“Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы
№ 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 340 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндетті мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 1, 10-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшіншi, оныншы абзацтары 2004 жылғы 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiнде:
3-тармақ алынып тасталсын;
"Мұнай операцияларын жүзеге асыру және техногендiк минералдық құралымдарды пайдалану" деген тарау және 4, 5, 6-тармақтар алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 1-2 қауiптiлiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру.";
10-тармақтағы "қауiптi өндiрiс қалдықтарын" деген сөздердiң алдынан "1-3 қауіптілік сыныбындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Қоршаған ортаға Зиянды әсерiн тигізетiн техногендiк минералдық құралымдарды сақтау.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақ шегіндегі кәсiпорындарды, құрылыстарды орналастыру, салу және қайта жаңарту және өзге де объектілердi пайдалану.
12. Қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетiн химиялық және биологиялық заттарды өндiру.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесінде:
"Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары" деген 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уытты, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды
заттармен ластанған жерлердi техникалық қайта құнарландыруды
жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын
білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) өлшемдер жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен):
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен, қауiптi зиянды заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалармен, үй-жайлармен және сыйымдылықтармен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органымен (бұдан әрi - аумақтық орган) келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламасының;
5) санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларының;
6) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
7) уәкілеттi органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
8) қоршаған ортаға әсердi бағалау жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының болуын қамтиды.";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7-тараулармен толықтырылсын:
"2-1. Су объектілерiнiң ластануына әкеп соқтыратын ықтимал
қауiптi химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтi
материалдарды өндiрiстік мақсаттарда пайдаланатын
кәсiпорындар мен құрылыстардың су жинау алаңдарында салуды
және орналастыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi
субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Бiлiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
біліктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдармен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен жарақталған тиiсті материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкілеттi органмен келісілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының болуын қамтиды.
2-2. 1-2 қауiптілiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың
атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретiн өндiрiстiк
процестердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге
қойылатын білiктiлiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетiлген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
белгіленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
шектi жол берiлген шоғырланудан аспайтын деңгейлерге қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен;
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестігiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкiлетті органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) шектi жол берілген төгiнділер мен қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының болуын қамтиды.
2-3. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдалана отырып
жұмыстар жүргізудi, сондай-ақ құрамында озон бүлдiретiн
заттары бар жабдықтарды жөндеудi, монтаждауды, оларға қызмет
көрсетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге
қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, техникалық пайдалануды қолдану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн білуге білiктілiк тексерiсiнен өткен, озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтардың технологиялық регламенттерi мен техникалық паспортының;
3) озон қабатын бүлдiретiн заттарды алу және қайта өңдеу жөніндегі өндiрiстік-техникалық базаның, мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, жабдықтардың;
4) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың;
5) жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бүлдiретiн заттарды есепке алу және тасымалдауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
6) сақтандыру полисiнiң;
7) өтiнiш берушiнiң біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.
2-4. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар
өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан
Республикасынан әкетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi
субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi жеткiзуге келісім-шарт, шарт көшiрмелерiнiң;
2) озон қабатын бүлдiретiн заттарды әкелудiң болжалды көлемi мен олар құрамында бар өнiмдердiң мөлшерi (өрнегiн, сауда және химиялық атауын, СЭҚ ТН сауда нөмiрiнiң кодын, өнiм әкелiнетiн елдi көрсете отырып) туралы мәліметтердің;
3) сақтандыру полисiнiң;
4) өтiнiш берушiнiң біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.
2-5. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және
оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы
бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен
байланысты 1-3 қауiптілiк сыныбындағы өндiрiстiк қалдықтарды
өңдеудi, сақтауды және жоюды, трансшекаралық тасымалдауды
жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын
біліктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгiленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметтi жүргiзу қауiпсiздiгiне кепілдiк беретін инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивті қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келісілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкiлетті органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) зиянды (ластаушы) заттарды, өндiрiстік қауiпті қалдықтарды орналастыру, тасымалдау, тазалау және залалсыздандыру жөніндегі объектілердің және қондырғылардың;
7) өндiрiстік қалдықтарды орналастыру (жобада көзделген), қоршаған ортаның өндiрiстік қалдықтармен ластануы деңгейiн бағалау жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының;
8) өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын сақтауға арналған паспорттардың болуын қамтиды.
Өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын трансшекаралық тасымалдау кезiнде:
1) өндiрiстік қалдықтарды пайдалану, қолдану туралы мәлiметтердiң;
2) өндiрiстің қауiптi қалдықтарын тасымалдауға арналған лицензиялардың;
3) сақтандыру полисiнiң;
4) қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қауiптi заттарды есепке алу туралы ақпараттардың;
5) өндiрiстiң қауіптi қалдықтарын қабылдауға кәсiпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім-шарттар көшiрмелерiнiң болуын қамтиды.
2-6. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлігіндегі мемлекеттік
қорықтық аймақтың шегіндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды
орналастыруды, салу мен қайта жаңартуды және өзге де
объектілердi пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi
субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
Біліктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететін қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгiленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтік-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң бiліктілік талаптарына сәйкестiгiн, растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) шекті жол берiлген шығарындылар, шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
5) аумақтық органмен келісілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
6) уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының болуын қамтиды.
2-7. Қоршаған ортаға зиянды әсерін тигiзетiн химиялық және
биологиялық заттар өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық
жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктiлiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртіппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметтi жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келісілген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) химиялық және биологиялық заттарды өндiру жөніндегі жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының болуын қамтиды.".
2. Осы қаулы 2004 жылғы 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасының үшіншi, оныншы абзацтарын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |