7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы;
2) лицензиялық шарттар мен ережелердiң сақталуына тексерулер жүргiзу, лицензияның бланкiлерiн сатып алу;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу нәтижелерi бойынша конкурстық жеңiмпаздары анықталатын болады, олармен жер қойнауын пайдалануға Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыреттi органымен (Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі) келісім-шарттар жасалады;
4) жер қойнауы туралы ақпараттың компьютерлiк банкінің қолданбалы бағдарламаларын iлестiрiп жүру;
5) ЖПМБМЖ ақпараттық жүйесiн iлестiрiп жүру;
6) қызметтiк және құпия материалдардың қорғалу деңгейiн көтеру және ақпаратты қорғау шараларының нормативтiк құжаттардың талабына сай болуына қол жеткізу;
7) қазiргi экономикалық шарттарға сай кәсiптiк мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
295-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мұнай газ жобалары бойынша пайдалану құқығы
мердiгерлерге берiлуi тиiс мемлекеттік мүлiктi
есепке алуды жүргiзудi қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 38338 мың теңге (отыз сегiз миллион үш жүз отыз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны бойынша Өнiмдi бөлу туралы Түпкiлiктi Келісімнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1568 қаулысы, "Қарашығанақгазпром" ашық акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарты мен тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 мамырдағы № 535 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысы, "Қазақстан Республикасы газ-көлiк саласы кейбір кәсiпорындарының конкурстық массасын сатудың ерекше шарты мен тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегі № 316 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай-газ жобалары бойынша, оның iшiнде Каспий теңiзiнiң қайраңын әзiрлеу жобалары бойынша мердiгерлерге пайдалану құқығы берiлуге жататын мемлекеттік мүлiк есебiн қамтамасыз ету жөніндегі жүктелген функциялардың барынша-тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн мемлекеттік мекеменiң қызметiн қамтамасыз ету және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мемлекетке мердiгер беретiн мүлiктiң есебiн қабылдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мұнай-газ жобалары шеңберiнде пайдаланылатын мемлекеттік активтердiң есебiн тұрақты жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 002 Мұнай газ
жобалары
бойынша
пайдалану
құқығы мер-
дігерлерге
берiлуi
тиiс мем-
лекеттік
мүлiктi
есепке
алуды жүр-
гiзудi
қамтамасыз
ету
2 100 Капиталмұ- 1. Мемлекеттік Жыл Қазақстан
найгаз мекеменi бекi- бойы Республика-
тiлген штат саны сының
- 16 бiрлiк ше- Энергетика
гінде ұстау. және
2. "Қарашығанақ- минералдық
газпром" ААҚ ресурстар
мүлiктiк кешенiне министрлігі
меншiк құқығын
тiркеу.
3. Мұнай-газ жо-
балары бойынша
мердiгерлерге пай-
далану құқығы
берiлуге жататын
мемлекеттік ак-
тивтердiң есебiн
жүргiзу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мұнай-газ жобалары бойынша мердiгерлер берiлуге жататын мемлекеттік активтердiң тиiстi есебi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
296-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 88100 мың теңге (сексен сегiз миллион бiр жүз мың теңгe).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджеттік кодексi; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заң күшi бар Жарлығының 18-бабы, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауларын қорғау комитетi туралы ереженiң 10-тармағының 1-тармақшасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген "2003-2010 жылдарға арналған елдiң минералдық-шикiзаттық кешенiнiң ресурстық базасын дамыту бағдарламасы".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: геологиялық барлау және соларға iлеспелi жұмыстардың сан алуан түрлерiн сапалы жүргiзудi қамтамасыз ететiн ғылыми-техникалық әзiрлемелердi өткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзаттық әлеуетiнiң жай-күйiн жақсарту үшiн ғылыми-техникалық база құру; жаңа технологияларды құру, геодинамикалық модельдердi жасау және пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтарын ғылыми әзiрлеу; геологиялық зерттеулердiң әдiстемелiк басшылықтары мен нормативтік-құқықтық базасын әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 003 Жер қойнау- 1. Минералдық-ши- Жыл Қазақстан
ын пайдала- кiзат базасының бойы Республика-
ну геоло- жай-күйiн бағалау сының
гиясы сала- және дамуын бол- Энергетика
сындағы жамдау және оны және
қолданбалы ақпараттық минералдық
ғылыми қамтамасыз ету - ресурстар
зерттеулер 11 ғылыми әзiр- министрлігі
леме, оның iшiнде
есеп түрiнде 2005
жылы аяқталатыны
- 4.
2. Нұсқамалық
материалдарды
әзірлеу.
3. Қазақстан аума-
ғының геологиялық
дамуының қазiргi
заманғы тұжырым-
дамаларын әзiрлеу
- 4 ғылыми
әзiрлеме.
4. Геологиялық-
барлау жұмыстары-
ның 2005 жылдары
аяқталатын жаңа
технологияларын
әзiрлеу - 1.
5. Мемлекеттік
ғылыми-техникалық
сараптаманы жүр-
гізу жөніндегі
қызметтерге ақы
төлеу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) құрамдас бөлiгi тiрек қималарды, яшмалар мен сульфидтi кендердiң таралу ерекшелiктерiн палеонтологиялық-стратиграфикалық зерттеу, минералдық жерасты суларының ресурстарын болжамды бағалау, ҚР экономикасының негізгi салаларын сумен қамтамасыз етуге талдау және болжам жасау болып табылатын Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн бағалау және дамуын болжамдау жөніндегі 4 ғылыми әзiрлеменiң есеп берулер түріндегі жұмысы аяқталатын болады;
2) масштабы 1:200000 терең геологиялық картаға түсiрудi ұйымдастыру және жасау жөніндегі нұсқаулық әзiрленетiн болады;
3) бұрғылау жабдықтарының кешендерiне арналған конструкторлық құжаттама әзiрлеу аяқталады;
4) минералдық-шикiзат базасының жай-күйi және оның дамуын болжамдауды, геологиялық-барлау жұмыстарының жаңа технологияларын әзiрлеудiң нәтижелерiн - 4 тоқсандық журналды ақпараттық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
297-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Жылу-энергетика кешенi, мұнай-химия және
минералдық ресурстар саласындағы технологиялық
сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 623400 мың теңге (алты жүз жиырма үш миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; "2004-2008 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту" ҒТБ бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы; "2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысы; "Қазақстан Республикасын Халықаралық термоядролық жобаға енгізу туралы 1994 жылғы 28 шiлдедегi ИТЭР Кеңесi 6 сессиясының шешiмi шеңберіндегі қызметтi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 шiлдедегi № 143-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: атом энергетикасының дамуына және қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ғылымды қажетсiнетiн ядролық технологияларды, әдiстердi және жүйелердi әзiрлеу; КTM тоқамақ қондырғысында тәжiрибелiк зерттеулердi ғылыми және техникалық қолдау; ресурстық база әлеуетiн ұлғайтуды қамтамасыз ететiн, нашар зерттелген және қиындықпен алынатын орташа, шағын кендi және кендiк емес объектiлердi игеруге пайдаланылатын және дайындалатын техникалық-технологиялық дайындықтың деңгейiн арттыру, минералдық шикiзатты және инвестициялық қызметтi пайдаланудың кешендiлігі.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ядролық жарылыстар өткiзiлу орындарында радиациялық жағдайды сипаттайтын сандық ақпаратты алу және ядролық қондырғыларды орналастыру; Мониторингтiң бiртұтас мемлекеттік жүйелерi шеңберiнде табиғи ресурстарды және қоршаған ортаның мониторингi жүйесiн ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының радиациялық-қауiптi объектiлерi мен аумақтарының әсерiнен тәуекелдiктi азайту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру; радиоактивтiк қалдықтармен (РАҚ) және оларды сенімдi оқшаулаумен айналысу бойынша ұсынымдар мен технологияларды әзiрлеу; Қазақстанда атом станцияларының құрылысын негiздеу жөніндегі техникалық ұсыныстарды әзiрлеу;
БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау;
атом энергетикасы мен өнеркәсiп объектiлерiнде қазiргі экологиялық қауiпсiз технологияларды әзiрлеу;
ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсiптiң қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі мiндеттердi шешуге бағытталған ғылыми зерттеулердi дамыту; реакторлық физиканың перспективалық бағыттары бойынша жұмыстарды жүргiзу;
медициналық және өнеркәсiптiк мақсаттағы изотопты өнiмге Қазақстанның қажеттілігiн қамтамасыз ету;
Қазақстанның атом өнеркәсiбi үшiн перспективалық материалдар өндiрiсi технологияларын зерттеу және әзiрлеу; халық шаруашылығының әртүрлi салаларында ядролық-физикалық әдiстемелердi және ғылымды қажетсiнетiн технологияларды әзiрлеу және енгізу;
ядролық сынақтардың геофизикалық мониторингі жүйесiн дамыту;
жер асты ядролық жарылыстардың өткiзiлу орындарында жер қойнауының жай-күйiн бағалау және зерттеу әдiстемелерiн дамыту, PAҚ оқшаулау, ядролық қондырғылардың құрылысы мен пайдаланылуы;
сақтау мерзiмдерi өткен оқ-дәрiлердi кәдеге жарату мен конверсиялаудың технологияларын әзiрлеу;
атом ғылымы, техника, энергетика және өнеркәсiп үшiн кадрларды дайындаудың білім беру технологияларын дамыту және жетiлдiру;
зерттелетін конструкциялық материалдарды сынаққа алдын ала өңдеу мен дайындауға және оларды КTM тоқамақ қондырғысында сынау режимдерiн пысықтауға арналған стендтiк кешендердi әзiрлеу және жасау;
КТМ басқару мен плазма диагностикасы әдiстерiн және КTM көрмеге қойылған материалдар үлгiлерiн зерттеу әдiстемелерiн әзiрлеу;
термоядролық зерттеу проблемалары бойынша кең халықаралық ынтымақтастық үшiн инвестицияларды тарту мен жағдайлар туғызу үшiн көп жоспарлы тәжiрибелiк зерттеулердi жолға қоюды қамтамасыз ету мақсатында оның функционалдық тәжiрибелiк мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн КТМ қондырғысында қондырмалар кешенiн құру;
KTM қондырғысын пайдалану үшiн білікті персоналды оқыту мен дайындау және оларға тәжiрибелердiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
қиындықпен алынатын кендi және кендiк емес объектiлердi игеруге пайдаланылатын және дайындалатын учаскелердiң кешендi геологиялық-технологиялық-экономикалық бағалау әдiстерiн жетiлдiру;
геотехнологиялық үлгiлеудiң жаңа қағидаттарын дамыту және күрделі өнiм шоғырларының күрделi құрылымдары және қиындықпен алынатын пайдалы қазбалары бар шағын және орташа кен орындарын бағалау мен игерудiң техникасы мен технологиясын жетiлдiру;
инфрақұрылымдық факторларды есептеудiң кешендiк әдiсiн, оларды iздестiру өлшемдерiн және оларды тендер алдындағы бағалау кезiнде кен орындарының инвестициялық тартымдылығына әсер ету болжамын қалып кендi және кендiк емес объектiлердi жобалауға технологиялық-экономикалық регламенттi негiздеу;
жер қойнауын кешендi пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдалану саласында инвестицияларды құқықтық қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 004 Жылу-энер- 1. "Қазақстан Рес- Жыл Қазақстан
гетика публикасында атом бойы Республика-
кешенi, энергетикасын сының
мұнай-xи- дамыту" ғылыми- Энергетика
мия және техникалық бағдар- және
минералдық ламасын iске минералдық
ресурстар асыру, "Курчатов ресурстар
саласын- қ. тоқамақ қазақ- министрлігі
дағы тех- стандық термоядро-
нологиялық лық материалтану
сипаттағы реакторын (КТМ)
қолданбалы жасау мен пайда-
ғылыми ланудың ғылыми-
зерттеулер техникалық қам-
тамасыз ету
бағдарламасы",
"Қазақстан Рес-
публикасы пайдалы
қазбаларының
орташа, шағын кен
орындарын игеру
және тендер
алдындағы дайын-
дық кезіндегi
геотехнологиясын
дамыту бағдар-
ламасы".
2. Мемлекеттік
ғылыми-техникалық
сараптаманы жүргi-
зу жөніндегі
қызметтерге
ақы төлеу.
____________________________________________________________________