Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, № 2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат);
8-баптың 3-тармағының е) тармақшасы ", сондай-ақ" деген сөздің алдынан "инфрақұрылымдық," деген сөзбен толықтырылсын.
2. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасынын Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) инфрақұрылымдық облигация — эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объектінің құнының сомасына сәйкес жасалған инфракұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;";
59) тармақша "рыногындағы" деген сөзден кейін "инфрақұрылымдық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы "ипотекалық" деген сөздін алдынан "инфракұрылымдық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 12-бапта:
1-тармақтын 7) тармақшасы "ипотекалық" деген сөздін алдынан "инфрақұрылымдық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармак мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Эмитент:
1) кұрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) жарғылық капиталды төлеген жағдайда;
2) инфрақұрылымдық облигациялар шығаруды жүзеге асыратын эмитентті қоспағанда, соңғы қаржы жылы ішінде залал шекпей қызмет істеген жағдайда кем дегенде бір жыл жұмыс істегеннен кейін мемлекеттік емес облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.";
4) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары инфракұрылымдық облигациялар шығаруға қолданылмайды.";
5) 15-баптың 1-тармағының бірінші абзацы "және ол" деген сөздерден кейін ", инфракұрылымдық облигациялар эмитентін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
"18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуінің ерекшеліктері
1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуінің, сондай-ақ оларды орналастыру мен өтеудің қорытындылары туралы есепті табыс етудің талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқыктық актісімен белгіленеді.
2. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға тыйым салынады.
3. Инфракұрылымдық облигациялардың айналысы мерзімі ішінде концессиялық келісімнің талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін кемсітуге әкеп соқтыратындай етіп өзгертуге жол берілмейді.";
7) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігіндегі "Ипотекалық" деген сөз "Инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Инфракұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы іске асырылуының, сондай-ақ оның инфракұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуінің мониторингін жүргізеді.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда. 2005 жылғы сәуірдің 21-і.
№ 46-III ҚРЗ