бүкіл әлемдегi венчурлiк қаржыландыру 2000-2001 жылғы дағдарыстан кейiн стагнациялық кезеңдi бастан кешiрiп отыр, венчурлiк қорларға қаражат тартудың көлемi Еуропада да, АҚШ-та да қысқарып жатыр, бұл Қазақстандағы венчурлiк инвестицияларды тарту жөніндегі мiндеттердiң орындалуын қатты қиындатады;
дамыған елдердегi венчурлiк қор менеджерлерiнiң басым көпшiлiгi инвестициялаудың географиясын дамыған елдерден тысқары ұлғайту туралы мәселеге және жекелей алғанда Қазақстандағы инвестициялау ұсыныстарына сақтана қарайды;
барлық қор менеджерлерiн бірiншi кезекте елдегi венчурлiк кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi және оны қолдау жүйесi қызықтырады. Егер елде идеялар мен ғылыми-зерттеу ұжымдары түрiнде емес, мемлекеттік қолдау жүйесi бар инновациялық менеджерлер мен кәсiпкерлер жетекшілік ететiн тiркелген компаниялар объектілерiне таңдау болмаса шетелдiк қорлар елге келмейдi;
кейбір басқарушы компаниялар бірiншi қадам ретiнде жобаларды ғылыми-техникалық талдау, инвестициялау процесi, инвестициялар қоржынын әртараптандыру, тәуекелдердi бағалау, жобадан шығу әдiстемесi бойынша консалтингтiк қызметтердi, екiншi ынтымақтастықкезеңін (кем дегенде бір жылдан кейiн) олар Қазақстанда олардың қатысуынсыз толықтырылатын венчурлiк қорларды басқару бойынша бірлескен компаниялар құру туралы мәселенi қарауға дайын болады. Тек бірлескен жұмыстың үшiншi кезеңiн ғана акционерлердiң алдына Қазақстандағы өз қорларының қаражатын тарту бойынша мәселе қоятын болады. Бұл жолдың болуы мiндеттi түрде деп ұғынылады және еуропа қор менеджерлерiнiң тәжiрибесiн, жұмыс технологиясын қабылдауға, оларға елдегi венчурлiк капиталға сұраныстың және инвестициялардың кiрiстiлiгінiң бар екенiн көрсетуге мүмкiндiк бередi;
көптеген қорлармен және венчурлiк қорлардың активтерiн басқару жөніндегі компаниялармен жұмыстық өзара iс-қимылын орнату үшiн оларға ақшаны инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара қатынасты орнату, өз мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Қазақстандағы инвестициялауға бұл қорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл қорларды тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу қажет. Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн Оңтүстiк Шығыс Азия, Корея және тағы басқа елдер пайдаланды;
Қазақстандағы венчурлiк инвестициялауды, әсiресе Бағдарламаны iске асырудың бірiншi кезеңiнде дамыту, венчурлiк капитал рыногын капиталдандыру тек отандық институционалдық инвесторлар мен қаржылық институттардың белсендi қатысуы кезiнде ғана мүмкiн болады. Дамыған елдерде нақ осылар венчурлiк капиталдың негізгі көздерi болып табылады. Мәселен, АҚШ-та 2000 жылы институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 60%-ына жуығы ал банктер үлесiне 23%-ы тиесiлi болды. Еуропада қаржылық институттар сияқты институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 30%-ына таяуы тиесiлдi болды.
Қазақстанда қазiргi сәтке екiншi деңгейдегi банктер, инвестициялық қорлар, қаржы-өнеркәсiп топтары олардың бір бөлiгі реттегіш режимiн ырықтандырудан экономиканың нақты секторына, оның iшiнде венчурлiк капитал түрiнде құйылған қаржылық ресурстардың үлкен көлемiн жинақтады.
Сонымен қатар, Қазақстанда институционалдық инвесторлар мен қаржы институттарының венчурлiк қаржыландыруға қатысуы үшiн елеулi кедергілер бар. Мәселен, "Инвестициялық қорлар туралы" Заңға сәйкес акционерлік инвестициялық қордың акционерлерi компаниясы басқарушы бола алмайды. Тыйым салу тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды. Бірақ тәуекелдiк инвестициялау қорының қызметiне елеулi шектеулер орнатылады. Мысалы, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорының акциялары сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда-саттық жүйелерiнiң айналымына жiберiлмейдi. "Сақтандыру қызметi туралы" Заңға сәйкес сақтандыру ұйымы өз активтерiн жоғары өтiмдi құралдарға, оның iшiнде ең жоғары санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы эмитенттерiнiң мемлекеттік емес эмиссиондық бағалық қағаздарын орналастыруды жүзеге асырады. Зейнетақы қорлары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиондық бағалы қағаздарына инвестициялауға құқығы бар. Екiнші деңгейдегi банктердiң инвестициялық қызметi капитал реттегiшiн есептеу кезiнде жүргiзілген инвестициялардың барлық сомалары алынып тасталатын оларға қарсы активтер мен шартты мiндеттемелердiң жiктелiмi және провизиялар құрудың ережесін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Жаңа өспелi компанияларға (бизнес қамқоршылары, немесе ресми емес инвесторлар) тiкелей қаржы қаражатын инвестициялайтын жеке инвесторлар венчурлiк капиталдың ресми емес рыногын құрады. Абсолюттік көрiнiстегi венчурлiк капиталға салыстырмалы түрдегi өзiнiң елеусiз үлесiне қарамастан, бизнес қамқоршылары компания дамуының бастапқы кезеңiнде (бастапқы және сөре кезеңдерiнде) инвестициялаудың маңызды көздерiнiң бірi болып табылады.
Қазақстанда реформалар жылдарында жеке кәсiпкерлерде, халықта венчурлiк жобаларға инвестициялануы мүмкiн елеулi қаржы ресурстары жинақталды. Сонымен қатар инвестициялық инфрақұрылымның жоқтығы, кәсiпкерлiк дағдының төменгi деңгейi, ақпараттық желiлердiң жоқтығы венчурлiк инвестицияға жеке инвесторлардың қатысуына кедергi жасайды.
Консультациялық қызметтерге және оларға жеке инвесторларды енгiзетiн жобалар бойынша деректер қорын құру жолымен жобаларды жылжытуға дайын жеке консалтингтiк компаниялар бар. Алайда, бұл компаниялардың қызметтерi бірiншi кезекте олардың инвестиция тарту және/немесе жобаны iске асыру түрiнде нәтижелерге жету емес, бизнес жоспарларға әзiрлеуге өтiнiш бiлдiрушілерден төлем алу есебiнен қысқа мерзiмдiк пайда алуға бағытталған. Яғни, мұндай компаниялар идеялар кезеңiнде перспективалық жобаларды тиiсiнше iрiктеуге мүдделi емес, ал өздерiнiң қызметтерiне тапсырыстар алуға және ағымдағы пайдаға ғана мүдделi.
Осылайша мемлекет инновациялық қызметтi қаржыландырудың қазiргi заманғы жүйесiн құру үшiн төменде ұсынылған iс-шаралар кешенiн iске асыруы тиiс.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Осы бағдарламаның мақсаты отандық, сондай-ақ шетелдiк ғылыми әлеуеттi және технологияларды пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi түпкіліктi өнiмдi жасауды қамтамасыз ететiн ашық түрдегi инновациялық жүйенi қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
ғылыми әлеуеттi дамыту;
инновациялық кәсiпкерлiк ортаны қалыптастыру және қолдау;
көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
гранттарды беру түрлерiн кеңейтуге және венчурлiк қорлар құруға қатысты қаржылық инфрақұрылымның элементтерi мен тетiктерiн қалыптастыру және дамыту;
ҰИЖ-дың элементтерi арасында тиiмдi өзара iс-әрекеттi қамтамасыз ету;
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiгi
Осы Бағдарлама елдiң экономикасындағы инновациялардың пайда болуы, таралуы мен пайдаланылуының мейілінше оңтайлы тетiктерiне белсендi мемлекеттік реттеу жүргiзудi, яғни олардың тиiмдi коммерцияландырылуын болжайды.
Мыналарды қоса алғанда қоғамның барлық салаларының мүдделерiн көрсететiн ұлттық инновациялық жүйе әзiрленетiн болады:
мемлекет;
iскер топтар;
өндiрушiлер;
тұтынушылар;
әзiрлеушiлер;
ғылыми-техникалық зиялы қауым;
қаржы институттары.
Қазақстанда ҰИЖ-ды қалыптастырудың негiзгi қағидаттары:
мемлекеттің ҰИЖ-ны қалыптастыру мен дамыту процесіндегі белсендi рөлi;
мемлекеттің жеке капиталмен серiктестiгi;
жүйенiң ашық сипаты.
Мемлекеттің белсендi рөлi бірiншi кезекте ҰИЖ-ды қалыптастыру үшiн қажет. Шетелдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп отырғандай әлемнiң бір де бір елiнде рынок, жеке сектор ҰИЖ-ды дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыру үшiн мемлекет жүйеге белсендi қатысушының рөлiн өзiне алуға тура келдi. Мемлекеттің белсендi рөлi ҰИЖ-дың барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылдарын мемлекеттік деңгейде үйлестiрудi жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңiрлiк басымдықтарының келiсушiлігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттің жеке капиталмен серiктестiгi инновациялық даму процесiнде жеке сектордың ресурстарын тарту үшiн қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыруы тиiс емес, ол ҰИЖ-ды қалыптастыру мен дамыту процесiнде ұйымдастырушы, катализатор және үйлестiрушi ретiнде ғана көрiнедi, бірақ оның басты мақсаты - жеке капиталды инновациялық процестерге белсендi қатысуға тарту болып табылады. ҰИЖ-дың қалыптасуына қарай оның жұмыс iстеуіндегі және одан әрi дамуындағы мемлекеттің рөлi қысқаратын болады.
Ұлттық инновациялық жүйенiң ашық сипаты оның тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн шешушi маңызы бар. Ашықтық дәстүрлiк ғылыми ортада да, дара өнер тапқышта туындаған iшкi және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесiнiң қабілетiн білдiредi. ҰИЖ кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзiрлеменi iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс пен ғылыми зерттеулердiң жаһандану процестерiнен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi.
5.1. Ғылыми әлеуеттi дамыту
Ғылыми әлеуеттi дамыту жөніндегі шаралар қолданбалы ғылымның өндiрiске, бизнеске барынша жақындауы, ҒЗТКЖ-дың нәтижелерiн өндiрiске енгізу, оларды коммерциялық пайдалануға лицензияларды сату нысанындағы түпкілiктi нәтижеге толық бағдарлауға бағытталатын болады.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру үшiн бағдарламалық-мақсатты әдiс технологиялық проблемаларды шешу және энергиямен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. саладағы жеке кәсiпорынның бәсекеге қабiлетiн көтеру үшiн үлкен мәнге ие нақты жобаларды қаржыландыру үшiн мемлекет қаржылық көмек көрсету үшiн қолданатын әлемнiң озық елдерiнiң тәжiрибесiн пайдалану қажет.
Төменде мазмұндалған қағидаттар мен тетiктер қоғамдық ғылымдарға, iргелiк ғылыми-зерттеулерге қажеттi емес екенiн атап кету қажет.
ҰИЖ-дың ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөніндегі барлық iс-шаралар мынадай қағидаттарға құрылатын болады:
1. ҒЗТКЖ-ды гранттық негiзде қаржыландыру,
2. ҒЗТКЖ-ды жеке сектормен тете қаржыландыру,
3. Ғылыми-техникалық сараптаманың тәуелсiздiгi,
4. Қолданбалық ғылыммен айналысатын ҒЗИ-дi жекешелендiрудi қоса алғанда, ұйымдық құрылымды өзгерту.
Инновациялық қызметтi жандандыру үшiн бірiншi кезекте қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды және қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландырудың схемасын қаржыландыру тәсілi өзгертiлетiн болады.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдiсi мынадай қағидаттарға негiзделуi тиiс:
ғылыми-техникалық бағдарлама мақсатының, мiндетiнiң және мазмұнының нақтылығы;
зерттеулер нәтижелерiнiң ашықтығы,
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны және ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды қаржыландырудан өзге елдiң экономикасы үшiн маңызды мәнi бар қолданбалы iрi жобалар қаржыландырылатын болады.
Олар үшiн қаржыландыру схемасы мыналарды көздейтiн болады:
1. Жобаларды жекелеген, сол сияқты конкурстық негiздегi ғылыми-техникалық бағдарлама.
Конкурсты ұтып алған бекітілген технологиялық басымдықтар негiзiнде зерттеушiлер грант нысанында қаржыландыру алады. Бұл ретте қаражат бақылаусыз және қайтарусыз негiзде емес, ал үлестерi 50 %-дан аспайтын әзiрлеушi, ұйым және мемлекет арасында зерттеулердiң нәтижелерiне арналған мүлiктiк құқықтарды бөлу шартында бөлiнетiн болады. Қаржыландырудың бұл нысаны зерттеушiлер үшін де және перспективада орындалған ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн коммерциялық пайдаланудан кiрiстiң дербес көздерiн алатын ғылыми ұйымдар үшiн де күштi ынта бередi.
2. Қолданбалы ғылыми зерттеулердi жеке капиталмен тең қаржыландыру. Бұл ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға өнеркәсiп салаларының проблемалы мәселелерiн, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жекелеген проблемаларын шешу үшiн, сондай-ақ бизнес қызығушылық танытқан ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құру үшiн мүдделi жеке бизнестің қосылатындығын бiлдiредi. Бизнестiң инновациялық белсендiлігінiң төмендiгiн ескере отырып, қазiргi уақытта экономика секторларының көпшiлiгі, мемлекет бұл секторлардағы зерттеулердi 100 % қаржыландыруды, бірақ ҒЗТКЖ-дың кейiнгi кезеңдеріндегі қаржыландыруға бизнестi біртiндеп қоса отырып, мемлекеттің қатысуын 10-30 %-ға біртiндеп қысқарта отырып, iрi кәсiпкерлiктiң де, орта және шағын кәсiпкерлiктiң де мүдделi өкiлдерiмен тұрақты сұхбат жағдайы кезiнде өздерiне алуы тиiс.
Елдiң ғылыми әлеуетiн дамыту үшiн сараптама жүргiзу үшiн ұлттық компаниялар, iрi бизнес, ғылыми ұйымдар, даму институттары өкiлдерiнiң отандық сарапшыларынан өзге жоғары біліктi шетелдiк сарапшыларды тарту жолымен тәуелсiз ғылыми сараптама институтын жетiлдiру қажет. Тәуелсiз сарапшылардың еңбегін төлеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргізiледi.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жоғарыда көрсетiлген қағидаттары бағдарламалық-мақсатты әдiс ретiнде де, дәл сондай жеке мега-жобалар ретiнде де кәсiпорынның, саланың нақты технологиялық проблемаларын мақсатқа сай шешуге, олардың бәсекеге қабiлеттігін көтеруге, жаңа, нақты қажеттiлік тудырған өнiмді немесе қызметтердi құруға мүмкiндiк бередi.
Елдiң ғылыми әлеуетiн инновациялық процеске белсендi тарту үшiн олардың қызметiнiң ғылыми және инновациялық кәсiбiн сақтау үшiн инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық саланың жекелеген объектілерін қайта жаңғырту және жекешелендiрудi жалғастыру қажет.
Мемсектордың құрамына мемлекеттік басқаруға және бюджеттік салаға (денсаулық сақтау, білiм беру, экология, қорғаныс және т.б.) тiкелей қызмет көрсететiн институттар ғана енетiн болады.
Шетелдiк консультанттардың көмегiмен дамыған елдердiң тәжiрибесiн пайдалана отырып, оларды озық ғылыми-техникалық ұйымдарға айналдыру мақсатында жұмыс iстейтiн зерттеу орталықтарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан, жекелеген ғылыми зертханалардан бастапқы топ әзiрленетiн болады.
Мұндай озық ғылыми орталықтар Қазақстанның университеттерi мен зерттеу институттары, iскер топтары өкiлдерiнiң, сондай-ақ көрнекті халықаралық ғалымдардың қатысуы кезiнде екi басты өлшем бойынша iрiктелетiн болады:
- әлемдiк деңгейде ғылыми зерттеулер жүргiзу бойынша әлеуеттiң болуы;
- мұндай зерттеулердiң Қазақстанның ағымдағы және келешектегi экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы.
Әлемнiң барлық индустриялық дамыған елдерiнде көптеген өнеркәсiп компанияларының бұл елдерде жүзеге асырылатын қолданбалы зерттеулер мен әзiрлемелердiң негiзгi көлемiн орындайтын меншiктi ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалары бар. Нақ осы бөлімшелер жоғары тиімдi жаңалықтардың тұрақты фирмаiшiлiк бастамасын, зерттеулерге нақты практикалық бағдар берудi, ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiсте жедел пайдалануды қамтамасыз етедi. Бұдан өзге, өнеркәсiп компанияларында ғылыми бөлімшелердiң болуы мұндай бөлiмшелер өнеркәсiпте практикалық қолдану үшiн көптеген ғылыми зерттеулердi бейімдей алатын болғандықтан, iрi iргелiк жаңалықтар базасында қағидатты жаңа технологияларды құруға және игеруге ықпал етедi.
Қазақстанда қазiргi кезде қолданбалы зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындайтын ғылыми ұжымдар (салалық және бұрынғы салалық, қазiргi акционерлік ғылыми ұйымдар) әдетте "Ғылым - өндiрiс-рынок" циклінiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн барынша елеулi кедергiлердiң бірi болып табылатын өнеркәсiп кәсiпорындарынан ұйымдық, экономикалық және психологиялық бөлiнген.
Осыған байланысты мемлекеттік сектордың бірқатар ұйымдарын iрi компаниялар, iрi бизнес ғылыми саланы сақтау жағдайында (корпоративтiк ғылымды дамыту) жағдайларында жекешелендiрiлетiн болады (инвесторларға сату). Екiншi жағынан бірқатар ғылыми ұйымдар жоғары оқу орындарының құрамына кiредi.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны, әсiресе мемлекеттік қаржыландыру есебiнен жүргiзiлетiндердi үйлестiру қажет. 2005-2006 жылдар iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкілеттi орган ретiнде және Білім және ғылым министрлігінiң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкiлеттi орган ретiнде салалық министрлiктермен, Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиямен, ҰИҚ-пен, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ-пен, бизнеспен және кәсiпкерлiкпен өзара әрекетiнiң рәсiмдерi мен тетiктерi пысықталатын болады.
Бұл үшiн көрсетiлген уәкілеттi органдардың, ғылыми-техникалық қызметтiң басқа қатысушыларының арасындағы функциялардың нақты жiгiн ажырату жөніндегі тиiстi нормативтік құқықтық актiлерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Технологиялар трансфертi
2005 жылдың iшiнде мемлекет есебiнен жүргiзілген немесе жүргізiлiп жатқан нақты ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн олардың өзектiлігін және әлеуметтiк-экономикалық дамытудың қолданыстағы шарттарында коммерциялизациялау мүмкiндігін айқындау мақсатында сараптау және iрiктеу жөніндегі жұмысқа кiрiсу қажет.
2005-2006 жылдарда жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттің зияткерлiк меншігі құқықтарын пайдалану тәртібін айқындау жөнiнде ұсыныстар әзiрленетiн болады.
2005 жылы Дүниежүзiлiк банкпен бірлесiп Озық технологиялар орталықтарын құру бойынша жоба бастама алатын болады. Дүниежүзiлiк банк әлемдiк рынокта коммерциялизациялаудың жоғарғы әлеуетiне ие ғылым саласын айқындайтын маркетингтiк зерттеулер жүргізетiн болады. Озық технологиялардың құрылған орталықтары осы салалардағы инновациялық әзiрлемелерге технологиялық қаржылық, құқықтық және ұйымдық жәрдем көрсету жолымен қолдауды қамтамасыз ететiн болады.
Озық технологиялар орталықтарын дамыту жетекшi шетелдiк сарапшылардың техникалық жәрдемiмен жүргізiлетiн болады.
Технологиялар трансфертi процесіндегі маңызды рөл дамуында Қазақстан әлемдiк рыноктағы еңбектi халықаралық бөлуге сәттi енуi үшiн салыстырмалы артықшылыққа ие болатын Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы жүргiзген зерттеулерге тиесiлi болмақ.
Ақпараттық инфрақұрылым
Ақпараттық алмасу дамыту процесiнiң және әсiресе, білімдердi, технологияларды, ақпараттарды беру процестерiне негiзделген инновациялық дамытудың шешушi факторының бірi болып табылады.
Қазақстанда жалпы жүйе құру қажет. Ол Қазақстанның мемлекет iшiндегі, дәл сондай шетелдiк серiктестерге индустриялық-инновациялық дамуы процестерiнiң жалпы кешенiн ашып көрсететiн болады - "Виртуалдық технопарк" инновациялық дамытудың бірыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - "Виртуалдық технопарк" БАЖ).
Ақпараттық жүйе әрiптестер мен инвесторларды iрiктеу мақсатымен ұсынылатын және талап етiлетiн технологиялар бойынша ақпаратты жинауға, талдауға және пайдалануға мүмкiндiк беретiн iргетасын бiлдiруi тиiс. Инновациялық дамудың "Виртуалдық технопарк" БАЖ даму және ұйымның инновациялық дамуына iске қосылған басқа да институттардың қызмет көрсетуiн бiлдiретiн көп деңгейлi дерекқорды бiлдiредi деп жоспарлануда. Жүйе қазiргi заманғы технологияларды әлеуеттi жеткізушiлер мен тұтынушылардың арасындағы барынша мүмкiн болатын байланыстардың санын ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ететiн болады, ғылыми-технологиялық дамуды болжау үшiн негiзге болады.
Мемлекеттік институттардан жеке секторға "Виртуалдық технопарк" БАЖ шеңберiнде ұсынылатын қызмет көрсетулердiң көлемi мен бағытын назарға ала отырып, "Виртуалдық технопарк" БАЖ сервистерi электронды Қазақстан Республикасының даму инфрақұрылымының мемлекеттік бағдарламасына енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы ақпараттық жүйе шеңберiнде елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң картасы және мемлекеттік индустриялық инновациялық саясатты қалыптастыру, iске асыру, оның мониторингi кезiнде, сондай-ақ зерттеушiлердiң, кәсiпкерлердiң, шетелдiк инвесторлардың жұмысында пайдаланылуы мүмкiн электрондық дерекқор құрылатын болады. Мұндай жұмыс білімнiң қазiргi кластерлерiн орналастыру кестесiн, жекелеген зерттеушілердiң білiктілiгiн айқындайды, әртүрлi ғылыми пәндер арасында әлеуеттi байланыстарды бөледi.
"Виртуалдық технопарк" БАЖ сапасын және оның қойылған мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету қабiлетiн айқындайтын негiзгi факторлар мыналар болады:
- ҰИҚ субъектілерi қызметiнiң ақпараттандыру дәрежесi;
- ҰИҚ арқылы субъектілер арасындағы өзара iс-қимылдың деңгейi.
2005 жылы "Виртуалдық технопарк" БАЖ-дың техникалық-экономикалық негiздемесi әзiрленетiн және 2006 жылы оны құруға шығыстар жоспарланатын болады.
5.2. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту
Осы бағдарлама шеңберiнде мемлекет инновациялық кәсiпорындар жүйесiн қалыптастыру және оларды жандандыру жөнiнде бірқатар шаралар қабылдайды.
Инновациялық кәсiпорындардың тиiмдi төлемдiгiнiң негiзгi себептерiнiң бірi Қазақстанда технологияларды коммерцияландырудың iскерлiк қағидаттарына, құқықтық қорғаудың теориясы мен практикасына және зияткерлiк меншiктi пайдалануға ие болып отырған, инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара білетiн кәсiби инновациялық менеджер-мамандардың институтының жоқтығы болып табылады.
Осыған байланысты жақын перспективада инновациялық кәсiпкерлiктi дамытудың маңызды бағыттары жоғары оқу орындарында да жоғары оқу орындарынан кейiн де, оның iшiнде шетелдерде оқуды, сондай-ақ мұндай бағдарламаларды қаржыландыруда мемлекет қатыса отырып, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң білiктілiгiн арттыру үшiн қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, дөңгелек үстелдердi қамтитын инновациялық кәсiпкерлiк саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде Білім және ғылым министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі және ҰИҚ жетекшi шетелдiк бизнес-мектептермен және жетекшi қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлесiп, "Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша басқару кадрларын даярлау жөніндегі оқу бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды дайындау және қайта дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1439 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім берудi дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен қаржы ресурстары көзделетiн болады.
Сондай-ақ мақсаты инновациялық кәсiпкерлерге, инфрақұрылымдық ұйымдар қызметкерлерiне, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың менеджерлерiне инновациялар менеджментiнiң теориясы мен практикасын енгізу жөніндегі қысқа және орта мерзiмдi бағдарламаларды жүргізу болатын технопарктер жанындағы білім беру орталықтары ашылатын болады.
Мемлекеттің инновациялық кәсiпкерлiктi ынталандыру жөніндегі күш-жiгерi мына бағыттарға да шоғырланатын болады:
меншiк нысанына және қаржыландыру түрлерiне қарамастан барлық субъектiлердiң инновациялық қызметтi жүргiзуi үшiн тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында салық жүйесiн одан әрі жетiлдiру;
білімдердiң мамандандырылған желiлерiн құруға және олардың жаңа технологияларды дамытудың аумақтық аймақтарында коммерцияландыруға бағытталған кластерлiк стратегияларды әзiрлеу;
ақпараттық алмасу және инновациялық қызметте қажеттi деректерге, регламенттерге, дерекқорға және т.б. ену жүйесiн дамыту;
инновациялық қызмет үшiн iскер және ақпараттық қызметтердi дамытуға жәрдемдесу - қаржылық және құқықтық консалтинг, патенттiк қорғау және басқалары;
инновациялық қызметтiң басым бағыттарын дамыту саласындағы шетелдiк мамандарды шақыру;
кәсiпкерлiктiң тиiмдi түрлерiнiң бірi ретiнде инновацияны насихаттау;
шетелдiк инвесторлармен бірлескен инновациялық кәсiпорындар құруды ынталандыру;
монополияны реттеу және адал бәсекенi қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
өнер табыстарды патенттеу рәсiмдерiн оңайлату;
мемлекет пен жеке бизнес арасындағы диалогты оңайлатуға жәрдемдесетiн бизнес қауымдастықтарды құруға жәрдемдесу;
инновациялық инфрақұрылым элементтерiн құруға пайдаланылмаған өндiрiстiк алаңдарды және ресурстарды беру жолымен инновациялық қызметті күшейту мақсатында мемлекеттік меншiктi тиiмдi пайдалануды арттыру;
жабдықты қайта бөлу үшiн инфрақұрылымдарды құру (ақпараттық және лизингтiк агенттіктер, пайдаланылған жабдықты сату жөніндегі сауда кәсiпорыны және т.б.);
өнiмдердi стандарттау және технологиялық процестердi, тауарлар мен қызметтердi сертификациялау жүйелерiн құру;