7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жеке құрамның таулы аймақтардағы - жауынгерлiк әзiрлiгi мен жауынгерлiк қабiлетi артады, нәтижесiнде оларға жүктелген жауынгерлiк қызметтiк мiндеттердi (сметалық құнның 65,9 %) неғұрлым сапалы орындауға мүмкiндiк бередi; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi Жоғары әскери училищесiнiң оқу материалдық-техникалық базасын құру және дамыту офицерлердiң дайындық деңгейiн арттырады, әскери білімiнiң сапасын жетiлдiредi; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Бәрiмбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты объектілерінiң құрылысын аяқтауға арналған мемлекеттік сараптамадан өткен және заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
48-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн емдеу"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 855780 мың теңге (сегiз жүз елу бес миллион жеті жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; "Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінiң мемлекеттік өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiн еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53қ қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1433 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне, зейнеткерлерiне олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерiне кешендi біліктi, мамандандырылған, консультативтiк-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер және iшкi әскерлерiнiң зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне медициналық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгінiң Емханалы орталық госпиталiне, iшкi iстер органдарының аумақтық госпитальдерi мен емханаларына жүктелген мiндеттердi: аурудың барлық түрiн, мүгедектiктi және өлiмдi кемiтуге бағытталған профилактикалық iс-шаралардың кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу; қазiргi заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтармен жарақтандыру, профилактика, диагностика және емдеу жөніндегі жұмыстың озық нысандары мен әдiстерiн зерделеу және енгізу; салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; дәрiгерлердiң және орта буын медициналық қызметкерлердiң біліктiлiгiн жоғарылатуды; құқық қорғау органдарын оңтайлы жасақтау мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми-әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және практикалық iс-шараларды ұйымдастыруды; әскери-дәрiгерлiк сараптау материалдары бойынша ведомстволық медициналық және әскери-медициналық мекемелердегi емдеу-диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылуын, жүргiзiлуiн және олардың нәтижелерiн бақылауды жүзеге асыруды; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң бөлiмшелерiнде қолданыстағы санитарлық заңнаманың, санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуын қамтамасыз етудi; қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға және жоюға бағытталған санитарлық-iндетке қарсы iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыруды; iшкi iстер органдарының және iшкi әскерлер қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң арнаулы мекемелерiнде ұсталатын контингенттiң денсаулығын нығайту үшiн жағдай жасауды орындау үшiн олардың аппаратын ұстау. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiн, олардың отбасы мүшелерiн және iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң зейнеткерлерiн емдеу үшiн медициналық қызметтер көрсетуге ай сайын ақы төлеу.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 014 Әскери Iшкi iстер орган- Жыл Қазақстан
қызметшi- дарының Емханалы бойы Республикасы-
лердi, орталық госпита- ның Iшкi істер
құқық лiн, аумақтық министрлігі,
қорғaу госпитальдары мен Қазақстан
органдары- емханаларын 2014 Республикасы
ның қызмет- бірлiк штаттық сан Iшкi iстер
керлерiн шегiнде ұстау. министрлігінiң
және олар- Емханалы госпиталь- Емханалы
дың отбасы дерiн азық-түлiк- орталық госпи-
мүшелерiн термен, дәрi-дәрмек- талi, iшкi
емдеу термен, өзге де iстер органда-
медициналық мақсат- рының аумақтық
тағы төсек-орынмен, госпитальдерi
арнайы киімдермен, мен емханала-
тауар-материалдық ры.
құндылықтармен,
жанар-жағар май
материалдарымен
қамтамасыз ету, ағым-
дық және күрделi
жөндеу жұмыстарын
жүргiзу. 3 дана
лазерлiк принтерi
бар компьютер сатып
алу. Бөлiмшелерге
медициналық аспап-
тар мен құрал-жаб-
дықтарды: офтальмо-
логияға - 1 атаулы
2 бірлiк, рентгено-
логияға - 4 атаулы
7 бірлiк, операция-
лық бөлiмшеге - 1
атаулы 3 бірлiк,
стоматологияға - 1
атаулы 8 бірлiк,
функционалдық диаг-
ностика мен эндоско-
пия бөлiмшесiне - 5
атаулы 9 бірлiк,
физиотерапияға - 2
атаулы 8 бірлiк,
зертханаға - 1 атау
сатып алу. Құқық
қорғау органдарының
қызметкерлерi мен
әскери қызметшiлер-
ге, олардың отбасы
мүшелерi мен зейнет-
керлерге 29 061
күндiк төсек -
орындық стационар-
лық медициналық
қызмет көрсету.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және iшкi әскерлердiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне кешендi біліктi, мамандандырылған, консультативтiк-диагностикалық профилактикалық және стационарлық көмек көрсетуде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақытында орындалуы. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн, сондай-ақ зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн Емханалы орталық госпиталiнде емдеу үшiн саны 15 402 және iшкi iстер органдарының аумақтық госпитальдерi мен емханаларында емдеу үшiн кемiнде 95 000 күндiк-төсек орын ұсыну. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiн, олардың отбасы мүшелерiн және iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң зейнеткерлерiн стационарлық емдеу үшiн саны кемiнде 29 061 күндiк-төсек орын ұсыну.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
49-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу
үшiн қажет құжаттарды және нөмiр белгiлерiн дайындау"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2226552 мың теңге (екi миллиард екi жүз жиырма алты миллион бес жүз елу екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексi; "Жол қозғалысы қауiпсіздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегі Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүргізушiлерге және көлiк құралдарына жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру жөнiндегі заңнамада белгiленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік тiркеудiң нөмiрлiк белгiлерiн, көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктер мен жүргiзушi куәлiктерiн қоса алғанда жол полициясының арнайы өнiмдерiн әзiрлеудi және өткізуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 016 Жүргiзушi Қазынашылық орган- Жыл Қазақстан
куәлiкте- дарында белгiленген бойы Республикасы-
pін, көлік тәртiппен тiркелген ның Iшкi iстер
құралда- азаматтық-құқықтық министрлігі,
рын мемле- шарттар бойынша облыстардағы
кеттiк "Көлiк құралдары iшкi iстер
тiркеу үшiн мен олардың тірке- басқармалары,
қажет мелерiне арналған Астана, Алматы
құжаттарды жарық қайтарғышы қалаларының
және нөмiр бар мемлекеттік Iшкi iстер бас
белгілерiн тiркеу белгiлерi" басқармалары,
дайындау деген Қазақстан Байқоңыр
Республикасының СТ қаласының
986-95 стандартына Арнайы полиция
және "Көлiк құрал- басқармасы
дарына арналған
тiркеудiң нөмiрлiк
белгiлерiне арнал-
ған әзiрлемелер"
деген Қазақстан
Республикасының 640
ТШ-3042787-1-95
техникалық шартта-
рына сәйкес 383941
жиынтық үшiн;
Қазақстан Республи-
касының 640
ТШ-3042787-3-96
техникалық шартта-
рына сәйкес көлiк
құралдарын тiркеу
туралы 437020 бір-
лiк куәлiк;
Қазақстан Республи-
касының 640 TШ-
3042787-2-96 техни-
калық шарттарына
сәйкес 203489 бірлiк
жүргiзушi куәлiгiн
әзiрлеу үшiн мiндет-
темелердi орындау.
Әзiрленген 117774
жиынтық мемлекеттік
тiркеудiң нөмiрлiк
белгiлерi, 178493
бірлiк көлiк құрал-
дарын тiркеу туралы
куәлiк және 106261
бірлiк жүргiзушi
куәлiгi үшiн 2004
жылдың мiндеттеме-
лерiн орындау.
____________________________________________________________________