегі олардың үлес салмағы шамамен 75%-ды құрайды.
Қарастырылып отырған кезеңде компаниялардың барлығына дерлiгi өндiрiстiң жоспарланған көлемiне қол жеткiздi.
2003 жылы "Эйр Қазақстан" ЖАҚ (-7,3 млрд. теңге), "Қазақстан инжиниринг" ААҚ (-451,3 млн. теңге), "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ (-95,6 млн. теңге) және "Қазақпарат" ААҚ (-1,8 млн. теңге) залалға шықты, қалған компаниялар таза кiрiс бойынша жоспарлы көрсеткiштерден асып түсті.
2004 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша барлық ұлттық компаниялар бойынша шығынсыз жұмыс нәтижесi күтiлуде.
2002-2004 жылдарға талдау
"ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына сәйкес мемлекеттiң 100% үлесімен құрылған болатын.
Компанияның жарғылық капиталы "Мұнай мен Газ Тасымалы" ҰК" ЖАҚ және "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерi негiзiнде қалыптастырылған.
2003 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ-тың еншiлес компаниялары жоспарланған көлемнiң 100,5%-ын құрайтын және 2002 жылдың деңгейінен 6,6% асатын 7887 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндiрдi. Жоспарға қосымша 35 мың тонна мұнай алынды.
2004 жылы мұнай мен газ конденсатын өндiру 8335 мың тонна көлемiнде бағаланып отыр, бұл 2003 жылғы деңгейден 448 мың тоннаға артық.
2003 жылы Компанияның еншілес мұнай өндіруші ұйымдарының мұнай жеткізуi 7856,1 мың тоннаны құрады, өткен жылдың тиiстi кезеңiне қарағанда өсу 5,2%-ды құрайды. Экспортқа мұнай жеткізу 5422 мың тоннаны, iшкi рынокқа - 1963,5 мың тоннаны құрады. 2004 жылы iшкi рынокқа жеткізу 1716 мың тоннаны, экспортқа - 6529 мың тоннаны құрайтын болады.
2002 жылы еншiлес ұйымдардың мұнайды өткізудiң орташа бағасы 19412 теңге/т. құрады, бұл 2001 жылғы деңгейден 15%-ға жоғары.
2003 жылы өткізудiң орташа бағасы 22190 теңге/т. құрайды, 2004 жылы өткізудiң болжамды орташа жылдық бағасы 17658 теңге/т. деңгейiнде күтiлуде.
2002 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-та мұнайды қайта өңдеу көлемi 2271 млн. тонна мұнайды құрады, бұл жоспардың 98,7%-ын құрайды.
2002 жылы жоспарға қатысты қайта өңдеу көлемi төмендеуiнiң негiзгi себебi кейбір бірлескен кәсiпорындардың ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бекiткен, Атырау МӨЗ-ға мұнай жеткiзiлiмiнiң кестесiн орындамауы болып табылады.
2003 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-та қайта өңдеу көлемi 2287 мың. тонна деңгейінде, оның iшiнде компанияның мұнай ресурстарынан - 1800 млн. тонна мөлшерiнде көзделіп отыр. Компания зауыттың бар қуатын жаңғырту мен жаңартуға бағытталған Атырау МӨЗ-ды қайта жаңарту жобасы бойынша жұмыстарды жалғастырады.
2004 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-та қайта өңдеу көлемi 2400 мың тонна деңгейiнде, оның iшiнде 1700 мың тонна Компания ресурсынан күтіліп отыр. 2003 жылға қарағанда қайта өңдеу көлемi 5%-ға ұлғаяды.
2003 жылы жалпы тасымалдау көлемi 34192 мың тоннаны құрады, бұл жоспарланған көлемдерден 3%-ға артық және 2002 жылмен салыстырғанда 13%-ға (30317 мың тонна) артық. Тасымалдау көлемдерінің ұлғаюы мұнай өндiретін бiрлестiктердiң мұнай өндіру көлемдерiнiң ұлғаюымен негізделедi.
2004 жылы "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-тың жүйесi бойынша 35708 мың тонна көлемiнде мұнай тасымалдау жоспарланып отыр, бұл 2003 жылғы деңгейден 1516 мың тоннаға асып түспек.
"Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ магистральдық газ құбыры бойынша газ тасымалдаудың жалпы көлемі 2003 жылы жоспарлы 110186 млн. м3-дің орнына 120226 млн. м3 құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 8,7%-ға жоғары.
Бұл ретте 2003 жылы ішкі тасымал 4801 млн. м3, халықаралық транзит - 109437,7 млн. м3-ті, газды экспортқа тасымалдау - 5986,8 млн. м3-ді құрады.
2002 жылы негізгі капиталға түскен инвестицияның барлығы 75,5 млрд. теңгені, оның iшiнде өндiрiске - 59,2 млрд. теңгенi немесе күрделi қаржы салымдарының жалпы көлемiнiң 78,4%-ын құрады. 2002 жылы күрделi қаржы салымының сомасы 2001 жылғы соған ұқсас көрсеткiштен 20,4 млрд. теңгеге жоғары болды.
2003 жылы негізгi капиталға инвестициялардың барлығы 107 млрд. теңге, соның iшiнде меншiкті қаражат есебiнен 50,5 млрд. теңге, қарыз қаражаты есебiнен 56,5 млрд. теңге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен 2,8 млрд. теңге сомасында бағаланып отыр.
2003 жылы өнімдi өткізуден түскен кіріс 391,8 млрд. теңге құрады.
Өндiрiске жұмсалған шығындар - 186 млрд. теңге сомасында.
2003 жылы 67,1 млрд. теңге, оның iшiнде мұнай өндiретiн кәсіпорындар бойынша 33,3 млрд. теңге, мұнай-газ-көлiк кәсіпорындары бойынша 24,7 млрд. теңге, Атырау МӨЗ бойынша 924 млн. теңге сомасында таза кiрiс алынды.
2004 жылы 42,9 млрд. теңге, оның iшiнде мұнай өндiретiн кәсіпорындар бойынша 15,2 млрд. теңге, мұнай-газ-көлiк кәсiпорындары бойынша 22,4 млрд. теңге, Атырау МӨЗ бойынша 1,3 млрд. теңге деңгейінде таза кіріс жоспарланып отыр.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ
"Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" мемлекет акцияларының 100%-дық үлесі бар жабық акционерлік қоғам түрiнде 1997 жылы құрылды. Компания уран және оның қосындыларын, атом энергетикалық станцияларға арнайы жабдықтар мен технологияларға және қосарлы мақсаттағы материалдарға арналған ядролық отынды экспорттау мен импорттау жөнiндегі бас оператор болып табылады.
2002 жылы уран өндiру 2079 тоннаны құрады, бұл 2001 жылдың көрсеткiштерiнен 34%-ға жоғары. 2003 жылы өндiру көлемі 2002 жылдың деңгейін 8,8%-ғa асып түстi және 2946 тоннаны құрады. 2004 жылы 3140 тонна табиғи уран өндiру жоспарлануда.
2002 жылы тотықша-тотық өндiрiсi 2001 жылмен салыстырғанда 17,6%-ға ұлғайып, 2583 тоннаны, 2003 жылы - 2803 тоннаны құрады. 2003 жылы тотықша-тотық өндiрiсiнiң жоспарланған көлемi шамамен 3097 тоннаны құрайды.
Табиғи уранды өндiру көлемiнiң тұрақты өсiмiне мынадай iс-шараларды iске асыру есебiнен қол жеттi:
- бiр уақытта барлық өндiрiстiк процестерді жаңа сапалы деңгейге көшiре отырып, жұмыс істейтiн кенiштердi кеңейту;
- өндірудің жаңа объектiлерiн - "Оңтүстік Мойынқұм" және "Оңтүстiк Қарамұрын" кен орындарын өнеркәсiптiк пайдалану. Бұл іс-шара 2003 жылы өнiмнiң жалпы өндiрiсiне 589 тонна үстеме берді;
- қағидаттық жаңа геотехнологиялық шешімдерді енгізе отырып жаңа объектілердi салу - бай десорбаттарды алу және оларды тiкелей аффинациялау; осы схема бойынша "Ақдала" кенiшiн құру өндiрудiң жалпы көлемiне 2003 жылы 468 тонна өсім бердi.
2003 жылы өнімдi өткізуден түскен шоғырландырылған кiрiс 2002 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайып, 29363,14 млн. теңге құрады. Бұл ретте кiрiстiң 51%-ын уран өнiмiн өткізу, 6%-ын бериллий өнiмiн өткізу, 9%-ын тантал-ниобий өнiмiн өткізу құрады, жалпы өткізу көлемiнiң 18%-ын энергетикалық кешен өнiмiн өткізу құрайды, оның iшiнде: электр энергиясын өткізуден түскен кiрiс - 4545,09 млн. теңге, жылу энергиясын - 382,3 млн. теңге, суды - 892,2 млн. теңге және 15,4% өзге де өткізуден түскен кiрiске жатады.
"Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ
2002 жылы Компания қызметiнiң қорытындылары бойынша 365,4 млн. теңге сомасында оң нәтиже алынды, оның 183,4 млн. теңгесi республикалық бюджетке дивидендтер түрінде аударылды.
2003 жылы Корпорация барлық егiннiң:
мемлекеттік бидай сатып алу бағдарламасы бойынша 194,9 мың тоннасын; тартылған кредиттік ресурстар есебiнен астық сатып-алу бағдарламасы бойынша 1993,5 мың тоннасын сатып алды.
2003 жылы жалпы кiрiс 34602,8 млн. теңгені, оның iшiнде:
мемлекеттік бидай ресурстарын басқарудан түскен кiріс 9284,9 млн. теңгені;
меншiкті қаржы-шаруашылық қызметі бойынша кiрiс 25317,9 млн. теңгені құрады.
2003 жылы салық салынатын кiрiс 1171,2 млн. теңгенi құрады.
2004 жылғы 1 сәуiрде Корпорация мемлекеттік бидай ресурстарын 685,25 мың тонна көлемiнде қалыптастырды.
Мемлекеттік бидай ресурстары негiзiнен республиканың 53 iрi нан қабылдау кәсiпорындарында орналасты, оларды iрiктеудi Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Корпорация конкурстық негiзде жүргiзедi.
Бидай сатып алу мемлекеттік азық-түлiк бидай резервiн қалыптастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi қолдау мақсатында жүргiзiледi. 2004 жылы осы жылғы егіннен 2478 мың тонна көлемiнде, оның iшiнде:
мемлекеттік сатып алу бойынша 6,2 млрд. теңге сомасына 478,3 мың тонна;
коммерциялық сатып алу бойынша 26 млрд. теңге сомасына 2 млн. тонна бидай сатып алу көзделіп отыр.
2004 жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 6208,4 млн. теңге көлемiнде ақша қаражаты бөліндi. Бидай сатып алу өткен жылдардағы сияқты екi кезеңде: көктем-жаз маусымында жеткізудiң келісім-шарты негiзiнде қаржыландыру арқылы және күзде тікелей сатып алу арқылы жүзеге асырылды.
2004 жылы компанияның жалпы кiрiсi - 33678,6 млн. теңге, оның iшiнде:
мемлекеттік бидай ресурстарын басқарудан түсетiн кiрiс 7086,5 млн. теңге;
дербес қаржы-шаруашылық қызметі бойынша кiрiс - 26592,1 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған.
2004 жылы салық салынатын кiрiс 711,98 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланып отыр.
2004 жылы бюджетке 244,4 млн. теңге мөлшерiнде мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
2002 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Қоғамның алған кiрiсi жоспарланған 1405,3 млн. теңгенiң орнына 558,0 млн. теңгенi құрады, бұл 39,7%.
Негiзгі қызметтен түскен кiрiс жоспарланған 1394,4 млн. теңгенiң орнына 449,6 млн. теңгенi құрады, жоспардың орындалуы 32,2%.
Негiзгi емес қызметтен түскен кiрiс жоспарланған 108,4 млн. теңгенің орнына 10,8 млн. теңге құрады.
Телекоммуникациялық қызметтер көрсету көлемінiң азаюы және бюджеттік бағдарламаларда көзделген іс-шаралардың орындалмауы, тапсырыс берушілер талап ететін деректердi берудiң жеткiлiктi жылдамдығын қамтамасыз етпеген моральдық табиғи тозған жабдықты ауыстыру жөніндегі шаралардың уақытылы қабылданбауы Қоғамның бюджеттiң кiрiс бөлігін орындамауының себептерi болып табылады. Бұдан басқа, телекоммуникациялық қызметтер көрсетудiң қолданыстағы тарифтерi рыноктың құбылмалы шарттарына сәйкестендiрiлмедi. Осының бәрi негізгi клиенттердiң басқа провайдерлерге кетуiне әкеп соқты. Ұсынылатын жұмыстар мен қызметтер көрсетулердiң салыстырмалы түрде жоғары өзiндiк құнына байланысты Қоғамның ашық конкурстарға қатысуы нәтиже берген жоқ.
2002 жылы Қоғам шығыстарды жоспарланған 1392,2 млн. теңгенiң орнына 871,6 млн. теңге сомасына жүргiздi, шығыстардың қысқаруы 520,6 млн. теңге құрады.
2002 жылы Қоғам 313,6 млн. теңге сомасында терiс қаржы нәтижесiн алды.
2003 жылғы қызмет қорытындылары бойынша Қоғам алған кiрiс 443,7 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде негiзгi қызметтен түскен кiрiс 432,0 млн. теңге, қосалқы қызметтен түскен кiрiс 11,7 млн. теңгені құрады.
2003 жылы Қоғам шығыстарды 539,3 млн. теңге сомасына жүргіздi.
2003 жылғы қорытындылар бойынша залал 95,6 млн. теңге мөлшерiнде болды.
Қоғамның залалды қызметiне байланысты 2003 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтердiң 6,6 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған есептеулер мен төлемдер жүргiзiлген жоқ.
2004 жылы болжам бойынша таза кiрiс сомасы 5,2 млн. теңгенi құрайды. Республика бюджетiне 93,8 млн. теңге, оның iшiнде: ҚҚС - 28,1 млн. теңге; әлеуметтiк салық - 25,6 млн. теңге; корпорациялық табыс салығы - 2,2 млн. теңге; жеке табыс салығы - 20,5 млн. теңге; өзгелерi 17,4 млн. теңге бағыттау жоспарланып отыр.
2004 жылы мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер аудару Қоғам жоспарында жоқ.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
2002 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Қор алған жалпы кiрiс көлемi 1230,0 млн. теңгенi құрады.
2002 жылы Қор шығыстарының жалпы көлемi 497,0 млн. теңгенi құрады.
2002 жылы Қордың қаржы-шаруашылық қызметiнiң қорытындылары бойынша 506,0 млн. теңге сомасында оң нәтиже алынды, оның 253,0 млн. теңгесі дивидендтер түрiнде республикалық бюджетке аударылды.
2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Қор алған жалпы кiрiс көлемi 19,4%-ға ұлғайып, 1468,4 млн. теңгенi құрады.
2003 жылы Қор шығыстарының жалпы көлемi 21,7 %-ға өсiп, 604,7 млн. теңгенi құрады.
2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы таза пайда 20,4%-ға ұлғайып, 609,1 млн. теңгені құрады, оның 304,6 млн. теңгесi дивидендтер түрінде республикалық бюджетке аударылды.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгi қызметтен түсетiн кiрiстiң азаюы күтіліп отыр, бұл пайыздық ставкалардың және қаржы құралдары кiрiстілігiнiң азаюы бойынша қаржы рыноктарында қалыптасқан және ұлттық валютаның нығаюына негізделген үрдiске байланысты.