Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және
мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта
(аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № 274 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д: Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 29 наурыздағы
№ 274 қаулысымен
бекітілген
Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты
шығыстардың және мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын,
сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң)
тiзбесi
1. Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар:
1) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн қажеттi құжаттарды сатып алу жөнiндегі;
2) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн енгізiлетiн кепiлдi жарна.
2. Сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiк (активтер):
1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынатын электр энергиясы;
2) салық төлеушiлердiң салық берешегi есебiне иелiк ету шектелген мүлкі.