7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сандық көрсеткiштер:
су жолдарының ұзақтығы 3982 км учаскелерiнде навигациялық жабдықтың белгiлерiн қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 2135 мың текше м. көлемiнде түбiн тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; 55 мың текше м. көлемінде түзету жұмыстары; 10700 тонна көлемінде түбiн тазалау жұмыстары; пайдалануға жаңа енгiзiлетiн Шульба шлюзiн қажеттi жабдықтармен және керек-жарақпен 45269 мың теңге; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 71 (бірлiк); орташа жөндеу 19 (бiрлiк); негiзгi жөндеу 3 (бiрлiк); су жолдарының 600 км учаскесiнде қалыптарды жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның iшiнде:
1) өздiгiнен жүретiн топырақсорғыш - 1 бiрлiк;
2) кемелiк навигациялық геодезиялық жабдық - 1 жиынтық;
3) сүңгуiрлiк жабдығымен жүзетiн катер P2120 жоба - 1 бiрлiк;
4) жабдықтау теплоходы - 1 бiрлiк.
сапалық көрсеткіштер:
ұзақтығы 3982 км қызмет көрсетiлетiн учаскелерде кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
гидротехникалық құрылыстарды күтiп ұстауды қамтамасыз ету (Өскемен, Бұқтырма мен Шульба шлюздерi);
Өскемен, Шульба мен Бұқтырма шлюздерiнiң авариясыз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын iске асыру жөніндегі жұмыстар.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
154-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3688542 мың теңге (үш миллиард алты жүз сексен сегiз миллион бес жүз қырық екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысы; "Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы; "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 369 қаулысы; "Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысы; "Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы Әуежайды қайта жаңарту жобасы жөніндегi қарыз туралы келісімге түзетуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi арасындағы қосымша келісім-хатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 маусымдағы № 637 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласындағы әуежайдың техникалық параметрлерiнiң халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету, жолаушыларға сапалы және қолайлы қызмет көрсету. Ақтөбе қаласының әуежайында ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының транзиттiк әлеуетін кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласы әуежайының жолаушылар терминалын салу, әуежайдың инфрақұрылымын құру. Ақтөбе қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағының жамылғысын қайта жаңарту (күшейту), жарық сигналын беру және метеожабдықты қайта орнату.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 006 Әуе көлiгі
инфрақұрылы-
мын дамыту
2 004 Сыртқы 1222037 мың Жыл Қазақстан
қарыздар теңге сомасына бойы Республикасы-
есебiнен Астана қаласының ның Көлiк және
жобаны iске халықаралық әуе-жай- коммуникация-
асыру ын қайта жаңарту: лар министрлі-
- ККАА/РСI консор- гі
циумының консал-
тингтiк қызмет
көрсету;
- Астана қаласында-
ғы әуежайдың ғима-
ратын және Siemins-
Marubeni-Laing-
Alarko консорциумы-
ның оған iргелес
құрылыстарын қайта
жаңарту бойынша
құрылыс жұмыстары.
3 005 Ішкі көздер Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
есебінен касы Үкіметінiң бойы Республикасы-
жобаны іске 2004 жылғы желтоқ- ның Көлiк және
асыру сандағы № 1289 коммуникация-
қаулысына 2-қосым- лар министрлі-
шаға сәйкес, төмен- гі
дегi iс-шаралар
бойынша бекітілген
жобалық-сметалық
құжаттамаға сәйкес
(Қазақстан Респуб-
ликасының Индустрия
және сауда министр-
лiгi Құрылыс iстерi
жөніндегі комитетi-
нiң
"Ақтөбе халықаралық
әуежайының IЖӨ
қайта бекіту туралы"
2005 жылғы
14 қаңтардағы
N 12 ЖIЖ (түзету)
бұйрығы "Ақтөбе
қаласындағы әуежай-
дың ұшу-қону жола-
ғын қайта жаңарту"
инвестициялық
жобасын iске асыру:
1. ұшу-қону жолағын
қайта жаңарту;
2. агро iс-шаралар
(әуе кемелерiнiң
ұшу, қону және
маневр жасауы
кезiнде әуеайлақтa
шаңдануды азайту
мақсатында шымды
жамылғыны қалпына
келтiру және төсеу);
3. ӘҚБ объектiле-
рiн көшiру;
4. байланыс объек-
тiлерiн орнату;
5. ОВИ-1 қонудың
жарық сигналын
беру жүйесiн сатып
алу және орнату;
6. уақытша ғимарат-
тар мен құрылыстар-
ды салу;
7. метеожабдықты
сатып алу және
орнату;
8. ҰҚЖ қайта жаңар-
ту бойынша жобалық-
сметалық құжаттама-
ны және жұмыс құжат-
тамасын әзiрлеу;
9. тапсырыс берушi-
нiң резервi;
10. жобалау-iздес-
тiру жұмыстары;
11. технологиялық
қамтамасыз ету;
12. авторлық қада-
ғалау;
13. тапсырыс берушi-
нiң техникалық
қадағалауды жүзеге
асыруы;
14. жобаны мемлекет-
пен сараптамадан
өткізудi жүзеге
асыру;
15. салықтарды және
бюджетке төленетiн
басқа төлемдердi
төлеу.
4 016 Жобаны Астана қаласының
республи- халықаралық әуежай-
калық ын 856245 мың
бюджеттен теңге сомаға қайта
сыртқы жаңарту жобасы:
қарыздар- 1. Салықтарды және
ды бiрлесiп кедендiк баждарды
қаржыланды- төлеу және ВОТМ
ру есебiнен және JВIС комиссия-
iске асыру ларының төлемдерiн
өтеу 556245 мың
теңге сомасында;
2. Астана қаласының
әуежайы салынып
жатқан жолаушылар
терминалының халық-
аралық тасымал
өнiмдiлiгiн 300 000
мың теңге сомаға
ұлғайтуға:
1) Ұшып келген
жолаушылар үшiн 2
қосымша эскалатор
сатып алу және
орнату;
2) Багаж бөлiмшесiн
ұлғайту (трансфер-
лiк жолаушылардың
багажын сақтау);
3) Кейiнге қалды-
рылған рейстердiң
багажын сақтау
қоймасын кеңейту.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: консалтингтiк қызметтер көрсетудi ұсыну, ғимараттар мен iргелес құрылыстарды салу; халықаралық және iшкi рейстер көлемiн арттыру, ұшу қауiпсiздігін арттыру, халықаралық тәжiрибенi және технологияларды жергiлiктi мердiгерлiк, жобалау және консалтингтiк ұйымдарға беру. Астана қаласы әуежайының салынып жатқан жолаушылар терминалының халықаралық тасымалдары өнiмдiлiгiн өсiру. Ақтөбе қаласы халықаралық әуежайында әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуларын және қонуларын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының авиациялық транзиттiк мүмкiндiгiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
155-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Астана қаласында халықаралық әуежай құрылысына кредит беру"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 355853 мың теңге (үш жүз елу бес миллион сегіз жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы; "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысы; "Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы; "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 18 сәуiрдегі № 369 қаулысы; "Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласы әуежайының техникалық параметрлерiнiң сәйкестiгiн қамтамасыз ету және жолаушыларға жайлы қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласы әуежайындағы жолаушылар терминалының құрылысы, әуежайдың инфрақұрылымын құру.