“2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы” (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 54-60 қосымшалар)
(ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
54, 55, 56, 57, 57-1, 58, 59, 60-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
54-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және
мемлекеттік материалдық резерв жүйесiн басқару
саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2723132 мың теңге (екі миллиард жетi жүз жиырма үш миллион бір жүз отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексi, "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбек ақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы;
"Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы
№ 1159 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқытудың тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiгi Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнің нысандық және арнайы киім-кешектерiнiң үлгілерi мен тиісті нормаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Төтенше жағдайлар саласында хабарлау, білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету ережелерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 111 "Мемлекеттік материалдық резерв жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" қаулысы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң мәселелерi" туралы 2004 жылғы 28 қазанындағы № 1112 қаулысы: Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында өзара iс-қимыл жасау туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы келісімi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінiң орталық аппараты, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi мен Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi және оның аумақтық органдарының өздерiне жүктелген функцияларды тиiмдi түрде орындауына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік жүйе мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының басқару органдары үшiн біліктi мамандар даярлау, ұйымдастыру және есептеу техникасына қызмет көрсету; өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiптiк қызмет саласында қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, дағдыларды жаңарту және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындауды қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Мемлекеттік материалдық резервтердi қалыптастыру және дамытуды қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, мемлекеттік материалдық резервтер саласында арнайы атқарушылық және рұқсат берушiлiк функцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң орталық аппараты мен Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi және оның аумақтық органдарын ұстау. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру, ұйымдастыру және есептеу техникасына қызмет көрсету; өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiптiк қызмет саласында қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, дағдыларды жаңарту және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру. Қазiргi заман талабына сай жабдықтар мен ұйымдастыру техникаларын сатып алу. Өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, өнеркәсiптік жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындауды қадағалау, өрт сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дарлама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мем- лекеттік материалдық резерв жүй- есiн басқару саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету | | | |
2 | 001 | | Орталық органның аппараты | 198 штаттық бірлiктi ұстау. Ресей Федера- циясының Төтенше жағдайлар министрлiгі Азаматтық қор- ғаныс академиясында оқитын тыңдаушылардың және олардың отбасы мүшеле- рiнiң жету орнына және қайтуына көлiктiк шығындарды қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар саласындағы мерзiмдiк жур- налдарды шығару, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздігі саласындағы нормативтік құжаттарды, соның iшiнде стандарттарды, ережелердi, нұсқаулық- тарды, қағидаттарды, басшылықтар мен нұсқауларды шығару жөніндегі қызметтердi төлеу. Актив- тердi сатып алу: ксерокс 2 бірлiк, факстер - 3 бірлiк. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi, Төтенше жағ- дайлар сала- сындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | 3812 штаттық бірлiктi ұстау. Азаматтық қор- ғаныс пен тө- тенше жағдайлар жөніндегі об- лыстық және қалалық даярлау орталықтары үшiн жабдықтар мен оқытудың техникалық құралдарын: бейне проектор - 16 бірлiк, цифрлық бейне камера - 16 бірлiк; адам- дарды iздеу аспаптары - 9 бірлiк, теледидарлар - 4 бірлiк сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi, Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшiлер- дiң білік- тілігiн арттыру | Мемлекеттік қызметшiлердiң біліктілігін көтерудiң бекiтілген жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердiң біліктілiгiн көтеру, соның iшiнде мемле- кеттiк тілге оқытуға қызметтердi сатып алу. Бiлiктілiгiн көтерудiң курстарын өтетiн мемлекеттік қызметшiлердiң жылдық орташа саны - 328 бірлiк. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыс- тарын күрделi жөндеу | Ғимараттар мен құрылыстарды, соның iшiнде: 1) Павлодар қаласы, Бейбітшілiк көшесi, 14 мекен-жайы бойынша орна- ласқан Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі бас- қармасының әкiмшілік ғимараты, соның ішінде: ғимараттың шатыры мен қасбетін; Павлодар облы- сы, Павлодар ауданы, Рож- дественка ауылы мекен-жай бойынша ұзақ сақтаудағы материалдық- техникалық жабдықтау қоймаларын, N 2, 3, 5, 6 қоймалары, қарауыл үй- жайы, өрт ыдысы; 2) Ақтау қала- сы, 24-шағын аудан мекен- жайы бойынша орналасқан Маңғыстау облыстық тө- тенше жағдай- лар жөнiндегі басқармасының әкiмшілiк ғимараты және гараж блоктары; 3) Орал қаласы, Евразия көшесi, 90 мекен-жайы бойынша орна- ласқан Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі бас- қармасының әкiмшілік ғимараты; 4) Көкшетау қаласы, Әуел- беков көшесi, 87 мекен-жайы бойынша орна- ласқан Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының әкiмшiлiк ғимараты; 5) Атырау қаласы, Әуезов көшесi, 53-A мекен-жайы бойынша орна- ласқан Атырау облыстық тө- тенше жағдай- лар жөніндегі басқармасының әкiмшілiк ғимараты; 6) Астана қаласы, Сары- арқа көшесi, 89 мекен-жайы бойынша орна- ласқан Астана қаласының тө- тенше жағдай- лар жөніндегі қалалық басқарманың әкiмшiлiк ғимаратын күрделi жөндеу жөніндегі жұ- мыстарды төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Активтердi сатып алу: офистік жиһаз - 61 комплектi, жұмсақ жиһаз - 11 комплектi, офистiк креслолар - 141 бірлiк, соның iшiнде құны 40 есе айлық есеп- тегiш көрсет- кіштерден аз - 130 бірлiк, цифрлiк сейф - 10 бірлiк, қосу құрылғы- сымен электр дабылы - 18 бірлiк, дизел- дiк электр станциясы - 1 бірлiк, ДР- 140 типіндегі УКВ-станциясы - 2 бірлік, көшiру аппараттары - 16 бірлiк, факсимилдiк аппарат - 6 бірлiк, ламинатор - 1 бірлiк, автомобиль ГАЗ 3110 - 10 бірлiк, жолаушылар автобусы - 8 бірлiк, "Нива" автомобилi - 12 бірлiк, кондиционерлер - 55 бірлiк, дозиметр - 1 бірлiк, радио станциялар (қолға ұстай- тын, ұшқыр, алып жүретін, автомобилдiк және трангик- тiк) - 123 бірлік, антенна - 1 бірлiк, тюнер - 1 бірлiк, нәр алу блогы - 1 бірлiк, қуат өлшегiшi - 1 бірлiк, тораптық сүзгi - 5 бірлiк, шу генераторы - 5 бірлiк, телефон станциясы - 1 бірлiк, серiк- тік байланыс терминалы - 5 бірлiк, теле- тайп - 4 бір- лiк, репитер - 2 бірлiк, шағын АТС - 2 бірлiк, Турайя телефондары - 2 бірлiк, П- 166 аппаратура комплектiсi - 1 бірлік, се- лектор байла- нысының пульт- терi - 2 бірлiк. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеу- iн қамтама- сыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету | Активтердi са- тып алу: жергіліктi топтар үшiн сервер - 1 бірлік, офистік сканер - 16 бірлік, лазер- лік түрлi-түсті принтер - 60 бірлiк, жергі- ліктi принтер - 11 бірлiк және есептегiш техника үшiн шығыс материалдары, жинақтауыштар мен қосалқы бөлшектер. Телекомму- никациялық қызметтер көр- сету (Интернет торабына қол жеткізу). Ақпараттық жүйелердi қамту және пайдалану жөніндегі қыз- меттер көрсету, соның iшiнде: VFP ортасында Республикалық төтенше жағ- дайлар жөнiн- дегi автомат- тандырылған ақпараттық- басқару жүйесi (ТЖ ААБЖ), Web-технология-лар, геоақпа- раттық жүйе; ТЖ ААБЖ регла- менттiк және арнаулы мiндеттерiн пайдалану, ТЖА файл- серверлерiн- дегi және корпоративтiк сервердегi деректер базасын әкiм- дендiру; серверлердi әкiмдендiру, тораптық операциялық жүйелердi қолдау; компьютерлiк графика, ТЖА қызметiн фото және бейне қамту. ТЖА Web-сайтын қолдау және дамыту. 45 компьютерге 3 матрицалық принтерге, 18 лазер принтер- лерiне, 1 сканерге, 2 қолға алып жүретiн ком- пьютерге техникалық қызмет көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы- ның Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары, Қазақстан Рес- публикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резерв комитетi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен аумақтық органдарына, мемлекеттік материалдық резервтер комитетiне, Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiне жүктелген функцияларды сапалы және уақытында орындау, салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы арнайы атқарушылық және шешушi қызметтердi жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн кәсiби мемлекеттік қызметтік талаптарына сай, қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
55-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюды ұйымдастыру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 11075739 мың теңге (он бір миллиард жетпiс бес миллион жетi жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы Бюджеттік кодексі, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, "Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдар қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, "28237, 52859, 68303 әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабына бағыныстылығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 863 қаулысы; "Еңбек сiңiрген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 шiлдедегi № 1037 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиiстi нормаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы, "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдай қаупi төнген және туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектілерін және аумақтарын қорғау, төтенше жағдайларға дер кезiнде мән беру, төтенше жағдайлар туралы ақпарат қабылдау және өңдеу, ұдайы әзiрлiктегi авариялық-құтқару күштерi мен төтенше жағдайларды жою құралдарын тұрақты және үздiксiз басқаруды қамтамасыз ету. Селдiң, қар көшкiнiнiң, жар көшкiнiнiң, опырылып құлаудың алдын алу және олардың зардаптарын жою, сел құбылыстары мен жер сiлкiнiсiн болжау, селден қорғау құрылыстарын пайдалануды, Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектілерін және жерiн қауiптi табиғи құбылыстардың (сел тасқыны, қар көшкiнi, жар көшкiнi, опырылып құлау, қатты жер сiлкiнiсi) әсерiнен сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету, олардың зардаптарын жоюды ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысу. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және оларды жою кезiнде олардың тұрақты жұмыс істеуі үшiн республикалық шұғыл құтқару отрядын, әскери бөлiмдердi, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесiн, өңiрлiк аэромобильдi авариялық-құтқару отрядтарын қажетті жабдықтармен, автокөлiкпен, керек-жарақпен жарақтандыру. Құтқару бөлiмшелерiн төтенше жағдайлар аймағында авариялық құтқару жұмыстарын жүргiзуге трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде өзара iс-қимыл ұйымдастыруға оқытып үйрету, өpт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жетілдіру, өрттің алдын алу және жою, шаруашылық және тұрғын үйлер объектілерін өртке қарсы қорғауды күшейту. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа шұғыл көмек көрсету. Төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықтың алғашқы тiршiлігін қамтамасыз етуге арналған тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарының және материалдық құралдардың қорларын құру. Метеостанция-3 аяқталмаған құрылыс объектiсiн сақтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiт уақытта төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға жоғары әзiрлiктi қамтамасыз ету, жедел мән бейбiт уақытында төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға жоғары әзiрлiктi қамтамасыз ету, жедел мән беру апат ауданына және алға қойылған жауынгерлiк мiндеттi орындау аудандарына авариялық-құтқару қызметтерiн дер кезiнде апару, iздестiру-құтқару және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргiзу, жүрiп-тұру қиын аудандарда, күрделiлiгi жоғары объектiлерде құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, дүлей зiлзаланың, аварияның және апаттың салдарынан зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету, төтенше жағдай туралы радиомобильдi, радиотелефон, транкiлi, спутниктiк байланыс түрлерi арқылы дер кезiнде және тұрақты ақпарат қабылдау, алынған ақпаратты жедел өңдеу, авариялық-құтқару күштерi мен төтенше жағдайларды басқару пункттерi жедел қызметкерлерiнiң тәулiк бойы кезекшiлiгiн қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мемлекеттік басқару органдарымен үздiксiз және тиiмдi байланысты қамтамасыз ету. Республикалық және аймақтық жедел құтқару отрядтарының тиiмдi қызметiн, әскери бөлiмдердiң тұрақты жұмысын, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі тиiмдi iс-қимыл үшiн авариялық-құтқару құралдарымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен және автокөлiк техникасымен қамтамасыз ету. Бақылау және хабарлау қызметтерiнiң жұмысын, селден қорғау құрылыстарына ағымдағы жөндеу жүргiзудi, әуешолу жұмыстарын, мұзарт көлдерді ағызып жiберу жөніндегі алдын алу жұмыстарын, қар көшкiнiн алдын ала түсiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, жер сiлкiнiсiн қысқа мерзiмде болжауды қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-болжау жұмыстарын, бақылау және хабарлау посттарын ұстауды қамтамасыз ету. Күрделi ауа-райы мен географиялық жағдайларда, күрделiлiгi жоғары объектiлерде құтқару бөлiмшелерiнiң практикалық сабақтары мен жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу, дүлей зiлзаланың, авария мен апаттың салдарынан зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету жөнiнде сабақтар ұйымдастыру және өткізу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде авариялық-құтқару құралдарын пайдалануға үйрету. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дер кезiнде мән беру үшiн тiкұшақтарды тиiмдi, ұтымды пайдалану. Шатыр лагерлерiн құруға арналған материалдық құралдар сатып алу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметiн дамыту және жетiлдiру бойынша перспективалық iс-шараларды әзiрлеу, кадрлық әлеуеттi нығайту, өрт сөндiрушiлердiң құқықтық қорғалуын (кәсiби iрiктеу бойынша стандарттар мен құралдар жүйесiн құру) қамтамасыз ету, жинақтаудың балама нысандарын eнгізу), арнаулы өрт сөндiру бөлiмдерiнiң торабын құру және дамыту, өртке қарсы қызметтiң ұйымдық құрылымын жетiлдiру (жаңа функциясымен сәйкес қайта құру), өрттен зардап шеккен Мемлекеттік өртке қарсы қызметi қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғалуын нығайту, азаматтардың өлiмi мен жарақат алуын азайту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету. Метеостанция-3 аяқталмаған құрылыс объектiсiн сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.