7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: топырақ-өсiмдiк - жануарлар жүйесiндегі 137 Cs бөлiнудi сипаттайтын ақпаратты талдау және жүйелеу, сондай-ақ топырақ-өсiмдiк жамылғысының қасиеттері мен "Тәжiрибе даласы" техникалық алаңына шектес аумақтағы ауыл шаруашылық малдарының мiнез-құлық ерекшелiктерi; "Тәжiрибе даласы" техникалық алаңына шектес аумақтағы азықтық тiзбектер бойынша радионуклидтердi көшiру параметрлерiнiң үлгiлерiн әзiрлеу мен бағалау;
Қазақстан аумағындағы қоршаған орта объектiлерiндегі жасанды радионуклидтердiң фондық шоғырлануын сипаттайтын сандық деректер; радиациялық-қауiпті объектiлерiнiң ГИС қабыршағы;
мұнай-газ кен орындары үшiн радиациялық бақылау және радиоэкологиялық мониторингтiң үлгiлiк жүйелер жобасы;
композициялық органикалық емес сорбенттердi пайдалану негiзiнде радиоактивтi - ласталған суларды тазарту технологиясын әзiрлеу; уранға, торияға және олардың еншiлес өнiмдерiне қатысты әртүрлi табиғи материалдардың сорбциялық қасиеттерi жөніндегі алдын ала деректер;
ҚР радиациялық (ядролық) қауiптілік деңгейi бойынша радиоактивтiк қалдықтардың жүйелiк жiктелуi және РАҚ, ЯДМ, ОЯТ жiктеу тiзбесi;
Қазақстанда жинақталған қатты радиоактивтiк қалдықтарды модульдiк орындауға технологиялар мен аппараттардың қолданылғыштығын есептiк талдамалық негiздеу;
реакциялардың дифференциалды қималары жөніндегі жаңа тәжiрибелiк деректер; иондарды ядроларға ыдыратудың дифференциалды қималары жөнiндегі жаңа тәжiрибелiк деректер мен 10-15 МэВ/нуклон энергиясы кезіндегі реакциялар; 0,3-1,1 MэВ интервалындағы литий изотопына протондардың радиациялық басып алу дифференциалды қималары жөніндегі жаңа тәжiрибелiк деректер;
газдық салқындатумен, қорғасынды жылу жеткiзгiшпен, натрийлiк жылу жеткiзгiшпен, шапшаң нейтрондардағы тым жоғары температуралы газбен салқындату реакторларымен шапшаң нейтрондардағы реакторлардың инновациялық жобаларын перспективалы қолдану туралы талдау нәтижелерi мен түйiндер;
жоғары радиоактивтi материалдардың iсiну үлгiлерiн зерделеуге арналған әдiстеме мен тәжiрибелiк қондырғы және BBP-К реакторындағы үлгiлердiң алдын ала сәулеленуiне арналған қондырғылар; сәулеленбеген үлгiлердiң микроқұрылымы зерттелетін болады;
сәулелену процесiнде тоттанбайтын хром-никельдi болаттардағы микроқұрылым эволюциясының физикалық үлгісі;
изотермиялық жұмсарту кезiнде AI-Be, Fe-AI-Be, Fe-Sn қабаттық жүйелеріндегі фазалық айналыстардың кезектілігi мен өзiне тән температурасы туралы деректер;
балқымада қалдықты энергия бөлiну имитациясы физикалық принциптерiн негiздеу және қыздырғыштың ең жоғары к.п.д. қамтамасыз ету; кориумның түп үлгiдегi материалмен өзара қатынасын зерттеу жөніндегі эксперименттердiң алғашқы сериясы жүргізiлетiн болады;
реактордың белсендi аймағын жаңғырту тұжырымдамасын негіздеу үшiн төмен байытылған отынды ИВГ-1M реакторының белсендi аймағын жинақтаудың ықтимал нұсқалары туралы талдамалық деректер;
серпiндi электронды шоқтармен сәулелену кезiнде ИТЭР бiрiншi қабырғасының макетi үшiн жылу физикалық есеп деректерi, бiрiншi қабырға макетiнiң сол орында асқын қызуы кезiнде температуралық алаңды бөлу есептерiнiң деректерi;
термиялық сынақтар өткізу үшiн ИТЭР бiрiншi қабырғасының макетi;
реакторлық тәжiрибелер әдiстемесi, тәжiрибелiк қондырғылар мен стендiлер, V4Ti4Cr, , ванадий және ванадийлi қорытпалармен сутек изотоптарының өзара қатынас параметрлерiне реакторлық сәулеленудiң ықпал етуi туралы талдамалық деректер;
құрғақ сақтау кезіндегі БН-350 реакторын жылулық жинаулармен контейнердегі температураны бөлу жөніндегі деректер;
Қазақстанда iске асыру үшiн АТЭС ММ анағұрлым оңтайлы жобаларын iрiктеу жөнiндегі жұмыстар;
УМЗ шығаратын ТВЭЛ-дердi пайдалану үшiн белсендi аймақтарды материалдық композициялауды негiздеуге нейтронды-физикалық есептер;
"87Ga галлий цитраты" РФП өндiрiсiне лицензия. "1311 натрий иод-гиппураты және "ДТПА -99MTc" реагенттерiнiң лиофилилендiрiлген жинақтары", "Фитат - 99М Тс". Өндiрiстiң технологиялық регламентi мен сапаны бақылау әдiстемесi;
циклотронда сәулелендiру үшiн сұйықметалл және ұнтақ капсулданған нысаналар дайындауға арналған техникалық құжаттама мен техникалық жабдық;
ЭЛВ-4 электрон өнеркәсiптiк жеделдеткiшiнде полимердiң радиациялық қиындылар технологиясының технологиялық регламентi;
конструкторлық құжаттама және күштi ағынды марганец нысаналарының тәжiрибелiк үлгілерi;
55 Fe радиохимиялық бөлiнуге арналған технологиялық қондырғы;
192 Ir iстелiнiмi үшiн сәулелендiру құрылғыларының тәжiрибелiк белгiлерi;
танталдан полимерлiк лента-жеткiзгiшке жұқа жамылғылар салудың тәжiрибелiк айқындалған режимдерi, полимерлiк лента жеткiзгіштердегi тантал пленкаларының құрылымы туралы деректер. Әртүрлi электролиттердегi тантал жамылғыларды қалыптаудың талдамалық белгілi режимдерi;
монокристалды кремнийден төсенiш орталығына b-танталдағы қатты алюминий ерiтiндiлерiнен жамылғыларды салуға арналған қондырғы b-тантал негiзiнде жамылғыдан алюминийдi ерiтіндiлеудiң талдамалық анықталған оңтайлы режимдерi;
ҚР ҰЯО РМК желісінiң барлық станцияларынан деректердi жинау мен берудiң автоматтандырылған жүйесi;
тәулiктiк сейсмикалық автоматты және Орталық Азия аумағы бойынша Қазақстандық деректер орталығының интерактивтi бюллетендерi мен Халықаралық деректер орталығының ғаламдық бюллетендерi;
сынақ полигондары айналасындағы жекелеген аумақтар бойынша жарылыстар мен жер сiлкiну эпицентрлерiнiң карталары;
ақбұлақ станциясын қолданысқа енгізу; ДВЗЯИ талаптарын сақтаумен тәулiк бойы жұмыс iстейтiндер және ҚР ҰЯО РМК геофизикалық станциялардың келісімдерi; анықталған годорафтар және магнитудалық калибрлiк қисық;
БҰҚ мақалалары мен репортаждары;
"ҚР ҰЯО Хабаршысы" ғылыми-техникалық журналы; халықаралық конференциялар мен семинарларды өткізу; лекцияларды, практикалық сабақтарды өткізу, студенттердi дипломдау;
Әдiстемелiк құралдар мен оқулықтар;
тәжiрибелiк стендтердi (технологиялық, физикалық диагностика, имитациялық сынақтар) әзiрлеу нәтижелерi;
көрмеге қойылатын КТМ материалдары сынақтарының оңтайлы режимдерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi басқару әдiстерi мен плазмалар диагностикасын әзiрлеу нәтижелерi;
материалдар үлгiлерiн КТМ сынақтарына дейiн және одан кейiн зерттеу әдiстемесiн әзiрлеу нәтижелерi;
КТМ қондырғысының тәжiрибелiк мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн құрылғылар кешенiн әзiрлеу нәтижелерi;
қабылдау-диверторлық пластиналардың алмастырғыш материалдары мен термоядролық реакторлар (ТЯР) iшкiкамералық элементтерiнiң физикалық қасиеттерiн зерттеу нәтижелерi;
тендерге қойылатын жер қойнауын пайдалану объектiлерiн технологиялық қолдауды қамтамасыз ететiн аз зерттелген және техногендiк кен (кенге жатпайтын) объектiлердi технология-экономикалық бағалау схемасын әзiрлеу;
кен шикiзатын бағалау, өндiру, байыту мен өңдеудi жетілдiрудi қамтамасыз ететiн үлгiлеудiң жаңа геотехнологияларын, техникасын және технологиясын игеру;
пайдалы қазбалар қорлары ресурстық базасы әлеуетiн ұлғайту, олардың шығынын азайту және минералдық шикiзатты пайдалану кешенділігі.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
298-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Қазақстандық Тоқамақ термоядролық
материалтану реакторын құру"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 992295 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан екi миллион екi жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған басымдықты бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiнiң 5-бөлiмiнiң 97-тармағы; "Қазақстан Республикасын Халықаралық термоядролық жобаға енгізу туралы 28 шiлдедегi ИТЭР Кеңесi 6 сессиясының шешiмi шеңберіндегі қызметтi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 шiлдедегi № 143-Ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ядролық технологияларды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ҚТМ кешенiн құру және пайдалануға беру; зерттеу жүргiзу үшiн физикалық диагностикалар әдiстемелерi мен жүйелерiн әзiрлеу және игеру; құрастырылатын материалдарды сынау әдiстерiн пысықтау; өлшеудiң-әдiстемелiк базасын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 005 Қазақстан- 1. ҚТМ кешенінің Жыл Қазақстан
дық Тоқамақ жүйелер мен ҚТМ бойы Республика-
термоядро- орнату негізiнде, сының
лық мате- соның iшiнде Энергетика
риалтану техникалық құжат- және
реакторын тамаларды орау минералдық
құру мен тасымалдауға ресурстар
КД, монтажбен министрлiгі
жөндеуге нұсқау-
лық жасау жұ-
мысшы конструк-
торлық құжатта-
маларды әзірлеу
жөніндегі жұмыс-
тарды жалғастыру.
2. ҚТМ кешені
ғимаратын қайта
жаңғыртуды аяқтау.
Ғимараттар мен
құрылыстар салуды
жалғастыру.
3. Жабдықтар мен
материалдардың бiр
бөлігін сатып алу.
ҚТМ кешенiнiң
сыртқы электрмен
жабдықтау жүйеле-
рін монтаждау
жөніндегі жұмыс-
тарды жалғастыру.
4. Вакуумдық керi
айдау жүйесiн
жасауды жалғастыру.
Жабдықтар мен ма-
териалдарды сатып
алу.
5. Резервтiк
электрмен жабдық-
тау жүйесiн жасау.
6. Жабдықтардың
бiр бөлiгі мен
материалдарды
сатып алу. ҚТМ
кешенін автоматты
басқару жүйесiн
жасау жөнiндегі
жұмыстарды
жалғастыру.
7. Жабдықтарды,
материалдарды
сатып алу. ҚТМ
қондырғысының
импульсті
қоректену жүйе-
лерiн монтаждау.
8. Жабдықтар мен
материалдарды
сатып алу.
ҚТМ диагностикасы
жүйелерiн құру
жөніндегі жұмыс-
тарды жалғастыру.
9. Жабдықтар,
материалдар сатып
алу. ҚТМ жылжымалы
диверторлық құрыл-
ғысы мен шлюз то-
рабтарын дайындау.
10. Жабдықтар,
материалдар сатып
алу. ҚТМ электр
магниттi жүйесiн
құру.
11. Жабдықтардың
бөлшектерiн, мате-
риалдарды сатып
алу. Плазманы
жоғары жиілiкте
қыздыру жүйесiн
құру жөніндегі
жұмыстарды жал-
ғастыру.
12. Жабдықтар,
материалдар сатып
алу. Вакуумдық
камераны қыздыру
мен кондинцирлеу
жүйесiн құру.
13. Физикалық
қорғаныш жүйесi.
Iске қосу-жөндеу
жұмыстары. Жүйенi
пайдалануға беру.
14. Отын сатып
алу. Инженерлiк
жүйелер мен жы-
лытуды пайдала-
нуды қамтамасыз
ету, ҚТМ кешенiн
қорғау.
15. Қолданыстағы
Ережелер мен
нұсқаулықтарға
сәйкес ҚМТ кешенi
мен қондырғылары-
ның негiзгі
жүйелерінің
бөлшектерi мен
тораптарының
бiтеулігін тексеру
бағдарламасын
орнату.
16. Тоқамақты
(ҚТМ) физикалық
iске қосу сце-
нариiнiң және
физикалық iске
қосу жүйесi
жұмыс режимiнiң
есептiк бағала-
улары.
17. Пайдалану
құжаттамаларын
әзiрлеу мен
персоналды
дайындауды бастау.
____________________________________________________________________