Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
кiрiспеде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келісу және бекіту ережесiнде:
кіріспеде:
«Конституциялық заңына,»деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне,»деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кәсiпорындардың мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табысының бiр бөлiгiн есептеу меншiк капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе егер Кәсiпорын меншiк капиталының мөлшері мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табыстың бiр бөлiгiне жүргiзiлген есептеу нәтижесiнде терiс болса жүргiзiлмейдi.»;
6-тармақтағы «қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептiң деректерi және бухгалтерлiк теңгерiм» деген сөздер «есептi кезең үшiн кiрiстер мен шығыстар туралы есеп деректерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі бекiтетiн» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтағы «әкiмшiлiк» деген сөз алынып тасталсын;
10-тармақтағы «Қаржылық бақылау» деген сөздерден кейiн «және мемлекеттік сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жолдың 2-бағаны «әлеуметтiк қорғау» деген сөздерден кейiн», қылмыстық-атқару жүйесi» деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағаны»; Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау» деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 8-жолдың 2-бағаны «кадастрды» деген сөз «және жер кадастрларын, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |