Жеке басты куәландыратын, бұрын берiлген құжаттарды қайта тiркегенге
және жаңа үлгiдегi құжаттарға (smart-карточкалар) ауыстыруға дейiн, Жеке
(заңды) тұлғалардың мемлекеттік дерекқорын құру кезiнде екi циклда 11
модуль бойынша 12 бақылау разрядын есептеу алгоритмiмен, азаматтың жеке
басын куәландыратын құжаттарда басылған ID-коды пайдаланылады.
6. CH (БСН) қолдану тетiгi мен аясы
СН Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғаларына адам
туылған кезде (туу туралы куәлiктi бергенде) берiледi, содан соң онымен
өмiр бойы "бірге жүредi":
жеке куәлiктi немесе төлқұжатты алғанда;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
төлегенде;
мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстағанда және аударғанда;
жылжымайтын мүлiк объектілерін және көлiк құралдарын тiркегенде;
банк мекемелерiнде шот ашқанда;
рұқсат беру сипатындағы құжаттарды (лицензиялар, патенттер,
жүргiзушiнiң куәлiгi, ластауға, су пайдалануға рұқсаттар және тағы басқа)
алғанда;
тiркеу сипатындағы құжаттарды (жеке кәсiпкер куәлiгi, сыртқы
экономикалық қызметке қатысушы ретiнде тiркеу және тағы басқа) алғанда;
әскери билет, офицер (прапорщик) жеке куәлiгiн алғанда;
кедендiк-ресiмдеу кезiнде;
басқа.
Қазақстан Республикасына келетiн және көшi-қон қызметiнде тiркелуге
тиiс резидент емес жеке тұлғаларға СН беру жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында iс жүзiнде жоқ, алайда
Қазақстан Республикасында салық салу объектiсi бар резидент емес жеке
тұлғаларға СН беру талап етiледi.
Заңды тұлғаларға БСН беру мемлекеттік тiркеу кезiнде жүргiзiлетiн
болады. Бұл ретте осы рәсiм заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiн
есептiк тiркеу және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiн салық
органдарында тiркеу кезiнде де жүргiзiледi.
БСН беру рәсiмi қызметiн бірлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге
асыратын жеке кәсiпкерлерге қатысты да жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, бизнес - сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн
мәлiметтер өзгерген жағдайда, жаңа БСН-дi берумен қайта тiркеу рәсiмi
жүргiзiледi. Бұл ретте Ұлттық тiзiлiмдерге СН бойынша да, БСН бойынша да
соның iшiнде СН (БСН) беру, БСН құрылымына кiретiн мәлiметтердi өзгерту,
сондай-ақ CH (БСН) жою бөлiгiнде барлық өзгерістердiң тарихы жүргiзiледi.
CH (БСН) берудiң нақты тетiктерiн, сондай-ақ CH (БСН) тiркеу және беру
рәсiмдерiн жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдарды айқындауды
мемлекеттік шығыстарды мейлiнше азайту мен жеке және заңды тұлғаларға
барынша қолайлы жағдай туғызу тұрғысынан қарау қажет.
CH (БСН) орталықтандырылған дерекқорына жүгiну жолымен CH-дi
(БСН-дi) мiндеттi түрде "оn-line" режимiнде беру CH (БСН) қайталануын
болдырмау мақсатында сақталуға тиiс негiзгi талап болып табылады.
Сондықтан, тiркеу жүйесiнiң жұмыс iстеу мүмкiндiгiн аудандық деңгейде
iске асыру талап етiледi.
СН жеке тұлғаның суретi мен CH-i бар smart-карточка түрiнде болатын
жеке бас куәлiгiне микропроцессорлық технологияны қолдану арқылы
микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық
банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру кезiнде сәттi
пайдаланыла алады. Мұндай куәлiк-карточка тiркеу мәлiметтерiн сақтау үшiн
ғана пайдаланылып қоймай, сонымен қатар ағымдағы банктiк шоттағы
қалдықтар туралы, зейнетақы жинақтары, әлеуметтiк, мiндеттi медициналық
сақтандыру деректерi туралы, салықтық мiндеттемелердi орындау туралы және
тағы да басқа ақпараттарды жадында сақтайтын электрондық әмиян ретiнде
қолданылуы мүмкiн.
7. СН (БСН) көшу
CH және БСН енгізудi бірқатар даярлық iс-шараларын iске асыру қажет болатын СН мен БСН-ге өту алдындағы уақытша кешеуiлдеудi анықтай отырып, белгiлi бір күннен бастап жүргiзу орынды.
Оның iшiнде, "Ұлттық тiзiлiмдер туралы", "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы", "Кейбір заң актілеріне Ұлттық тiзiлiмдер туралы Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды әзiрлеу мен қабылдауды да, осы заң жобаларын iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларын әзiрлеу мен қабылдау және ведомстволық актiлердi қабылданған заң жобаларына сәйкес келтiруді де қамтитын нормативтiк базаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу талап етiледi.
Сондай-ақ белгiлi бір күннен бастап "өтпелi" деп аталатын кезең iшiнде мынадай процестердi қатар жүргiзу ұсынылады:
туу туралы куәлiктердi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiктерiн, заңды тұлғаны мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктердi және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердi тiркеу органдарына осындай құжаттарды бірiншi рет алуға жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға СН (БСН) көрсетумен (бұдан әрi - CH (БСН) көрсетiлген құжаттар) беру;
тiркеу органдарына қайта тiркеу үшін жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға "ескi" құжаттардың орнына СН (БСН) көрсетiлген "жаңа" құжаттар беру.
"Өтпелi" кезеңге дейiн СН мен БСН-нің Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен енгізудi қамтамасыз ететiн бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу мен пилоттық енгізудi жүргiзу, сондай-ақ Ұлттық тiзiлiмдердi жүргiзуге жауапты уәкiлеттi органды айқындау керек.
Мемлекеттік органдарға ведомстволық ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн пысықтауға біршама уақыт қажет. Атап айтқанда, салық органдары мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң бөлiмшелерi даярлық кезеңi iшiнде берiлген СН-дi бұрын берiлген СТН-мен және ӘЖК-пен "байлау" бойынша жұмыс жүргiзуi тиiс.
Бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер бойынша БСН беру және оларды бұрын берiлген CTH-мен "байлау" жөнiнде осыған ұқсас жұмыс жүргiзу қажет болады.
Банк жүйесiнде де белгiлi бір жұмыстар жүргiзу қажет болады. Мысалы, төлем құжаттарының нысанына және тиiсiнше, төлемдерге қызмет көрсету бойынша, оның iшiнде CH және БСН дәлдiгiн тексеру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет болады.
Ақпараттандыру саласында жұмыстар жүргізу бөлiгіндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Сонымен, ақпараттық iс-шараларды жүргiзу туралы мәселеге мұқият болған жөн. Жұртшылық мемлекеттік органдардың қолданғалы отырған даярлық iс-әрекеттерi туралы кең құлақтандырылуы үшiн бар күштi салу қажет. Жүргiзiлетiн шешiмдердiң мерзiмдерi, жүйелiлiгi, СН-ге көшу мүмкiндiгiнше қалыпты өтетiндей және халыққа аса ыңғайсыздық туғызбайтындай етiп жоспарлануы тиiс.
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттік бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiн қолдануға көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, есепке алудың жалпы мемлекеттік жүйесi ретiнде Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мiндетiн iске асыруға септiгiн тигiзедi.
Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрi негiзiнде Ұлттық тiзiлiмдердi жасау мен жүргiзудiң; бірыңғай нөмiрдi берудiң, тиiстi растаушы құжаттарды берудiң тәртібі мен мерзiмдерiнiң; бірыңғай нөмiрi көрсетiлмеген құжаттары бар жеке (заңды) тұлғаларға "қайта тiркеу" рәсiмiн жүргiзу мен тәртібін регламенттеу мен мерзiмдерiн белгiлеудiң тұжырымдамалық негiздерi; қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылданатын заң жобаларына сәйкес келтiру қажеттi құқықтық негiздемеге ие болады.
Мемлекет ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiгiн жетiлдiру мүмкiндiгiне ие болады. Мемлекеттік атқарушы органдар Ұлттық тiзiлiмдердiң бірыңғай жалпы мемлекеттік бағасына жүгiне отырып, өздерiнiң ведомстволық есепке алу жүйесiн қалыптастыра алады және мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын жандандыру және ақпараттың қосарланушылығын болдырмау мiндеттерiн шеше алады, бұл сайып келгенде, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды нығайтуға және мемлекеттің ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Бағдарламаны iске асыру азаматтардың және заңды тұлғалардың жүгiнуi кезiнде мемлекеттік рәсiмдердi жүргізудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарын жетiлдiруге ықпал етедi, бұл соның iшiнде кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiнiң дамуында да оң көрiнiс табады.
СН (БСН) байланыстырушы буын ретiнде пайдалану негiзiнде Ұлттық тiзiлiмдердiң бірыңғай ақпараттық жүйелерiн жасау халықтан алынған ақпаратты бірнеше мәрте енгізудi болдырмау есебiнен ақпаратты енгізуге мемлекеттік қызметкерлердiң еңбек шығындарын төмендетуге ықпал ететiн болады, қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауы проблемасын шешедi.
ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. № 13 (бұр. ред. қара); 27.08.04 ж. № 902 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгерді
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
P/c N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты | Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi | Бол- жалды шығы- стар |
1- 2. 3. 4. 5. 6- | |