6) сақтандыру рыногына шетелдiк сақтандырушылардың сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша қызметтiң жаңа тұтынушыларын тарту арқылы рыноктың ұдайы өндiрiстiң базасын дамыту үшiн пайдалануға мүмкiндiк беретiн шетелдiк қатысуды кезең-кезеңімен кеңейту;
7) сақтандыру ұйымдарын шоғырландыруды және олардың кәсiби деңгейін одан әрi арттыру, сондай-ақ медициналық, жинақ және өмiрдi ұзақ мерзiмге сақтандыру, туристiк салада сақтандыру, жылжымайтын мүлiктi, банктiк және кәсіпкерлiк тәуекелдердi сақтандыру сияқты осындай перспективалық бағыттағы ролiн арттыруды ескере отырып, нақты мамандандырылған сақтандыру ұйымдарын рынокта орнату және т.б.
8) сақтанушыларға және сақтандыру ұйымдарының салық салу режимiн жұмсарту жөнiнде қосымша шаралар қабылдау (өзiнің қызметкерiн республиканың аумағында оқытуға бағытталған сақтандыру ұйымдарының қаражатын салықтан босатуды қоса алғанда);
9) сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн арттыруды қоса алғанда, сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеу және оны қадағалау жүйесiн одан әрi жетiлдiру, олардың негiзгi және инвестициялық қызметінің нәтижелерi бақылаудың неғұрлым тиiмдi әдiстерiн пайдалану, сақтандыру резервтерiн орналастыруға және сақтандыру ұйымдарының инвестициялық саясатына қойылатын нақты талаптарды кезең-кезеңiмен ырықтандыру, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен олардың лауазымды тұлғаларының аффилиирлендiрiлуiн тексеру мәселелерi, сақтандыру қызметi субъектілерiнің холдингтерге және өзге де корпоративтiк бірлестiктерге қатысу талаптары, сақтандыру секторы арқылы заңсыз капиталды ақтауға қарсы күрес шаралары жөніндегі заң нормаларын күшейту.
Сонымен бірге, негiзгi қызметi экспорт келiсім-шарттары мен инвестицияларды сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы қазақстандық өндірушілерінің тауар экспортына тікелей ықпал ететiн әрi қызмет көрсететiн экспортты сақтандыру жөніндегі компания құру ойластырылуда. Экспортты сақтандыру жөніндегі компанияның негiзгi бағыттары Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында көрсетiлдi.
3. Бағалы қағаздар рыногын дамыту
а) Iшкi институционалдық инвесторларды дамыту
Мақсаты мен міндетi
Осы бағыттағы жұмыстың негiзгi мақсаты - iшкi институционалдық инвесторлардың әлуетiн экономиканың нақты секторында еркiн ресурстарды жұмылдыру және қайта бөлу процесінің негiзгi субъектiлерi ретiнде дамыту және жүзеге асыру.
Ағымдағы жағдай
Қазiргi уақытта Қазақстанда зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялар ғана iрi институционалдық инвесторлар болып табылады ол уақытта бүгiнгідей бірде бір инвестициялық қор жұмыс iстеген жоқ, ал ресурстардың жеткілiктi көлемi шоғырландырған екiншi деңгейдегi банктер және сақтандыру ұйымдары сақтандыру рыногының нашар дамуына байланысты институционалдық инвесторлардың әлуетiн толық iске асырған жоқ.
Негізгi шаралар
Халықтың (кәсiби емес инвесторлардың) жинақ ақшасын ұжымдық инвестициялау нысаны арқылы тарту тетiктерiн жетiлдiру бағалы қағаздар рыногының басты мiндеттерiнің бірi болып қала бередi. Мемлекеттің негiзгi күштерi ұсақ кәсiби емес инвесторлардың жинақ ақшасын epікті тартудың негiзгi нысаны ретінде инвестициялық қорларды дамытуға және осы қаражатты қор рыногының құралдарына инвестициялауға бағытталатын болады. Осы мiндеттi iске асыру "Инвестициялық қорлар туралы" жаңа Заңды қабылдауға және бағалы қағаздар портфелiн басқару бойынша қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың нормативтік базасын жетiлдiруге ықпал етедi, бұл заңды тұлғалардың және жеке тұлғалар - бiліктi инвесторлардың активтерiн тиiмдi инвестициялаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік бередi.
Ұжымдық инвестициялау схемаларын дамытуды ынталандыру үшiн брокер-дилерлер акцияларды (пайларды) тарату үшiн бағалы қағаздар рыногында банктердің есеп айырысу-кассалық бөлiмшелерiн және трансфер-агенттер желісін пайдалануы мүмкiн. Осы схема инвестициялық бағдарламаларда халықтың көп бөлiгiн қатыстыру үшiн барлық ықтимал ресурстарды пайдалануға мүмкiндiк жасайды. Ұжымдық инвестициялау нысанын дамытудың басқа маңызды бағыты "Инвестициялық қорлар туралы" жаңа заң жобасын әзiрлеу барысында қолданылатын шараларды iске асыру бойынша инвестициялық қорларға және олардың салымшыларына салық салу оңтайландырылатын болады.
Сонымен бірге мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн Қазақстан инвестициялық қоры (ҚИҚ) құрылады. ҚИҚ қызметінің негiзгi бағыттары Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында көрсетiлген. ҚИҚ Даму Банкiмен толық бірлестiкте жұмыс iстеуге тиiс. Осы екi институт банк желісі және капиталды бастапқы орналастыру бойынша жобаларды қаржыландыру бағытында бірiн-бірi толықтырып отыруы қажет.
б) Инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту
Мақсаты мен мiндетi
Отандық қор рыногын дамытудың басым бағыттарының бірi тартымды қаржы құралдарының ауқымды тiзбесiн қалыптастыру болып табылады. Осы бағыттың негiзгi мiндетi жаңа қаржы құралдарының пайда болуына және қалыптасуына жағдай жасау болып табылады, ол инвесторларда салымдарды әртараптандыру арқылы кредиттік ресурстарды қайта бөлу мүмкіндiгiн туғызады, ал эмитент-кәсіпорындарда - банк кредитiне барынша арзан балама ұсынатын қарыз алудың жаңа көзінің пайда болуына ықпал етедi.
Ағымдағы жағдай
Қазiргi уақытта бағалы қағаздар рыногының тартымды құралдарының өте зәру тапшылығы байқалады, бұл ішкі институционалдық инвесторлардың инвестициялық әлеуетінің тұрақты түрде өсуi себептi едi. Институционалдық инвесторлардың құралдары үшiн тартымды тапшылықты бiлдiретiн басқа фактор "А" санаты бойынша, оның ішінде эмитенттерi қаржы ұйымдары, көпшiлiк жағдайларда банктер болатын акциялар бойынша қазақстан қор биржасының ресми тiзiміндегі негiзгi эмитенттермен қаржы рыногы қатысушыларының шоғырлануының жоғары деңгейi болып табылады. Сонымен, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерiн түрлендiру мақсатында өздерінің басқаруындағы зейнетақы активтерiн шетелдiк рыноктарға орналастыруға мәжбүр болып отыр.
Негiзгi шаралар
Осы мiндеттердi iске асыру мынадай бағыттар бойынша рәсiмдер мен iс-шаралар жүйесiн жүзеге асыруды қажет етедi:
- корпоративтiк басқару нормаларын сақтауға, ұсақ акционерлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау принциптерiн, акционерлік қоғамдарда төлем тәртібін және акционерлік қоғамдар қызметінің айқындылығын нығайтуға, бағалы қағаздар бойынша кiрiстерге салық салуға қатысты салық заңдарын жетiлдiруге ерекше көңiл аудару шеңберiнде қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру. Осы мiндеттердi iске асыру үшiн төлем агенттерінің қызметiн жүзеге асыру тәртібін айқындау және Ұлттық Банктегi бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөніндегі Сараптамалық Кеңес және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Қазақстан акционерлік қоғамдарын корпоративтiк басқару қағидаттарын қолдану жөніндегi ұсынымдарға негiзделген акционерлік қоғамдардың үлгілік ішкі нормативтiк актілерiн және өзге құжаттарды әзiрлеу шаралары жүргiзiледi;
- облигациялардың жаңа түрлерінің (агенттік және ипотекалық) қалыптасуын және ақша рыногының жаңа құралдарының (коммерциялық қағаздар және депозиттiк сертификаттар) пайда болуын ынталандыру бойынша iс-шараларды жүзеге асыру шеңберiнде борыштық мiндеттемелер рыногын дамыту;
- қазақстандық депозитарлық қолхаттар, борыштық мiндеттемелерге құрылымдық және қоспалы туынды қағаздар, проценттік және валюталық тәуекелдердi хеджирлеу құралдары, келісiм-шарт құралдарының пайда болуы мен қалыптасуын ынталандыру бойынша шараларды iске асыру шеңберiнде туынды бағалы қағаздар мен қаржы құралдарының рыногын дамыту.
Айналыстағы депозиттік сертификаттарды рынокқа жiберу екiншi деңгейдегi банктер үшін қарыз алудың жаңа көзiнің пайда болуына және олардың депозиттік базасының ұлғаюына ықпал етедi, ал олар бойынша сыйақы мерзiмдерінің икемдiлiгi және төлем тәртібі осы құралдың жоғары өтiмдiлiгiне әсер етедi.
Әлемдiк тәжiрибеде қысқа мерзiмдi борыштық мiндеттемелерi, белгiленген кiрiсi бар коммерциялық қағаз түріндегі жаңа құралдың пайда болуы айналым активтерiн қаржыландыру кезiнде берешекке қызмет етуге кететiн шығындар мен уақытты азайтуға ықпалын тигiзедi. Жақсы сападағы облигациялар (корпоративтiк облигациялардан ерекшелiгi олар эмиссиялық емес бағалы қағаздар болып табылады, бұл эмиссияны тiркеуде уақытты біршама үнемдейдi және айналыс мерзiмiн таңдауда басымдылық бередi) және вексельдер (вексельдерден айырмашылығы стандарттық ережелер бойынша шығарылады, орталықтандырылған есепке алу жүйесi бар және ұйымдастырылған рынокта айналыста болады), коммерциялық қағаздар теңбе-тең таратылады. Бұдан басқа, осы жобаны iске асыру кредиттеу ставкаларын төмендетуге және теңге ресурстарының бір бөлiгiн валюта рыногынан қысқа мерзiмдi инвестицияның жаңа құралына оқшауландыра отырып, қаржы рыногының шеңберiнде теңге көлемiн қайта бөлуге әсер етедi.
Агенттiк облигацияларды рынокқа жiберу қаржы агенттерiне мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыру кезiнде қарыз алу саясатын тиiмдi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Жеңiлдiкпен салық салу, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерi есебiнен агенттiк облигацияларды сатып алуға рұқсат беру Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруына рұқсат беру және пруденциалдық нормативтер мен қаржы институттарының қаржы тұрақтылығы критерийлерін есептеу кезінде өтiмдi активтердің санатына агенттiк облигацияларды енгізу осы құралдың қалыптасуына ықпал етедi. Осы шаралар агенттік облигациялардың тартымды жоғары өтiмдi құрал ретiнде қалыптасуын ынталандырады және корпоративтiк облигациялармен салыстырғанда олардың бәсекелестік қабiлетiн жоғарылатады.
Туынды қаржы құралдарының рыногын дамыту бойынша алғашқы қадам "Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясының жобасында көзделген туынды қаржы құралдарының ұғымын, оны шығару және айналысқа жiберу тәртібін айқындау болады. Борыштық міндеттемелерге құрылымдық және қоспалы туынды қағаздардың - бір немесе эмитенттер тобының, кредиттер немесе кредиттiк желiлердiң пайда болуы борыштық мiндеттемелердi қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк жасайды, бұл борыштық бағалы қағаздар рыногы өтiмдiлігінің және кредиттер көлемінің көбеюiне әсер етедi.
Пайыздық және валюталық тәуекелдердi xeджирлеу құралдарының рыногын дамыту институционалдық инвесторлардың ғана емес, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларына қатысушы-кәсiпорындардың да тәуекелдерiн төмендетедi. Базалық активi бар тауарларға туынды келісім-шарт құралдарының пайда болуы баға ауытқуынан сыртқы сауда операцияларының тәуекелдерiн төмендетуге ықпал етедi.
в) Инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау тетiгін жетілдіру
Мақсаты мен мiндетi
Бағалы қағаздар рыногының дамуына, жаңа қаржы институттары мен құралдарының пайда болуына және жаңа технологиялардың дамуына байланысты инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жүйесi мен әдiстерiн тұрақты түрде жетiлдiру қажеттiгі пайда болады.
Ағымдағы жағдай
Қазақстан Республикасындағы акционерлердің құқықтары мен мүдделерiн қорғау деңгейi 2000 жылы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің "жеткiлiктi қамти алатын қорғау" бағасына ие болды. Қазiргi кезде Ұлттық Банк инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында зейнетақы активтерiн басқару жөніндегi компанияларды, кастодиан банктердi және бағалы қағаздар портфелiн басқарушыларды ғана пруденциалдық реттеудi жүзеге асырады. Басқа да кәсiби қатысушылар қаржылық тұрақтылық критерийлерiн орындауға мiндеттi объектiлер болып табылады.
Негiзгі шаралар
Осы бағытты iске асыру мақсатында iс-шаралар кешенiн кезең-кезеңiмен енгізу талап етiледi:
- бағалы қағаздар рыногында ақпаратты ашудың халықаралық стандарттарына көшу. Ақпаратты ашудың халықаралық стандарттарына көшу Еуропалық одақтың ақпаратты ашу жөніндегi директиваларының нормаларына бейiмдеу негiзiнде, атап айтқанда, ұйымдасқан рынокта листинг рәсiмдерi жүргiзiлген кезде, эмиссия проспектiсiнде, листинг компанияларының тұрақты есеп беруіндe, iрi ұстаушылар туралы ақпаратта жүзеге асырылады. Сонымен бір уақытта шетелдiк бағалы қағаздарды Қазақстан рыногына саудаға жiберу стандарттарының мәселесi шешiлетiн болады. Қазақстан қор рыногының ақпараттық айқындығының дәрежесiн жоғарылатуға бағытталған негiзгi шара акционерлік қоғамдардың қызметi туралы ақпаратты ашудың орталықтандырылған жүйелерiн құру (оның iшiнде қаржы рыногының барлық қатысушыларының және акционерлік қоғамдардың ақпаратты мiндетті түрде ашуды енгізуi) болады. Осы бағыттағы басқа маңызды қадам инвесторларға арналған ашылатын ақпараттың толықтығын, түсініктi болуын және шынайылығын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргiзушi субъектілерiнің қаржылық есеп беру халықаралық стандарттарына көшетiнi сөзсiз;
- бағалы қағаздар рыногының лицензияланатын субъектiлерiн реттеудi жетiлдiру. Бұл шара инвестициялық процестiң негiзгi делдалдары болып табылатын бағалы қағаздар рыногының лицензияланатын субъектiлерiне қатысты пруденциалдық реттеудi енгізудi қарастыратын болады, сонымен қатар Еуропалық одақ директиваларының талаптарына сәйкес қаржылық тұрақтылықтың кейбір нормаларын, кәсiби этиканы және клиенттермен өзара қарым-қатынастарды бірте-бірте бейiмдеу жүргiзілетiн болады. Инвесторларды қорғау дәрежесiн арттырудан басқа, көрсетiлген iс-шаралар ұлттық рыноктың түсiнiктi болуына ықпал ететiн болады, бұл қор рыногының даму деңгейiн арттыру шарттарының бірi болып табылады;
- бағалы қағаздар рыногындағы әдiл бәсекелестiктi ынталандыру. Осы мәселенің шеңберiнде бағалы қағаздар рыногындағы инсайдерлiк сауда мен қиянат етушілік мәселелерi бойынша Еуропалық одақ директиваларының нормаларын бейiмдеу жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Сонымен бірге, биржалық сауда-саттықтың айқындық деңгейін арттыру, мүдделер қайшылығы туралы ақпаратты ашу және бағалы қағаздар рыногындағы маркет-мейкерлердiң қызметiн жандандыру сияқты алдын алу шаралары ынталандырылатын болады.
- жоғарыда аталған шаралар кешенiнен басқа, институционалдық инвесторлар активтерiнің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға листинг, оның ішінде экономика секторлары бойынша эмитенттердi жiктеу жөніндегі талаптардың тұрақты түрде жетілдiрiлуi, олардың инвестициялық портфельдерiн түрлендiру дәрежесiн арттыру және бағалы қағаздар рыногындағы сақтандыру тәуекелдерінің қалыптасуы енгiзілетiн болады.
г) Бағалы қағаздар рыногының техникалық инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру
Мақсаты мен міндетi
Бағалы қағаздар рыногының техникалық инфрақұрылымын дамыту ең бастысы, бар инфрақұрылымды жетілдiруге және оның жекелеген құрамдас бөліктерінің қалыптасуына және бағалы қағаздар рыногының шет елдiк субъектілерiмен өзара iс-қимылының рәсiмдерiн жетілдiруге бағытталатын болады.
Ағымдағы жағдай
Бүгiнгi күнi қазақстандық бағалы қағаздар рыногының техникалық инфрақұрылымының негiзiн Қазақстан қор биржасы, Орталық депозитарий, сондай-ақ 1-санатты лицензиясы бар (нақты ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар) тiркеушілер, кастодиандар және брокер-дилерлер құрайды. Қазақстандық техникалық инфрақұрылым субъектiлерінің шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуы шын мәнiнде iске асырылды, алайда осы мәселеде жекелеген мемлекеттер заңдарының жетiлмеуiне байланысты бірқатар проблемаларды шешу қажет.
Негізгi шаралар
Ұлттық бағалы қағаздар рыногының техникалық инфрақұрылымын дамытудың негiзгi мiндеттерi:
- елдің түрлi аймақтарында тұратын Қазақстанның азаматтарына қаржылық ұйымдардың қызмет көрсетуіне толығымен қол жеткiзудi қамтамасыз ету. Бұл үшiн таяуда (2003-2004 жылдары) бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттердің желісін дамыту талап етiледi. Осы желi жеткiлiктi көлемде қалыптасқаннан кейiн мемлекеттің iс-қимылы трансфер-агенттер көрсететiн делдалдық қызметтiң сапалы деңгейiн арттыруға бағытталады;
- техникалық инфрақұрылымның барлық субъектiлерінің, ең алдымен Қазақстан қор биржасының, Орталық депозитарий мен тәуелсiз тiркеушiлердiң ақпараттық жүйелерінiң сенiмдiлiгiн арттыру және жетілдiру. Осы мiндет ауқымында техникалық инфрақұрылымның барлық субъектiлерінің техникалық жүйелерінің жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар жоғарылайтын болады, жаңа қаржы құралдарының есебiн жүргiзу рәсiмдерi мен әдiстерінің мәселелерi және олармен жасалатын мәмілелер жөніндегi нормативтік құқықтық базаның әзiрлемесi жасалады;
- 2004-2005 жылдары Орталық депозитарий базасында бағалы қағаздар рыногында орталық депозитарийдің, тiркеушiнің, төлем агентiнiң функцияларын орындайтын iрi, көп филиалды ұйым құру арқылы (облыстық дәрежедегi iрi қалалардың барлық облыс орталықтарының филиалдарын қоса алғанда) бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтарды қорғау деңгейiн арттыру;
- ұлттық бағалы қағаздар рыногының техникалық инфрақұрылымы субъектiлерінің шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимылының, атап айтқанда, халықаралық келісімдер мен интеграциялық қалыптастыру шеңберiнде, лицензияларды өзара мойындау және резидент еместерге нақтылы ұстаушының шоттарын ашу мәселелерi жөнiнде рәсiмдер әзiрлеу;
- брокерлiк және дилерлiк ұйымдар операцияларының тiзбесiн кеңейтумен, оған қоса валюта рыногына жiберумен қатар, олардың капиталдандыру деңгейiн арттыру.
4. Почталық-жинақ жүйесiн дамыту
Мақсаты мен міндетi
Почталық-жинақ жүйесiн дамытудың негiзгi мiндетi - жаңа технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықтың прогрессивті нысандары базасында почталық, қаржылық және агенттiк қызметтің кең өрiсiн көрсететiн тиiмдi әрi коммерция жағынан өмiр сүруге қабiлеттi почталық-жинақ жүйесiн қалыптастыру болып табылады.
Ағымдағы жағдай
Материалдық-техникалық базасы қазiргi заманның талаптарына толық сай келмейтiн "Казпочта" ААҚ-ның ең көп филиалдық желісі бар. Сонымен қатар облыстық, қалалық және аудандық деңгейдi қамтитын ақпарат жинау мен басқарудың қазiргi заманға сай автоматтандырылған жүйесi құрылды. Кейiн осы жүйелер ауылдық деңгейдi қамтитын болады. Депозиттердiң барлық сомасы бағалы қағаздар рыногына орналастырылатындықтан, тартылатын салымдар бойынша сыйақы ставкаларының банктермен бәсекелік ставкаларын белгiлеу мүмкiн болмауы себептi қала тұрғындарына арналған депозит өнiмдерінің тартымдылығы төмен болып отыр.
Почталық-жинақ жүйесi елдің шалғай аймақтарында тұратын қалың бұқара топтары үшiн қаржылық қызмет көрсету барынша қол жетерліктей болатын салымдардың толық сақталуына кепiлдiк беретiн халықтың жинақ ақшасын тартудың банк секторына балама тәсiлiн ұсынып отыр.
Негiзгі шаралар
"Казпочта" ААҚ-тың осы мәселелерiн шешу үшiн тәуелсiз көздерден ұзақ мерзiмдi инвестицияларды тарту, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының почталық байланысын жетiлдiру және почталық-жинақ жүйесiн қалыптастыру" жобасы шеңберiнде корпоративтiк облигацияларды шығару мен орналастыру есебiнен қаржыландыру жоспарлануда.
2003 жылғы ақпанда "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы заңға сәйкес почталық-жинақ жүйесi ұлттық почта операторын құру негiзiнде iске асырылады және ол почта қызметiн көрсетуден басқа жекелеген банк операцияларын жүзеге асыра алады, оның iшiнде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн тарта алады. Заң жобасы шеңберiнде ұлттық почта операторы өз қызметiн Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асыра алады және бұл Қазақстанның банк делдалдығы жоқ аймақтарында халықтың қаржылық қызмет көрсетуді тұтынуға мүмкiндiк жасайды. Жоғарыда көрсетiлген шарттар ұлттық почта операторының қаржылық қызмет көрсетуiнің бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз етедi.
Аталған заңға сәйкес мемлекет ұлттық почта операторы мерзiмдi депозиттерге тартатын халық салымдарының сақталуын мемлекеттік бағалы қағаздарға және басқа да жоғары өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Бір мезгілде ұлттық почта операторының қаржы қызметiн жүзеге асыруды және қаржылық қызмет көрсету бөлiгіндегi қызметiн, оның iшiнде жекелеген пруденциалдық нормативтердi белгiлеу арқылы Ұлттық Банк реттейдi.
Ұлттық почта операторының банк қызметiн көрсетуi және оны қадағалаудың осы нобайы әлемнің дамыған елдерiнде почталық-жинақ жүйесiн құру тәжiрибесiне сәйкес келедi.
IV. Қаржы рыногының қатысушыларына және
қаржы құралдарына салық салудың үйлесiмдiлiгi
Мақсаты мен мiндетi
Еуропалық одақ стандарттарына көшу қазiргi уақытта әр түрлi қаржы құралдары бойынша қолданылатын салық жеңiлдiктерiн және преференцияларды жоюды болжайды. Мұндайда ерекшелiк ретiнде тек қандай да бір жаңа қаржы құралының дамуын ынталандыру үшiн, әсiресе, мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға байланысты экономиканың және қаржы секторының басымдық берiлген секторларында уақытша жеңiлдiктердi енгізу болуы мүмкiн. Келешекте осы жеңiлдiктер жойылуға тиiс не қаржы рыногында жаңа құралдың аяғына тұруына жеткiлiктi қандай да бір белгiленген уақыт кезеңi өткеннен кейiн салық артықшылықтарының мiндеттi жойылуы белгіленуi тиiс.
1. Депозиттер мен борыштық бағалы қағаздар
бойынша жеке тұлғалардың кiрiстерiне салық салу
Ағымдағы жағдай
Қазiргi уақытта банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақы және жеке тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы салық салудан босатылады. Бұл халықтың қаражатын қаржы жүйесiне тартудың басқа мүмкіндіктерінің болмауы жағдайында халықтың банк жүйесiне салымдарын ынталандыру мақсатында жасалды.
Негiзгi шаралар
Рынокта халыққа арналған жаңа қаржы құралдарының пайда болуы жағдайында депозиттер мен борыштық бағалы қағаздар бойынша жеке тұлғалардың кірiстерiн салық салудан босатуды жою туралы мәселенi 2007 жылдан бастап қарастыру мақсатқа сай болып табылады, сонымен қатар бұл кiрiстерге заңды тұлғалардың кiрiстерiне салынатын салық сияқты төлем көзiне де салық салынатын болады.
2. Мемлекеттік бағалы қағаздар мен
агенттiк бағалы қағаздарға салық салу
Ағымдағы жағдай
Қазiргi уақытта мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын барлық операциялар және ол бойынша сыйақы салықтан босатылады. Бұл осы қаржы құралдарына инвестиция салуды тартымдырақ етедi.
Қазақстанның қаржы секторына арналған, айналысты тиiмдi ету үшiн салық салудың жеңілдік берiлген режимiн талап ететiн жаңа қаржы құралдарының бірi қаржы агенттiктерiнiң агенттiк бағалы қағаздары болып табылады. Агенттiк бағалы қағаздарға салық салу тәртібі 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты қолданылатын тәртiппен бірдей болып табылады.
Негiзгі шаралар
Болашақта мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттiк бағалы қағаздар бойынша олардың рыногының қалыптасуына қарай, сыйақыдан төлем көзiнен табыс салығын алуға мүмкiндiк болады, бұл, негiзiнен, Еуропа Одағының барлық елдерiн, АҚШ-ты, Канаданы қосқанда көптеген дамыған елдерге тән. Бұл түрлi эмитенттер үшiн, үкiмет, агенттiк немесе мемлекеттік емес эмитенттер болсын, солардың бәрi үшiн қойылатын талаптарды теңестiруге мүмкiндiк бередi.
Қайталама рыноктың қалыптасуына қарай Ұлттық Банктің екiншi деңгейдегi банктердің өтiмділігiн реттеу жөніндегі операцияларын қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттiк бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі құнның өсуiне салық салуды енгізу мүмкiндiгi қарастырған жөн.
V. Қаржы жүйелерiн интеграциялау
(ЕурАзЭҚ немесе басқа құрылым шеңберiнде)
Мақсаты мен мiндетi
Экономикалық тұрғыдан алғанда ТМД елдерiнiң оқшау қызмет етуi айтарлықтай шығасылармен қатар жүредi. Осы кездегi әлемдiк экономикада қалыптасып отырған ахуалдың барлық күрделi жағдайларын ескере отырып, бірқатар ТМД елдерiнiң аумағында бірыңғай экономикалық кеңiстiк құру және қаржы жүйелерiн интеграциялау мәселелерi ерекше маңызға ие болды. Сондықтан алдағы уақытта ТМД елдерiнiң экономикалық әл-ауқаты көбiнесе интеграциялық процестерге байланысты болады.