Темір жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 291 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 558 Қаулысымен күші жойылды
«Темір жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетін қамтамасыз ету ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2005 жылғы 31 наурыздағы
№ 291 қаулысымен
бекiтілген
Темір жол көлiгімен тасымалдау кезінде жүктердің
әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Темір жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және темір жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi.
2. Осы Ереженiң әрекетi әскери және арнайы тасымалдарға қолданылмайды.
3. Осы Ережедегi ұғымдар Қазақстан Республикасының»Темір жол көлігі туралы«2001 жылғы 8 желтоқсандағы және «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Заңдарында айқындалған мағынада пайдаланылады.
4. Темір жол көлiгімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердi күзетудi тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша қамтамасыз етедi.
5. Темір жол көлігімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тiзбесiн көлiк және коммуникация саласындағы уәкілеттi орган бекiтедi.
6. Жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер жүргiзедi.
7. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар болып табылатын ұлттық тасымалдаушы, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушiлер және олармен қосылма заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес күзету қызметтерін күзет қызметi субъектiлерiнен сатып алады.
8. Халықаралық қатынаста тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi күзету Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi басқа мемлекеттердiң тасымалдаушыларымен жасасатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тасымалданатын жүктердi күзетудi ұйымдастыру тәртібі
9. Күзетуге берiлген жүктердiң маңыздылығын, құндылығын және қауiптiлігін ескере отырып, күзет ұйымы оларды күзетудiң мынадай тәсiлдерiн қолдануы мүмкiн:
1) жүру жолындағы жекелеген темір жол станцияларында күзетшiлердi ауыстыра отырып жүктердi күзетуге тағайындалған күзетшiлер тобының (бұдан әрi - наряд) бірге алып жүруi;
2) жөнелту станциясынан баратын станциясына дейiнгі жүру жолында жүктердi күзетудi жүзеге асыратын нарядтардың бірге алып жүруi (жол бойы алып жүруi).
10. Қоса есептегенде он вагонға дейінгі бір топтағы жүктерді күзетудi атыс қаруымен қаруланған бір және одан да көп күзетшi жүзеге асырады.
11. Құрамында екі және одан да көп күзетшi наряды бөлiнген жағдайда олардың біреуi наряд жетекшiсi болып тағайындалады.
12. Бағыттарды жол бойы алып жүруге арналған күзет нарядының сандық құрамын осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген талаптарды ескере отырып және «Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен белгiленген сан нормативтерi шегiнде күзет ұйымы белгiлейдi.
13. Жүру жолында күзет нарядтарының ауысуы қару-жарақ бөлмесiмен жабдықталған, нарядтарды ауыстыруға арналған, күзет ұйымы алдын ала белгiлеген поездық локомотивтік бригадалардың ауысуы жүргiзiлетiн темір жол станцияларындағы күзет ұйымының объектiлерiнде (бұдан әрi - ауысым пунктi) жүргiзiледi.
14. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi үздiксiз бірге алып жүрудi қамтамасыз ету жөніндегі нарядтардың iс-әрекеттерiн үйлестіруді күзет ұйымы өз бетiмен жүзеге асырады.
15. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдау құжаттарын ресiмдеу ерекшелiктерi көлiк және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекiткен жүктердi тасымалдау ережесiмен айқындалады.
16. Поездарды жасақтау кезiнде және жүру жолында күзетiлетiн вагондармен жасалатын алдағы маневрлiк жұмыс туралы темір жол станциясының қызметкерлерi наряд жетекшiсiне маневрлер басталғанға дейiн ескертедi. Күтілетiн вагондарды дөңестен төмен жiберуге үзiлдi-кесiлді тыйым салынады.
3. Жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдау тәртібі
17. Нарядтың жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдауы тасымалдаушының жүк жөнелтушіден вагондарды қабылдау орындарында поезд жөнелтiлгенге дейiн 2 сағаттан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
18. Вагондар мен жүктердi күзетуге қабылдауды наряд жетекшiсi тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші өкiлiнiң қатысуымен, Ережеге 1-қосымшаға сәйкес темір жол станциясында тасымалдаушының өкiлi жүргiзетін станцияда жүктерi бар вагондарды күзетуге тапсыруды есепке алу кiтабында наряд жетекшiсiнiң қол қоюымен жүргiзедi.
19. Әскерилендiрiлген күзеттiң бірге алып жүруіне жататын жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдау және беру туралы мәлiметтердi наряд жетекшiсi Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудiң бағыт қағазында және Ережеге 3-қосымшаға сәйкес күзеттің ауысым пунктiнде жүргiзілетiн күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруын және қабылдауын есепке алу кiтабында тiркейдi.
20. Ашық жылжымалы құрамдағы вагондарды, жүктерді күзетуге қабылдау кезiнде наряд жетекшiсi жүктер, едендер, люктер, төменгi және жоғарғы төгу приборлары, бұраулар мен пломбалары бекiтілуiнiң жарамдылығын, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындарының жарамдылығын тексередi. Адамдардың өмiрiне, жүктердiң немесе жылжымалы құрамның сақталуына қауiп төндiретiн ақаулар анықталған кезде вагондарды күзетуге қабылдамайды, ақауларды жоюды талап етедi және бұл туралы күзет ұйымының өкiлiне немесе темір жол станциясының бастығына баяндайды.
4. Жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзету
21. Күзет нарядтарының күзетілетiн вагондарды ауысым пункттерiнде қабылдауы және тапсыруы поездың темір жол станциясында тұрған уақыты iшiнде жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудің бағыт қағазында және күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруы мен қабылдауын есепке алу кiтабында қол қоюымен жүргiзіледi.
22. Жүктерi бар вагондарды күзету кезiнде наряд «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес қаруды және арнайы құралдарды қолданады.
23. Вагоннан немесе контейнерден бекіту-пломбалау құрылғыларының жұлынғаны, жүктер, едендер, люктер, төменгі және жоғарғы төгу приборлары, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындары бекiтілуiнiң ақаулары анықталған жағдайда, наряд жетекшiсi осы және басқа да оқиғалар туралы күзет ұйымының және тасымалдаушының өкілдеріне хабарлайды. Бұл ретте вагонды не контейнердi тасымалдаушының өкiлiне не жүк жөнелтушiге тапсырғанға дейiн наряд жүктiң күзетілуiн қамтамасыз етедi.
Тасымалдаушы көрсетілген оқиғалар туралы көлiктегi iшкi iстер органдарын хабардар етедi.
24. Поезға қатер төндiретiн қауiптi (буксалар мен жүктің өртенуi, жылжымалы құрамның рельстен шығуы және т.б.) жағдайда наряд жетекшiсi локомотив бригадасымен бірлесіп, қауiптіліктi жою үшiн ықтимал шараларды қабылдайды. Наряд оқиға болған жердi қарауға және қауiптiлікті жоюға келген лауазымды тұлғалардан басқа ешкiмдi оқиға болған жерге және жүктерге жiбермейдi.
25. Күзетілетiн вагондары бар поезд аралық станцияда локомотивсiз уақытша қалдырылған жағдайда, наряд жетекшiсi бұл туралы күзет ұйымына кешіктiрмей хабарлайды. Қажетті жағдайларда күзет ұйымы жүктерi бар вагондарды тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру үшiн көрсетiлген станцияға қосымша наряд жiбередi.
5. Жүктерi бар вагондарды тапсыру тәртібі
26. Поезд баратын темір жол станциясына келгенде наряд күзетiлетін вагондарды ауысым наряды, тасымалдаушының темір жол станциясындағы өкiлi немесе жүктi алушы оларды қабылдағанға дейiн қалдырмайды.
27. Тасымалдаушы немесе жүк алушы вагондарды қабылдағаннан кейiн бұл туралы жүру жолында жүктердi әскерилендiрілген күзетудiң бағыт қағазына белгi жасайды.
6. Темір жол көлiгiнде ықтимал құқыққа қарсы
акцияларды анықтау және олардың алдын алу
28. Темір жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi күзетудi жүзеге асыру үшiн күзет қызметiнiң субъектiсi диверсиялық және террористік қатерлерден күзетілетін объектілердiң қорғалу деңгейiн арттыру, темір жол көлiгіндегі құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөніндегі iс-шараларды әзiрлейдi және орындалуын қамтамасыз етедi және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес аумақтық iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi.
29. Темір жол көлiгіндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегі iс-шаралар алдын алу шараларын өткiзудi, күзетшiлердiң жеке қорғану шараларын, қысылтаяң жағдайлардағы және шұғыл көшiру кезіндегі iс-әрекеттердi, сонымен қатар тиiстi мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртібін көздейдi.
Осы шаралар орындалмаған жағдайда күзет қызметiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті орган күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияны тоқтата тұруы немесе қайтарып алуы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де шаралар қолдануы мүмкiн.
Темір жол көлігімен тасымалдау
кезінде жүктердің әскерилендірілген
күзетін қамтамасыз ету ережесіне
1-қосымша
___________СТАНЦИЯСЫНДА ЖҮКТЕРІ БАР
ВАГОНДАРДЫ КҮЗЕТУГЕ ТАПСЫРУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
КІТАБЫ
Поездың келу уақыты | Поез- дың нөмірі | Вагон-ның нөмі- рі | Жүк- тің түрі | Станцияның қызметкері тапсырды (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты) | Наряд жетекшісі қабылдады (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты) | Қабыл- данған вагон- дардың жай-күйі туралы белгі |
Күні | Саға- ты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Темір жол көлігімен тасымалдау
кезінде жүктердің әскерилендірілген
күзетін қамтамасыз ету ережесіне
2-қосымша
НАРЯДТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ
____________________________________
Көрсет- |Күні| Уақыты |Ауы-|Күзет|
кіштер |мен |_________|сым |ұйымы|
|айы |Сағ.|Мин.|пун-|өкі- |
| | | |кті-|лінің| Жүру жолында жүктерді
| | | |нің |қолы | әскерилендірілген күзетудің
| | | |мөр-| | № __ БАҒЫТ ПАРАҒЫ
| | | |та- | |
| | | |баны| | т.ж. ____________ станциясынан
__________|____|____|____|____|_____| т.ж. _______ станциясына дейін
Наряд кетті |
____________________________________| НАРЯДТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ
Наряд келді |
____________________________________| _____________________________
Наряд кетті ||Лауа-|Тегі, аты,|Қару-| Қару-|
____________________________________||зымы | әкесінің | дың | № |
Наряд келді || | аты |түрі | |
____________________________________||_____________________________|
Наряд кетті ||_____________________________|
____________________________________||_____________________________|
Наряд келді ||_____________________________|
____________________________________||_____________________________|
Наряд кетті | Нарядтармен бірге аттары
____________________________________| мынадай қызметтік иттер
Наряд келді | жүреді ______________________
____________________________________| _____________________________
Наряд кетті | М.О. Станциядағы күзет
____________________________________| ұйымының өкілі ______
Нарядтың | __ жылғы "__" _____________
ауысым |
пунктіне | НҰСҚАМА АЛҒАН ТУРАЛЫ БЕЛГІЛЕР
келуі |
____________________________________|
ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ
____________________________________
Көрсеткіштер Уақыты Күзет ұйымы|
__________ өкілінің |
Сағ. Мин. қолы |
____________________________________|
Қарауыл үй- |
жайында күту |
____________________________________|
Поездарды |
бірге алып |
жүру |
____________________________________|
Ауысым |
пунктінде |
демалу |
____________________________________|
Резервпен |
қайта |
оралу |
____________________________________|
Станция |
паркінде |
жүктерді |
күзету |
____________________________________|
Жедел |
жұмыс |
____________________________________|
Пикет |
қызметі |
____________________________________|
Барлығы: |
____________________________________|
Жол жүру барысында нарядтарды тексеру
туралы белгілер үшін
ҚОЛХАТ ҚОЛХАТ
Баратын жері: күні __ поездың Баратын жері: күні ___ поездың
№ ___ № ___
_______________________________ _______________________________
Вагон|Жүктің |Жүктерді қабылдау| |Вагон|Жүктің| Жүктерді қабылдау|
№ | түрі |нәтижелері туралы| | № | түрі | нәтижелері туралы|
| | белгі | | | | белгі |
_____|_______|_________________| |_____|______|__________________|
_______________________________| |_______________________________|
_______________________________| |_______________________________|
_______________________________| |_______________________________|
___ станциясын- ___ станция- ___станциясын- ____станциясын-
дағы сындағы күзет дағы дағы
(ауысым пунктінің ұйымының (ауысым күзет ұйымының
мөртабаны) өкілдері пунктінің өкілдері
(ауысым мөртабаны) (ауысым пунктінің
пунктінің мөртабаны)
мөртабаны)
ҚОЛХАТ ҚОЛХАТ
Баратын жері: күні __ поездың Баратын жері: күні ___ поездың
№ ___ № ___
_______________________________ _______________________________
Вагон|Жүктің |Жүктерді қабылдау| |Вагон|Жүктің|Жүктерді қабылдау |
№ | түрі |нәтижелері туралы| | № | түрі | нәтижелері туралы|
| | белгі | | | | белгі |
_____|_______|_________________| |_____|______|__________________|
_______________________________| |_______________________________|
_______________________________| |_______________________________|
_______________________________| |_______________________________|
___ станциясын- ___ станция- ___станциясын- ____станциясын-
дағы сындағы күзет дағы дағы
(ауысым пунктінің ұйымының (ауысым күзет ұйымының
мөртабаны) өкілдері пунктінің өкілдері
(ауысым мөртабаны) (ауысым пунктінің
пунктінің мөртабаны)
мөртабаны)
Темір жол көлігімен тасымалдау
кезінде жүктердің әскерилендірілген
күзетін қамтамасыз ету ережесіне
3-қосымша
КҮЗЕТУ НАРЯДТАРЫНЫҢ ЖҮКТЕРІ БАР ВАГОНДАРДЫ ТАПСЫРУЫ