7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктердiң аурулары мен арамшөптердiң таралу ошақтарын табу, оқшаулау, жою, егiндi сақтау, карантиндiк объектiлердi уақытылы жою мақсатында оларды анықтау үшiн карантинге жатқызылған өнiмге зертханалық фитосанитариялық талдау жүргiзудi, өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік мекемелерге сараптамаға келiп түскен импорттық өсiмдiк материалдарын Қазақстан Республикасының аумағында карантиндiк объектiлердiң таралуын 100%-ға болдырмау және тексерiстен кейiн сау егілетiн, ұластырылатын және тұқымдық материал шығару.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
89-қосымша
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Тұқымдық және көшет материалының сорттық
және себу сапаларын анықтау"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 156845 мың теңге (бip жүз елу алты миллион сегiз жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Агроөнеркәсiп кешенi саласын кредиттеу және мемлекеттік iс-шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12, 4-баптары; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 мамырдағы № 889 Жарлығы; "Мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану, қалыптастыру және сақтау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүкiл егiс алқабына жоғары өнiмдi сорттардың тексерiлген тұқымдарын себудi қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнiмдерінiң түсiмдiлiгiн арттыру, өсiмдiк шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сапасын жақсарту және елiмiздiң азық-түлiктiк қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер, элиталық және бірегей тұқымдарды өндiрушiлер, мемлекеттік сорт сынайтын учаскелер мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқым сапасына уақытылы және біліктi сараптама жүргiзу, олардың сапасының қолданыстағы мемлекеттік стандартқа сәйкестiгiн анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 005 Тұқымдық отандық ауыл шаруа- Жыл Қазақстан
және көшет шылығы тауарын бойы Республиканың
материалы- өндiрушілер, элита- Ауыл шаруашы-
ның сорт- лық және бірегей лығы
тық және тұқымдарды, бірiн- министрлігі
себу сапа- шi, екiншi және
ларын үшiншi өсiп-өнуi
анықтау тұқымдарын өндiру-
шілер, мемлекеттік
сорт сынау учаске-
лерi мен станция-
лар, тиісті мемле-
кеттік стандарт-
тармен көзделген
көрсеткiштерi
(өнгіштік немесе
тiршілiкке бейiмді-
лігі, ылғалдылығы,
1000 дәннiң салма-
ғы, тазалық, зиян-
кестермен жайлану,
аурулармен дерт-
теу). Сапа бойынша
мемлекеттік тұқым
ресурстары үшiн
ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерi тұқым-
дарының сорттық
және егiстiк сапа-
сына 247 мың
зерттеу жүргiзу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң, элиталық және бірегей тұқымдарды, бірiншi, екiншi және үшiншi өсiп-өнуi тұқымдарын өндiрушiлердiң, мемлекеттік сорт сынау учаскелерi мен станциялардың себуге арналған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сапасын тексерудi қамтамасыз ету және сапалы тексерiлген тұқымдарды себудiң арқасында ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түсiмдiлiгін 15% тиiстi көтеру;
ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуге пайдаланатын тұқымдардың өзiндiк құнын төмендету;
тексерiлмеген сапасыз тұқымдарды себудi жүзеге асыруды тәжiрибеден алып тастау; отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi толық көлемiнде жоғары сапалы элиталық және репродукциялық тұқымдармен қамтамасыз ету, мемлекеттік тұқым ресурстарын сапа шартына сай тұқым материалдармен қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
90-қосымша
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 8101211 мың теңге (сегiз миллиард бір жүз бір миллион екі жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Су кодексi 135-бабы; "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы; "Қаржы лизинг туралы" Қазақстан Республикасының заңы 2 , 15, 21-баптары; "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы; "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы; "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 25 шiлдедегi "Мемлекеттік бюджетiнiң есепшоттары арқылы ұстайтын, есеп-қисап нысандарын (дүркiндiк пен жылдық) жүргiзу және бюджеттің қаржы тәртібі бойынша атқарылуы туралы" бекіту; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздың "Аграрлық-өнеркәсiптiк сектордың қаржылау және қаражаттандыру кейбір сұрақтары бойынша" қаулысы; "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткізу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 99 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: егiншiлiк, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу, ауыл шаруашылығындағы өсiмдiк шаруашылығын сақтандыру саласындағы ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу жөніндегі отандық кәсiпорындар өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауыл шаруашылығы дақылдарының түсiмдiлiгiн және өсiмдiк шаруашылығы өндiретiн өнiмнiң сапасын арттыру, тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң гендiк қорын:
бірегей тұқымдарды элиталық тұқымдарды және бірiншi ұрпақтағы будандарды толық қажеттілікте өсiру үшiн қажет сапада және сұрыпталымда өндiру;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң қол жететiндігін қамтамасыз ету жолымен ауыл асыл тұқымды өнiмге (материалға) шаруашылығы жануарлардың тестiк қорын, сақтау және дамыту, солардың асыл тұқымдық және өнiмдi сапаларын арттыру және мал шаруашылығы, еттi құс шаруашылығы және спорттық жылқы шаруашылығы бойынша мал шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтiру;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшiн минералдық тыңайтқыштардың, тұқымдар дәрiлеуiштерiнiң және гербицидтердiң құнын арзандату;
лизинг алушыларға лизингке берiлетiн ауыл шаруашылығы техникасының құнын лизинг алушылармен төленуiне және республикалық бюджетке қайтарылуына тиiс сыйақы (мүдде) бөлiгінiң сомасына арзандату;
ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге суарусуын жеткізудiң құнын арзандату;
ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге жер суару суларын жеткізу құнын арзандату;
ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға берiлетiн жабдықтардың құнын лизингiге алушылар төлеуге және соңынан республикалық бюджетке қайтаруға жататын сыйақы бөлiгi сомасына арзандату;
мiндеттi сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгін сақтандырушыға қайтару арқылы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттік қолдау;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарын төлейтiн қаражаттар айналымын толықтыруға берiлетiн екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерiнiң проценттiк ставкалары бойынша төлем ақыларын iшінара арзандату;
саны аз және жоғалып бара жатқан малдардың коллекциялық табындар қалыптастыру, олардың сандарын арттыру және жоғары өнiмдi ауыл шаруашылығы малдар алу;
жаңа тұқымдар, тұқым iшiндегі тұрпаттар мен аталық iздер шығару және құру үшiн бағалы генетикалық материалдарды пайдалану;
республикалық бюджеттен бөлiнетiн кредиттердi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi бюджеттердiң республикалық бюджеттерге төлейтiн сыйақы (мүдде) сомаларын өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 006 Ауыл шаруа-
шылығын
дамытуды
мемлекет-
тiк қолдау
2 100 Тұқым шару- Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
ашылығын касының Yкіметі бой- Республикасы-
дамытуды белгiлейтін тәртiп- ында ның Ауыл
қолдау пен мыналарды қоса, шаруашылығы
тұқым шаруашылығын министрлігі
субсидиялау:
5000-5100 тонна
бірегей тұқымдарды
және 60000-61000
дана жемiс-жидек
көшеттерiн өндiру-
дiң шығынын (40%-ға
дейiн) өтеу;
аласа дiңдi тiлету-
шiлерінің аналық
қайтамасын 5 гектар
алқабында салу үшiн
шығындарды толық
өтеу; отандық ауыл
шаруашылығы тауа-
рын өндiрушiлерге
сатылған 54000-
56000 тонна элита-
лық тұқымдардың
құнын (40%-ға
дейiн) арзандату.
3 101 Асыл тұқым- Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
ды мал касының Үкіметі бой- Республикасы-
шаруашылы- белгiлеген тәртiп- ында ның Ауыл
ғын дамыту- пен асыл тұқымды шаруашылығы
ды қолдау мал шаруашылығын министрлігі
дамытуды субсидия-
лау, оған қоса:
отандық ауыл шаруа-
шылығы тауарын
өндiрушiлерге саты-
латын асыл тұқымды
өнiмнiң (материал-
дың): асыл тұқымды
төлдердiң - 10500-
12000 тонна тiрiдей
салмағын, асыл
тұқымды жұмыртқаның
- 9500-11500 мың
данасын, бұқалар
ұрықтарының - 1500-
1800 мың дозасының
құнын жартылай
(50%-ға дейiн)
арзандату;
мал тұқымын асыл-
дандыру орталығына
40 бас асыл тұқымды
бұқаларды сатып алу
мен 140 бас малды
күтіп-бағу және
олардың ұрықтары
мен эмбриондарын
алу, сақтау және
пайдалану жөніндегі
шығыстарды толық
өтеу;
еттi құс өсiру
жөніндегі асыл
тұқымды шаруашылығы-
на 24500 бас бала-
пандарды сатып алуға
арналған шығыстарды
және оларды азықтан-
дыру үшiн сатып
алынатын құрама
жемнiң құнын толық
өтеу;
мал тұқымын асылдан-
дыру орталығына 150
бас аталық қошқар-
ларды сатып алуға
және күтiп-бағуға
жұмсалған шығыстар-
ды толық өтеу;
асылдандыру iсiн
дамыту үшiн сатып
алынатын арнайы
технологиялық,
лабораториялық
құрал-жабдықтар мен
жиhаздардың, арнайы
ауыл шаруашылығы
және ұйымдастыру
техникасының:
технологиялық жаб-
дықтар 35 бірлiк;
ұрықтандырушыға
арналған 35 жинақ-
талым;
арнайы ауыл шаруа-
шылығы және ұйым-
дастыру техникасы
- 27 бірлiк;
лабораториялық
жиhаз бен жабдық-
тардың (стерилиза-
тор, дистилятор,
термостат) құнын
толық өтеу;
қостанай тұқымын
өсiретiн асыл
тұқымды зауытта
араб тұқымының 2
айғырын сатып
алуға, 300 асыл
тұқымды жылқыны
өсiруге, күтіп-ба-
ғуға, үйретуге,
аталық айғырлардың
ұрығын алуға, сақ-
тауға жұмсалған
шығыстарды толық
өтеу;
асыл тұқымды мал
шаруашылығы субъек-
тілерiнiң республи-
калық және жергілiк-
тi бюджеттерге мер-
зiмi ұзартылған
салықтар бойынша
берешектерiн өтеу.