*Тауардың номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де
айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
бекітілген
Еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын
операцияларды жүргiзуге арналған жекелеген
тыйым салулар мен шектеулер
ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жүргiзу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерi мыналар болып табылады:
Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды |
Спирттiң барлық түрлерi | 2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды кеден аумағынан тыс
қайта өңдеу жөніндегі жекелеген
операцияларға арналған шектеулер
ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жүргiзу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерi мыналар болып табылады:
Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды |
Спирттiң барлық түрлерi | 2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 538 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 18, 193-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 наурыздағы № 232 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 18, 193-құжат).
3. "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 2, 27-құжат).
4. "Еркiн кеден аймақтары және еркiн қоймаларға кейбір тыйым салуларды белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 447-құжат).