“Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 392 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 26 сәуірдегі
№ 392 қаулысымен
Бекітілген
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік
тіркегені үшін алым ставкалары
1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары:
1) жеке тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткішті;
2) заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.
2. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым ставкалары:
жеке және заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.