мемлекеттік сектордан технологияларды мемлекеттік емес секторға берудiң тиiмдi тәртібін әзiрлеу;
инновациялық тәуекелдердi сақтандырудың тетiгiн құру;
басқармалық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;
зияткерлiк меншiк құқығын қорғау бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру жөніндегі шараларды қабылдау.
5.3. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту
ҚР Үкіметінің 2006.24.04. № 319 қаулысымен 5.3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстанның ҰИЖ инновациялық инфрақұрылымының негiзгi ұйымдық институттары ұйымдық құрылымы бар, инновациялық дамудың барлық кезеңдерi мен процестерiне жәрдемдесу үшiн қажеттi және жеткілiктi қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлген технологиялық парктер (технопарктер) және технологиялық бизнес-инкубаторлар болады.
Шетелдiк тәжiрибе көрсететiндей инновациялық саладағы шағын және орта кәсiпкерлiк - өнеркәсiптi дамыған елдердiң инновациялық әлеуетiнiң алғашқы бұқаралық және неғұрлым серпiндi құрылым. Шағын және орта инновациялық фирмалар экономиканың пайда болатын салаларында, рыноктың жаңа сегменттерiн ашатын, жаңа өндiрiстi дамытатын, өндiрiстiң ғылыми сыйымдылығын және бәсекеге қабілетiн арттыратын және сонымен, жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыруға жәрдемдесетiн технологиялық көшбасшылар болып табылады.
Шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пәрмендi тетiктерiнiң бірi бизнес-инкубация процесi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау әлi күрделi, оларды дамытудың әлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс.
Инновациялық жүйенi қалыптастырудың бастапқы барысында инновациялық кәсiпорындарды дамытудың бастапқы барысында жинақталған, инновациялық инфрақұрылымның бөлiгi болуы тиiс, "технологиялық бизнес-инкубаторлардың" жүйесiн Қазақстанда құру инновациялық кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттің басты мiндеттерiнiң бірi болады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар дербес бірлiк және технологиялық парктердiң бөлiгі ретiнде көрiнiс бередi.
Бұдан өзге, инновациялық компанияларды қаржыландыру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкубаторлар қаржыландырылатын жобаларды басқару және оларды ағымдағы мониторинг бойынша ҰИЖ агентiнiң функциясын орындайтын болады. Осы функцияларды iске асыру үшiн технологиялық бизнес-инкубаторлар біліктi менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң және заңгерлердiң штатына ие болады. Бұл ретте, технологиялық инкубаторлардың қызметi инкубацияланатын шағын инновациялық компаниялар үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың бірiншi кезеңдегі оларда орналастырылған инновациялық кәсiпкерлер мен инновациялық фирмаларға, ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік гранттарды алушыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi даму институттарын капиталдандыру жолымен мемлекет өтейтiн болады.
Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды орындауы тиiс:
1. Жаңа технологиялық компанияларды ұлғайту және оларды "Start-up" кезеңiнде қолдау, өйткенi инкубаторлар кәсiпорынды басқаруда тұрақты көмек көрсететiн болады, қаржыландыруға қол жеткізуге және кәсiпорынды бизнестi жоспарлау, бухгалтерлiк және заңгерлiк мәселелерiнде маркетингтiң жоспарларын жасау кезіндегі көмектi қоса алғанда, қажеттi қызмет пен технологиялық көмектiң кешенiн қамтамасыз етедi.
2. Компания иелерiн инновациялық менеджмент негіздерiне оқыту.
Практика көрсететiндей, технологиялық инкубаторлар кәсiпорындарға кез-келген басқа жерде бастайтын кәсiпорындармен салыстырғанда, олардың дамуын 7-12 есе жылдамдата отырып, "жедел мәре" бередi. Инкубаторлар бұған арнайы дайындалған мамандардың, рәсiмдердiң және әдiстердiң көмегiмен қол жеткізеді.
2007 жылға дейiнгi кезеңде технологиялық парктердiң құрамынан Қазақстанның әртүрлi өңiрлерiнде және Қазақстанның жетекшi техникалық, аграрлық және медициналық жоғарғы оқу орындарының жанынан кем дегенде 12 арнайы технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарын құру болжануда.
Жетекшi технологиялық жоғары оқу орындары жанынан бизнес инкубаторлар мен технопарктер құру қазақстандық әзiрлеушiлер ұсынатын барлық инновациялық бастамаларды бірте бірте қамтуға алып келедi деп болжанады, бұл жыл сайын 300-ден астам жобаларды құрайды.
Инновациялық процестi басқарудың көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлардың желiсiн құру:
технологиялық бизнес-инкубаторлардың аумағында жоғары технологиялық кәсiпорындардың ҰИЖ гранттық қаржыландыруы үшiн қажеттi материалдық ресурстарды жинақтауға;
инновациялық циклдың ұзақтығын қысқартуға мүмкiндiк беретiн басқару шешiмдерiн жедел қабылдауға;
инфрақұрылымды ұстап тұруға жүк-құжаттама шығыстарының деңгейiн азайтуға;
инвестициялық шешiмдердi қабылдауда бюрократиялық рәсiмдердiң санын қабылдауға;
инновациялық кәсiпорындардың басқару құрылымын оңтайландыруға;
инновациялық жүйеде білімдi алмастыру және беру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.
Бизнес-инкубаторларда жұмыс үшiн компаниялар мен инновациялық кәсiпорындарды iрiктеу өтiнiш берушiнiң жеке басына, ғылыми дәрежелерi мен атақтарының болуына қарамастан жобалар мен идеялардың конкурсы ретiнде конкурстық негізде жүргізiлетiн болады.
Бизнес-инкубаторлар өткiзетiн және ұйымдастыратын осы жобаларды рәсiмдеу, ғылыми-техникалық сараптама жасау, экономикалық есептерiн жүргiзу әлемдiк практика көрсететiндей, құрылатын технопарктерде орналастыру қажеттілігі кезiнде және ҰИЖ қаржыландыру үшiн мәлiмделген жобалардың 5-10 %-ы iрiктеуге алып келедi.
Технопарктердi деңгейлер бойынша олардың ҰИЖ элементтерi мен қатысушыларына бөлу Қазақстанның инновациялық дамуының жағдайы үшiн мейлiнше қолайлы болып табылады:
ұлттық ғылыми-технологиялық парктер;
өңiрлiк технологиялық парктер.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктер нормативтiк құқықтық актілердiң ережелерiне сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму үшiн басымдықты болып табылатын салаларды, өңiрлердi, білiм беру салаларын қарқынды (жедел) дамытуды қамтамасыз ету үшiн құрылады.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердiң аумақтарындағы инновациялық қызметтi ынталандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтар мәртебесi берiледi.
Өңiрлiк технопарктер инновациялық әлеуеттi, өңiрдiң инновациялық қабiлеттiлiгiн айқындау, ашу және дамыту, өңiр экономикасының инновациялық өнiмдерге қажеттiлiгін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Мемлекеттік бюджеттiң қаражатын пайдалануды жоспарлау мақсатында ұлттық сол сияқты өңiрлiк технопарктердi құру мен дамыту кезiнде Технопарктердi құру мен дамытудың бағдарламасы қалыптасады.
Таяудағы екi жыл "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын дамытудың негізгi бағыттары екiншi кезектегi құрылысты жалғастыру болып табылады.
Арасында Биотехнологиялар паркi, Ядролық технологиялар паркi, Жаңа материалдар паркi, Агротехнологиялар паркi және т.б. бар 2005-2006 жылдары құрылатын басқа ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттары тиiстi құжаттарды әзiрлеу және бекіту барысында айқындалатын болады. Мұндай құжаттар Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшiн басымдықты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құрудың мүмкiндiктерi мен мақсатқа сай болуының тұжырымдамалары, техникалық-экономикалық негіздемелерi, ұлттық технопарктердi дамыту жөніндегі iс-шаралар жоспары болып табылады.
Осы немесе өзге салалардың басымдықтарының негiздемелерi технологиялық дамудың әлемдiк үрдiстерiне, сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы ғылыми және өндiрiстiк жасап шығаруларына негiзделе отырып, ұлттық ғылыми-технологиялық тұжырымдамалары мен техникалық-экономикалық негiздемелерiн жасау жұмыстары барысында әзiрленетiн болады. Осы жұмысқа тиiстi салаларда ғылыми-технологиялық парктердi құру және басқару тәжiрибесi бар озық шетелдiк компаниялар тартылатын болады.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттарын айқындау, оларды технологиялық толтыру бойынша жұмысты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құру мен дамытуға жауапты тиiстi уәкiлеттi орган ұлттық технопарктердi құру және дамыту жөніндегі қызметтi үйлестiрудi тiкелей жүзеге асырушы ұйым ретiнде "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-мен, сондай-ақ өзге де мүдделi органдармен бірлесiп жүргiзетiн болады.
Инновациялық белсендiлiктi ынталандыруда барынша жалпы ұлттық әсерге қол жеткізу үшiн өңiрлiк технопарктердi дамыту саласында қолданыстағыларға толықтыру енгізу, мынадай өңiрлерде төрт өңiрлiк технопарк құру қажет:
Шығыс Қазақстан облысы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы,
Солтүстiк Қазақстан облысы,
Астана қаласы.
Ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi барлық технопарктер үшiн 2006-2007 жж. кезеңiнде дамудың келесi кезеңдерi мынадай бағыттардағы Тұжырымдамада, технопарктердiң әрқайсысын дамыту бағдарламаларында көзделген iс-шара болады:
технопарктердi дамытудың анағұрлым тиiмдi нысандарын айқындау жөніндегі қажетті талдамалық, зерттеу, маркетингтiк жұмыстарды жүргiзу;
физикалық инфрақұрылымды, оның iшiнде құрылыс, зертханалық, зерттеу базаларын құру;
технопарктердегi жобаларға жәрдемдесудiң ұйымдық жүйесiн қалыптастыру, оның iшiнде қаржыландыру үшiн оларды ресiмдеу және дайындау;
технопаркке жобаларды тарту, енгізу, дамыту жүйелерiн құру, оның iшiнде технопарктердi мамандандыру салаларындағы өндiрiс пен зерттеу саласындағы отандық және шетелдiк жетекшiлердiң қатысуымен;
оның аумағында технопарктер мен жобаларды дамыту процестерiнiң ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту;
білім беру орталықтарын ұйымдастыру, олардың қызметiнiң әдiстемелерiн әзiрлеу, оқытушылар құрамын даярлау;
технопарктердiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн отандық және шетелдiк серiктестермен тұрақты байланыстар орнату.
өңiрлiк технопарктер желiлерiн құру және дамыту жөніндегі қызметін iске асыруды, тұжырымдамалық құжаттарды әзiрлеу сатысынан бастап және технопарктердiң ағымдағы қызметiне iлесумен аяқтайтын технопарктердi қалыптастыру процестерiнiң идеологиялық біртұтастығымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тиiсті уәкiлеттiк органдармен бірлесе отырып, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
Мемлекеттік бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекеттің қатысуымен ұйымдардың қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған инновациялық инфрақұрылымның қазiргi уақыттағы субъектiлерi осы бағдарламаның ережелерiне және оны орындауға қабылданған нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес өз қызметiнiң бағыттары мен тетiктерiн қайта қарауы тиiс. Мұндай ұйымдардың қызмет бейiнiн өзгертудiң мүмкiн еместігі кезiнде осы ұйымдардың құрылтайшылары инновациялық дамуды қолдау жүйесiне жататын ұйымдардың және шағын және орта кәсiпкерлiкке жәрдемдесу, жұмыспен қамту ұйымдардың қызметiн екiтүрлi түсiндiрудi болдырмау мақсатында олардың атауларына өзгерiс енгізу тиiс. Өз кезегiнде, аталған ұйымдар ҰИЖ құру және дамыту процестерiмен байланысты бюджеттік қаржыландыру саласында орналаспайтын болады.
5.4. Қазақстандағы ҰИЖ-нiң қаржы
инфрақұрылымдарын дамыту
Венчурлiк инвестициялауды дамытуда мемлекеттік саясаттың ұлттық инновациялық жүйесiнiң төмен инновациялық белсенділiгi, жүйе құру элементтерiнiң нашарлығы жағдайында мемлекеттің жеке капиталмен тiкелей әрiптестігінiң тетiктерiнiң жанама ынталандыру құралдарымен қатар қосатын болады.
Мемлекет венчурлiк капиталға және оның қосымшасына сияқты сұраныс ықпалын көрсететiн болады.
Венчурлiк капиталдың ұсынысын мемлекеттік ынталандыру мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
венчурлiк қорларды құруға қатысу;
институционалдық инвесторлар мен қаржы институттары венчурлiк инвестициялауда қатысу үшiн жағдай жасау;
дербес инвесторлар желiсiн ("бизнес қамқоршысы") құруға жәрдемдесу;
венчурлiк инвестициялардың өтiмділiгін қамтамасыз ету;
ҒЗТКҚ және инновациялық жобаларды қаржыландыруда жеке капиталмен әрiптестік;
инновациялық жобаларды iске асыруда инвестицияларды мемлекеттік сақтандыру жүйесiн құру;
инновациялық менеджментi, оның iшiнде венчурлiк қорлардың менеджмент қызметiн жүзеге асыратын кәсiби басқару институттары (басқарушы компаниялар) болуын дамытуға жәрдемдесу.
Егер бастапқы кезеңде мемлекеттік ынталандыру жоғарыда көрсетiлген шаралардың барлығын қамтитын болса, онда келешекте мемлекет венчурлiк қорлар мен компаниялардан "шығу" шаралары бойынша осы қаражат қолданбалы ҒЗТКҚ-не және инновациялық инфрақұрылым элементтерiн қаржыландыруға бағытталатын болады және мемлекеттік ынталандыру ҒЗТКҚ қаржыландыру нысанында, сондай-ақ жанама нысанда (салық салу және басқа) артықшылықтарын жүзеге асыратын болады.
5.4.1. ҒЗТКҚ және инновациялық
жобаларды мемлекеттік ынталандыру
Қолданбалы ҒЗТКҚ-iн қаржыландыру ҰИЖ гранттарын ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады:
бір жобаға 55 мың АҚШ доллары сомасындағы "шағын грант";
гранттық бағдарламалар бойынша:
өтiнiш берушiге 5 мың АҚШ долларына дейiнгi сомада толық кешендi құжаттар дайындау үшiн "жоба алдындағы грант" (толық техникалық жазылуы, бизнес жоспар және басқа да құжаттар);
зерттеулердi аяқтау және оларды тәжiрибелiк үлгiге немесе өнертапқышқа және өндiрiске беруге дайындыққа дейiн жеткізу үшiн "iрi грант". Қазақстанның жағдайында жеке тұлға мен шағын инновациялық кәсiпорындардың қатарынан әрбір өтiнiш берушiге 250 мың доллары жеткiлiктi, бұл ретте осындай гранттардың санын 2007-2008 жылдары жылына бірте-бірте 100-ге дейiн жеткізу қажет.
50-100 мың доллары сомасында шетелдегi ҒЗТКҚ нәтижесiнде патенттердi ресiмдеуге қажеттi "патенттеу үшiн гранттар";
және басқа да бағдарламалар.
Бастапқы сатыдағы инновациялық жобаларды мемлекеттік инвестициялау жеке капиталмен тiкелей әрiптестік (құрылған компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысуы) жолымен жүзеге асырылатын болады. Осындай жолмен, мемлекет тиiстi даму институты арқылы кәсiпкермен және жеке инновациялық жобаға тән жеке тәуекел инвестормен бөлiседi.
Мемлекет ҒЗТКҚ жүзеге асыру, бастапқы кезеңдегі инновациялық жобаларды қаржыландыру кезiнде айтарлықтай жеңiлдiктер ұсынатын фискалды инструменттер әзiрлейтiн болады. Осы кезде қызмет түрi бойынша белгiленген инвестициялық преференция инвестициялардың көлемiнен тәуелдi. Сонымен қатар, айтарлықтай емес инвестициялардың көлемiне қарамастан инновациялық жобалар ғылымды қажетсiнетiн өмiрлiк циклының ерекшелiктерiне байланысты өтелiмдiлiктiң ұзақ мерзiмi болуы мүмкiн.
Бұдан өзге, инновациялық жобаларды iске асыруда жеке инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы құрылатын болады. Бұл компания шағын және орта бизнес үшiн және iрi қазақстандық және халықаралық корпорациялар үшiн және венчурлiк қорлар үшiн венчурлiк инвестициялардың қатерiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
5.4.2. Венчурлiк қорлар құру
Венчурлiк қорлар венчурлiк инвестициялаудың негiзгi тетігі болып табылады. Оларды құру және дамыту үшiн мыналар қажет:
венчурлiк қорлар қызметiнiң нормативтiк негiзiн бұл ретте, олардың қызметiнiң артық регламенттауынан бас тарта отырып, оларды тiркеудiң жеңiлдетiлген тәртібін енгiзе отырып жетілдiру;
заңды тұлғаны құру жолымен және құрмастан, венчурлiк қорларға бақылаусыз үлестiк қатысу жолымен инновациялық бағыттылықтың венчурлiк қорларын құруға ҰИЖ инвестицияларын жүзеге асыру;
шетелдiк қорларға ҰИЖ мамандарын тағылымдамаға жiберуге, олардың акционерлерiмен және Директорлар Кеңесiнiң мүшелерiмен өзара жұмыс iс-қимылын орнатуға, ал келесi кезеңде осы қорлардың ресурстарын Қазақстанда инвестициялауға тартуға мүмкiндiк беретiн үш жетекшi шетелдiк қорларға қаражатты инвестициялау жолымен венчурлiк қорларды басқару саласындағы алдыңғы қатарлы тәжiрибенi тарту, шетелдiк венчурлiк капиталмен ҰИЖ-бен белсендi ынтымақтастық.
5.4.3. Венчурлiк инвестициялардың
өтiмділiгiн қамтамасыз ету
Венчурлiк қорлардың жаңа құрылатын технологиялық компаниялардың бағалы қағаздарын "A" және "В" санатындағы қор биржаларының ресми тiзiмiне кiрмейтiн венчурлiк санаттардың сауда-саттығын ұйымдастырушылардың арнайы тiзiмiне енгізу жөніндегі талаптарды айқындау;
осындай бағалы қағаздардың салық салу бойынша белгiлi бір преференциялар құру;
венчурлiк санат сауда-саттықтарының жұмыс iстеуiне байланысты қаржылық шығындарын жабудың тетiктерiн айқындау.
5.4.4. Зияткерлiк меншiк объектілерін
бағалау жүйесiн жақсарту
Инновациялық қызметті дамыту үшін жаңадан құрылған өндірістегі немесе жақсартылған технологиядағы зияткерлiк меншiк баға алатын болады. Осы мақсатта зияткерлiк меншiк бағасының өлшемiн әзiрлеу және республикада зияткерлiк меншiктi бағалаушылар институтын құру қажет.
Зияткерлiк меншiк объектілерінiң құнын оларды шаруашылықтық айналымға (компанияның жарғылық капиталына жарналар) енгізу үшiн сапалық бағалауды жүзеге асыру үшін лицензиаттардың рейтингiн айқындау және бағалаушы-компаниялардың "қысқаша тiзiмiн" қалыптастыру жүйесiн құру қажет.
Бағалауды жүргізудiң нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындаған бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыруды дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.
5.4.5. Кәсіби инновациялық менеджментті қалыптастыру
Мемлекет, инновациялық қызмет саласындағы мамандардың дамуына бағытталған негiзгi шаралар ретiнде:
мемлекеттік білім беру стандарттарында көрсетiлген мамандықтарды енгізуге байланысты, Қазақстанда инновациялық қызметтi жүзеге асыратын тиiстi сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелiк оқытуды ұйымдастыру;
менеджменттiң білiктiлігін арттыру, сондай-ақ қазiргi заманғы әдiстемелiк қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, бұл ретте даму институттарының әлеуетiн пайдалану мүмкiндiгiн пайдалана отырып интерактивтi режимде оқып үйретудi жүргiзу;
басқарушылық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;
жоғарғы оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарынан кейiн оқып-үйрететiн, оның iшiнде шетелдерде қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң біліктілігін арттыруға арналған дөңгелек үстелдердi қамтитын кадрларды дайындаудың жүйесiн құруды болжап отыр.
5.4.6. Жеке инвесторлардың желiлерiн дамыту
Бизнес қамқоршыларының желiсiн құру жобалары жекелей алғанда ұлттық инновациялық инфрақұрылымның элементтерiнiң Инновациялық Қормен жасалатын құрылымға кiретiн консалтингтiк қызмет базасында ҰИҚ қаржыландыруы;
мемлекеттік органдарды ақпаратқа Интернет дүниежүзiлiк желiсiне әсiресе Қазақстан Республикасының заңнамасымен таратуға шектелген ақпаратты қоспағанда, Статистика жөніндегі агенттіктiң, кеден және салық органдары бойынша ақпаратқа еркiн қол жеткізуiн қамтамасыз ету.
5.5. ҰИЖ-i элементтерiнiң өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету
Ұлттық инновациялық жүйенiң тиiмдi ұзақ мерзiмдi жұмыс iстеуiнiң негiзгi шарттарының бірi негізгi элементтердiң тұрақты өзара iс-әрекетi болып табылады.
ҰИЖ-дiң элементтерi мен олардың жинақтамалары ақпараттардың еркiн ағымын, білім идеялары мен iшкi жүйелердегі және оның шегіндегі тәжiрибелердi бір жүйеге қалыптастыруы тиiс.
ҰИЖ-дi қалыптастырудың желiлiк қағидаты инновациялық процестерге жаңа қатысушыларды тартудың тұрақты шаралары бойынша дамуына мүмкiндiк бередi.
Осы көзқараспен алғанда мемлекет бастапқы кезеңде ҰИЖ-i қатысушыларының ашықтық қағидаты мен ақпаратқа тең қол жеткiзiлуiн, зияткерлiк және материалдық құралдары қағидатында ҰИЖ-i өзара iс-қимылын қамтамасыз етуi өте маңызды.
5.5.1. ҰИЖ-iнiң жұмыс iстеуiн ақпараттық қамтамасыз ету
Ақпараттық қамтамасыз ету оның барлық iшкi элементтерi мен қоршаған орта арасындағы тұрақты ақпарат алмасуын болжау бойынша ҰИЖ қалыптастырудың бірден-бір негiзгi жетiстiк факторы болып табылады. Осылайша, мемлекет Ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастырудың негiзгi бастамашысы ретiнде екi секторға ақпараттардың алмасу ағымдарының инфрақұрылымын көздеуi және жоспарлауы тиiс:
а) инновациялық жүйелер элементтерiнiң объектілерi болып табылатын ұйымдар:
ғылыми ұйымдар;
инновациялық кәсiпкерлiк;
технологиялық және ғылыми парктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар;
қаржылық ұйымдар.
б) инновациялық жүйелердiң объектілеріне тыстан ықпал ететiн ұйымдар:
білім беру жүйелерi және кадрларды дайындау;
мемлекеттік органдар;
инновацияларды талап етудi айқындайтын рынок;
Қазақстан қатысып отырған әлемдiк инновациялық жүйе.
Осы бағдарлама шеңберiнде қалыптасқан Инновациялық дамытудың бірыңғай ақпараттық жүйесi ҰИЖ-i элементтерi арасындағы сияқты, сондай-ақ сыртқы ортадағы сияқты Қазақстанның iшкi инновациялық даму процесiне тұрақты ықпал ететiн ақпараттық алмасу процестерiн шешуге арналған.
Сонымен қатар ақпараттық алмасу жүйелерiн қалыптастыра отырып, оның тұрақты сапалы және сандық жұмыс iстеуiн, ақпарат алмасуды және осы жүйедегi пайдаланушылардың санын көптеп тарту есебiнен қамтамасыз ету қажет.
5.5.2. ҰИЖ-ны мемлекеттік басқару тетiктерi
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 6 қазандағы № 1027 қаулысымен Индустрия және сауда министрлігі инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкілеттi орган болып айқындалған. Осыған байланысты, осы бағдарламаны iске асыру мақсатымен ұлттық инновациялық жүйенi құру және инновациялық қызметтi дамыту мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың, даму институттарының, кәсiпкерлiк субъектілерiнiң қызметiн үйлестiру бөлiгінде уәкілеттi органның функцияларын ұлғайту қажеттілігі туындайды.
Елдiң инновациялық дамуын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік органдар инновациялық қызметті дамыту саласында - Индустрия және сауда министрлігі және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында - Білiм және ғылыми министрлігі өз құзыретi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:
1) ғылымның ел экономикасының инновациялық дамуының ғылыми-техникалық қамтамасыз етуiнiң басым бағыттары, iргелiк және қолданбалы ҰИТКЖ-н қаржыландыру жөнiнде бюджет бағдарламасын әкiмшiлiк ету, ғылыми-техникалық өнiмдердiң рыногын қалыптастыру;
2) орта және жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда кәсiптiк, инженерлiк, ғылыми, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыратын инновациялық қызмет үшiн кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесiн қалыптастыру;
3) инновациялық өнiмдердi шығаратын кәсiпорындарды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылымды кейiннен қалыптастыру, инновациялық кәсiпорындарды және өндiрiстердi құрайтын және ықпал ететiн ұйымдар, технологиялық парктер, бизнес инкубаторлар, арнайы конструкторлық және технологиялық бюро және т.б.;
4) отандық өндiрiстiң ішкi және сыртқы рыногына жоғары технологиялық өнiмдердiң кіру жүйесiн қалыптастыру. Отандық өндiрушiлердiң экспорттық және жоғарытехнологиялық өнімдері үшін жеңiлдiк жүйелерді, жағдайларды жасау;
5) инновациялық даму үшiн тікелей әсер ету, оның iшiнде, жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеушiлер, өнертапқыштар және бастамашылардың мүдделерi мен зияткерлiк меншігін қорғайтын заңнама базасын қалыптастыру.
5.5.3. ҰИЖ жұмыс iстеуiн институционалдық қамтамасыз ету
ҰИЖ-нiң жұмыс істеуiнiң институционалды сүйемелдеуi жүйе элементтерiнiң өзара iс-әрекетiн үйлестiрудi қамтамасыз етеді. Бұл ретте, басқару функцияларын қайталауы болмауы тиiс және инфрақұрылым мен ақпараттық ағымдарды оңтайлы пайдалану кезiнде елдiң инновациялық даму басымдықтарынан шығатын қажетті ресурстарды шоғырландыруды қамтамасыз етілуі тиiс.
ҰИЖ-i институционалды қамтамасыз ету елдегi қазiргi кездегi "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттардың ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының ақпараттық қолдауымен ҰИҚ "Инжиниринг және трансферт технологиялары орталығы" акционерлік қоғамы даму институттары арқылы жүзеге асырылуы тиiс және инновациялық процестердi басқарудың функционалды жүйесiн бiлдiретiн болады. Бұдан өзге, инновациялық жобалардағы инвестицияларды сақтандыру жөнiнде сақтандыру компаниясы құрылатын болады.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның жалпы құны 2005-2015 жылдарға 139 795,13 млн.теңге, оның iшiнде, республикалық бюджеттен - 77 272,3 млн.теңге және жергiлiктi бюджеттен - 2 112 млн.теңге құрайды және кем дегенде 60 410,83 млн.теңге сомасында отандық және шетелдiк капиталды тарту жоспарлануда.