2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі)
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 Қаулысына
61,62-қосымшалар)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
61, 62-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
61-қосымша
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн
реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 961 376 мың теңге (тоғыз жүз алпыс бiр миллион үш жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 46-бабы; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 13, 14, 17, 18-баптары; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; "Бәсеке және мемлекеттік қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 8-бабы; "Қазақстан Республикасының кейбір заң кесiмдерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiм бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының қызметін қамтамасыз ету, кәсiптiк қызмет саласында білім беру бағдарламасы бойынша өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерiн, машықтары мен дағдыларын жаңарту және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру, табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн реттеу сапасын жақсарту, уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың негiздiлігін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң аппаратын ұстау; Агенттіктiң, табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi қызметiне, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауға жәрдемдесетiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердi жетiлдiру және жаңасын әзiрлеу; табиғи монополия субъектiлерiнiң техникалық және қаржылық жай-күйiн бағалау; уәкiлетті орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың деңгейiне сараптама жасау; жария тыңдаулар өткізу; мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi аппаратының материалдық-базасын нығайту, ақпараттық жүйелердiң қызмет етуiн қамтамасыз ету және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Табиғи
монополия
субъектi-
лерiнiң
қызметiн
реттеудi,
бақылауды
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органның касы Табиғи монопо- ішін- Республикасы
аппараты полияларды реттеу де Табиғи
агенттiгiнiң орта- монополиялар-
лық аппаратын штат ды реттеу
саны - 133 бiрлiк агенттігі
лимитiнiң шегiнде
ұстау;
Дербес жылумен
жабдықтауға,
кондиционерлеу мен
сорушы желдетпеге
жөндеу және оларға
қызмет көрсету;
2 дана лифтiге
күзет, өрт және
күзет-өрт дабылына
техникалық қызмет
көрсету және оларды
ұстау.
Ай сайын "Регуля-
тор" журналын
баспадан шығару;
Бекiтiлген тиесiлі-
лік нормативiне
сәйкес 4 бiрлiк
автокөлiгiн ұстау.
Табиғи монополия
субъектiлерiнiң
қызметiне кемiнде
20 сараптамалық
бағалаулар жүргiзу:
табиғи монополияның
мынадай салалары:
энергетика, көлiк,
байланыс, су шаруа-
шылығы және кәрiз
жүйелерi, труба
құбырларымен тасы-
малдау бойынша
тендерлiк негiзде
тәуелсiз сарапшы-
лар мен сараптау
ұйымдарын тарту;
тәуелсiз сарапшы-
лар мен сараптау
ұйымдарының қызмет-
терiне ақы төлеу;
сараптау қорытын-
дыларының уақтылы
орындалуын бақылау.
Табиғи монополия
субъектілерi
қызметiн реттейтiн
кемiнде 20 норма-
тивтiк құқықтық
және нормативтiк
кесiмдердi әзiрлеу
және жетілдiру:
тендерлiк негiзде
нормативтiк құқық-
тық және норматив-
тік кесiмдердi
әзiрлеу жөнiндегі
консультанттар
белгiлеу;
консультанттардың
қызметiне ақы
төлеу;
әзiрленетiн нор-
мативтiк құқықтық
және нормативтiк
кесiмдердiң уақтылы
орындалуын бақылау.
Табиғи монополия
субъектілерінiң
қызметiне қаржылық
және техникалық
сараптама жүргiзу:
тендерлiк негiзде
сарапшылар белгілеу:
қаржылық сараптама
бойынша - кемiнде
31 қорытынды;
техникалық сарапта-
ма бойынша - кемін-
де 31 қорытынды;
сарапшылардың қызме-
тiне ақы төлеу;
сарапшылар аралық
және түпкілiктi
қорытындыларды
уақтылы ұсынуын
бақылау.
Кемiнде 300 жария
тыңдаулар ұйымдас-
тыру және өткізу.
3 002 Аумақтық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органдар- касы Табиғи монопо- ішін- Республикасы
дың аппа- лияларды реттеу де Табиғи моно-
раттары агенттiгi аумақтық полияларды
органдарының аппара- реттеу
тын штат саны - 227 агенттігі
лимитiнiң шегiнде
ұстау.
Бекiтiлген тиесілi-
лiк нормативiне
сәйкес 16 бiрлiк
автокөлік жалдау.
Жария тыңдаулар
өткізу.
4 007 Мемлекеттік Біліктіліктi көте- Жыл Қазақстан
қызметшi- рудiң бекітілген iшiн- Республикасы
лердiң жоспарына сәйкес де Табиғи
білiктiлiгiн мемлекеттік қызмет- монополиялар-
арттыру шiлердiң біліктiлі- ды реттеу
гін көтеру, оның агенттігі
iшiнде мемлекеттік
тiлдi үйрену жөнiн-
дегi қызметтердi
сатып алу. Бiлiктi-
лiктi арттыру
курсынан өтетiн
мемлекеттік қызмет-
шiлердiң орташа
жылдық саны - 150
адам.
5 009 Мемлекеттік Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан
органдарды ликасы Табиғи iшiн- Республикасы
материал- монополияларды де Табиғи
дық-техника- реттеу агенттiгi- монополиялар-
лық жарақ- нiң орталық аппара- ды реттеу
тандыру ты үшiн 18 бiрлiк агенттігі
факсимильдiк аппа-
раттарын сатып алу.
6 017 Ақпараттық Есептеу техникасын Жыл Қазақстан
жүйелер- сатып алу: iшiн- Республикасы
дiң жұмыс пайдаланушылардың де Табиғи
iстеуiн жұмыс станциялары монополиялар-
қамтамасыз 15 бiрлiк; ды реттеу
ету және принтерлер - 7 агенттігі
мемлекет- бiрлiк;
тік орган- сканерлер - 1
дарды ақпа- бiрлiк.
раттық-тех- Есептеу техникасы-
никалық на техникалық
қамтамасыз қызмет көрсету:
ету пайдаланушылардың
жұмыс станциялары
- 333 бiрлiк;
серверлер - 3 бiр-
лiк;
принтерлер - 177
бiрлiк;
сканерлер - 4
бiрлiк.
Жұмсалатын материал-
дарды, жиынтықтаушы
және қосалқы бөлшек-
тердi сатып алу.
WEB-сайтты сүйемел-
деу.
Интернет желiсiне
қол жеткізу мен
электрон почтасының
қызметтерiне ақы
төлеу.
"Монополистер
қызметтерiнiң мони-
торингi бойынша
электрондық деректер
базасы" жүйесiн
және локальдық
мiндеттердi сүйе-
мелдеу:
Лука-Бюджет;
Мiндеттемелер мен
төлемдер бойынша
қаржыландыру
жоспарларын қалып-
тастыру, бюджеттен
бөлiнген қаржы
лимитiн есепке
алу.
____________________________________________________________________