2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 85-125 қосымшалар)
(2005.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
85-қосымша
212 - қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Агроөнеркәсiптiк кешен, орман және су шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 5618594 мың теңге (бес миллиард алты жүз он сегiз миллион бес жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 50-бабы; 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 40-бабы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 , 21, 25-баптары; "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 , 6-бабы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкпен күресу және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банктiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтыған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңестік тұжырымдасы және оны iске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгінде ақпараттық-маркетингiлiк жүйесiн құру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысы; "2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын (I саты) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 843 қаулысы; "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратының және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметтерiн оларға жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға жету үшiн қамтамасыз ету; кәсiби қызмет саласында теоретикалық және практикалық білімдi, ептіліктi және дағдыны жаңарту, материалдық-техникалық базаны жаңарту және нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратын және оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттiк белгiлеген формалардың бланкаларымен қамтамасыз ету.
Ақпараттық-маркетингтiк жүйенi iлестiре алып жүру. Мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiптік деңгейiн көтеру. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелердiң материалдық-техникалық бағасын нығайту және жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 002 Агроөнеркә-
сiптiк
кешен,
орман және
су шаруашы-
лығы сала-
сындағы
уәкілеттi
органның
қызметiн
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органның касының Ауыл шаруа- бой- Республикасы-
аппараты шылығы министрлігі- ында ның Ауыл
нiң орталық аппара- шаруашылығы
тын 400 бірлiк министрлігі
санында бекітілген
штат саны лимитi
шегінде ұстау.
Бекiтілген тиесiлі
қажеттiк нормативке
сәйкес 13 автокөлiк-
тi ұстау және жалға
алу. 34 дана көбей-
ту техникалары
(ксерокстер) мен 20
дана факстердi
техникалық қызметпен
қамтамасыз ету және
жөндеу.
3 002 Аумақтық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органдар- касының Ауыл шаруашы- бой- Республикасы-
дың аппа- лығы министрлігінiң ында ның Ауыл
раттары аумақтық бөлiмшеле- шаруашылығы
рiн 7965 бірлiк министрлігі
санында бекітілген
штат саны лимиті
шегінде ұстау.
Жалпы саны 1250
автокөлiкті, оның
iшiнде, 695 арнайы
автокөлiктi, 247
қызметтік автокөлiк-
тi, 308 теңiз өзен
және кiшi мөлшерлi
су көлiктерi, бекi-
тiлген тиесілі
қажеттiк нормативi-
не сәйкес ұстау.
347 дана көбейту
техникаларын
(ксерокстер), 317
дана факстердi тех-
никалық қызметпен
қамтамасыз ету және
жөндеу.
Аудан аумағында
орналасқан заңды
және жеке тұлғалар-
дың астығының қозға-
лысына есеп жүргiзуі
жөніндегі бланктердi
дайындау бойынша
қызметті төлеу.
4 007 Мемлекеттік Біліктілiгiн көтеру Жыл Қазақстан
қызметшілер- бекітілген жоспарға бой- Республикасы-
дiң білiктi- сәйкес мемлекеттік ында ның Ауыл
лігін қызметкерлердiң шаруашылығы
арттыру білiктілiгiн көтеру министрлігі
бойынша қызмет сатып
алу, соның iшiнде
мемлекеттік тілге
оқыту. Бiлiктілiктi
көтеру курстарын
өтетiн мемлекеттік
қызметкерлердiң
жарты жылдық саны
1777 адам.
5 008 Мемлекеттік Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органдардың касы Ауыл шаруашы- бой- Республикасы-
ғимаратта- лығы министрлігінің ында ның Ауыл
рын, үй-жай- орталық аппаратын, шаруашылығы
лары және облыстық аумақтық министрлігі
құрылыста- басқармалары мен
рын күрделi комитеттердiң, ғима-
жөндеу раттары мен құры-
лыстарын мемлекет-
тiк сараптаудың
қорытындысына сәй-
кес күрделi жөндеу
соның iшiнде:
орталық аппаратты;
Ақмола облыстық
басқармасын;
Орман және аңшылық
шаруашылығы комите-
тінiң Ақтөбе облыс-
тық басқармасын;
Орман және аңшылық
шаруашылығы комите-
тiнiң Атырау облыс-
тық басқармасын;
Орман және аңшылық
шаруашылығы комите-
тінiң Қызылорда
облыстық басқарма-
сын;
Су ресурстары жөнiн-
дегi комитетiнiң
Есіл бассейнi су
басқармасын;
Балық шаруашылығы
комитетінiң
Балхаш-Алакөл бас-
сейнi басқармасын;
Балық шаруашылығы
комитетінің Зайсан-
Ертіс бассейнi
басқармасын.
6 009 Мемлекеттік Орталық аппаратқа Жыл Қазақстан
органдарды сатып алу: офистік бой- Республикасы-
материал- жиhаз - 30 жинақ, ында ның Ауыл
дық-техника- орындықтар - 50 шаруашылығы
лық жарақ- бірлік, сейфтер - 5 министрлігі
тандыру бірлiк, шаңсорғышы
- 7 бірлiк, конди-
ционерлер - 15 бір-
лiк, тоңазытқыштар
- 15 бірлiк.
Орман және аңшылық
шаруашылығы комите-
тiнiң аумақтық
басқармаларына бөлу
үшін сатып алу:
бейне камералар -
10 бірлiк, түнде
көретін приборлар -
16 бірлiк, офистік
жиhаз - 10 жинақ,
автоматтар - 104
бірлiк, қаршана - 6
бірлік, рациялар -
100 бірлiк, сейфтер
- 3 бірлiк.
Балық шаруашылығы
комитетiнiң аумақтық
басқармаларына бөлу
үшін сатып алу:
жылдам жүзетін катер
- 1 бірлiк, күзеттi
катерi - 9 бірлік,
аспалы моторымен
төрт орынды қайық -
86 бірлiк, үрленген
резинкалы 2-4 орынды
қайықтар - 26 бір-
лiк, бейнекамералар
- 10 бірлiк, түнде
көретін приборлар -
14 бірлiк, автомат-
тар - 200 бірлiк,
қаршана - 18 бірлік,
мотоцикл арбасымен
- 30 бірлiк, кара-
биндер - 3 бірлiк,
ҒӨО-тың лаборатория-
сын жарақтандыру -
5 бірлiк, радиостан-
ция - IС - M802 -
10 бірлiк, радио-
станция - IС M IV -
10 бірлiк.