366-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 216800 мың теңге (екi жүз он алты миллион сегiз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексi; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 2 желтоқсанындағы Заңы; Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44, "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылдың 5 қазандағы № 1501; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және Ұлттық ақпараттық технологиялар жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымының құрылуы және дамуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "электрондық үкiмет" веб-порталын және шлюзiн құру, мемлекеттік органдар үшін куәландырушы орталықты құру, KZ доменiмен басқару орталығын құру, мемлекеттік органда электрондық мұрағаттардың ақпараттық жүйесiн енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 008 Мемлекеттік 1. "Электрондық Жыл Қазақстан
органдардың үкiмет" веб-порталы iшiн- Республикасы
ақпараттық мен шлюзін құру де Ақпараттандыру
инфрақұры- және дамыту. және байланыс
лымын құру 1.1. "Электрондық агенттігi
?кімет" веб-порта-
лының интерфейсiнiң
құру және дамыту.
1.2. Техникалық
құралдар мен лицен-
зияланған бағдарла-
малық қамтамасыз
етудi сатып алу:
сервер - 3 бiрлiк,
желілік жабдық - 1
жиынтық, бағдарлама-
лық қамтамасыз ету
лицензиялары -
5 бiрлiк.
1.3. "Электрондық
үкiмет" веб-порталы
мен шлюзiн құру
жобасы бойынша жоба-
ларды басқару және
консалтингтiк
қызметтер.
2. Мемлекеттік орган-
дар үшiн куәландырушы
орталықты құру:
2.1. Мемлекеттік
органдардың элект-
ронды құжат айналы-
мының бiрыңғай жүйе-
сiмен (ЭҚАБЖҚ)
куәландырушы орталық-
ты бағдарламалық
қамтамасыз етудi
бiрiктiру;
2.2. Техникалық
құралдар мен лицен-
зияланған бағдарла-
малық қамтамасыз
етудi сатып алу:
Сервер - 5 бiрлiк,
жұмыс станциясы - 8
бiрлiк, шешуші
ақпаратты сақтаудың
аппараттық құралы -
1 000 бiрлiк,
лицензияланған
бағдарламалық қамта-
масыз ету - 15
бiрлiк;
2.3. Электрондық
цифрлық қолтаңбаны
енгізу және оқыту;
2.4. Куәландыру
орталығын құру жөнiн-
дегi консалтингтiк
қызметтер мен жобаны
басқару;
3. KZ доменiмен
басқару орталығын
құру:
3.1. Техникалық
тапсырма мен тұжырым-
даманы әзiрлеу;
3.2. KZ доменiмен
басқару жүйесiн
әзiрлеу, орналастыру
және бағдарламалық
қамтамасыз етудi
дәлдеп келтiру;
3.3. Техникалық
құралдарды сатып
алу:
сервер - 9 бiрлiк,
Үздiксiз қоректен-
дiру көзi - 2 бiр-
лiк, серверлерге
арналған шкаф - 2
бiрлiк, телекомму-
никациялық жабдық
- 5 бiрлiк, генератор
- 1 бiрлiк;
3.4. KZ доменiмен
басқару орталығын
құру жобасын басқару.
4. Мемлекеттік
органда электрондық
мұрағаттардың ақпа-
раттық жүйесiн
енгізу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесiн пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңба қызметiн беру; "электрондық үкiмет" және KZ доменiмен басқарудың құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру үшiн техникалық базасын құру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
367-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 250920 мың теңге (екi жүз елу миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексi; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 2 желтоқсанындағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегi № 427 Жарлықтары; "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылдың 5 қазандағы № 1501; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және Ұлттық ақпараттық технологиялар жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың шеңберiнде ведомствалық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiркелiмiн, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн, "Жеке тұлғалаp", мемлекеттік дерекқорын (МДҚ) сүйемелдеу; "Электрондық үкiмет" ақпараттық жүйесiн телекоммуникациялық көрсетiлетiн қызметтердi қамтамасыз ету және техникалық жүйесiн бағдарламалық-аппараттық құралдармен қызмет көрсету; Қазақстан Республикасы Yкіметі мен мемлекеттік органдардың веб-сайтын сүйемелдеу; ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн техникалық қолдау; Интернет-ресурстардың мониторингi, мемлекеттік органдар ресми электронды мекен-жайларының анықтамалығын өзектi ету, ақпараттық ресурстарды сараптау жүйелерiн сүйемелдеу және мемлекеттік ақпараттық жүйелер бағдарламалық кодтарының депозитарилерi мен нормативтiк-техникалық құжаттамасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 010 Ведомство- 1. Мемлекеттік Жыл Қазақстан
аралық органдардың ақпарат- iшiн- Республикасы
ақпараттық тық ресурстары мен де Ақпараттандыру
жүйелердiң ақпараттық жүйелерi- және байланыс
жұмыс нiң Мемлекеттік агенттiгi
iстеуiн тiркелiмiн
қамтамасыз сүйемелдеу.
ету 2. Мемлекеттік
органдардың элек-
трондық құжат айна-
лымының бiрыңғай
жүйесiн (басқару)
сүйемелдеу.
3. "Жеке тұлғалар"
мемлекеттік дерек-
қорын сүйемелдеу.
4. Мемлекеттік
органдар ресми
электронды мекен-
жайларының анықта-
малығын өзектi ету.
5. Интернет-ресурс-
тардың мониторингi.
6. Жүйелердi,
сараптауды, оның
iшiнде зерттеу
лабораторияларын
сүйемелдеу.
7. Бағдарламалық
кодтар депозитариiн
және ғылыми-техника-
лық құжаттарды
сүйемелдеу.
8. Жабдықтарды
техникалық қызмет
көрсету.
9. Қазақстан Респуб-
ликасы Үкіметі мен
мемлекеттік орган-
дардың веб-сайтын
сүйемелдеу.
Телекоммуникациялық
көрсетiлетiн
қызметтер.
____________________________________________________________________