7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Кәсiби даярлық училищесiнiң жоспарлы оқытудың негiзгi мiндеттерiн: 600 бірлiк тыңдаушының алғашқы даярлығын; 450 бірлiк тыңдаушының біліктiлiгiн арттыруды; 50 бірлiк тыңдаушыны қайта даярлауды сапалы әрi уақытылы орындауы. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiн әскери-техникалық мамандықтар бойынша біліктi кадрлармен қамтамасыз етудi, офицерлердiң теориялық білімдерi мен практикалық дағдыларының деңгейлерiн жаңарту; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiн ұдайы жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiнде ұстау үшiн кәсiби мiндеттердi шешудiң қазiргi заманғы әдiстерiн, қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерiн игеру. 8 офицердiң біліктiлiгiн арттыру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
46-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Жоғары кәсiби білімдi мамандар даярлау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1437375 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз жетi миллион үш жүз жетпiс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 7 шiлдедегi № 418қ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және ұлттық сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53қ қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 348 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлігінiң Академиясы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; "Құқық қорғау органдары үшiн кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметiн және үкiметтiк байланыс әскерлерi әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1427 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 909-42қ қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1057 қаулысы; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терең гуманитарлық, арнайы заңгерлiк білімi бар біліктi кадрлар даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу; қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмысты жоғары кәсiби деңгейде ұйымдастыру үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiн ұдайы жауынгерлiк даярлықта ұстау үшiн оны қажеттi әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалған жоғары біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: iшкi iстер органдары қызметiнiң өзектi проблемаларына iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу және алынған нәтижелердi iшкi iстер органдарының және iшкi әскерлердiң оқу процесi мен тәжiрибесiне енгізу мақсатында iшкi iстер органдары үшiн мамандар даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғарғы оқу орындарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн оларды ұстау; оқу, ғылыми, оқу-әдiстемелiк және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердi дайындау және басып шығару; тұрақты және ауыспалы құрамды оқу-тәрбие процесiне белсендi қатысуға ынталандыру жүйесiн әзiрлеу және енгізу; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi жариялаған қажеттiлiкке сәйкес Ресей Федерациясының әскери оқу орындарындағы оқытудың бағдарламалары бойынша әскери қызметшiлердi әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 012 Жоғары кәсi- Заң институттары Жыл Қазақстан
би білімдi мен iшкi әскерлер- бойы Республикасы-
мамандар дiң Жоғары әскери ның Iшкi iстер
даярлау училищесін 1770 министрлігі,
бірлiк штаттық сан Қазақстан
шегінде ұстау. Республикасы
Азық-түлiкпен, дәрi- Iшкi iстер
дәрмекпен, заттай министрлігінің
мүлiкпен, жұмсақ Ішкі әскерлер
мүкәммалмен, комитеті,
жанар-жағар май Қазақстан
материалдарымен, ас Республикасы-
үй және медициналық ның Iшкi iстер
жабдықтармен, құны министрлігі
40 еселік айлық Ішкі әскерле-
есептiк көрсеткiш- рінің Жоғары
тен төмен жиhазбен, әскери учили-
спорт мүкәммалымен, щесі,
және басқа да Қазақстан
тауар-материалдық Республикасы
бағалы заттармен, Ішкі істер
стипендиямен қамта- министрлігінің
масыз ету. 4 атаулы Академиясы,
оқ-дәрi, 1 атаулы Қазақстан
броньды қалқанша Республикасы
мен белсендi қорға- Ішкі істер
ныс құралын, қару- министрлігінің
жарақ 157 бірлiк, Бәрімбек
1 атаулы әскери- Бейсенов
химиялық мүлiктер атындағы
сатып алу. Есептеу- Қарағанды
iш техникалар: заң институты
компьютер - 105
бірлiк, принтер - 2
бірлiк, үздiксіз
қоректену көздерi -
65 бірлiк сатып
алу. Қазақстан
Республикасы Iшкi
iстер министрлігі-
нiң Академиясында
күрделi жөндеу
жұмысын жүргiзу.
Білiм алушылар
саны: күндiзгi
бөлiмде - 2791
бірлiк, сырттай
бөлiмде - 1676 бір-
лiк. Iшкi әскерлер-
дiң әскери қызмет-
шiлерiн Ресей
Федерациясының
әскери-оқу орында-
рында оқыту. Оқитын
ішкi әскерлер әске-
ри қызметшiлерiнiң
саны - 11 офицер.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын және iшкi әскерлерiн жоғары біліктi мамандармен жоспарлы түрде қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесi - күндiзгi бөлiмнен 220 бірлiк; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Академиясы - күндiзгi бөлiмнен 225 бірлiк, сырттай бөлiмнен 308 бірлiк; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қарағанды заң институты - күндiзгi бөлiмнен 226 бірлiк, сырттай бөлiмнен 199 бірлiк. Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң 11 офицерiн оқыту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
47-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 143450 мың теңге (бip жүз қырық үш миллион төрт жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексi; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсіздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; "Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 909-42қ және 2004 жылғы 26 наурыздағы № 368-15қ қаулылары; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi жедел бөлiмдерiнiң жауынгерлiк мүмкiндiктерi мен жауынгерлiк әзiрлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: офицерлердi дайындаудың жоғары кәсiптiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде ведомстволық оқу орындарында оқу процесiн жүргiзу үшiн тиiсті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 013 Білiм беру "2005 жылға арнал- Жыл Қазақстан
объектіле- ған республикалық бойы Республикасы
рiн салу бюджет туралы" Iшкi iстер
және қайта Қазақстан Республи- министрлігі-
жаңарту касының Заңын iске нiң, Iшкi
асыру туралы" әскерлер
Қазақстан Республи- комитетi,
касы Үкiметінiң Қазақстан
2004 жылғы 8 жел- Республикасы-
тоқсандағы № 1289 ның Iшкi iстер
қаулысының 2-қосым- министрлігі
шасына сәйкес iшкi әскерле-
мынадай сомалар рінiң құрама-
шегiнде: лары мен
1. Жоба-сметалық бөлiмдерi,
құжаттаманы әзiрлеу Қазақстан
және мемлекеттік Республикасы
сараптама жүргiзу- Iшкi iстер
дi, сондай-ақ министрлігі
Оңтүстiк Қазақстан Iшкi әскерле-
облысында Қазақстан рiнiң Жоғары
Республикасы Iшкi әскери
iстер министрлігі- училищесi,
нiң Iшкi әскерлер Iшкi iстер
комитетi үшiн таулы министрлiгінiң
аймақтағы дайындығы Бәрiмбек
бойынша оқу орталы- Бейсенов
ғын құру жөнiндегі атындағы
объектiлерін салу Қарағанды заң
және жаңарту жөнiн- институты
дегi құрылыс-монтаж
жұмыстарын жүргізу;
2. Петропавл қала-
сындағы Қазақстан
Республикасының
Iшкi iстер министр-
лiгi iшкi әскерле-
рiнiң Жоғары әскери
училищесiнде қазiр-
гi заманғы оқудың
материалдық-техни-
калық базасын салу
жөніндегі жобалау-
сметалық құжаттама-
ны әзiрлеу және
мемлекеттік сарап-
таманы, сондай-ақ
құрылыс-монтаж
жұмыстарын жүргiзу;
3. Қазақстан
Республикасы Iшкi
iстер министрлігі-
нiң Бәрiмбек
Бейсенов атындағы
Қарағанды заң
институты объектi-
лерiнiң құрылысын
аяқтауға арналған
жобалау-сметалық
құжаттаманы әзiрлеу
және мемлекеттік
сараптама жүргiзу.
____________________________________________________________________