"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2
005 жылғы 25 наурыздағы № 64-ө Өкімі
1. Қоса берiлiп отырған "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі және өзге де орталық мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн;
2) тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабарласын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 25 наурыздағы
№ 64-ө өкімімен
бекітілген
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң
тiзбесi
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің атауы | Кесімнің нысаны | Орындалу мерзімі | Орын- далуына жауапты мемле- кеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерiс- тер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы | 2005 жылғы маусым | ИСМ |
2. | Саудадағы техникалық кедергiлер, санитар- лық және фитосани- тарлық шаралар жөнiн- дегi ақпараттық орта- лықты құру және оның жұмыс iстеуi ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы | 2005 жылғы мамыр | ИСМ |
3. | Сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарды) аккредиттеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы | 2005 жылғы маусым | ИСМ |
4. | Мемлекеттік стандарт- тарды және техника- лық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы | Уәкiлеттi органның бұйрығы | 2005 жылғы сәуiр | ИСМ |
5. | Стандарттау, сәйкес- тiктi растау және аккредиттеу жөнiндегі сарапшы-аудиторларды дайындау және аттестаттау ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы сәуiр | ИСМ |
6. | Халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономи- калық ақпарат жiктеу- iштерiн есепке алу және қолдану ережесін, Қазақстан Республикасының аумағында шет мемле- кеттердiң стандарт- тау, сәйкестiкті растау және аккредит- теу жөніндегі ереже- лерi мен ұсынымдарын бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы мамыр | ИСМ |
7. | Мемлекеттік стандарт- тау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы мамыр | ИСМ |
8. | Мемлекеттік органдар- дың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөніндегі органдар- дың қатысуымен жұмыс- тар жүргізу ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы мамыр | ИСМ |
9. | Саудадағы техникалық кедергiлер, санитар- лық және фитосанитар- лық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларының нысанын, оларды тол- тыру және ұсыну ере- жесiн бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы маусым | ИСМ |
10. | Стандарттау жөніндегі техникалық комитет- тердiң құрылу, жұмыс iстеу және таратылу ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы сәуiр | ИСМ |
11. | Стандарттарды және стандарттау, метроло- гия, сертификаттау, аккредиттеу жөнiнде- гi нормативтік құжаттарды, стан- дарттар каталогтары мен сiлтемелерiн шығару және пайдала- нушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы сәуiр | ИСМ |
12. | Берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеу- дiң қолданысын тоқта- та тұру немесе олар- дың күшін жою ереже- сiн бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы мамыр | ИСМ |
13. | Сәйкестiктi растау жөніндегі аккредит- телген органның инспекциялық тексеру жүргiзу ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы сәуiр | ИСМ |
14. | Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарын тану ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы мамыр | ИСМ |
15. | Аккредиттеу аттеста- тының нысанын бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы сәуiр | ИСМ |
16. | Мемлекеттік орган жанынан техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiн құру туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | 2005 жылғы сәуiр | Мемле- кеттік орган- дар техни- калық реттеу сала- сындағы өз құ- зыреті шегiнде |
Ескертпе:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі