Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 350 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 Қаулысымен күші жойылды
«Iшкi су көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 350 қаулысымен
бекiтілген
Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Iшкi су көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже өздiгiнен жүзетiн кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру тәртібін айқындайды.
2. Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру
3. Кеме капитандары мен штурмандарға, жер снарядтарының командирлерiне және олардың көмекшiлерiне, механиктерге, механиктің көмекшiлерiне және жоғарыда көрсетiлген лауазымдарды қоса атқаратын тұлғаларға, диплом алу рәсiмiнен өткен электр жабдықтары бойынша механиктiң көмекшiлерiне, электр механиктерi мен олардың көмекшiлерiне диплом (1-қосымша), ал кемелердiң старшина-мотористерiне, қуаты 55 кВт-дан (75 а.к.) 110 кВт-ға дейiнгі (149 а.к.) кемелердiң кеме жүргізушісi-механиктерiне бiліктілік куәлiгi (2-қосымша) берiледi.
4. Диплом алуға оның тағайындалуына сәйкес осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген тиiстi білімi және белгiленген жүзу өтілi бар тұлғаларға рұқсат етiледi. Диплом берудi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң комиссиялары жүргiзедi.
5. Диплом беру мақсаты үшін өздiгiнен жүзетiн кемелер, олардың қозғалысын қамтамасыз ететiн қозғалтқыш қуатының тиiмдiлiгiне байланысты, мынадай топтарға бөлiнедi:
1-топ 110-нан 330 кВт-ға дейiн (150-450 а.к.)
2-топ 331-ден 550 кВт-ға дейiн (451-750 а.к.)
3-топ 551-ден 850 кВт-ға дейiн (751-1150 а.к.)
4-топ 581-ден 1620 кВт-ға дейiн (1151-2200 а.к.)
5-топ 1621-ден және одан артық кВт-ға (2201 және одан артық а.к.)
Жер снарядтары мен жер сорғыштар олардың өнiмдiлiгiне қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
1-топ өнiмдiлiгі 100 м3/сағатқа дейiн
2-топ 101-ден 250 м3/сағатқа дейiн
3-топ 251-ден 500 м3/сағатқа дейiн
4-топ 501-ден 700 м3/сағатқа дейiн
5-топ 701 м3/сағаттан жоғары.
Қуаттылығы 150 кВт-дан (200 а.к.) жоғары жылдамдығын 35 км/сағатқа және одан артық дамытуға қабiлеттi кемелер жүрдек кемелерге жатады. Бiлiмi және жүзу өтілі бойынша талаптар арнайы бөлiмде бөлiп көрсетiлген.
6. Диплом алу рәсiмiнен өткен тұлғаларға берiлетiн дипломда (біліктілік куәлігінде) кеме тобы (cу сыйымдылығы, жүрдектiгi, жер снаряды) және оған олар тағайындалуы мүмкiн қызметтер көрсетiледi.
7. Диплом алуға тиiстi білімi бар тұлғалар аумақтық бөлiмшеге мынадай құжаттарды:
еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
жеке куәлiктi немесе паспортты;
жоғары немесе орта кәсiптiк білімi туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтілін растайтын құжатты;
денсаулық жағдайы бойынша кемеде жұмыс iстеуге жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысын бере отырып жiберiледi.
Диплом берудi өткізу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган отыз күн iшiнде қарайды.
Ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы құжаттарды берген тұлғаға құжаттарды берген сәттен бастап жетi күннен кешiктiрмей бұл туралы жазбаша хабарланады.
8. Білiмiне сәйкес диплом алуға мыналарға:
барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарына - тиiстi мамандығы бойынша жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға;
1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарына - 2 топтағы жолаушы кемелерiнiң капитандары, 3-топтағы барлық үлгiдегi кемелердiң капитандары мен бірiншi штурмандары қызметтерiнен басқа, тиiстi мамандығы бойынша колледждi (училищенi) бiтiрген тұлғаларға;
1-топтағы кемелер мен жер снарядтарына, барлық кеме жүргiзушiсi, механик, электр механигi қызметтерiне (жолаушы кемелерiнiң капитандарынан басқа), 2 және 3 топтағы кемелерге үшiншi штурман, механиктiң үшiншi көмекшiсi, электр механигінiң екiншi көмекшiсi қызметтерiне; 2 және 3 топтағы кемелерге капитанның көмекшiсі (екiншi штурманның), механиктiң екiншi көмекшiсi, колледждiң (училищенiң) күндiзгi немесе сырттай оқу бөлiмдерiнiң 3 курсын, iшкi жүзу кемелерiнiң команда құрамын дайындау жөнiндегі курстарды бiтiрген жағдайда жүк және тiркеп сүйрейтiн кемелердiң электр механигiнiң бiрiншi көмекшiсі қызметтерiне;
қуаты 55-тен 110 кВт-ға дейiнгі (75 - 149 а.к.) кемелерге арнайы курстарды бiтiрген және осы кемелердi басқару жөнiнде ұзақтығы кемiнде 1 ай тағылымдамадан өткен тұлғаларға рұқсат берiледi.
3. Жүзу өтілі бойынша қойылатын талаптар
9. Кеме жүргiзушiсi, кеме механигi (электр механигi) мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға мынадай:
4-топты қоса алғанға дейiнгi кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi (кемелердi басқару жөнiнде кемiнде үш ай практикалық машығы бар екендiгiн ескере отырып) және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (үшiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi;
командалық қызметтерде 6 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi;
командалық қызметтерде 12 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi;
командалық қызметтерде 18 ай бойы жүзу өтілi бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi) және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигінiң) бiрiншi көмекшiсi;
командалық қызметтерде 24 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемесiнiң капитанынан басқа), механигi (электр механигі);
командалық қызметтерде 30 ай бойы жүзу өтілi бар болған кезде - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигі) қызметтерiне диплом берiледi.
10. Табиғат жағдайына қарай навигациялық кезеңнiң ұзақтығы алты айдан кем болатын өзен бассейндерiнде диплом беру кезiнде флот қызметкерiнiң жүзу өтілі алты айға теңеледi. Толық навигацияны өтемеген тұлғаларға нақты жүзген уақыты өтiлге есептеледi.
11. Колледждердiң (училищелердiң) кеме жүргізушiсi, кеме механигi (электр механигi) бөлiмдерiн және су жолдары мен қатынасы бөлiмдерiн бiтiрген тұлғаларға мынадай:
1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (үшiншi штурманы), механигiнiң (электр механигінiң) үшiншi көмекшiсi (кеменi басқару жөнiнде кемiнде үш ай практикалық машығы бар екендігін ескере отырып);
командалық қызметтерде 6 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi;
командалық қызметтерде 12 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигінiң) бiрiншi көмекшiсi, барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi, 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигі);
командалық қызметтерде 18 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшісi;
командалық қызметтерде 24 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi); барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), капитанының (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi;
командалық қызметтерде 30 ай бойы жүзу өтілi бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемелерiнiң капитандарынан басқа), механигi (электр механигі);
командалық қызметтерде 36 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемелерiнiң капитандарынан басқа), механигi (электр механигi);
командалық қызметтерде 42 ай бойы жүзу өтілі бар болған кезде - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi) қызметтерiне диплом берiледi.
12. Колледждi (училищенi) кеме жүргiзушiсi, кеме механигi (электр механигi) мамандықтары бойынша бiтiрген тұлғаларға мынадай:
1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсiн (үшiншi штурманын), механигінiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсiн қоса алғанда және 1 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының (екiншi штурманының), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi (кемелердi басқару жөнiнде кемiнде үш ай практикалық машығы бар екендiгiн ескере отырып) қызметтерiне диплом беріледi.
Командалық қызметтерде мынадай уақыт бойы жүзу өтілі бар болған кезде:
6 ай - 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi және бір топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi;
12 ай - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi, ал капитанның, механиктiң (электр механигiнiң) қызметi бойынша бір айдың iшiнде тағылымдамадан өткендерге - 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi);
18 ай - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсі;
24 ай - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механик (электр механигi) қызметтерiне диплом берiледi.
13. Iшкi жүзу кемелерiнiң команда құрамын даярлау жөніндегі курстарын бiтiрген тұлғаларға (кемелердi басқару жөнiнде кемiнде 6 ай практикалық машығын ескере отырып) мынадай - 3 топқа дейiнгi кемелер мен жер снарядтары (сүйретiп тарту және жүк флотын) қоса алғанда капитанының көмекшiсiне (үшiнші штурманына), механигiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсiне; 1-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсiне (екiншi штурманына), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсiне диплом берiледi.
Командалық қызметтерде мынадай уақыт бойы жүзу өтілі бар болған кезде:
6 ай - 2-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екінші штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi және 1 топтағы кемелер (жолаушы кемелерiнен басқа) мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бірінші көмекшiсі қызметтерiне;
12 ай - 3-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), екiншi (электр механигiнiң) көмекшiсi;
18 ай - 2-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi және 1 топтағы кемелер (жолаушы кемелерiнiң капитанынан басқа) мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi);
36 ай - 2-топтағы кемелер (жолаушы кемелерiнiң капитанынан басқа) мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигi) қызметтерiне диплом берiледi.
14. Жоғары және орта кәсіби оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға, 1-топтағы кемелердiң (жолаушы және транзит кемелерiнен басқа) капитаны, механигi (электр механигi) қызметтерiне осы қызметтерге тiкелей рейсте кемiнде үш ай тағылымдамадан сәттi өткеннен, ол капитанның немесе механиктің мінездеме-кепілхатымен расталғаннан кейiн, қызметтерге диплом алуға рұқсат берiлуi мүмкiн. Команда құрамын даярлау жөнiндегі курстарды бiтірген тұлғаларға сол шарттарда және сол қызметтерге қуаттылығы 225 кВт-ға (300 а.к.) дейінгі кемелерге диплом берiлуi мүмкiн.
15. Қатардағы құрамның рульшi-моторист, электрик, шығыршы қызметтерiнде кемiнде 12 ай жүзу өтілі бар және жоғары оқу орындарында - 4-курстан төмен емес және орта кәсiби оқу орындарында - 3 курстан төмен емес курстарда тиiстi мамандығы бойынша сәттi оқып жүрген тұлғаларға 3-топты қоса алғанға дейiнгi кемелер және жер сорғыштар механигiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi дипломы берiледi, ал бұрын орта кәсiби оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға, сол шарттарда 3-топты қоса алғанға дейінгі кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (үшiншi штурманы) қызметiне орналасуға арналған диплом берiлуi мүмкiн.
16. Жоғары оқу орындарында кеме механикасы (электр механикасы) мамандықтары және су жолдары мен қатынасы мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттерге 4-курстан кейiн рульшi-моторист, электрик, шығыршы қызметтерiнде кемiнде 6 ай жүзу өтілі бар болған кезде 4 топты қоса алғанға дейiнгi кемелер мен жер снарядтары механигiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi қызметтерiне диплом берiлуi мүмкiн.
17. Колледждердiң (училищелердiң) кеме механикасы (электр механикасы) мамандықтары және су жолдары мен қатынасы мамандықтары бойынша курсанттары мен оқушыларына 3 курсты аяқтағаннан кейiн рульшi-моторист, электрик, шығыршы қызметтерiнде кемiнде 6 ай жүзу өтілі бар болған кезде 2 топты қоса алғанға дейiнгi кемелер мен жер снарядтары механиктерiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi қызметтерiне диплом берiлуi мүмкiн.
4. Жүрдек кемелердiң командалық құрамының білімi
мен жүзу өтiлдерi бойынша қойылатын талаптар
18. Жүрдек кемелерде командалық қызметтерге орналасуға диплом алуға жоғары немесе орта кәсіби білімi бар тұлғалар жiберiлуi мүмкiн:
1) iшкi жүзу кемелерiндегі командалық қызметтерде жұмыс тәжiрибесi жоқ бiрақ жүрдек кемелердегi мынадай қызметтерде жүзу өтілі бар:
капитан көмекшiсi (үшiншi штурманы) - механиктiң үшiншi көмекшiсi қызметiнде 6 ай бойы жүзу өтілі бар - вахтада өз бетінше тұруға құқығы жоқ капитан көмекшiсi (екiншi штурманы) - механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiне;
капитан көмекшiсi (екiншi штурманы) - механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiнде 18 айдың 6 айы бойы жүзу өтілі бар - 3 ай мерзiмге дейiнгi тiкелей рейстерде тағылымдамадан өткеннен кейiн және сынақ тапсырғаннан кейiн тиiстi топтағы механиктiң бiрiншi көмекшiсi қызметiне;
капитан көмекшiсi (бiрiншi штурманы) - тиiстi топтағы механиктiң бiрiншi көмекшiсi қызметiнде 30 айдың 12 айы бойы жүзу өтілі бар - капитан - механик қызметiне.
2) iшкi жүзу кемелерiндегі командалық қызметтерде жұмыс тәжiрибесi бар, тиiсті кемеде тiкелей рейсте кемiнде 1 ай мерзiмдегi тағылымдамадан кейiн және осы кеменi басқару жөнiнде капитан тәлiмгерге практикалық сынақ тапсырған мынадай дипломы бар тұлғаларға:
осы қызметте кемiнде 12 ай жүзу өтілі бар және 2-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерi капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы) - 3-топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы);
осы қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтілі бар және 3-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерi капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы) - барлық топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы);
осы қызметте кемiнде 18 ай жүзу өтілі бар және 1-топтағы iшкi жүзу кемелерiнiң капитаны - капитанның көмекшiсi (бiрiншi штурманы), ал 24 ай жүзу өтілі бар - 3 топтағы жүрдек кемелердiң капитаны;
осы қызметте кемiнде 12 ай жүзу өтілі бар және 2-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерiнiң капитаны - 3-топтағы жүрдек кемелер капитаны;
осы қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтілі бар және 3-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерiнiң капитаны - барлық топтағы жүрдек кемелер капитаны қызметiне диплом алуға рұқсат берiлуi мүмкiн.
19. Жүрдек кемелердiң командалық құрамына қызметiн жоғарылатпай жоғарғы топтағы жүрдек кемелерге өту үшiн диплом беру алдындағы топтағы кемелерде осы қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтілі бар тұлғалар жiберiлуi мүмкiн.
20. Осы Ереженiң 19-тармағына сәйкес жүрдек кемелердiң командалық құрамының дипломын алған тұлғаларға өз тобындағы iшкi жүзу кемелерi капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiне диплом берiлуi мүмкiн.
Жүрдек кемелердiң капитаны көмекшiсiнiң (бiрiншi штурманының), механигiнiң бiрiншi көмекшiсiнiң, капитанының, механиктiң дипломдары бар тұлғаларға кейiннен диплом беру әрбiр қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтілі болған кезде жүргiзiлуi мүмкiн.
21. Жүрдек кемелердiң командалық құрамының механикалық мамандығы бар тұлғалары (немесе кеме жүргiзушiсi және кеме механигі қызметiн қоса атқаратын) механикалық мамандығы бойынша жұмыс дипломдары бар болған кезде және iшкi жүзу кемелерiнде жұмыс iстейтiн тұлғалар ретiнде кезектi диплом беруден өткенде ғана жұмысқа жiберiледi.
Кемелер экипаждары
мүшелерiне диплом беру
ережесіне
1-қосымша
Диплом үлгісі
(Сипаттама)
1. Диплом кiтапшасының мөлшерi 105x140 мм, оның iшiне 1 парақ
орналастырылады. Диплом парақтарындағы жазулар мен бағанға бөлулер
қара түстi бояумен орындалған.
2. Диплом тысы көк түстi лидеринмен қапталған қатырма қағаздан
жасалған, онда алтын түстi бояумен орындалған мынадай жазулар
орналастырылған:
1) жоғарғы бөлiгінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы, оның астында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде мынадай
батыңқы жазу бар:
«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі»
2) төменде iрi шрифтпен - «ДИПЛОМ» деген батыңқы жазу
3. Тысының iшкi жағында:
1) жоғарғы бөлiгiнде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы орналастырылған, оның астында мемлекеттік және орыс
тiлдерiнде:
Диплом № __
__________________________________________________________________
тегі, аты-жөні
_________________________________________________________ берiлдi.
3) төменгi бөлiгiнде, сол жағында - суретке арналған орын,
оң жағында - мемлекеттік және орыс тiлдерiнде:
Кемелердiң экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi
негiзiнде.
4. Дипломның бiрiншi бетiнде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде
мынадай жазулар орналастырылған:
__________________________________________________________________
жанынан құрылған біліктілік комиссиясы ___________________________
№__ Хаттама
200__ жылғы»___»__________
Азамат __________________________________________________________
________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметін атқаруға құқылы
5. Дипломның екiншi бетiнде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде
мынадай жазулар орналастырылған:
_________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметiн атқаруға құқылы
Комиссия төрағасы M.O.
№__ Хаттама
200__ жылғы»___»__________
Азамат __________________________________________________________
________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметін атқаруға құқылы
6. Екiншi тысының iшкi жағында мемлекеттік және орыс
тiлдерiнде мынадай жазулар орналастырылады:
_________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметiн атқаруға құқылы
Комиссия төрағасы M.O.
Кемелер экипаждары
мүшелерiне диплом беру
ережесіне
2-қосымша
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы)
Білiктілiк куәлiгi
__________________________________________________________________
(iшкi бетi, сол жағы)
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі
№ ___
Куәлiк
Азамат ___________________________________________________________
iшкi суда жүзетiн кемелер экипажына диплом беру туралы ереженiң және
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жанындағы ведомствоаралық біліктілiк комиссиясы қаулысының негiзiнде
берiлдi.
№ ___ Хаттама
200__ жылғы»___»__________
Азамат ___________________________________________________________
(iшкi бетi, оң жағы)
_______________________________ өзен (көл) арқылы жүзетiн кемелер
тобының
_____________________________________ қызметтерiн атқаруға құқылы
Суретке арналған орын Бiлiктілiк комиссиясының төрағасы
______________________________
Бiлiктілік комиссиясының хатшысы
____________________________________________