Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік
рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 Қаулысы
(2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
№ 219 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.30.11. № 1176 қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2006.20.06. № 566 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1264 (бұр.ред.қара) қаулысымен құрамы жаңа редакцияда
Экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды
регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесін
қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі,төраға |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице- министрі,төрағаның орынбасары |
Пердебаева Раушан Сарыбекқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментіэкономика салаларындағы реттеу саясатыбасқармасының бастығы, хатшы |
Айтжанов Дулат Нулиұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Нүсіпова Әсем Бекқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Саудабаев Дәулет Советұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Никитинский Евгений Сергеевич | - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы |
Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы |
Бишіғаев Асқар Дәруішұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары |
Веснин Виктор Николаевич | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптікқауіпсіздікті мемлекеттік бақылаукомитеті төрағасының орынбасары |
Есжанов Қанат Бөлебайұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Жампейісов Амангелді Сүйімбайұлы | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары |
Құттыбаев Еркін Жұмағатұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары |
Сейітов Жанат Молдақасымұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудіұйымдастыру комитеті төрағасыныңорынбасары |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісімбойынша) |
Ермекова Несіпбала Әбсағитқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика секторларын дамытудепартаментінің директоры |
Жәненова Ғалия Мәсәлімқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры |
Кәменов Ғалым Нұржанұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арнайы ақпарат қызметінің директоры (келісім бойынша) |
Нұрғожаева Татьяна Александровна | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы департаментінің директоры |
Тәутеев Әуесбек Зыпашұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Реттеудіңрұқсат беру және ынталандыру тетіктерідепартаментінің директоры |
Қуанғанова Гүлнәр Шаймұратқызы | - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
№ 219 қаулысымен
бекітілген
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды
регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн
қалыптастыру мәселелерi жөніндегі
комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуден тұрады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгi мiндеттерi:
1) экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
5. Комиссияның негiзгі функциялары:
1) мүдделi мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бірлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн, соның iшiнде лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
2) экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
6. Комиссияның:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерін (келісім бойынша) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан (келісім бойынша) Комиссияның міндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.
8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.
9. Комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi.
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс.
12. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан алынған үзінді көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi.