Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
165-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық
кешенi ғимаратын күтiп-ұстау"
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 238931 мың теңге (екi жүз отыз сегiз миллион тоғыз жүз отыз бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын республикалық меншiкке берудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Transport tower" ғимаратына (бұдан әрi - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ғимараттың технологиялық жабдықтарын қолдау және оларға техникалық қызмет көрсету, ғимаратты күзету, оған шаруашылық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 030 "Transport Ауданы 32294 шаршы Жыл Қазақстан
tower метр ғимаратты бойы Республикасы-
әкімшілік- күтiп-ұстау, техни- ның Көлік
технология- калық қызмет көрсету және коммуни-
лық кешені және жөндеу, соның кациялар
ғимаратын ішiнде: электр министрлігі
күтіп-ұстау техникалық жабдық-
тарды, инженерлiк
желiлер мен комму-
никацияларды,
желдеткiштiң сору-
шығару жүйесiн,
өрт қауiпсiздiгiн,
өрт-сигналын беру
мен түтiндi жоюды,
сыртқы және шикi
желiлерi бар авто-
матты телефон стан-
циясын; сыртқы
инженерлiк желiлер-
ге қызмет көрсету;
суық-жылумен жабдық-
тау, ыстық және
суық сумен жабдық-
тау жүйесiнiң,
лифтiлер жұмысының
алдын алу жұмыста-
рын жүргiзу;
Ғимаратты күзету;
Ғимараттың iшкi
үй-жайлары мен
қасбетiн, сондай-ақ
оған жапсарлас
аумақты таза ұстау,
Ғимаратты санитар-
лық тазарту, аумақ-
тан қоқыс пен қарды
әкету және Ғимарат-
тың қалыпты жұмыс
iстеуiн қамтамасыз
ету үшiн қажетті
басқа да жұмыстар;
Ғимаратқа шаруашы-
лық қызмет көрсету-
дi қамтамасыз ету,
Ғимаратты сақтан-
дыру, терезелердi
және витраждарды
жуу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Ғимараттың барлық технологиялық жабдықтарының үздiксiз және авариясыз жұмыс iстеуi, мемлекеттік қызметкерлер үшiн қалыпты еңбек және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау.