7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi қабылдайтын табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметін реттеу жөніндегі шешiмдердiң сапасы мен жеделдiгiн арттыру; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн осы заманғы экономикалық талаптарға сәйкес кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
62-қосымша
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Монополистер қызметiнiң мониторингi бойынша
электрондық деректер базасын құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 104400 мың теңге (бiр жүз төрт миллион төрт жүз мың теңгe).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: монополистер қызметiнiң мониторингі бойынша электрондық деректер базасын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи монополия субъектілерiнiң, мемлекеттік ақылы қызмет көрсететiн мемлекеттік кәсiпорындардың және мемлекеттік органдардың қызметтерiн автоматты түрде мониторингiлеу үшiн тетiктер мен деректер базасын дамыту және енгізу, бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, есептеу техникасын сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 002 Монополис- Монополистер қызме- Жыл Қазақстан
тер қызме- тiнiң мониторинг ішін- Республикасы
тiнiң мони- бойынша электрон- де Табиғи
торингi дық деректер монополиялар-
бойынша базасын дамыту, ды реттеу
электрон- таралымдау және агенттігі
дық дерек- енгізу бойынша
тер базасын қызметтердi сатып
құру алу:
Агенттіктiң орталық
аппараты және оның
аумақтық органдары
үшiн лицензияланған
бағдарламалық қам-
тамасыз ету мен
есептеу техникасын
сатып алу;
серверлер - 16 бiр-
лiк;
пайдаланушылардың
жұмыс станциялары
- 60 бiрлiк;
принтерлер - 45
бiрлiк;
сканерлер - 15
бiрлiк;
үзiлiссiз қорек-
тендiру көздерi -
76 бiрлiк.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Бiрыңғай электрондық деректер базасына табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi көрсеткіштерiнiң жай-күйi мен серпiнi туралы ақпарат ықпалдастығы;
Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды атқаруын және мемлекеттік саясат саласында қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың баға түзуiн жедел бақылау.