7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Сапалы көрсеткiштер: Жеке тұлғаларды АХАТ-тарда, төлқұжат үстелдерiнде, әлеуметтiк сақтандыру, медициналық, зейнетақымен қамтамасыз ету салаларында, салық және басқа да қызметтерде мемлекеттік дерекқорының объектілерi мен субъектiлерiн бiрыңғай тiркеу есебiмен "Жеке тұлғалар", "3аңды тұлғалар, "Жылжымайтын мүлiк тiзiлiмi" және ақпараттық жүйе "Мекен жай тiркелiмi" мемлекеттік дерекқоры мен ведомстволық ақпараттық жүйелер өзара iс-қимылының интерфейстерiн құру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
364-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Радиожиiлiк өрiсiнiң және радиоэлектрондық
құралдардың мониторинг жүйесiн техникалық сүйемелдеу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 256694 мың теңге (екi жүз елу алты миллион алты жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 11-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 2 желтоқсанындағы Заңы; "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиiлiк спектрiнiң мониторингi жүйесiнiң және радиоэлектрондық құралдардың кiдiрiссiз қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: радиобақылау және радиоөлшеу жабдықтарын, арнайы автокөлiк, сондай-ақ радиобақылау пункттерiн ұстау.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 006 Радиожиiлiк Радиожиiлiк спектрi- Жыл Қазақстан
өрiсiнiң нiң және радиоэлек- ішін- Республикасы-
және радио- трондық құралдардың де ның Ақпарат-
электрондық мониторинг жүйесiн тандыру және
құралдардың техникалық алып байланыс
мониторинг жүрудi жүргiзу, агенттігі
жүйесiн оның iшiнде:
техникалық стационарлық
сүйемелдеу радиобақылау пункт-
терiн (CPКП) күзету
- 19 бiрлiк;
стационарлық радио-
бақылау пункттерiн
(CPКП) жалға алу -
19 бiрлiк;
арнайы автокөлiк
үшiн - бокстердi
жалға алу - 8 бiрлiк;
арнайы автокөлiктi
ұстау - 8 бiрлiк;
радиобақылау және
радиоөлшеуiш құрал-
дарға техникалық
қызмет көрсету;
байланыс қызметтерi
- 19 аппарат;
өлшеуiш құралдарына
метрологиялық қызмет
көрсету - 50 бiрлiк;
өлшеуіш құралдарды
тексеруге байланысты
iс-сапар шығындары;
жүктерді алып жүру.
"Ғарыштық байланыс
және радиоэлектрон-
дық құралдардың
электрмагниттiк
үйлесiмдiлiгi респу-
бликалық орталығы"
АҚ (бұдан әрi -
Қоғам) техникалық
қамтамасыз ету
жөніндегі қызметте-
рiн, телекоммуника-
циялық спутнигiн,
қосалқы ғарыштық
аппараттарды жерден
басқару кешенi мен
байланысты монито-
рингiлеу жүйесiн
жасау жөніндегі
жұмыстарды төлеу.
М.В.Хруничев атын-
дағы ФМУК МҒҒӨО
объектiлерiнде
Қоғамның қызметкер-
лерiн оқыту,
Қоғам объектілерiнде
қашықтан оқытуды
ұйымдастыру және
жүргiзу - 35 адам.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Жабдықтарды метрология мен стандартизация талаптарына сай техникалық күйде ұстап тұру, телекоммуникация желiлерiн тексеру, лицензиялық қызметті тексеру, заңсыз жұмыс iстеп тұрған таратқыш құралдарды алдын ала табу және радиобөгеулердi жою кезiнде сапалы өлшеулерге қол жеткізу, радиожиiлiк спектрдi тиiмдi пайдалану құбылысын көтеру, M.B. Хруничев атындағы ФМУК МҒҒӨО геостационарлық орбитаға телекоммуникациялық спутниктi жеткізу, қосалқы ғарыштық аппараттармен жерден басқару кешенi мен байланысты мониторингiлеу жүйесiн құру жөніндегі Контракт бойынша мiндеттерiн орындауына техникалық бақылау жасау, М.В. Хруничев атындағы ФМУК МҒҒӨО әзiрлеген радиобайланыс, радиотехника, деректердi жеткізу, ғарыштық техника саласындағы және ұшқыш аппараттарды басқаруды ұйымдастыру оқыту бағдарламасы бойынша "инженер" мамандығы бойынша Қоғам қызметкерлерiн оқыту.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
365-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік органдардың электрондық құжат
айналымының бірыңғай жүйесiн құру"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 401836 мың теңге (төрт жүз бiр миллион сегiз жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексi; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 2 желтоқсанындағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44; Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және Ұлттық ақпараттық технологиялар жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқарушылық шешiмдердi қабылдау жеделдiгi мен сапасын арттыру; мемлекеттік басқарудың барлық деңгейiнде электрондық құжаттарды өңдеудiң бiрыңғай технологиясын және құжаттарды ұйымдық пайдалану тетiктерi арқылы электрондық құжат айналымының бiрыңғай идеологиясын ендiру арқылы, тұтас алғанда, мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымын дамыту және енгізу, ақпараттың қосарланушылығын болдырмау және оның дұрыстығын, өзектiлiгi мен қауiпсiздiгiн арттыру, техникалық құралдармен жабдықтау, лицензиялы қамтамасыз етудi сатып алу, әкiмшiлердi және жүйенi қолданушыларды оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 007 Мемлекеттік 1. Электрондық құжат Жыл Қазақстан
органдардың айналымының бiрыңғай ішін- Республикасы
электрондық жүйесiн ведомстволық де Ақпараттандыру
құжат айна- деңгейде бағдарлама- және байланыс
лымының лық қамтамасыз етудi агенттiгi
бiрыңғай дамыту.
жүйесін 2. Ведомствоаралық
құру құжат айналымының
орталығын бағдарла-
малық қамтамасыз
етудi дамыту.
3. ХМL базасында
жiктеуiштердi
қалыптастыру.
4. Қазақстан Респуб-
ликасының мемлекет-
тiк органдарында
электрондық құжат
айналымының бiрыңғай
жүйесiн бағдарлама-
лық қамтамасыз
етудi енгізу.
5. Электрондық құжат
айналымының бiрыңғай
жүйесiн пайдаланушы-
ларды, әкiмшiлерiн
оқытуды ұйымдастыру
және жүргiзу.
6. Электрондық құжат
айналымының бiрыңғай
жүйесiнiң жобасы
бойынша жоба мен
консалтингтiк көрсе-
тiлетiн қызметтердi
басқару.
7. Мемлекеттік
органдар үшiн техни-
калық құралдаp мен
лицензияланған
бағдарламалық қамта-
масыз етудi сатып
алу:
сервер - 23 бiрлiк,
резервтiк көшiру
жүйесi - 23 бiрлiк,
Үзiлiссiз қоректен-
дiру көзi - 23 бiр-
лiк, маршрутизатор
- 3 бiрлiк, желi-
аралығын қорғайтын
экран - 3 бiрлiк,
телекоммуникациялық
жабдық - 23 бiрлiк,
DSL модемi - 23
бiрлiк, жұмыс стан-
циясы - 67 бiрлiк,
принтерлер - 23 бiр-
лiк, сканер - 23
бiрлiк, серверлiк
лицензиялар - 20
бiрлiк, FineReader
лицензиялары - 20
бiрлiк, Lotus
Notes клиенттiк
лицензиялары - 640
бiрлiк, MQ Series
лицензиялары - 43
бiрлiк
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Сапалық көрсеткiштер: мемлекеттік органдар арасында толассыз бiрыңғай құжаттар айналымын жасау, басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудiң бiрыңғай технологиясын пайдалану, ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру, ақпараттың қосарланушылығын болдырмау және оның дұрыстығын, өзектiлігі мен қауiпсiздiгiн арттыру; ақпараттық технологиялар жетістігін ендірумен, басқарушылық шешiмдердi қабылдау жеделдiгi мен сапасын арттыру, мемлекеттік басқарудың тиiмділігiн арттыру, даярлау процесiн және құжаттармен жұмысты жетiлдiру есебiнен мемлекеттік қызметшiлердiң еңбек өнiмдiлiгін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына