Кемелердi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркеу кезiнде оларға тиiстi тiркеу нөмiрлерiн бере отырып, осы Ереженiң 41-тармағында көрсетiлген кеме құжаттары табыс етіледi.
44. Кемелердi мемлекеттік тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiнде жасалған болуы тиiс;
2) ресми шетелдiк құжаттар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, жария етiлуi тиiс. Қажет болған жағдайларда қарауға соларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың расталған көшiрмелерi қабылдануы мүмкiн. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі расталған аудармасы қоса берiледi;
3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
4) тазаланған немесе үстiнен жазылған, сызылған сөздер мен оларда айтылмаған өзге де түзетулерi бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бірыңғай түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттік тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар екi данада берiледi, олардың бipeуi түпнұсқа, ал екiншiсi нотариалды расталған көшiрмесi болуы тиiс. Тiркелгеннен кейiн түпнұсқа құқық иесiне қайтарылуы тиiс.
45. Кемелердi мемлекеттік тiркеу барлық қажеттi құжаттар тапсырылған сәттен бастап отыз күннің iшiнде жүргiзiледi.
Егер кеме мемлекеттік тiркеуге жатпаса, бұл туралы мемлекеттік тiркеуге құжаттар берiлген сәттен бастап жетi күннен кешіктiрiлмей кеменi ұсынған тұлғаға жазбаша хабар берiледi.
Кеменi мемлекеттік тiркеу орнын өзгерту қажет болған кезде 43-тармақтың 4-8-абзацтарында көрсетiлген құжаттардан басқа, кеменің жаңа мемлекеттік тiркеу орны бойынша аумақтық уәкiлеттi органға кеме куәлiгi беріледi (кеменің бұрынғы мемлекеттік тiркеу орны бойынша есептен шыққан белгiсi бар).
46. Кеменi қайта тiркеу туралы белгiнi алған, сондай-ақ кеменiң негiзгi техникалық сипаттары өзгерген кезде (жолаушы сыйымдылығы, жүк көтергіштiгi, қуаттылығы, жүзу санаты) кеме куәлiгiнде және Мемлекеттік кеме тiзiмiнде тиiстi жазбалар он күн мерзiмде кеменің мемлекеттік тiркеу орны бойынша жүргiзіледi.
47. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеменi жалға алу шарты бойынша шетелдiк жалдаушының иелiгiне және пайдалануына беру кезiнде мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде шетел мемлекетiнiң туын көтеруге уақытша көшiрілуi мүмкiн.
48. Кеменi шетел мемлекетiнiң туын көтеруге көшiру туралы шешiмдi кеме иесiнiң немесе ол соған уәкiлеттiк берген тұлғаның мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кеменi мемлекеттік тiркеу орны бойынша аумақтық уәкiлеттi органның атына жiберiлген өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi орган қабылдайды:
1) ипотеканы кепiлдiкке ұстаушының кеменi шетел мемлекетінің туын көтеруге көшiруге жазбаша келiciмi (белгiленген тәртiппен белгiленген және тiркелген кеме ипотекасын ұстаушылар алдын ала қанағаттандырылмаған кезде);
2) жалдаушы мемлекеттің құзыреттi органдарының немесе кеме туын көтеруге көшірілетін өзге де шетел мемлекеттің белгіленген тәртіппен куәландырылған, сол мемлекеттің заңнамасында Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салатын ережелердің жоқтығын және кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығының берiлу мерзiмi бiтiсiмен кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге қайтарылатынын растайтын құжат;
3) шетел мемлекетiнің туын көтеріп жүзу құқығының берiлуiн немесе бұл құқықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының тоқтаған сәтiнде берілетiндiгiн растайтын құжат;
4) жалға алу шарты.
49. Бас тартуға негiздер жоқ болған жағдайда осы Ереженің 15-тармағына сәйкес Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде "Өзгертулер туралы белгiлері" бағанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының тоқтаған күнi, кеменi шетел мемлекетiнің туын көтеруге көшiруге рұқсат етілген мерзiм, өз туын көтеріп кеменің жүзуiне рұқсат етiлген мемлекеттің аты, жалға алу шарты бойынша шетелдiк кеме жалдаушының аты-жөнi мен мекен-жайы көрсетіледi.
50. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тиiстi белгi енгiзiлген күн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын тоқтата тұру күнi болып есептеледi. Кеме куәлiгiне белгi енгізу өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшінде жүргiзiледi.
51. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм iшiнде оның бортында осы құқықтың тоқтағандығы туралы белгi қойылған кеме куәлiгi болуы тиiс.
52. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм ішінде кемеге құқықтарды, шектеулердi (ауыртпалықтарды) осы Ережеге сәйкес Мемлекеттік кеме тiзiлімiне тiркеудi жүргiзу жалғастырылады.
53. Кеменi жалға алу шартының күшi тоқтаған немесе уәкілеттi органның рұқсатында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне "Өзгертулер туралы белгiлер" бағанына кеме иесiнiң өтiнiшi негiзiнде тиiстi жазба енгiзiледi және осы Ережеде белгiленген тәртіппен жаңа кеме куәлiгi беріледi.
54. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi осындай құқықты растайтын және кеме Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелгенге дейiн, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа жарамды кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлiк (бұдан әрi уақытша куәлiк) (11-қосымша) берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметiнiң лауазымды тұлғасы қажеттi құжаттарды алған кезде есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Уақытша куәлiк бергенi туралы әрбір жазба тiркеу нөмiрiмен сәйкестендiріледi. Мұндай нөмiр құжаттарды қабылдаған кезде берiледi және қабылдаған құжаттардың кiрiс нөмiрiне сәйкес келедi. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейiн уақытша куәлiк бередi. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi берiлген уақытша куәлiк туралы он күн ішінде уәкiлеттi органға уақытша куәлiктiң көшiрмесiн қоса бере отырып, хабар жібередi.
55. Қазақстан Республикасынан тыс жерден сатып алынған кеменi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркеу болжанып отырған тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық уәкiлеттi органына кеменi мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш ұсыну бойынша осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
56. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн жүргiзудi аумақтық уәкiлеттi органдар қағаз және электронды тасымалдаушылармен жүзеге асырады.
Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган белгілейдi.
57. Кемелерге тiркеу нөмiрлерiн беру төменде санамаланған литерлермен жүзеге асырылады:
1) Жоғары Ертіс бассейнiне - "ВИ";
2) Орал бассейнiне - "У";
3) Iле бассейнiне - "И";
4) Балқаш бассейнiне - "Б";
5) Есіл бассейнiне - "Иш";
6) Сырдария бассейнiне - "С";
7) Орталық бассейнге (Қазақстан Республикасының басқа су қоймалары) - "Ц".
58. Кеменiң тiркеу орнын белгiлеу мақсатында нақты бассейн үшiн белгiленген әрiптiк литерiне, сондай-ақ сандық литер қосылады:
1) Өскемен учаскесi - "ВИ-1";
2) Семей учаскесi - "ВИ-2";
3) Павлодар учаскесi - "BИ-3";
4) Орал учаскесi - "У-1";
5) Атырау учаскесi - "У-2";
6) Астана қаласы учаскесi - "Иш-1";
7) Петропавл учаскесi - "Иш-2";
8) Қарағанды учаскесi - "Ц-1";
9) Қостанай учаскесi - "Ц-2".
59. Кемелерге берiлген тiркеу нөмiрлерi мен олардың литерлiк белгiлеуi (әріптiк және сандық) кеменің алдыңғы жағының екi бортына оның атауынан (нөмiрiнен) жоғары жазылады. Бұл ретте кеменің атауын (нөмiрiн) жазу өз өлшемдерi бойынша оның тiркеу нөмiрi мен литерлiк белгiлеуiнен iрілеу болуға тиiс.
Кеменің алдыңғы жағында басқа жазуларға рұқсат етiлмейдi.
4. Шағын өлшемді кемелер мен оларға құқықтарды
мемлекеттік тiркеудiң тәртібі
60. Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде олар туралы барлық қажеттi деректер Мемлекеттік кеме тiзiлуiне жазылады.
Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн жүргiзудi аумақтық уәкiлеттi органдар қағаз және электронды тасымалдаушылармен жүзеге асырады.
Шағын өлшемдi флот үшiн Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
61. Тiркелген әрбір шағын өлшемдi кемеге тiркеу карточкасы ашылады.
62. Қазақстанға уақытша келген кемелер Мемлекеттік кемелер тiзiлімдерiне енгiзілмейдi.
63. Заңды тұлғалар меншiк түрiне қарамастан, аумақтық уәкiлеттi органда өздерiне тиесілi шағын өлшемдi кемелердi, олардың техникалық жай-күйiне, жыл мезгілiне және кеменiң тұрақтану орнына қарамастан, сатып алу (алу), жасау немесе оларды қайта тiркеуге әкеп соқтыратын жағдайлардың туындау сәтiнен бастап 10 тәулiк iшiнде тiркеуге (қайта тiркеу) тиiс.
64. Кемелер заңды тұлғаларға олардың тұрақты болу орны бойынша тiркеледi. Азаматтардың жеке меншiгіндегi кемелер иесiнiң атына оның тұрақты тiркелiм орны бойынша тiркеледi.
65. Шағын өлшемдi кемелердi тiркеу және есепке қою кезiнде оның иесi немесе оған сенiмхаты бар тұлға төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат көрсетуге мiндеттi.
66. Шағын өлшемдi кемелердi тiркеу мыналарды ұсыну бойынша жүргiзiледi:
кеменiң негiзгi техникалық деректерi, оның тұрағының орны, атауы және заңды мекен-жайы, тегi, аты, әкесінiң аты, туған жылы, тұрғылықты жерi, иесiнiң жұмыс орны көрсетілетiн иесiнiң жазбаша өтiнiшiн;
кемелердің не, егер кеме өз күшiмен жасалған болса, материалдардың алынғанын немесе сатып алынғанын растайтын құжаттарды (шоттар, дүкендердің тауарлық чектерi, материалдарға анықтамалар, сатып алу-сату шарттары, сыйға беру кесiмдерi, мұраға алу туралы куәлiктер, сот шешiмi және т.б.);
тұрғылықты жерi (тiркелiмi) бойынша шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн алымды төлегенi туралы түбіртектi;
зауытта жасалған кеменiң техникалық паспортын және оларды сатқандығы туралы сатушы ұйымның белгiсiмен қозғалтқыштың техникалық паспортын, ал жеке жасалған немесе қайта жабдықталған кемелер үшiн - уәкілеттi органның нормативтерi мен техникалық талаптарына сәйкес кеменi жасауға құжаттар мен техникалық құжаттаманы.
67. Өзi жүзетiн шағын өлшемдi кеменi тiркеген кезде оған мемлекеттік борттық нөмiр беріледi және кеме иесiне кеме билетi тапсырылады. Берiлген борттық нөмiр орыс әліпбиінің үш әрпiнен (литерiнен) және төрт саннан тұрады.
Бiрiншi әрiп - "К", Қазақстан Республикасына тиесiлiлiгiн білдiредi, екiншiсi және үшiншiсi уәкiлеттi орган анықтайтын тәртіппен белгiленедi және тiркеген облысты, қаланы білдiредi. Сандар Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген реттiк нөмiрiне сәйкес болады.
Әрбір серия 0001-ден 9999-ға дейiнгi төрт таңбалы нөмiрлерден тұрады және флоттың 9999 бірлiгiн қамтиды.
68. Уәкiлеттi орган облыстар және қалалар бойынша мемлекеттік борттық нөмiрлердi белгiлейдi:
1) Ақмола облысы КАМ 0001-ден 9999 дейiн
2) Астана қаласы КАС 0001-ден 9999 дейiн
3) Ақтөбе облысы КАК 0001-ден 9999 дейiн
4) Алматы облысы КАЛ 0001-ден 9999 дейiн
5) Алматы қаласы КАА 0001-ден 9999 дейiн
6) Атырау облысы КАТ 0001-ден 9999 дейiн
7) Шығыс Қазақстан облысы KBK 0001-ден 9999 дейiн
8) Жамбыл облысы КДЖ 0001-ден 9999 дейiн
9) Қарағанды облысы KKP 0001-ден 9999 дейiн
10) Қызылорда облысы ККО 0001-ден 9999 дейiн
11) Қостанай облысы ККУ 0001-ден 9999 дейiн
12) Маңғыстау облысы КМН 0001-ден 9999 дейiн
13) Павлодар облысы КПВ 0001-ден 9999 дейiн
14) Солтүстiк Қазақстан облысы КСК 0001-ден 9999 дейiн
15) Батыс Қазақстан облысы KУP 0001-ден 9999 дейiн
16) Оңтүстiк Қазақстан облысы КЧМ 0001-ден 9999 дейiн.
69. Өз бетiмен жүзбейтiн шағын өлшемдi кемелердi (ескектi, желкендi, үрмелi кемелер, байдаркалар, салдар және жалға алынатын жүзгiш құралдарды) тiркеу кезiнде мемлекеттік борттық нөмiр берiледi және кеме иесiне кеме билетi тапсырылады, бір "Г" әрпінен тұратын литер және Мемлекеттік кеме тiзiлiмi бойынша реттiк нөмiр, сондай-ақ нөмiрдiң боялған түсi белгіленедi.
Жалға алынатын жүзгiш құралдарға бір "П" әрпiнен тұратын литер, аңшылар және балықшылар қоғамы үшiн бір "Р" әрпiнен тұратын литер берiледi.
70. Тiркеу нөмiрi кеменiң екi бортына да салынады және форштевеннен корпус ұзындығының 1/4-iне тең қашықтықта орналастырылады. Бояу жуылмайтын және корпустың түсiне қарама-қарсы түстi болуы тиiс. Әрiптер мен сандарды бір жолда жазады. Олардың биiктiгi кемiнде 100-150 мм, ал ені тиiсiнше 15-20 мм болуы тиiс.
71. Кемелердi тiркеу мұрагерлiкпен берiлген кемелердi қоспағанда, 18 жасқа толған тұлғалардың атына жүргiзiледi. Кеменi 18 жасқа толмаған мұрагерге тiркеген кезде тiркеу карточкасында ата-анасының немесе қамқоршысының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi және ата-анасының немесе қамқорлық органдарының келісімiнсiз есептен алуға тыйым салынатыны туралы жазба жасалады.
72. Екi немесе одан көп иелердiң меншiгіндегі шағын өлшемдi кемелер олардың келiсуi бойынша тек қана бір иесiне тiркеледi, екiншi иесiне шағын өлшемдi кеменi басқару құқығына сенiмхат берiледi.
73. Жеке өзі жасаған шағын өлшемдi кемелердi тiркеу алғашқы куәландырылғаннан кейiн жобалау-техникалық құжаттаманың негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ТЕҢIЗ КЕМЕСIНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТУЫ АСТЫНДА ЖҮЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
CERTIFICATE OF THE RIGHT SEA SHIP TO SAIL UNDER
THE STATE FLAG OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне 200_ жылғы
"__"__________ N ____ енгiзiлген деректер негiзiнде осымен ______________
кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кеменiң атауы (name of
ship)
астында жүзуге рұқсат етiлгенi куәландырылады.
This is to certify that according to the data entered into the State
Ship Register of the Republic of Kazakhstan, the ship has been authorized
to sail under the state flag of the Republic of Kazakhstan.
Кеме туралы мәлiметтер
Ship's particulars
1. Кеме үлгiсi______________________________________________
Туре
2. Шақыру белгiсi___________________________________________
Call sign
3. HMO N____________________________________________________
IМО N
4. Тiркелу порты____________________________________________
Port of registry
5. Жасалған орны мен уақыты_________________________________
Place and year of build
6. Корпустың басты материалы________________________________
Main material used to construct hull
7. Машиналар саны мен қуаты_________________________________
Number of sets and output of engines
8. 200_ "__" N ________ (кiммен) берілген өлшеулiк куәлiк бойынша
басты мөлшерлерi
Principal dimensions according to tonnage certificate issued by
Ұзындығы____________________________________________________
Length
Енi_________________________________________________________
Breadth
Борт биiктiгi_______________________________________________
Depth
Жалпы сыйымдылығы___________________________________________
Gross tonnage
Таза сыйымдылығы____________________________________________
Net tonnage
9. Егер ол бұрын шетел туы астында жүзген болса кеменің бұрынғы
атауы және бұрынғы тіркелу порты__________________________
__________________________________________________________________
The previous name of the ship if she sailed under foreign
flag and her previous port of registry
Теңіз портының капитаны_____________________________________
Sea harbour Master
Қолы________________________________________________________
Signature
Мөр_________________________________________________________
Seal
Күні________________________________________________________
Date
Серия хх N ххххххх
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIK OF KAZAKHSTAN
КЕМЕГЕ АРНАЛҒAH МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
CERTIFICATE OF OWNER SEA SHIP
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне 200_ жылғы
"___" __________ N ____ енгiзiлген деректер негiзiнде осымен кемесi
______________________________
(кеменiң атауы) (name of ship)
This is to certify that according to the data entered into the State
Ship Register of the Republic of Kazakhstan, the ship
is owned by
__________________________________________________________________
(соның негiзiнде құқық тiркелген иелер,
құжаттардың деректемелерi)
__________________________________________________________________
(owners, particulars of the documents where under the right
has been registered)
тиесiлi екендiгi куәландырылады.
Кеме туралы мәлiметтер
Ship's particulars
1. Кеме үлгiсi______________________________________________
Туре
2. Шақыру белгiсi___________________________________________
Call sign
3. HMO N____________________________________________________
IМО N
4. Тiркелу порты____________________________________________
Port of registry
5. Жасалған орны мен уақыты_________________________________
Place and year of build
6. Корпустың басты материалы________________________________
Main material used to construct hull
7. Машиналар саны мен қуаты_________________________________
Number of sets and output of engines
8. 200_ "__" N ________ (кiм) берілген өлшеулiк куәлiк бойынша басты
мөлшерлерi
Principal dimensions according to tonnage certificate issued by
Ұзындығы____________________________________________________
Length
Енi_________________________________________________________
Breadth
Борт биiктiгi_______________________________________________
Depth
Жалпы сыйымдылығы___________________________________________
Gross tonnage
Таза сыйымдылығы____________________________________________
Net tonnage
9. Егер ол бұрын шетел туы астында жүзген болса кеменің бұрынғы
атауы және бұрынғы тіркелу порты__________________________
__________________________________________________________________
The previous name of the ship if she sailed under foreign
flag and her previous port of registry
Теңіз портының капитаны_____________________________________
Sea harbour Master
Қолы________________________________________________________
Signature
Мөр_________________________________________________________
Seal
Күні________________________________________________________
Date
Серия хх N ххххххх
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
3-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КЕМЕ БИЛЕТI
Кеме кiтабына 200 жылғы "___"______ N ___ енгiзiлген деректер
негiзiнде осымен ____________ кемесiне Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік туы астында жүзуге рұқсат етiлгенi куәландырылады.
1. Кеменiң мақсаты мен үлгiсi_______________________________
2. Жүзу ауданы______________________________________________
3. Қозғағыш түрi, винттер саны______________________________
4. Бас қозғалтқыштар үлгiсi мен қуаты_______________________
5. Басты материал___________________________________________
6. Басты мөлшерлер:_________________________________________
ұзындығы____________________________________________________
кеңдiгi_____________________________________________________
тереңдiгi___________________________________________________
Шөгуі: Сыйымдылығы:
жүксiз_______________ жалпы________________
жүкпен_______________ таза_________________
7. Жүк көтергiштiгі (жүктiң шектi салмағы) тонна:
өзен_________________
теңiз________________
8. Жасалған уақыты мен орны, жоба N_________________________
9. Кеме иесi, мекен-жайы____________________________________
10. Бұрынғы тiркелу порты___________________________________
11. Кеменiң бұрынғы атауы___________________________________
12. Меншiк иелерiнiң әрқайсысына тиесiлi кеме үлесi_________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Осы Кемелiк билет _______________________ кемесiне арналған меншiк
құқығының және осы кеменiң Қазақстан Республикасының туы астында жүзуге
арналған құқығының дәлелi ретiнде жүредi.
Теңiз портының капитаны_____________________________________
Қолы________________________________________________________
Kүні________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
4-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIK OF KAZAKHSTAN
БЕРБОУТ-ЧАРТЕРЛIК ШАРТТА КIРЕГЕ АЛЫНҒАН ШЕТЕЛДIК
ТЕҢIЗ КЕМЕСIНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ АСТЫНДА ЖУЗУ ҚҰҚЫҒЫН УАҚЫТША
БЕРУ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
CERTIFICATE OF TEMPORARY GRANTING THE RIGHT OF
FOREIGN VESSEL NAVIGATION UNDER THE STATE FLAG OF THE
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, CHARTERED ON THE
BERBOUT BASIS
Қазақстан Республикасының Бербоут-чартер тiзiлiмiне 200_ жылғы
"___"__________ N ____ енгiзiлген деректер негiзiнде осымен
__________________________________ кемесiне бербоут-чартер
(кеменiң атауы) (name of ship)
шарттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы астында 2__ жылғы
"___"__________ бастап 2___ жылғы "___"__________ дейiн жүзуге рұқсат
етiлгендiгi куәландырылады.
This is to certify that according to the data entered into the
Berbout-chartering Register of the Republic of Kazakhstan, the ship has
been authorized to sail under the state flag of the Republic of Kazakhstan
for the period of Chartering it on the Berbout basis.
Кеме туралы мәлiметтер
Ship's particulars
1. Кеме түрі________________________________________________
Туре
2. Шақыру белгiсi___________________________________________
Call sign
3. HMO N____________________________________________________
IМО N
4. Тiркелу порты____________________________________________
Port of registry
5. Жасалған орны мен уақыты_________________________________
Place and year of build
6. Корпустың басты материалы________________________________
Main material used to construct hull
7. Машиналар саны мен қуаты_________________________________
Number of sets and output of engines
8. 200_ "__" N ________ (кiммен) берілген өлшеулiк куәлiк бойынша
басты мөлшерлерi
Principal dimensions according to tonnage certificate issued by
Ұзындығы____________________________________________________
Length
Енi_________________________________________________________
Breadth
Борт биiктiгi_______________________________________________